2014 жылы Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру туралы АҚпарат



Дата01.07.2016
өлшемі134.48 Kb.
#170199
2014 жылы Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру туралы АҚПАРАТ

Мемлекеттік жастар саясатының қойған мақсаттарын атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктердің күштерімен ауданның бекітілген іс-шаралар жоспары, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережесін жүзеге асыру бойынша Шемонаиха ауданында іс-шаралар жоспары құрылды.

Жастармен жұмыс істеудегі басты мақсат – өз ойын білдіруге жағдай жасау, өзіндік сана-сезімнің жоғарылауы мен жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, жастардың күрделі мәселелерін шешу.

Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2014 жылы 14 418,0 мың теңге және Жастар орталығына 11 995,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, сонымен қатар үкіметтік емес жастар ұйымдарымен жүзеге асырылатын жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған жобаға 3 323,0 мың теңге (ҚҚС есепке алғанда) бөлінді.

Келісім шарттар жасалды:

- «Эко Грин» ЖҚБ, «Туристік-эколого-өлкетану жұмыстарын насихаттауға бағытталған шекаралық қарым-қатынастар меморандумы аясындағы, жастардың белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шаралары мен аудандық іс-шаралары» жобасын жүзеге асырды, 1071,0 мың теңге;

- «Жастар үлгісі» ЖҚБ, «Жастар саясаты дамуының барысын 2050-ге дейінгі Қазақстанның дамуының стратегиялық бағыттарының қозғалысын ақпараттық қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырды , 639 мың теңге;

- «Аудандық жастар мен балаларға арналған ұйымдардың Шемонаихалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, 2 жобаны жүзеге асырды:

1) «Патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті ұлғайтуға, қоғамдық беделді қалыптастыру мен жастардың әлеуметтік оптимизміне бағытталған жастарға арналған іс-шараларды ұйымдастыру», 1071,0 мың теңге;

2) Көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу мен шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту бойынша белсенді жастар мектебі, 185 мың теңге мөлшерінде.

Барлық жастар іс-шаралары жоғарыда көрсетілген қоғамдық бірлестіктермен, жастар орталығымен, сонымен қатар ішкі саясат бөлімімен, мәдениет және тіл дамыту , білім бөлімімен, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламамен бірге жүзеге асырылады.

Ауданда Шемонаиха ауданы әкімшілігінің жастар істері Кеңесі құрылып, өз жұмысын атқаруда. Бекітілген жоспар бойынша 2014 жылы Кеңестің 4 отырысы болды. Шемонаиха ауданының әкім А.Тоқтаровтың қатысуымен 14 ақпан күні аудандық әкімшіліктің отырыс залында жастар саясатының мәселелері бойынша Кеңес отырысы болды. Ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтарын шешу аймақтық әкімшілік мамандарын қызметтік орындарға бекіту негізгі қорытындысы болды.






22 мамыр күні Кеңестің отырысы Шемонаиха колледжінде өтті, ол «дөңгелек үстелден» басталды, ауыл округтерінің әкімшілігінің жастармен жұмыс істеу мамандары шақырылды, ішкі саясат бөлімінің, Жастар орталығының және қоғамдық жастар бірлестігінің өкілдері қатысты. Қатысушылар бірлесе отырып ауыл жастарының мәселелерімен олардың шешу жолдары туралы талқылады. Осы мереке Шемонаиха ауданындағы жастар саясатын жүзеге асырушы белсенді қызметкерлерін алғыс хаттармен, естелік сыйлықтар сыйлаумен аяқталды.

30 қыркүйек күні аудандық Достық үйінде Шемонаиха ауданы әкімі жанындағы жастар істері бойынша аудандық Кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Кеңестің мүшелеріне Шемонаиха ауданының әкімі, Кеңестің өкілі А.Тоқтаров сөз сөйледі. Отырыста сонымен қатар Шемонаиха ауданы әкімінің әлеуметтік және қоғамдық-саяси сұрақтар бойынша орынбасары, Кеңес өкілінің орынбасары О.Булавкина, аудандық ардагерлер Кеңесінің өкілі С.Лычагина, қоғамдық Кеңестің өкілі Ю.Сторожилов, Кеңес мүшелері, ауылдық округ әкім аппаратының жастармен жұмыс істеу мамандары, ішкі саясат бөлімінің, Жастар орталығының және қоғамдық жастар бірлестігінің өкілдері қатысты. Жастар ұйымдарына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру аясының кеңеюі, қаржыландырудың альтернативті қорларын қарату; жастардың құқықтары мен қызығушылықтарына әсер ететін мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді жолдары; әлеуметтік маңызды жобалар мен аймақтық бағдарламалар аясында жұмысқа тұру мен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге мемлекеттің қабылдайтын шешімдері туралы. Ауданда өткізілетін маңызды іс-шараларды ақпарат етілуіне ерекше ықылас қойылды.



Шемонаиха қаласының Н.Островский атындағы №1 ЖББОМ Шемонаиха ауданының «Біздің №1!» «Нұрлы жол – болашаққа жол» жастар Форумы аясында Кеңестің қорытынды отырысы өтті. Отырыста әкімнің әлеуметтік және қоғамдық-саяси мәселелері бойынша орынбасары В.Лисина, Кеңес мүшелері, аймақтық әкімшіліктің жастармен жұмыс атқару мамандары, ауданның білім мекемелері, жастар орталығы мен жастар қоғамдық бірлестіктер өкілдері және аудан жастары қатысқан болатын. 2014 жылдың қорытындысы жасалды және 2015 жылға жастар саясаты аясында мақсаттар қойылды. Жасөспірімдер каратэдан өнер көрсетті және «Жас Қыран», «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестіктері қатарына оқушыларды мерекелік қабылдау жиыны өтті.

Жастар қоғамдық бірлестіктері күштерімен бірлесе отырып «Шемонаиха ауданы әкімдігінің Жастар орталығы» КММ, ішкі саясат бөлімніңі қолдауымен және аудан әкімі жастарының қатысуымен келесі іс-шаралар өткізіді:

2014 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Мәңгілік ел: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ойын қолдау мақсатында Шемонаиха ауданы жастарының Форумы өтті. Нұр Отан партиясының Шемонаиха ауданындағы бөлімшесінде «Жастармен жұмыс жағдайлары» атты семинар-жиналысы өтті, онда аймақтық әкімшіліктердің жастар жұмысы жөніндегі мамандары, аудан білім мекемелерінен, жастар мәжілісі депуттары қатысты. Талқыланған тақырыптар: кадрлық резерв, азаматтықты тәрбиелеу, Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру келісімдігі. Барлық қатысушылар өз ұсыныстарын айта алатын бос микрофон болды.

Кейін аудандық Мәдениет үйінде Шемонаиха ауданының әкім А.Тоқтаровтың қатысуымен толық мәжіліс өтті. Осы форумда 500 қатысушы, соның ішінде ауданның барлық оқу орындарының оқушылары, жас жұмысшылар, жас мамандар өкілдері жиналды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі В.Ахаев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің өкілі – М.Карышев жастарға арнап сөз сөйледі. Форум аясында аудан әкімі А.Тоқтаров, аудандық ақсақалдар Кеңесінің өкілі – М.Карышев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Степанова, қоғамдық Кеңес басшысы Ю.Старожилов, ардагерлер Кеңесі тобының басшысы, жауынгер-интернационалист А.Кривцов, Достық үйі директоры В.Соволева, қорғау істері бөлімінің басшысы Е.Өскенбаев, «Жас Отан» Жастар Қанатының көшбасшысы О.Урасова сөз сөйледі.

Сахнада оқушы жастардың белсенділер Республикалық қоғамдық бірлестігі «Бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қосылды, оларға белгішелер тағылып, галстуктер байланды және «Жас Отан» Жастар Қанатына қосылағн жастарға «Жас Отан» куәліктері берілді. Барлығы ант берумен аяқталды. Ауданның шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама көрсетті.

16 сәуір мен 8 қазанда аудандық Мәдениет үйінде өткен әскер қатарына шақыру мерекелік іс-шаралардың біріне айналды.

Іс-шаралардың жалғасу аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаетың «Қазақстан –2050: Мәңгілік ел: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұлттық идеясын қолдау мақсатында 16 сәуірде ұлдар мен қыздар арасында волейбол мен баскетболдан жарыс өтті. Спорт жарыстары төрт мектеп алаңдарында өтті – Н.Островский атындағы №1, Ю.Гагарин атындағы №3, №5 және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде.



2014 жылдың 19 сәуірінде патруль құрамына кіргендер, яғни «ЭкоГрин» жастар қоғамдық бірлестігінің – жалпы білім беретін орта мектеп жоғарғы сынып оқушылары және «Шемонаиха колледжі» КММ волонтерлары кірген болатын, олар «Верх-Уба орман шаруашылығы» КММ берген көшеттерді Өскемен қаласының этномәдени саябағында отырғызды. Жасыл патруль қоршаған ортаның ластанғаны себептерін анықтау рейдтік іс-шараларын, өзендер мен бастаулар маңында, жол шеттерінде, саябақтарда тазарту жұмыстарын жүзеге асырады. Осы жұмыс жастар арасындағы экологиялық мәдениетті жоғарылату және әлеуметтік маңызды жобалар тізбегін жүзеге асыру мақсатында «ЭкоГрин» ЖҚБ басты бақылауына алынды.

Шемонаиха қаласында 7 мамыр күні Отан корғаушылар күні өтті. Осы мереке аясында аудандық конкурс, №5 орта мектепте өлең мен сап, әскери эстафета өтті, онда ауданның 17 оқу орындары қатысты. Осы күні аудандық Мәдениет үйінде Отанды қорғау күніне, Ұлы Отан соғысының 69 жылдық жеңісіне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 22 жылдығына арналған мерекелік жиналыс өтті. Усть-Таловка кентінің И.М.Астафьев атындағы мектеп-гимназиясының командасы ашық есік күні аясында 66/99 әскери бөлімінің атқыштар ротасына барды.




8 мамыр күні «Вахта памяти» акциясы өткізілді. Акция бір мезетте бірнеше жерде – «Слава» мемориалы, Бауыржан Момышұлы бюсті, жерлес батырларымыз Т.С.Вербицский мен И.М.Астафьев ескерткішінде үнсіз еске алу басталды. Үлкен митингте Шемонаиха ауданы қорғаныс істер бөлімінің басшысы подполковник Д.Жииндинов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Степанова, Жастар орталығының директоры К.Буднецкий сөз сөйледі.

1 маусым аудандық Мәдениет үйі алаңында «Ғажайып әлеміне саяхат» атты концерттік театрланған көрсетілім мен бағдарлама ұйымдастырылды, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды, аудандық Мәдениет үйі және «Шығармашылық үйі» КММ әртістері өнер көрсетті. «ШАРМиДО» ҚБ мен Шемонаиха ауданы әкімшілігінің «Жастар орталығы» КММ атсалысты, олар балаларға арнап ойын алаңдарын және «Дартс», «Балық аулау», асфальтта сурет салу мен «Бодиарт» конкурстарын ұйымдастырды.

3 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздері Күні қарсаңында жастардың қалауымен мерекелік автокараван ұйымдастырылды, онда ішкі саясат бөлімі, ауданның жастар ұйымдары, «Нұр Отан» партиясы және волонтерлар қатысты. Автокараван маршруты: Шемонаиха қаласы – Первомайка кенті – Зевакино ауылы – Убинка ауылы – Рассыпное ауылы – Рулиха ауылы. Ауылдың жастары және мектеп жанындағы лагерьге баратын оқушылар Қазақстан Республикасы Рәміздері викторинасында өз білімдерін сынады.

4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күнін тойлау аясында Шемонаиха қаласында «Менің Қазақстаным!» атты патриоттар форумы өтті. «Менің Туым», «Менің Елтаңбам» акциялары аясында қаланың орталық көшелерімен мектеп, колледж ұжымдары және 66/99 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен ұжымдарының қатысуымен патриоттық шеру өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде «Педагогтік жасақ пен балалар бірлестіктерінің фестивалі» өтті, «Жас Ұлан», «ЖасҚыран», «ЖасОтан» топтарының оқушылары мен жасөспірімдер ұйымдарының шығармашылығы туралы насихаттау жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне арналған сурет конкурсы өтті. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.



«Естелік шырағын жақ» акциясын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды, 22 маусым күні Ұлы Отан соғысының басталуына 73 жыл толуын еске алу күніне орай «Посвящается всем участникам погибшим и живым» ЧАЭС, Афган. 1979, 1989» стелласының мерекелік ашылуы өтті. Кейін «Слава» мемориалында акция басталды. Шырақтардан жұлдызша жасап орналастырды. Мерекелік іс-шара А.Иванова скверінде Ұлы Отан Соғысы туралы деректі фильмді көрсетумен аяқталды.
26 маусым Халықаралық нашақорлықпен күрес күні. Дәрігер – нарколог М.А.Аяғанов және Н.П.Сорокоумова «Көшпенділер» киіз үй лагерінде болып, «Теріс әдеттер мен тәуелділік» атты дәріс өткізді. Бұдан басқа балаларға салауатты өмір салтын және анаша басқа психобелсенді заттарды қолдануға деген теріс ойды қалыптастыру мақсатында, ақпараттық брошюралар мен күнтізбе, стикерлер таратылды.

2014 жылғы 11 шілдеде Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихаттау тобы және «ШАРМиДО» ҚБ ауданда діни экстремизм мен терроризмді, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен қатар діни ағымның негізін талқылау үшін Уба өзенінің жағасында Выдриха ауылдық округінде орналасқан «Көшпенділер» киіз үй лагерінде болды.

Жұмыс барысында діни бірлестіктермен жұмыс істеу әдіскері З.Керейбаева әзірлеген «Қазақстан Республикасында псевдодіни ағым» атты дәріс өтті. Кейіннен «Сізге дәстүрлі емес діни бірлестіктің өкілдері келіп, мүше болуыңызды ұсынған жағдайда нестеу керек?» деген тақырыпта ақпараттық тренинг өткізілді. Мереке соңында «Шұғыл желі -114» парағы және ата-аналарға «Не туралы үндеуге болмайды» жадыхаттары ұсынылып, сауалнама жүргізілді. Осы жұмыс түрінде белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар ұсынылды.
Астана күнін тойлау аясында Жастар орталығы мен «ШАРМиДО» ҚБ бірнеше мерекелік іс-шара өткізді.

4 шілде жол патрульдік полициясымен бірлесе отырып Вокзальный көшесі бойында акция өткізілді. Жүргізушілерді тәртіп сақшылары тоқтатып, жастар оларға мемлекетіміздің бас қаласымен байланысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген азаматтарға, телефон нөмірлері бар жадынама сыйлады.

Сондай-ақ «Астана – Евразия жүрегі» атты акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты адамдардан жүрек құрап жоғарыдан фотосуретке түсіру. Қатысушылар әр түрлі жастағы 41 адамнан тұрды.



Осы акцияға ауылдық округтер, сонымен қатар облысымыздың барлық аудандары қолдау көрсетті. 6 шілде аудандық Мәдениет үйі алаңында шардан Бәйтерек жасалып, аспанға ұшырылды.
Тамыздың 6-сы мен 11 аралығында Шемонаиха ауданында және Өскемен қаласының облыстық орталығында «Өз үйіңнен баста» қоғамдық қозғалыстың 48 қатысушысынан тұратын Алтай өлкесінің делегациясы жұмыс атқарды. Экспедицияны жарықтандыру мақсатында БАҚ тілшілері және «Қазақстан-Өскемен» облыстық арнасы жұмыс атқарды. Ресей делегациясымен аудан әкімінің орынбасары О.Булавкина, ішкі саясат бөлімінің, жастар орталығының, аудан жастарының қоғамдық бірлестіктері өкілдері жұмыс атқарды. Олар Шемонаиха қаласының көрнекті жерлерін аралап қана қоймай, Камышика мен Выдриха ауылдарының тарихы жерлерімен танысты. Акция қатысушыларына су және жая жүру туризмі, экологиялық мәдениет пен салауатты өмір салты мәселелері бойынша дәріс өткізілді. Денешынықтыру және спорт бөлімі футболдан, волейболдан және арқан тартудан жарыс ұйымдастырды. С.Барсуков лозы тоқудан шебер-класс өткізді. Аудан әкімі А.Тоқтаровпен кездесу өтті.

12 тамыз күні аудандық Мәдениет үйі алаңында Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шара өтті, іс-шара «ШАРМиДО» ҚБ аудандық Мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар Новосибирсктен келген сиқыршы металды шанышқыларды майыстыру, салмағы 8 кг шарларды айналдырып өнер көрсетті. Конкурстарда белсенді қатысқандарға сыйлықтар табысталды.

Конституция күні қарсаңында ШҚО облыстық филиалы «ҚазПочта» АҚ, 66/99 ӘБ, аудандық Мәдениет үйі және т.б. мекемелер қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Қазақстан Республикасының негізгі заңы мен «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» Заңын талқылау және мемлекеттің негізгі заңы туралы викторина өткізілді.

27 қыркүйек «ЭкоГрин» ЖҚБ жобасының аясында «Алтын күз – 2014» туризмі бойынша 11 мектеп оқушыларының арасында сайыс өтті.







«Азбука жизни» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында («Бота» ҚҚ қолдауымен) жастардың бастамашылығымен, «ШАРМиДО» ҚБ қолдауымен Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мүмкіндігі шектеулі балаларға «Теремок» ертегісі қойылып, сурет салу мен ашық хаттарды желімдеу бойынша сабақтар өтті.

Шілде мен тамыз аралығында Кандыковка ауылының Балалар мен жасөспірімдер мәдени білім орталығында «ШАРМиДО» қоғамдық бірлестігі Бірінші Перзиденттің Қорымен қолданған «Семейный очаг» жобасы жүзеге асырылды.


Бір жұма ішінде жас отбасыларғап дәрістер оқылды. Әр күн әр түрлі тақырыптарға – заңнама, психология, отбасы қоры және т.б. арналды, күнделікті қатысушылар күнделік толтырды, онда күні бойы болған жағдайларды баяндады.

«ШАРМиДО» ҚБ әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында, оқу курсы «Шаг вперед» жобасы Кандыковка ауылында балалар мен жасөспірімдер мәдени білім орталығында өтті. Осы жолы Бесқарағай, Жарма, Зырян және Шемонаиха аудандарының жастары қатысты.


Оқу барысында балалар топта жұмыс істеуді, жобалау және мерекелерді ұйымдастыру, логикалық ойындар ойнады.
Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.
«ШАРМиДО» ҚБ №5 орта мектебінде Белсенді жастар мектебі құрылды. Жетінші және сегізінші сынып оқушылары іс-шараларды басқару, жұмысқа орналасу, түйіндеме құру, әңгімелесу және азаматтық қоғам тақырыптарында оқыту бағдарламасын өтті. Жаттығулар, әр түрлі логикалық ойындар, тапсырмалар орындады.


20 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде КТК-2014 турнирі өтті, оны Жастар орталығы, «ШАРМиДО» ҚБ және аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырды. Бородулиха, Глубокий және Шемоаниха ауданы командалары қатысты.

Қатысқан командалар - «Адреналин» Бородулиха аданы Жезкент кенті, «Империя смеха» № 6699 ӘБ Половинка ауылы, «ШОК» Гуманитарлық-техникалық колледжі, «Черный пистолет» Глубокий ауданы және «Fresh»  Шемонаиха коледжі.

Сарапшылар қатарына: ШҚО Жастар орталығынан А.Баукенов, АМиДО ШҚО Р.Ахмедзянов, «Корпорация Казахмыс» ЖШС жастар қоғамы И.Жукова, «Мой горд» газетінің директоры Е.Дерябина, «ШАРМиДО» ҚБ атқарушы директоры Е.Буднецкая кірді. Ойын тақырыбы «Жанұялық мәселе», жанұялық құндылықтар. Көрермендерге аудан әртістері мен шығармашылық топтары өнер көрсетті. «ШОК» командасы жеңімпаз атанды, екінші және үшінші орынды «Империя смеха» мен «Адреналин» командасы иеленді. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары және құнды сыйлықтар ұсынылды.

 6 желтоқсан аудандық Мәдениет үйінде «Шемонаиха Аруы-2014» байқауы өткізілді. Байқауға 9 ару қатысты. Қыздарға төрт кезеңнен тұратын сайыс ұсынылды – таныстыру, өз өнерін көрсету, сынақ және дефиле. Таныстыру байқауынан кейін, қыздар өздерінің шығармашылық - би, вокал, өлең оқу, музыка аспаптарында ойнау сияқты қабілеттіліктерін көрсетті. Сынақта қатысушыларға сұрақтар қойылды. Сахнада кешкі сән көйлектерін киіп дефиле көрсетті. А.Лымарь Ю.А.Гагарин атындағы №3 мектеп оқушысы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.



Жастар орталығы мерекелік іс-шараларды өткізумен қатар жұмысқа орналастыруға атсалысады. Жастар орталығында Жастар еңбек биржасы қалыптасқан, ағымдық жылы 10 адам аудан мекемелері мен кәсіпорындарға орналастырылды.

Келгендер жұмысқа орналасу, оқу, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мәселелері бойынша ақпарат алады.

Ақпан айы және наурыз айы аралығында «Stop баға!» акциясының волонтерлік тобы құрылды, оның құрылу мақсаты азық-түлік бағаларының көтеріліп кетпеуін қадағалау. 16 адамды құрайтын волонтерлік топ жұма сайын 30 дүкен мен көтерме қоймаларының мониторингін өткізетін. Ауылдық аймақтарда тұратын жалғыз басты азаматтарға, қарт адамдарға көмектесу үшін оқушы, жастар қатарынан отрядтар құрылды. Жастар орталығында волонтерлік жұмысқа көп көңіл бөлінеді.


Келісілген кесте бойынша Жастар орталығында үстел теннисі, волейбол, сұлулық студиясының үйірмесі жұмыс істейді.



Жастар қоғамдық бірлестіктері, «Шемонаиха ауданының әкімдігінің Жастар орталығы» КММ, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және жастардың қатысуымен 2014 жылы 17,5 мың адамды қамтыған 70-тен астам қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызы бар аудандық іс-шаралар өткізілді.

Шемонаиха ауданында өткізіліп жатқан жастар саясатының бүкіл іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан әкімі сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет