Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған. https://www.nao.kz).
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие» білім алушыларда қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық өзіндік сана-сезімді; жеке бас бостандығының құндылығын; төзімділіктің құндылығын; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеуді; меншік пен материалдық өркендеудің құндылығын; еңбекке құрметпен қарауды; өмірге құрметпен қарауды; әртүрлі кемсітулерге жол бермеуді, «тең және әртүрлі адамдардың» қағидаттық теңдігі идеясын қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау мен танымал ету келесі материалдарда көрсетілген:
Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздерінде;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;
«Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): «Әлеуметтік – тарихи тәжірибе» бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;
«Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарда;
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдарында;
білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда. (https://www.nao.kz)
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болып табылады. Орта білім беру ұйымдарында мектептердегі өзін-өзі басқару органдарына маңызды рөл беру және жұмысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп комитетінің жұмысы үлгісінде құру ұсынылады («Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар»).
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға жауапты аға тәлімгерлердің біліктілігін арттыру үшін сайтта орналастырылған аға тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыру бойынша авторлық әдістемелік материалдар мен құралдар ұсынылады www.zhasulan.kz. «Аға тәлімгердің қоржыны» бөлімінде орналасқан https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.02.2021 ж. № 1-18-4 / 566-И: 15.02.2021 ж. хатымен Қазақстанның барлық аймақтарына жіберілген «Мектеп/студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) осы модельді іске асырудың нормативтік құжаты болып табылады. Тұжырымдаманың мәтіні
https: //www.ziyatker.org/schoolparliament сайтында ораналасқан.
Білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу тәрбиенің бір түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |