2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Инклюзивті білім берудің сегіз принципін еске түсірсек



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата08.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#460432
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
8. ӘНХ Математика

Инклюзивті білім берудің сегіз принципін еске түсірсек:
1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктерімен өлшенбейді. 
2 . Әрбір адам сезінуге, ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа түсуге құқылы. 
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж. 
5. Шынайы қарым-қатынас негізінде ғана сапалы білім алуға болады. 
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7. Кез келген адамның жетістіктері қолынан келетін істерімен өлшенуі 
тиіс. 
8. Әртүрлілік адамды тек дамыта түседі. 
*Берілген принциптер 1959 жылдың 20 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 
жарияланған Бала құқықтарының декларациясы принциптеріне негізделген.
Инклюзивті білім беруге сәйкес барлық балалар ақыл-ой немесе 
физикалық дамуына; мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни 
ерекшеліктеріне қарамастан құрдастарымен тең дәрежеде жалпы білім беретін 
мектепте білім алуға құқылы.
Инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес білім беру ұйымдары барлық 
білім алушылардың білім алудағы әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруы 
тиіс.
Педагогтер балалардың ақыл-ой қабілеттері түрліше болатындығын, 
берілген білімді түрліше қабылдайтындығын ескеруі керек. Мысалы, бір білім 
алушы жаңа материалды жылдам игерсе, келесі білім алушы үшін көбірек уақыт 
қажет болуы мүмкін. Сәйкесінше берілген білімді бекіту үшін бірнеше рет 
қайталау немесе жаңа ақпаратты айтып не көрсетіп түсіндіру қажет болуы 
мүмкін.


61 
Білім алушылардың бағдарламалық материалдарды меңгеру деңгейі 
оқытудың деңгей бойынша сараланған тәсілдерін пайдалануға байланысты. 
Білім беру процесінде саралау тәсілдерін пайдаланғанда әрбір білім алушының 
жеке мүмкіндіктері мен қабілеттері ескеріліп, оқыту деңгей бойынша шағын 
топтар жүйесі негізінде іске асады. Яғни педагогтер білім алушыларға жеке 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдеу 
негізінде сараланған тапсырмалар, вариативті әдістер қолдану арқылы көмек 
көрсетеді.
Оқытуды саралау оқу процесін білім алушының жеке ерекшеліктерін 
ескеріп ұйымдастыруға, барлық білім алушылардың білім мазмұнын меңгеруіне 
мүмкіндік береді. Білім мазмұны түрліше берілгенімен, барлығына бірдей ортақ 
инвариантты бөлік сақталуы тиіс. Саралау жағдайында оқыту процесі білім 
алушылардың танымдық қажеттіліктерін, олардың жеке ерекшеліктерін 
ескереді.
Осылайша сараланған оқу процесінің мақсаты – әрбір білім алушының 
қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып сапалы білім алуына
қабілеттері мен мүмкіндіктерін максималды түрде дамытуға жағдай жасау. 
Оқыту процесіндегі жеке сараланған тәсілді пайдаланудың негізгі міндеті – 
білім алушының біліміндегі олқылықтардың алдын алу. Мұндайда басты назар 
білім алушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға аударылады. Педагог 
жеке білім алушыларда пайда болуы мүмкін қиындықтарды болжай білуі тиіс. 
Мұндай жағдайларда педагог білім алушыға оқулықтағы материалмен алдын ала 
танысу, мәтінмен жұмыс істеуде қиналатын оқушылар үшін көрнекіліктер, 
иллюстрация, сызбалар қолдану, ұқсас жаттығуды қайта орындауға ұсыну 
арқылы бекіту жұмысына көп көңіл бөледі немесе білім алушыны ойландыратын 
сұрақтарды қоя алады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы жеке тәсіл әрбір 
пәннің ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Педагог сыныпта кез келген білім 
алушы сұрақ қоя алатындай ахуалды қалыптастыруы керек. Ерекше білім беруді 
қажет ететін балалармен жұмыстың әдістерін меңгеру білім алушылардың 
психикалық ерекшеліктерін зерделеуге байланысты. Әрбір білім алушының жеке 
ерекшеліктерін білу онымен жұмыс істеудің оңтайлы жолын табуға көмектеседі. 
Мұндайда білім алушының келесі ерекшеліктерін ескеру маңызды: 
- баланың физикалық және психикалық дамуына әсер ететін ерекшеліктер; 
- сөйлеу, зият, эмоциялық-ерік аясы; 
- балалардың жас және жеке ерекшеліктері; 
- балалардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтап, 
дамытуға жағдай жасау
- психикалық процестері (қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау); 
- темперамент типі.
Жеке тәсіл аталған ерекшеліктерді ескеріп қана қоймай, әрбір білім 
алушымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбір білім алушылар үшін 
жеке жұмыс істеу – дамудың негізгі шарттарының бірі екендігін естен шығармау 
керек.


62 
Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі педагог қызметінің 
негізгі ерекшелігі – кәсіби қызметінің көп бағыттылығы және әртүрлілігі. 
Сабақта мұғалім шешетін міндеттердің ішінде ең бастысы – білімді меңгеруіне 
қолайлы жағдай жасау негізінде білім алушыны кез келген оқу әрекетіне қосу.
«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығында ерекше білім беруді 
қажет ететін білім алушылардың келесі топтары анықталған: 
1) 
мінез-құлық 
және 
эмоционалдық 
проблемалары, 
қолайсыз 
психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және 
отбасыішілік қарым-қатынастар) бар балалар; 
2) әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени 
сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық 
немқұрайлылығы; жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған 
балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар); 
3) даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл 
аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) 
бар балалар. 
Төменде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды 
оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ресурстар мен сілтемелер 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет