2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


жылы 26 264 млн. теңгеден астам қаражат игерілді, соның ішінде ірі стратегиялық жобаларды іске асыруға – 21 470 млн. теңге, қолданыстағы активтерді қайта жаңарту мен алмастыруға – 3 935 млн. теңг



бет4/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

2014 жылы 26 264 млн. теңгеден астам қаражат игерілді, соның ішінде ірі стратегиялық жобаларды іске асыруға – 21 470 млн. теңге, қолданыстағы активтерді қайта жаңарту мен алмастыруға – 3 935 млн. теңге жұмсалды.




Қызмет перспективалары

Қазақстан Республикасының экономикасы үшін электр энергетикасы ерекше мәнге ие болады, себебі елдің металлургия және мұнай мен газ өндіру секілді салалары жоғары энергосыйымдыылықпен сипатталады. Тиісінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрғындардың тіршілік сапасы көбінесе тұтынушыларды сенімді де сапалы энергиямен жабдықтауға тәуелді болады.

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну болжамдары экономиканың серпінді дамуына байланысты электр энергиясын тұтынудың өсімін болжайды.

Ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тұтастай электр энергетикалық саласының дамуы үшін қажет.

Одан әргі экономикалық өсімді, тұрғындардың тіршілік сапасын және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажеттілікті ескерілуі тиіс мемлекеттің стратегиялық мүдделері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы электр энергетикасының теңгермелі және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ келешекте мынадай жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр:

- «Балқаш ЖЭС-нің қуатын беру» жобасы, Балқаш ЖЭС-нің қуатын (1320 МВт) беруді қамтамасыз ету үшін қажет.

- «Батыс Қазақстанның энергия жүйелерін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру» жобасы, оның іске асырылуы Қазақстан БЭЖ-і Батыс өңірдің тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Батыс өңірін Қазақстан БЭЖ-мен республика аумағы арқылы біріктіруге мүмкіндік береді.

- «220 кВ Орал-Атырау және Құлсары-Теңіз желілерін салу» (625 км) жобасы, Қазақстанның Батыс өңіріндегі облыстар арасында электрлік байланысты күшейту үшін қажет.

- «Торғай ЖЭС-нің қуатын беру» жобасы, салуға жоспарланған базалық Торғай ЖЭС электр стансасының қуатын беруді қамтамасыз етуге арналған;

- «ҰЭТ-ты оңалту» жобасы, оның іске асырылуы техникалық сипаттамаларды қалпына келтіруге және электр жеткізу желілеріінң пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.


3-МАҚСАТ. ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

«KEGOC» АҚ қызметтерін тұтынушылар мыналар болып табылады: энергия өндіретін, энергия жеткізетін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар.



Электр энергиясын жеткізу

Электр энергиясын өңірааралық деңгейдегі тораптар бойынша нақты жеткізу жөніндегі қызмет көрсетулер көлемі 2014 жылы – 40 236,7 млн. кВтс құрады. 2013 жылмен салыстырғанда, осы көрсеткіштер 818,6 млн. кВтс немесе 2%-ға азайды, бұл мемлекетаралық транзит көлемінің 1 872,3 млн. кВтс немесе 36,9%-ға, сондай-ақ Ресей Федерациясына электр энергиясы экспортының 589,8 млн. кВтс немесе 24,1%-ға азаюына байланысты болды. Мынадай тұтынушылармен ең көп тұтыну көлемі азайды: «БЭЖ ФСК» ААҚ 1 872,3 млн. кВт·с немесе 36,9 %-ға; «Қазақмырыш» ЖШС 116,45 млн. кВт·с немесе 5,6%-ға, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 115,64 млн. кВт·с немесе 9,5%-ға, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 206,03 млн. кВт·с немесе 35,8 %-ға, «Тараз металлургиялық заводы» ЖШС 47,98 млн. кВт·с немесе 81,6 %-ға. Бір мезгілде осымен бірге Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін қызмет көрсетулер көлемінің 1, 643 млрд. кВт·с немесе 5 %-ға өскені тіркелді

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «БЭЖ ФСК» ААҚ арасында «KEGOC» АҚ тораптары бойынша Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы бағыты арқылы электр энергиясы (транзиті) жеткізілді. «KEGOC» АҚ осы транзит бойынша көрсеткен қызмет көлемі 3 208,023 млн. кВт·с, бұл 2013 жылға қарағанда 1 872,334 млн. кВт·с-қа төмен.


Ірі қызмет тұтынушылар

2014жыл,

млн.кВт·с

«БЭЖ ФСК» ААҚ

3 208,023

«Темiржолэнерго» ЖШС

3 443,128

«АлматыЭнергоөткізу» ЖШС

2 996,502

«ҚАЗФОСФАТ» ЖШС

2 210,045

«Шығысэнерготрейд» ЖШС

1 808,837

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ

1 100,935

«ССТӨБ» АҚ

1 148,868

«Қазмырыш» АҚ

1 032,347

«Қостанай ЭнергоОрталық» ЖШС

857,999


Техникалық диспетчерлендіру

Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 2014 жылы 85 418,3 млн.кВт·с-ты құрады. Техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілген қызметтің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 1 555,0 млн.кВт·с-қа немесе 1,9%-ға ұлғайды. Ұлғаю Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр тұтыну көлемінің ұлғаюы салдарынан энергия өндіретін ұйымдардың электр энергиясын өндіруі мен желіге босатуының артуына байланысты. Электр энергиясын желіге босату көлемінің негізінен ұлғайтылуы мынадай энергия өндіретін кәсіпорындарда болды: «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ – 1 135,9 млн.кВт·с-қа немесе 7,9%-ға, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ 867,9 млн.кВт·с-қа немесе 58,6%-ға «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС 215,5 млн.кВт·с-қа немесе 7,7%-ға.



Ірі қызмет көрсету тұтынушылары

2014 жыл,
млн.кВт·с


«Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ

15 549, 939

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС

13 366,845

«ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ

4 506,790

«Kazakhmys Energy» ЖШС

5 142,205

«Алматы электр стансалары» АҚ

4 392,004

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

4 345,114

«СОЛТҚАЗЭНЕРГО» АҚ

2 361,913

«Қазмырыш» ЖШС

2 680,783

«Қазақстан алюминийі» АҚ

1 896, 289

«Астана-Энергия» АҚ

1 844,261


Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру

2014 жылы электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтердің нақты көлемі– 160, 464,6 млн. кВтс құрады. Көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6 943,3 млн. кВтс-қа немесе 4,5% артты. Артуы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндіру мен тұтынудың жалпы өсімімен байланысты болып отыр.

Қызметті ірі тұтынушылар

2014 жыл,
млн.кВт·с


«Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ

24 570,680

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС

13 367,295

«ЕМАЭС-2 стансасы» АҚ

4 460, 781

"АрселорМиттал Темиртау" АҚ

5 801,169

"Kazakhmys Energy" ЖШС

5 745,867

"АлматыЭнергоөткізу" ЖШС

5 946,660

«Қазмырыш» ЖШС

4 705,948

«Алматы электр желілері» АҚ

4 509,651

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

3 933,648

"Шыгысэнерготрейд" ЖШС

2 577,191


Сенімділікті және энергетикалық тиімділікті арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет