3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02-01-20\26



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі471 Kb.
#124682
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-14-4-02-01-20-02.03- 2009

Басылым № 1

–шы беттің -сі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК 042-14-4-02-01-20\26.03- 2013

«Алғашқы ветеринариялық көмек» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№2 басылым

Қазан. 2013

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Алғашқы ветеринариялық көмек» пәнінен «5В120200» - «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей, 2013

МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Лабораториялық жаттығу сабақтары

Глоссарий




  1. Аборт- өлі немесе шала төлді уақытынан ерте жатырдан сыртқа шығару.

  2. Абсцесс – ірің толы қалта, қуыс.

  3. Агония- өлім алдындағы жанталас.

  4. Ампутация- аяқты немесе басқа бір мүшені оперативтік жолмен кесіп алып тастау

  5. Аневризма – артерияның кеңейюі.

  6. Анемия – қанда эритроциттердің азаюы.

  7. Анкилоз- буын беттерінің патологиялық бірігіп кетуінен буынның қозғалмай қалуы.

  8. Анурия – зәрдің бөлінбеуі.

  9. Апное – дем алудың уақытша тоқтауы.

  10. Арефлекуия- бір немесе бірнеше рефлекстердің болмауы.

  11. Аритмия – жүректің соғыс ырғағының бұзылуы.

  12. Артериит – артерия қабырғасының қабынуы.

  13. Артрит – буынның қабынуы.

  14. Асептика – жарақатқа оған жанасатын барлық заттарды залалсыздандыру арқылы микроорганизмдерді түсірмеу.

  15. Аспирация – тыныс жолына бөгде заттың түсуі.

  16. Астезия – жалпы әлсіздік.

  17. Асфикция – тұншығу.

  18. Асцит – құрсақ қуысына су толу.

  19. Атаксия –жүріс – түрыстың бүзылуы, қимыл – қозғалыстың үйлесімділігінің бұзылуы.

  20. Атония – ішкі ағзалардың жиырылу қозғалысының тоқтауы.

  21. Афония – дауыс жоғалуы.

  22. Ацидоз – қанда қышқыл иондарының шектен тыс көбеюі.

  23. Бактериемия – қанға бактериялардың пайда болуы.

  24. Безоар – ас қорыту жолында әртүрлі жолдпрмен пайда болған қатты зат.

  25. Биопсия- тірі жануарлардың ұлпалары мен торшарарын алып зерттеу.

  26. Блокада – ағзаның қызметін тоқтату.

  27. Брадипноэ- сирек демалу.

  28. Габитус- Сыртқы тұлға.

  29. Гангрена- ұлпаның шіруі.

  30. Гематома- қан толы қалта, қуыс.

  31. Гипоксия- ұлпаларда оотегінің аз болуы.

  32. Дезинфекция- сыртқы ортада зардапты микроорганизмдерді жою.

  33. Депрессии селсоқтық.

  34. Диагноз-ауруды анықтау.

  35. Диарея – іш өту.

  36. Диспансеризация – дені сау, жоғарғы өнімді жануарлар тобын құру үшін жүйелі түрде жүргізілетін зерттеулер кешені.

  37. Дренаж- жарақаттың сүйыған,іріңді шығару, ағызу.

  38. Илеус- ішектің механикалық бітелуі.

  39. иммоблизация- қозғалтпау.

  40. Инстилляция – тамшылатып құю.

  41. Инфаркт – қан бармау салдарынан ағзаның ұлпасының бір бөлігінің өліеттенуі.

  42. Кастрация- еркек малдарды пішу.

  43. Кифоз-бел омыртқалардың жоғары қарай көтеріліп қисаюы.

  44. Перикардит- жүрек қабының қабынуы.

  45. Перфорация – бұрғылап тесу.

  46. Пиемия-қанға іріңнің түсіп, тарауы.Плеврит- кеуде қуысының ішкі сірі қабығының қабынуы.

  47. Плевротомия- плевраны кесіп Ашу.

  48. Плевроцентез- плевраны тесу.

  49. Пневмония- өкпенің қабынуы.

  50. Пневмоторакс – кеуде қуысына ауа жиналуы.

  51. Профузный – шектен тыс.

  52. Птоз – жоғарғы қабақтың көтергіш бұлшық еттерінің салдануынан төмен салбырап түсуі.

  53. Пункция – ағзаның сыртқы қабын тесу.

  54. Реанимация- Өлімші болған жануарларға көмек көрсету, өмірге қайта оралту және ары қарай емдеп толық жазу.

  55. Регенерация- торшалар мен ұлпалардың қайта қалпыа келуі.

  56. Риноскоп – танау айнасы.

  57. Руминоцентез – мес қарынды тесу.

  58. Сепсис – қанға патогенді микроорганизмдердің түсуі, көбеюі және ағзаға тарауы.

  59. Стеноз- қуыс ағзаның өзегінің тұрақты тарылуы.

  60. Тахикардия – жүрек соғысының жиілеуі.

  61. Уремия- зәрге қан араласуы.

  62. Фарингит – жұтқыншақтың кілегейлі қабығының қабынуы.

  63. Цекотомия – соқыр ішекті тесі.

  64. Шок – аяқ астынан естен тану.

  65. Эдема – қабыну салдарынан кеңірдек қуысына көп сұйықтың жиналуы.

  66. Эзофагоскопия - өңештің ішкі жағын жарық түсіріп Арнайы құралмен зерттеу.

  67. Эмболия – қан татмырының өзегінің бітелуі.

  68. Эпилепсия – қояншық, жұйке жүйесінің созылмалы ауруы, бұлшық еттердің сіресіп дірілдеуімен, естен танумен сипатталады.

№ 1- ші дәріс

Тақырыбы: Кіріспе. Алғашқы ветеринариялық көмек пәнінің мазмұны мен міндеттері


Ветеринария ғылымының алғашқы ветеринариялық көмек бөлімінде олардың пайда болу себептерін, сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре қағидалайды. Жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланыста бола отырып мамандықты қалыптастыратын пән. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология мен патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды.


Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.

Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:



  1. Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;

  2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;

  3. Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);

  4. Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);

  5. Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;

  6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;

  7. Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз);

  8. Ауруға ем тағайындау (терапия);

  9. Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).

2. ҚЫСҚАША ТАРИХИ ШОЛУ.

Мал емдеуден жазбаша ескерткіш қалдырған ерте заманғы египеттің папирусы – Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).

Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихына арналған УІІІ-ші кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.

Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр (жылқы маманы) Абсирт (ІУ ғасыр) малдың жұқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек қабынуы, өкпе эмфиземасы, өкпе гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәлметтерді жазған.

ХУІІ және ХУІІІ ғасырларда Россияда қолжазба ретінде және баспадан "Қаладағы және ауылдағы оташы", "Жылқыға арналған дәрілер кітабы" деп аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.

1806 жылы Вилен университетінде ветеринария кафедрасы жұмыс істей бастады.

1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811 жылы осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.

1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда, 1876 жылы Дерпте (Тарту) ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын 25-30 -дан ғана мал дәрігерлерін дайындады.

Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталады. Онда 1948 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды.

1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда: академиктер Б.А.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиевтар басқарған морфологтар; академик Н.У.Базанова басқарған физиологтар; академик Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер; профессор Б.П.Всеволодов басқарған патоморфологтар; профессор М.П.Орлов басқарған паразитологтар топтары өздерінің ғылыми еңбектерімен Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлестерін қосты.

Қазақстанда малдәрігерлік ұйымдарды құруға ат салысып, ерекше еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин, А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Көсепғалиев және басқалар. Кейінгі кезде Қазақстандағы ветеринария ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, К.Н.Бучнев, З.К.Қожабеков, Т.С.Минкин, Н.Ж.Жанузақов, Т.С.Сайдулдин, Е.Ф.Дымко, К.Б.Биашев және т.б.жатады.

Қазірде жекелеген аймақтардың геобиохимиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болатын аурулардың алдын алу бағытында көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Мал дәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат – малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін үлкенді-кішілі барлық шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.

3. ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУ НЕГІЗІ.

Мал дәрігерлік тәжірибеде жалпы және жеке сақтандыру шаралары жүргізіледі.

Жалпы сақтандыру шаралар - дені сау, жоғарғы өнімді малдардың табынын жасақтауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүйесі.

Жалпы сақтандырудың теориялық негізі – организм мен сыртқы ортаның бірлігі туралы жалпы биологиялық заң. Ауылшаруашылық малдары үшін сыртқы ортаға жататындар:


  1. Шаруашылықтағы жер мен климат ерекшелігі;

  2. Азық қорының, оның саны мен сапасының жағдайы;

  3. Азықты дайындау және сақтау әдістері;

  4. Шаруашылықтағы малды күтіп-бағу, дұрыс пайдалану ерекшеліктері.

Жаздағы және қыстағы кездесетін қолайсыз жағдайлар бірқатар әсер факторларын тудырады. Осындай әсерлердің салдарынан көптеген шаруашылықтарда клиникалық сау деген малдардың организмінде зат алмасу процесінің бұзылғандығын байқауға болады. Олар:

  • қан сары суындағы жалпы белок пен оның глобулинді фракциясының азаюы;

  • қандағы қанттың деңгейінің төмендеуі;

  • организмдегі фосфор-кальций қосындыларының мөлшерінің төмендеуі салдарынан сүйектердегі минеральды заттардың азаюы;

  • қан құрамындағы сілтілік қордың, гемоглобин, каротин, А-витаминдердің мөлшерінің; эритроциттер мен лейкоциттер санының төмендеуі;

  • жаңа сауылған сүттің қышқылдығының жоғарылап, тығыздығының төмендеуі;

  • сауын сиырларда жиі кездесетін кетоз ауруының клиникасыз түрін дәлелдейтін гиперкетонемияның, кетонурияның, кетонолактияның анықталуы.

Диспансеризация – дені сау, сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организмдегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.

Диспансеризацияның теориялық негізі – организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық заң болып табылады. Ол заң бойынша топырақтағы, онда өсетін өсімдіктегі және ол өсімдікпен қоректенетін мал организміндегі зат алмасу процестерінің өзара байланысы келтірілген.

Диспансеризация үш этаптан тұрады:


  1. Диагностикалық;

  2. Емдеу;

  3. Аурудан сақтандыру.

Диагностикалық этапта қаралатын мәселелер:

  1. Шаруашылықтағы малдарды пайдалану жөнінде анализ (тұқымы, өнімі, жасы және т.б.);

  2. Малдарды азықтандырудың анализі (азықтың сапасы, азықтандыру деңгейі, берілетін уақыттары);

  3. Малдарды күтіп-бағу тәртібі (қоражайы, желдеткіштің бар-жоғы, еденінің жағдайы, серуендетуді ұйымдастыру, ультракүлгін сәулесі, жарықтың мөлшері және т.б.);

  4. Нақтылы деректерге сүйене отырып малдардың организміндегі зат алмасу процесінің деңгейін анықтау;

  5. Табындағы малдың синдроматикасын анықтау. Оны бақылау тобындағы малдарды жан-жақты клиникалық-биохимиялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізеді.

Клиникалық-лабораториялық тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып диспансеризацияның диагностикалық этабында барлық малдарды үш топқа бөледі:

  1. Клиникалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дені сау малдар;

  2. Дені сау, бірақта организмдегі зат алмасу процесінің деңгейі төмен немесе бұзылған малдар;

  3. Ауру малдар.

Дені сау деген топтағы малдарға жалпы аурудан сақтандыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Екінші топтағы малдарға организмдегі зат алмасуының бұзылуының нақтылы тұрлеріне бағытталған сақтандыру шаралары іске асырылады.

Үшінші топтағы малдарға емдеу және сақтандыру шаралары қатарынан жүргізіледі. Бұл мәселені шешуде малдарды топтап емдеу мен сақтандыру шараларын кеңінен пайдаланудың маңызы өте зор.

Организмдегі белоктың жеткіліксіздігіне қарсы күресу үшін оны рациондағы азық бірлігіндегі қорытылатын протеиннің мөлшерін дұрыстау арқылы жүргізген дұрыс.

Углеводтың жеткіліксіздігінің алдын алу үшін:


  1. Мал организміндегі углевод метаболиттерінің деңгейін анықтайтын әдістерді игеру керек;

  2. Рациондағы қант пен протеиннің ара қатынасын анықтай отырып, оны реттеу керек;

  3. Тамыр жемісті өсімдіктерді егіп, дайындауды ұйымдастыру қажет (қант қызылшасы, турнепс, картоп және т.б.)

№ 2-3- ші дәріс

Тақырыбы: Ветеринариялық реаниматология.
Ветеринария ғылымының ең бір жас саласы-реаниматология. Ол өмірге соңғы жылдары келді. Осы ғылымның аяқ басып тұруына еңбек сіңірген медицина ғалымдарды атап өтсек олар: И.Р.Петров, В.А.Неговский, Н.Л.Гурвич, П.Сафар, А.Лабори, В.Ковенховен есімдері. Бұл ғалымдардың еңбектері, ізденістері ауру адамның не себепті өлетіні және өліп бара жатқан адамды қалай өмірге қайта оралтуға болады деген меселелерді шешуде айтарлықтай табысқа жетті. 1891 жылы Мааз деген дәрігер жүрегі тоқтап қалған ауру адамның төс сүйегінің төменгі жағын алақанымен басып тұрып тірілткен керінеді. Ал 1901 жылы 1§е1шк1 деген ғалым жүрегі тоқтап қалған ауру адамның кеуде қуысын ашып, қолымен жүректі қысып, өліп бара жатқан адамды тірілткені тарихқа аян. Жүректің тоқтап қалу себептерін анықтап, жүректі тірілту өдістерін іздеген орыс ғалымдарын атап өтсек олар: Е.О.Мухин, А.М.Филомафитский, АА.Кулюбко, Н.П.Кравков және Ф.А.Андреев есімдері. Сонымен қатар осы салада еңбектерімен көзге түскен хирург - ғалымдар Н.Я.Напалков, П.АТерцен, В.А.Оппель болса, 1926 жылы совет ғалымдары С.С.Брюхоненко мен С.И.Чечулин жүрек қызметін жақсартатын аспап ойлап шығарғанын айта кеткенді жөн көрдік.

Реаниматология ғылымының алдына қойған мақсатының бірі болып саналатын жәй өлімнің механизмі, өмірден өлімге қараған жануардың ағзасындағы өзгерістерді анықтау, білу (бұл жәйді терминалдық жағдай деп атайды) және өмірлік маңызы бар мүшелердің қызметін жақсарту, калыпқа келтіріп, тірілту, өлімді болдырмау, тірілген ағзадағы өзгерістерді бақылау, емдеу мәселелерін шешу. Реанимация деген сездің тікелей аудармасы "тірілту", "өмірге қайта келтіру". Шындығында бұл сөздің терең мағынасы өмірлік маңызы бар мүшелердің аяқ астынан ез қызметін атқара алмай, қалыптағыдан тыс нашарлап қалып, ауру мадды өлім жағдайына келтірген шақта, оны қайтадан емірге келтіру, тірілту процесін реанимация, реаниматрлогия, иңтенсивтік емдеу деп атайды. Ветеринарияда емдік жұмыстар экономикаға байланысты істелетіндіктен, реаниматологиялық жәрдем мал мен жануарларға көп жағдайда жасалмайды. Сондықтан бұл бөлімде, медицина саласында реаниматология мәселелерін жазған профессор М.Құланбаевтың (1994) теорияларын келтіруді жөн санадық.

Реаниматология ғылымының қазіргі кезде айтарлықтай табысқа жеткені белгілі. Кенет, аяқ астынан өлімге ұшыраған жануарды тірілтіп, оған жан беру әдістері кең өріс алып отыр. Мысалы, қатгы қансыраған малды, аяқ астынан жүрегі тоқтап қалған, суға кетіп тұншыққан, неше түрлі химиялық заттармен уланған жануарды, қатгы жарақаттанған, электр тогының салдарынан есінен танып калған немесе көптеген себептерден есеңгіреп, кенеттен өліп бара жатқан маддарды реанимациялык әдістер арқылы қайта тірілтіп алуға болатынын күнделікті малдәрігерлік тәжірибе көрсете білді. Осы жағдайларға ұшыраған жануардың жүрек қызметін, тыныс алуын жақсартып, ағзадағы метаболизмді қалпына келтіру реаниматолог маманның негізгі ісі. Ауырған малдың созылмалы, қатерлі аурулардан титықтап, жазылмайтын жағдайға ұшыраған кезінде реанимациялық білім, көмек, әдістер көздеген мақсатына жете алмай, өмірден гөрі өлімнің салмағы басым болған кезде, өлімді мал дәрігері жеңе алмайды. Ондай жағдайлар жануарлар жазылмайтын, асқынып кеткен қатерлі ісік ауруына шалынғанда немесе миы да, жүрек, бауыр, бүйрекгердің езгерістері емге көнбейтін жағдайларда кездеседі. Осындай жағдайларда өлім, аурудың асқынып, жайылу, тереңдеу процесінің салдары болып саналады.

Соңғы уақытта реаниматолог маманының атқаратын қызметі күрделеніп, олар өте қиын операцияны басынан өткізген. Жануарды опера-цияға алдын ала дайындау, оның жүрек-тамыр қызметін, тыныс алу процестерін бақылап, қалыпқа келтіру мәселелерін ойдағыдай шешу. Қазіргі уақытта реаниматология ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі - ол бас миының торшаларын өлтіртпейтін жағдайларды іздестіріп табу мәселесі. Айта кететін бір жәй, реаниматалогия мен реанимация атты түсініктердің айырмашылығы мынада: реанимация деп малдәрігерінің күнделікті тәжірибесі мен теориялық білімін тереңдетіп отыратын істі айтады. Реанимациялық қызмет — малдәрігерінің әр уакытта атқаратын ісі және жануарды тірілтетін әдістер. Реанимация, реаниматология ғылымының негізгі бөлігі. Реаниматология ғылымы жануардың өмірлік маңызы бар мүшелерінің қызметі жойыла бастағанда, сол емірді ұзартатын зандарды іздеп, оның қорытындысын басқа малдәрігерлерге үсынып, баяндау.

Ауру малдың өмір сүруіне қажетті заттардың бірі ауадағы оттегі. Сол оттегіні ағзаның әрбір торша, бөлімшелеріне жеткізетін, қанның қызыл түйіршіктері. Қанның қызыл түйіршіктерін оттегімен байыту қызметін өкпе атқаратын болса, ол түйіршіктерді торшаларға жеткізу қызметін жүрек, қан тамыры, қан айналымы атқарады. Жүрек, қан тамыры, өкпе кейбір себептерден өзінс тән қызметін атқара алмаса, заттардың қышқылдану процесі бүзылып, олардың өзара алмасу қызметін қалыптан шығады да, не сол торша, не мүше, не бүкіл организм өлімге үшырайды. Бірақ бүкіл организм, жүрек тоқтап, тыныс бүзылған мезетте өлім жағдайына үшырамайды. Өмір мен өлімнің арасында өтпелі кезең бар, бұл кезеңде жануарды өлді деуге болмайды, бірақ сондай жағдайға ұшыраған жануарды тірі деуге де болмайды. Ағзада байқалатын осындай өтпелі кезеңді дәрігерлер өзара терминалдық жағдай деп атайды.

Терминалдық жағдай. Профессор В.А.Неговский және оның қызметкерлері терминалдық жағдайды үш түрге бөледі. Бірінші түрі — жанталас аддындағы жағдай, екінші түрі — жанталас, үшінші түрі — клиникалық өлім жағдайы.

Жанталас алдындағы жағдай, ондай кезде орталық жүйке жүйесінің қызметі бүзылғандықтан, жануар терең үйқыға үқсас бейжайлыққа ұшырайды. Қан айналымы нашарлап, дем алуы үстіртін, жиі болғандықтан, ауру малға оттегінің жетіспей (гипоксия) жатқаны білінеді. Жан-таласудың алдындағы жағдай қанша уақытқа созылатынын ешкім айта алмайды, өйткені ол мерзім белгісіз. Қатты қансырағанда жануардың өлу жағдайына бет алу мезгілі созылмайды. Мысалы, кейбір кездері мұндай мерзімнің бірнеше сағатқа созылып кететіні де белгілі.

Жанталас жағдайы. Жанталас жағдайының басталуы көбінесе белгілі бір клиникалық білінеді. Ауру малдың жанталасқа ұшырағанын оның тынысынан білуге болады. Жанталас алдындағы жағдай мен жанталас жағдайының арасында терминалдық үзіліс болады. Тынысы жиілеп, үстіртін дем алып жатқан жануардың демі аяқ астынан тоқтап қалады. Осы мезетте көздің қасаң қабығының рефлексі жойылып кетеді. Осындай жағдайға үшыраған жануардың терминалдық үзілісі бірнеше секундтан 2-4 минутқа созылып кетеді. В.А.Неговский өз шәкіртгерімен бірге жануарларға тәжірбие жасап, жанталас жағдайының өзгешеліктерін көрсете білген. Жанталас жағдайы тынысты жиі-жиі алудан басталады немесе бір ретті терең демнен байқалады. Ол процеске кеуде, мойын бұлшық еттері қатысады. Тыныс алу мен тыныс қайтару процестері әлбетте бір мезетте болады ғой. Бірақ өкпе керіліп, қысылмағандықтан өкпенің вентиляциялық, желдету процесі қалыптан тыс қалады. Мал ессіз қалады, терілері бозарып, еріндері көгеріп кетеді. Әлсіз соққан қантамыры, тек қана күре тамырдан байқалады. Кеудесіне қүлақ қойып, тыңдасаңыз жүрек соғуы тым әлсіз, төмендеген болып шығады. Тыныс әрекеті жиілегенмен, аздан соң біржола тоқтап қалады. Осындай қатерлі кезде оттегінсіз қалған торшаларда қышқылданбаған улы заттардың көлемі ұлғая бастайды. Жанталас жағдайына ұшыраған малдың өмірі қысқа. Жүрек және өкпе мүшелері өзіне тән қызметтерін атқара алмағандықтан, мал енді клиникалық өлім жағдайына ұшырайды.

Клиникалық өлім жагдайы. Бүл жағдайды өлім мен өмірдің таласу кезеңі деп атауға болады. Клиникалық өлім жағдайына жеткен жануардың орталық жүйке жүйесінің, торшаларының қызметі тоқталғаны, қан айналымы және жүрек, өкпе қызметтерінің тоқтап қалғанғанын көрсетеді. Орталық ми, қан айналымы, жүрек, өкпе қызметгері тоқтағаннан соң, клиникалық өлім жағдайының созылу мезгілі 4-7 минугтан аспайды, ал гипотермия (дененің жылулығын 37° - тан 25-26° дейін төмендеткен) кезінде осы уақыт 1 сағатқа созылуы мүмкін.

Клиникалық өлім жағдайына үшыраған жануардың қан айналымы және тыныс алу процесі біржола тоқтайды. Организмдегі рефлекстер де жойылады. Бірақ кейде мүшелерде зат алмасу процестері аз да болса жойыла қоймайды. Әсіресе ми торшаларында оттегі жетіспегендіктен, жүйке торшаларының өмірін сақтау үшін гликоген пайдаға аса бастайды. Біраздан соң, ми торшаларындағы гликоген қоры таусылып, АТФ-тің көлемі азайғандықтан жүйке торшалары өлім жағдайына ұшырайды. Көптеген торшалар әсіресе жүйке торшаларының қалыпқа келу мүмкіншілігі жойылғандықтан, енді нағыз өлім, яғни биологиялық өлім жағдайы болады. Бүл кезде өмірге қайта келу, тірілту мүмкіндігі тумайды. Клиникалық өлім кезінде тірілтіп, өмірге қайта келтіруге болатын болса (4-7 минут ішінде), биологиялық өлім жағдайына ұшыраған жануарға ешбір көмек керек емес.

Жүректің тоқтап қалу себептері кеп. Соның бірі систолия (жүрек бүлшық еттерінің әлсіздігінен жиырылу шамасының жоқтығы), екіншісі — жүректің фибрилляция жағдайы (жүректің бұлшық етінің талшықтар шоғыр-ының өз бетімен жиі-жиі тез жыбырлап тартуы). Жүрек фибрилляциясының пайда болуына организмде оттегі жетіспегендіктен (гипоксия), организм уланғандықтан, механиқалық немесе электр тоғымен жүректі қоздыру кезінде, малдың дене жылулылығын (гипотермия Цельсий бағанасы бойынша 25 градустан төмендетіп жібергенде пайда болады. Жүрегі ауруға шалынған жануардың аяқ астында өліп кетуіне себепкер болатын жәйдің бірі — осы жүректің фибрилляция жағдайына үшырауында болады. Электр тоғының күші 3-5 ампер болып, кеуде төңірегінен өткенде жүректі фибрилляция жағдайында соқтыруы мүмкін. Жануардың тыныс алуының бұзылуына да көптеген себептер бар. Мысалы, ойнап жүрген бұзаудың аузындағы бөтен зат байқаусызда кеңірдекке өтіп кетіп, тіреліп қалса, тыныс жолдары жабылғандықтан бұзау дем ала-алмай, тұншығып өліп кетуі де мүмкін. Оның себептері де көп. Соның бірі өкпеден өтетін қан тамырының жетіспеушілігі болса, енді бір кезде өкпе торшалары желдендіру, газ алмастыру қабілетінен айырылып қалуынан да болады. Өкпе қызметінің шамасын, мумкішііілігін және кемістігін артериялық қандағы оттегі (О2) жөне көмір қышқылы (СО2) газдарының парциал-дық қысымынан білуге болады.

Терминалдық жағдайға ушыраған жануарды емдеу принциптері. Терминалдық жағдайга ұшыраған малға ветеринарлық кемек көрсету кезіндегі дәрігерлік көмек- организмге керегінше отгегін жіберіп, әлсіреп бара жатқан мүшенің қызметіне, әл беру болып саналады.

Жануарды терминалдық жағдайдан құтқару үшін кешенді емдеу әдістерін қолданып, жүректі тікелей немесе сырттай сылап (массаж), өкпенің вентиляциялық қызметін, жүрек фибрилляциясын қалыпқа келтіріп, қан тамыры арқылы, қан немесе қан орнына құйылатьш сүйықтар жіберіліп отырады.

1. Жүрек массажы ашық (тікелей - кеуде қуысы ашылып журекті саусақтармен қысып) немесе жабық (алақанмен кеудені сыртынан сылау арқылы) турлері қолданылғанда осымен бірге, бір мезгілде өкпені қосымша жасанды үрлеу әдісі және қан тамыры арқылы интен-сивтік дәрі құю емі жүргізіліп отырады.

2. Жүрек фибрилляция жағдайына үшыраған кезде ем - электрлік дефибриллятор аспабы арқылы жүргізіледі. Ол үшін дефибриллятор электродтарының бірін жануардың сол жақ жауырынының астына жабыстырып, екінші электродын кеуденің үстіне журек төңірегіне орналастырып, электр тоғын жібергенде, ессіз жатқан мал тітіркенеді. Жүректен өткен электр тоғын өз бетімен қалай болса солай жиырылып түрған жүрек еттерінің талшықтарын бірқалыпқа, барлық тарам еттер бірдей жиырылып, бірдей босаңситын жағдайға келтіріп, жүректің біркелкі қызмет атқаруына себепкер болады.

Дефибриллятор аспабын қолдана отырып, жануардың денесіне қан тамыры арқылы дәрілер жіберіледі. Ол үшін натрий хлорының 5 пайыздық ертіндісін және новокаин 1 пайыздық ертіндісін 5-10 мл мөлшерінде береді. Жүрек етіне зиянды әсер болғандықтан 5 пайызды натрий хлоры ерітіндісін қүйғаннан кейін, сол мезетте кальций хлорының 10%-тік ерітіндісінен жануардың әр килограмм салмағына 0,25 мл ерітіндісін қүйып отырады. Мысалы, жануардьщ салмағы 60 килограмм болса, сонда 60 кг 0,25 мл (СаСІ2 = 15 мл) құю керек. Соңғы жылдары жануардың кеудесіне арнайы электрлі қоздырғыш орнатып, осы қоздырғыш жүректің қызметін жақсартатындай жағдайға жетіп жүр.

3. Күре тамырдың өзегіне қысыммен қан жіберу әдісі. Бұл әдісті қолдану арқылы әсіресе талу, жанталас алдында, жанталас үстінде және клиникалық өлім жағдайында жатқан жануардың жағдайын тез арада жақсартуға болады. Күре тамыр өзегіне қысыммен енгізілген, қан тамырлары ішкі бетіңде орналасқан хемо- жене барорецеіггорларды қоздырып, жүрек тамырлары қызметінің өжептәуір жақсарып қалғанын, жүрек еті, қан айналымының өзгере түскенін байқауға болады, Сынап бағанасы бойынша қысымы 160-180 мл жеткізгенде артерия тамырына енгізілетін қан талып жатқан және жанталас алдындағы жағдайға үіпыраған жануар-дың жағдайын жақсартса, 200-220 мл жеткізгенде жанталас үстінде, яғни клиникалық өлім халінде жатқан жануарға жан бітіріп, тірілтіп алуға мүмкіншілік туғызады. Жүректің және қан тамырларыньщ қызметін жақсарту үшін құйылатын қанның 200 мл 1:1000 норадреналин дәрісінен 0,5-1,0 мл қосып отырған жөн. Қанды сан артерия-сына, иық артериясына немесе басқа артерияға 250-500 мл-ден енгізгенде жүрек қызметі өз қалпына келеді. Ал жануар қан жоғалтып, қансыраған кезде, оған қосымша веналық қан тамыры арқылы қан енгізу ауру малдың жағдайын айтарлықтай жақсартады. Артерияның өзегі арқылы құйылған қанның жалпы көлемі көп болмағаны жөн. Себебі, артық көлемнен қан қүйылса, жүрек фибрилляция жағдайына үшырайтынын есте сақтаған жөн. Ауру малдың жағдайына байланысты малдәрігері сол жануарға қан тамырларының өзегін жиырып, жіңіш-кертетін дәрілер, талмаға қарсы берілетін сүйық дәрілер, қанды алмастыратын сүйық заттар, гормоналдық заттар, витаминдер тағайындап отырады.

Сонғы жылдары, терминалдық жағдайга ұшыраған жануардарды емдеу үшін, сан және мойын көк тамыры арқылы түтік енгізіп, берілетін қанды "жүрек-өкпе" аспабының көмегі арқылы оттегімен байытып, осы аталған артериялар арқылы құйғанда жануардың жағдайын жақсартатыны байқалып жүр.

Анестезиология және реанимация бөлімшесінде әр түрлі зерттеулермен бірге, сан қилы емдеу процестері де жүргізіледі. Емдеу процестері жануардың қызуы қатты көтеріліп кеткенде, жүрек инфарктісі, талмалар (бауырлық, гипотермиялық) жағдайында, перитонит, суға кетіп тұншығу, электр тоғьшан жарақатгану, бас зақымдалғанда, химиялық затгармен уланғанда, іш жүрмей қаттанда, бүйрек қызметі әлсірегенде көмек көрсетуге арналған.

Сонымен бірге анестезиология және реаниматология бөлімшесі ауру мал талма жағдайына ұшырағаңда жедел көмек көрсетеді. Талманың неше түрлісі болады: кардиогендік талма, септикалық талма, анафилактикалық талма және жарақаттанудан пайда болатын талма. Осылардың бәріне тоқтамай тек қана жарақаттану талмасын тоқтағанды жөн көрдік.

Жарақаттану талмасы. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкіл тіршілігіне қатысы бар мүшелерінің нашарлануын, өлсіреуін - жарақаттану талмасы деп атайды. Мал мүшелерінің мұндай нашарлауы алдымен бас миындағы орталық жүйке жүйесінің қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Қиын және үзақ операциялар кезінде, операциядан кейінгі мезетте талма жағдайы байқалса, оларға дер кезінде көмек көрсетілмесе осындай жағдайға ұшырауы мүмкін.

Айта кеткен жөн, аурудың бұл түріне дәрігерлер ерте кезден өзінде-ақ көңіл белген. 1737 жылы француз ғалымы Ье Сгап оның неше түрлі белгілеріне сипаттама беріп, осындай жағдайға талма деген атау береді. Талма жағдайына малды емдеу үшін тыныштық керек деп, спиртті ішімдік және апиын (опий) ұсынған орыс дәрігері П.Савенко 1834 жылы мүңдай жағдайға ұшыраған ауру малдың ең әуелі орталық жүйке жүйесінде өзгерістер бар, соның қызметі нашарлағандығынан ауру малдың жалпы жағдайы төмендейтіндігін айтқан екен, "Әскери-далалық жалпы хирург бастамасы" атты кітабында Николай Иванович Пирогов талма жағдайына ұшыраған ауру адамның классикалық белгілерін анықтап, басқа ауруларға қарағанда өзіндік өзгешелік, айырмашылығы бар екенін көрсете білген. Н.И.Пирогов талма жағдайы екі түрге, яғни эректиль және торпид фазаларына бөлінеді деген. Мүндай жағдайға ұшыраған ауру адамның ағзасында болатын өзгерістерді анықтау жолында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П. Павлов, Н.С.Введенский үлкен еңбек етті, айтарлықтай жаңалықтар ашты.

Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөлгендер саны көп-ақ, бірақ ешқайсысы түжырымды шешім айтпайды, оның неден, қалай пайда болатынын, ағзада туатын өзгсрістерді ғылыми түрғыдан анықтап бере алмады. Сондықтан аталмыш мәселеде көптеген теориялар да пайда болды. Өйткені әртүрлі зерттеушілер мен ғалымдардың ой-пікірі біріне-бірі қайшы келіп, өрқайсысы өз ой-пиғылын өз түсінігі бойынша дәлелдеді. Енді сол ғалымдардың еңбектерін екі топқа бөлуге болар еді. Аналитиктер тобына жататын ғалымдардың еңбектерінің кейбіріне тоқтайтын болсақ, соның бірі Е.Кеню деген ғалымның улану теориясы. Кенюдің көзқарасы бойынша бұл ауруға ұшыраған ауру малдың қара еттері іріп, бұзылып кетіп, сол ерітінділер қанға сіңіп, ағзаны уландырады деген.

Уланған организмнің қан тамырларының қабырғалары босаңсиды, содан барып тамыр ішіндегі сүйық заттар сыртқа шығады да, маңайындағы ұлпалар, сол сұйықтан ісініп кетеді, қан тамырының ішіндегі сұйықтар азайғандықтан жалпы қан айналымы бұзылып, нашарлайды да, жүрек тоқтап қалады деп түсінік берген.

Крайль деген ғалымның ой-пікірін, қан тамырлары жансыздану жағдайына үшырайды деген теориясын жақтайтындардың түсінігі бойынша, жарақаттану салдарынан қан тамырлары рефлекторлық салдану жағдайына үшырайды да, тамырларда қан қысымы жедел төмендейді. Қанның әжептәуір көлемі веналық қан жүйесіне жиналып, тоқтап қалып, қан айналымына қатыспағандықтан, тіршілікке қажетті мүшелердің қызметі нашарлайды. Жүрек тоқтап, өлімге әкеліп соғады деген.

Джон Гендерсон және оның жақтаушылары өз теориясын ұсынып, қан тамырларында көмір қышқылының (СО2) көлемі күрт азайғандықтан ұлпаларда, мүшелерде қан жиылып, қан айнылымы нашарлайды, сондықтан ұлпа, торша, мүшелерде ацидоз пайда болады деген сенімде болған.

А. Блелок және басқа ғалымдар қан және қанның сүйық бөлімі плазма жоғалту теориясын ұсынған. Осы теория бойынша талма пайда болуының бір себебі организм қансыраған жағдайда, қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азайғандықтан, ауру мал қатерлі талмаға ұшырайды деген. Басқадай ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне көз жіберсек, қансырау, қан көлемінің азаюы салдарынан талма пайда болмауы керек. Мүндай жағдайлар жануар талмаға ұшырағаннан кейін пайда болады, яғни соның салдары болып саналады.

Кин, Митчелл, Морхауз, Фишер сияқты ғалымдар талма жағдайы қан тамырының қызметін басқарушы - бас мидағы орталықгың қызметін нашарлағаңдықган; Гольц, Саюри атты ғалымдар қан тамырларының жүйке жүйесі салдану жағдайына ұшырағаңдықтан; Бильрот, Эриксон, Рихтер сияқты ғалымдар ұлпа торшарының молекулалары қозғалу, шайқалу жағдайына кездескендіктен, пайда болады деген түсінікге болған.

Талма жағдайының пайда болуы және оның өршуі эндокриндік жүйе қызметінің нашарлауы салдарынан деп Левинсон айтса, симпато-адреналин жүйесінің өзгеруіне мән берген ғалымдар есімі: Б.Кеннон, Н.А.Миславский, Л.А.Орбели, Г.Селье.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.В.Павлов, Н.С.Введенскийдің еңбектеріне сүйене отырып, совет ғалымдары И.Петров, Э.А.Асратян, П.К.Анохин, Қазақстаннан шыққан академик А.П.Полосухин және басқалары осы аурудың пайда болуын зертгей отырьш, жүйке және рефлекгорлық теорияны ұсынды және соны күнделікті тәжірибемен толықтырып, тереңдетіп келеді. Жүйке және рефлекторлық теорияны жақтайтын ғалмдар, басқадай теорияларды біржола сырғытып тастамай, солардағы оңды көзқарастарды пайдаланады. Отанымыздың ғалымдары ұсынған теорияны д ұрыс деп тауып, оны қолдаушы шет ел ғалымдарының есімдерін атап өтсек, олар: Уиттерс, Говард, Туран және басқалары. Жүйке және рефлекторлық теориясының айтуына қарағанда сынған сүйек, жараланған денеден, мүшеден ауру сезімі орталық ми жүйесіне шабады да, осы орталық ми қызметін қалыптан шығарады. Орталық ми қызметінің нашарлауынан талма басталады. Ең бірінші болып орталық ми жүйесіне шапқан ауру, сондағы ұлпа торшаларын қоздырады. Осы мезет талманың күшею кезеңі деп аталады. Осы уақытта организмдегі зат алмасу процесі күшейіп, бас мидағы қан тамырларының өзегі жіңішкергендіктен, қан қысымы жоғарлап кетеді және эндокриндік мүшелердің қызметі терендей түседі. Мұздаған, әлсіреген ауру маддардың орталық ми жүйесіне шапқан ауру сезім импульстері, ми жүйесіндегі өзгерістерді тереңдетіп, ең қиын бәсеңсу кезеңіне ауады. Осы кезде шетте орналасқан қан тамырларында қан айналымы өзгеріп, бұзылып, нашарлағандықтан, бас ми торшаларына өкелінетін өте қажет оттегінің көлемі азаяды. Оттегісіз қалған ми торшалары әлсізденіп, тежелу процесі бүкіл бас миына жайылады. Бүл кезде жануар талманың бәсеңсу кезеңінде болады. Яғни ми торшалары өз қызметін атқара алмайтын жәйтке ұшырайды.

Осыдан бүкіл ағза қызметі бұзылады. Біріншіден, мидағы тыныс алу орталығы, сол сияқты мидағы қан тамырларының қызметін басқарып отыратын орталық бұзылып, эндокриндіқ мүшелердің қызметі, зат алмасу процесі нашарлайды. Осы себептерден бауыр, бүйрек, ішектерге келетін оттегі көлемі азайып, ағзадағы, қан тамырларының өзектерін кеңітіп, улы затгар көлемі көбейе бастайды. Бүйректе, бауырда, ішекте және бұлшық етгерде қан айналысы бұзылып, тоқтап қалғандықтан және қан айналы-мындағы қанның келемі азайғандықтан, қан қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеу мөлшеріне байланысты осы талма 4 дәрежеге бөлінеді. Ішкі мүшелердегі өзгерістер, енді келіп ми торшалардағы өзгерістерді әрі қарай тереңдете түседі.

Соңғы кезде пайда болған пікірлерге көңіл бөлсек, ауру мал талманың ең қиын дөрежесіне жеткен кезде ағзада төмендегідей өзгерістер байқалады:

1) Қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азаяды. Орталық тамырдағы қан қысымы төмендейді. Жүрек еттері әрбір жиырылған кезінде кеуде қолқасына итеріп шығаратын қанның көлемі азайып кетеді.

2) Артериялық қан қысымы төмендей береді.

3) Қан айналым басқа мүшелерде азайғандықтан, ми төңірегіндегі ірі артериялық қан тамырларында жақсара түседі.

4) Бауыр мен бүйректердегі қан айналымы бұзылып, нашарлайды.

5) Ұлпаларға жиналған қышқыл әсерінен сол жерде ацидоз пайда болады.

6) Организмнің ұлпа, торшаларындағы жалпы сұйық заттардың көлемі азаяды. Осының бәрін біріктіргенде талма жағдайьша ұшыраған ауру малдың жағдайы шамалы болып қалғанына көз жетеді.

Талманың клиникалык белгілері. Жануар жарақаттанған кезде талманың белгілері не көрнекті, не көрнексіз болуы мүмкін. Жануардың реактивтік жағдайы, қосымша ауру немесе жасы үлғайғандығы, жарақаттандырған заттың күші,. жарақатганған жердің көлемі сйяқты жағдайларда талма белгілері байқалады.

Талманың күшею кезеңі жарақатқа ұшыраған мезетген бастап, бірнеше минуттен жарты немесе бір сағатқа дейін созылып кетеді. Күшею кезеңін Н.И.Пирогов суреттеп оны медицинада былайша сипаттайды: "Егерде жарақатганып қалған адамның, тамыр соғуы жиі болса, оның қай жері жараланғанына қарамастан, тез көмек керсетуге ұмтылу керек". Осы жәйді нақтылап түсіндірген Н.И:Пирогов жарақаттанған адам жөнсіз қимыл-қозғалыс жасайды. Көз қарашығы ұлғайып, тынысы жиілейді. Осы мезетте артериялық қан қысымы мен веналық қан қысымы тым жоғарылап кетеді. Осы теория бойынша ауру малға ветеринарлық көмек көрсетілмесе, онда талма күшею кезеңінен бәсеңсу кезеңіне көшеді. Оны білу үшін ауру малдың тамыр соғуын санап отыру керек. Бәсеңсу кезеңіне көшкенде тамыр соғуы жиілейді.

Ауру малдың жалпы жағдайына, ауру белгілеріне қатты көңіл бөлген ғалымдар талманың бәсеңсу кезеңіне көшкен ауру малдың жағдайын былайша суреттейді. "Жарақаттан сіресіп қатып қалған малдың қан тамырының соғуы әлсіз, біркелкі емес, біресе білініп, біресе жоғалып кетуі байқалады. Тыныс алу процесі де әлсіз.

Жарасы да, терісі де сезімсіз, бірақ жарадағы жүйке жүйесіне бөтен зат тиіп кетсе, ауру мал тітіркеніп қалады. Қоздырғыш дәрілерді мұндай жағдай бірнеше сағатқа шейін созылады. Бұл кезде ауру маддың орталық ми жүйесінің қызметі лезде нашарлап, қоздырғыштарға жауап беруі өте төмен жағдайда болады да, ағзаның барлық рефлекстері төмендеп кетеді.

Талманың бөсеңсу кезеңінде байқалатын өзгерістерді үш топқа бөлуге болады. Ауру мал, біріншіден, сұлық жатып қалады, екіншіден, оның ағзасында қан айналым процесі бұзылады, үшіншіден, ағзадағы зат алмасу процесі, нашарлап кетеді. Сұлық жатып қалған мал әлсіз. Қан айналымының нашарлағанын тамыр соғуынан байқап, фонендоскоп арқылы жүрек соғуын тыңдаса, қүлаққа бірде булыққан бұйығы дыбыс, бірде дүңкіген қатаң дыбыс келер еді. ЭКГ-нің қорытындысы бойынша синустық тахикардия -артериялық қан қысымы төмендеген үстіне төмендей береді. Қан айналымының жылдамдығы қан ұю процесі байқалады. Тамырдағы қан қүрамына енетін плазманың көлемі азаяды. Денесі бозарып, көгеріп, сұрланып жатқан ауру малды өлімнен алып қалу қиын болады. Ауру малдың тынысы тарылып, денесін суық тер жауып кетеді.

Зат алмасу процесі нашарлағандықтан организмнің барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметтері күрт бұзылады. Әсіресе бүйрек қызметі нашарлайды. Сол себептен олигурия (бүйректің несеп бөлу қызметінің төмендеуі), сонан соң бәсеңсу кезеңінде ұсақ қан тамырларындағы қан айналымы бүзылғандықтан, бүкіл ағзаның үлпа, торшалары отгегінсіз қалады да, зат алмасу.процестері нашардап, ауру малдың жағдайы төмендейді. Организмнің компенсаторлық күші бітуіне байланысты талманың бәсеңсу кезеңі терминалдық жағдайға әкеліп соғады. Терминалдық жағдайға ұшыраған ауру малдың, тынысы бұзылыңқы. Содан соң тынысы жоғалып, жүрек қызметі тоқтайды. Осының бәрі ауру малды клиникалық өлім жағдайына ұшыратады.

Талманың жіктелуі. Ауру жағдайына келтірген себептерді еске ала отырып, талманы — жарақатгану талмасы, күйік талмасы, операциялық талма, анафилактикалық талма, гемолитикалық талма және басқа да түрлерге бөледі.

Уақытқа байланысты оны алғашқы талма (жарақатанған мезетге, немесе сәл уақытган соң пайда болуына байланысты), қайталама талма (жарақаттанған малға бірнеше сағат өткенде қанға улы заттар сіңгендіктен пайда болады) деп бөледі.

Жоғарыда айтылғандай талманың екі кезеңі болады. Бірі оның күшею кезеңі болса, бірі бәсеңсу кезеңі.

Қырғыз ғалымы И.М.Ахунбаев және ГЛ.Френкель осы кезендердің әрқайсысын компенсация және декомпенсация сатыларына бөледі.

Аурудың жағдайына қарай И.Петров оны жеңіл, орташа және ауыр түрлерге бөледі.

Талма жағдайына ұшыраған жануарды емдеу. Оған ветеринарлық көмек көрсету жан-жақты, кешенді болу керек. Жарақаттанған малға көмекті сол мезетінде, тез жасау мал дәрігеріне қойылатын бірінші талап. Жараланған мүшеге, ауру сезімінің бас миына шабу жолдарын еске ала отырып, жүрек және өкпе қызметгерінің жағдайын жақсартатын әрекеттерді жедел қолдану керек. Сондықтан талма жағдайына ұшыраған жануарға ветеринарлық көмек көрсетудің жалпы мәселелерін шешуге малдәрігері бар білімін, қолынан келер іс—әрекетін аямауы қажет. Сол жалпы мәселелердің кейбірін айта кетейік.

1. Сынған сүйектің, жараланған мүшенің төңірегінен ауру сезімі жүйке жүйесі арқылы, орталық жүйке жүйесіне, яғни бас миына бергенде малдәрігері сол сезімді орталық жүйке жүйесіне жеткіздірмей, жолына бөгет жасау керек. Ол үшін орталық жүйке жүйесіне апаратын жүйке талшықтарын жансыздандырып тастаған жөн. Мал дәрігерлері жарақатганған жерге, жүйке жолдарына неше түрлі новокаин дәрісі арқылы тосқауыл жасайды. Новокаин тосқауылының вагосим-патикалық, паранефральдық түрлері, сүйектің қабығына дәрі енгізу немесе аяқтарындағы ірі жүйке жүйесінің жүретін жолдарын мөлшерлеп, соның төңірегіне новокаин дәрісін еккенде, миға ауру сезімі жете алмайды да, талма жағдайы тумайды.

2. Орталық жүйке жүйесін қозу процесінен сақтау үшін, жануарға тыныштық керек, ауру сезімін азайтатын, жоятын дәрі-дәрмек тағайындау қажет, кейбір кездерде клиникаға жеткізілісімен оған наркоздық емдеу түрін тағайындап, жүргізген жөн.

3. Талманың күшею кезеңі қайткен күнде де бәсеңсу кезеңіне ауысьш кетпеуі үшін мүмкін болған әдіс-тәсілдерді жүргізген жөн.

4. Талмаға ұшыраған жануарды қосымша пайда болған өзгерістерімен күрес жүргізе білу керек. Ол үшін қаңсырап қалған малға қан қүйып, улы заттармен уланған жануарға сол заттардың уытын азайту үшін қан тамыры арқылы неше түрлі сүйық дәрілер беріп, сол дәрілердің мөлшерін ауру малдың жадпы жағдайына байланыстырьш, оттгінің көлемін үлғайтып, басқадай неше түрлі дәрі-дәрмектерді керегінше аямай жұмсап, жедел түрде жан-жақты кешенді емдеу жүргізіп, тез қимылдау керек.

5. Талма салдарынан пайда болған өзгерістерді емдеп, неше түрлі мүшелердің бұзылған, қалыптан тыс кеткен қызметтерін жөндеп, әсіресе қан айналымның өзгеруін қалыпқа келтіру мақсат деп білген жөн.

Мүндай жануардың эндокриндік бездерінің қызметін зерттеген ғалымдар қан айналымын қалпына келтіру үшін гидрокортизон, норад-реналин, преднизолон дәрілерін тағайындау жөн екенін дәлелдеп берді. Мысалы, норадреналин атты дәрі сыртқы мүшелердегі қан тамырларының өзегін тарылтқандықтан, артериялық қан қысым көрсеткішін жоғарылатады. Осы дәріні қолданар алдында организмдегі қан айналымына қатысы бар қан тамырларындағы қанның көлемін қан күю арқылы көбейту керек. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін жақсарту үшін эфидрин, строфантин немесе коргликон дәрілерін тағайындайды. Сонымен қатар коразол, кордиамин, кофеин, камфора дәрілері құйылып отырады. Димедрол дәрісі, С, В тобына жататын витаминдер тағайындалады. Ацидоз жағдайына қарсы ем жүргізу үшін бикарбонатының 0,4 пайызды ертіндісінен веналық қан тамыры арқылы дәрі енгізіледі. Артериялық қан қысымын бір шамада, мөлшерде ұстап түру үшін қан тамыры арқылы новокаин дәрісінің 0,5 пайыз ертіндісі, 20 пайыз спирт ерітіндісін әлсін-әлсін жіберіп отырады.

Операциялық талма жағдайы болмас үшін наркоз беріп отырған малдәрігері ұзаққа созылған операция кезінде, операцияның әрбір кезеңінде наркозды тереңдетіп отырады да, жануардың жағдайы, қан айналымы және артериялық қан қысымын зерттеп, бақылап, операция кезінде әртүрлі дәрілерді керегінше қолданып отырады.

Коллапс жагдайы. Тез арада, аяқ астында жүрек қызметі әлсіреп, қан тамырларының соғуы, қызметі нашарлағандықтан артериялық қан қысымы күрт төмендеп кеткенді коллапс дейді. Осындай жағдайлар қан айналымындағы қанның көлемі азайғандықтан, жүрекке өрбір жиырылған кезінде қолқаға итеріп шығаратын қанның келемі аз болғандықтан, артериялық қан қысымы төмендегенінде байқалады. Коллапс жағдайына ұшыраған малдың миына келетін қанның қүрамыңда оттегі азайып кеткеңціктен, қажет мүшелердің қызметі нашарлап қалады. Коллапс жағдайы көбінесе химиялық заттармен уланған малға, айналадағы ауада оттегі жетіспегенде, көп қан жоғалтып, қансыраған малда, жарақаттану кезінде немесе жарақаттанғаннан кейін инфекциялық ауруға шалынған жануарларда байқалады.

Коллапс пен талманың өзара ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Айырмашылықтарын айта кетсек, коллапс жағдайы жүрек және қан тамырларының қызметі жедел түрде нашарлағандықтан пайда болса, талма жағдайы орталық ми жүйесі, бас миының қызметінің нашарлауы салдарынан пайда болады.

Күн тию, күн өту, күнсу – Heliosis. Күн сәулесіндегі әсіресе инфрақызыл сәуленің малдың бас сүйегіне тікелей әсер етуінен бас ми қабының қызуымен сипатталатын ауру.

Жылқы мен ұсақ малдар жиі ауырады.

Себептері. Мал тұратын жерлерде көлеңкелі құрылыстар болмай, олар үнемі күн көзінің астында болғанда, ұзақ уақыт малды әбден қалжырататын жұмысқа салғанда, ішетін су тапшы болғанда, малды көп уақыт тұқыртып байлап қойғанда, гиподинамияда пайда болады. Сондай-ақ жүрек-қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігі бар, суық жақтан ыстық жаққа әкелінген малдар ауырады.

Дамуы. Бас мидың қызуы 2-3 градусқа дейін көтеріледі; ми қызарып, ісінеді; ми қуыстары сұйыққа (ликвор) толады. Бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылайды, ми қабының қызметі бұзылады. Қан тамырларының, тыныс алу жүйесінің жұмыстарын реттейтін орталықтардың қызметтерінің бұзылуы салдарынан жүректің, не тыныс алу жолдарының салдануынан ауру мал өліп кетуі мүмкін.

Клиникалық белгілері. Ауру мал әлсіз, аздап қозғандық байқалады. Тыныс алуы жиі, тершең. Жүрісі шатқаяқтанған. Бұлшық еттерінің тонусы нашар, кілегей қабықтары көгерген; жүрек, тыныс алу жүйелерінің қызметтерінің жеткіліксіздіктерінің белгілері білінеді. Комалық жағдайда ауру мал құлайды, рефлекс жоқ; зәр, нәжіс бөлу еріксіз жүріп жатады.

Ауруды індетті жіті аурулардан, уланулардан, жыланның шаққанынан ажырата білу керек.

Емдеу. Ауру малды көлеңкелі жерге орналастырып, салқын сумен қамтамасыз етеді. Малдың басына суық су құюға болады. Венаға глюкозаға кофеин қосып жібереді. Терінің астына кордиамин, лобелин; қатты қозғанда – хлоралгидрат, бромид, вероналдарды қолданады. Өкпе ісінгенде қан ағызуға болады, артынан венаға хлорлы кальций жібереді.



Сақтандыру. Жаздың ыстық кездерінде көлеңкелі жер ұйымдастыру, суық жақтан әкелінген малдарды ыстықтыққа үйрету, жиі-жиі суғарып отыру керек.

Ыстық соғу – Hypertherrmia – Ыстықтың жалпы ортанизмге әсерінен орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

Шошқа мен жылқыларда жиі кезедседі.

Себептері. Малдарды ыстық, ылғалды, тығыз, желдетілмеген вагондармен, автокөліктермен тасымалдағанда пайда болады. Тығыз қораларда ұстау, өкпе, жүрек ауруларымен ауырған малдар жиі ұшырайды.

Дамуы. Организмнің өзінен ыстықты бере алмауы, дененің қызуының көтерілуі, вена көк тамырында қанның жинақталуы, бас ми мен өкпенің ісінуі, ми қарыншағының ликворға толуы, орталық нерв жүйесінің қызметтерін бұзу арқылы ауруды тудырады.

Бастапқыда компенсация ретінде дем алысы жиілейді, жүректің қызметі жоғарылайды. Ауру мал қызарады, терлейді. Мал тұншығудан, немесе жүрек-қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігінен өліп кетуі мүмкін.

Клиникалық белгілері. Аурудың барысы жіті түрде. Бастапқыда ауру мал қозып, тынышсызданады. Көзінің қарашығы үлкейген, шөлдегіш, терлегіш келеді. Дене қызуы көтерілген, дем алысы жиі, жүрек түрткісі қатты, екінші сазы да қатты естіледі. Рефлекстер, сыртқы ортаның әсерлеріне реакция жоқ. Кілегей қабықтары көгерген. Мойын көк тамыры қанға толып, білеуленген, өкпе ісінген. Комалық жағдайда ауру мал өліп кетуі мүмкін.

Ауруды анықтау үшін анамнез, клиникалық белгілеріне сүйене отырып жіті түрде жүретін індетті аурулардан, уланулардан ажырата білу керек.

Емдеу. Аурудың себептерін анықтап, оны жою. Жиі-жиі суғару, суға шомылдыру, суық клизма коюға болады. Венаға глюкозаға кофеин қосып жібереді. Оймақгүл тұнбасын, кордиамин, лобелин ертінділерін қолданады.

Өкпе ісінгенде (оны ылғалды қырыл арқылы анықтайды) қан ағызуға болады. Артынан венаға хлорлы кальций ертіндісін жібереді.

Сақтандыру. Малдарды дұрыс тасымалдау тәртібін сақтау керек. Қапырық жерлерде желдеткішті дұрыс пайдалану, ішетін таза сумен қамтамасыз ету шараларын қадағалайды.

Ми қарыншақтарына сұйықтың жиналуы – Гидроцефалия – Оглум – ми қарыншақтарында ликвордың жиналып, ми құрлысының семуімен сипатталатын, жылқыларда жиі кезедесетін созылмалы ауру.

Себептері. Көбінесе басқа аурулар асқынғанда байқалады. Мидағы нерв торшаларын қоршайтын невроглиалды тіндер өсіп, ми сұйығы жүретін түтікшелерді қысады. Ликвордың қайта қайтуына кедергі жасайды. Сондай-ақ әртүрлі жарақаттар, күн тию, ыстықтық аурудың себептеріне жатады.

Клиникалық белгілері. Ауру мал тез шаршағыш келеді. Рефлекстері төмен, ессіз терең ұйқыға кеткені байқалады. Алынған азық ұзақ уақыт аузында қалады. Ауру мал алдыңғы аяқтарын айқастырып қойғанда сол қалпында тұра береді.

Емдеу айтарлықтай нәтиже бермейді. Сондықтан ондай ауру малды уақытында шығысқа шығарып тастаған жөн. Уақытша малды ұстай тұру үшін жүрек жұмысын жақсартатын дәрілерді: глюкоза, хлорлы кальций; зәр айдайтын дәрілерді ұсынуға болады.

2.Организмге стимуляциялық функциясы (Стресс, оның синдромдары)

Стресс, оның синдромдары (Stress – ағылшынша - күш салу, зорлау) – организмге аса бір ерекше тітіркендіргіштің- стрессорлардың әсерінен ондағы бейімделу процесі ретінде гуморальды, неврогенді өзгеру комплексінің пайда болуы.

Бұл ұғымды 1936 жылы Канаданың ғалымы Г.Селье еңгізген.

Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады.

Аса бір ерекше, күшті тітіркендіргіштің әсерінен организмдегі гомеостаз – тұрақтылық процесі өзгереді. Ол өзгерістің ұзақтығы мен тереңдігі стрессордың күшіне байланысты.

Организмге стресстер әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда болады (ЖАС). Оны 3 сатыға бөлуге болады:


  1. Қамдану сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады. Бұл сатыда организмдегі өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.

  2. Резистенттік-адаптациялық сатысы бірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.

  3. Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы күшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.

Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша: транспортты-тасымалдау; технологиялық – малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты; вакцина жасауға байланысты; температураға байланысты; малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т.б. түрлерін ажыратуға болады.



  1. Транспорттық-тасымалдау стрессі. Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т.б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.

Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.

Емі. Шаруашылықта ұйымдастыру, санитарлық мәселелерді дұрыстап шешу керек.

Организмнің табиғи резистенттілігін арттыратын, қозу процесін төмендететін дәрілерді қолданады (димедрол, хлоралгидрат, валериана тұнбасы). Нейролептиктер ретінде аминазин, стресснил жақсы әсер етеді. Бұзауларға еттің ішіне тасымалдауға дейін 30-40 минут қалғанда, тасымалдау қашықтығына байланысты, аминазинді 0,5-2 мг/кг; стресснилді 1-2 мг/кг мөлшерінде жібереді. Егер бұл дәрілерді ауыз қуысы арқылы берсе, онда мөлшерін 2-2,5 есе өсіреді.

Малдың резистенттілік қабілетін жоғарлату үшін элеутерококктың сығындысын тасымалдауға дейін және одан кейін сүтке араластырып күніне 1 рет 10-14 күндей, 0,1 мл/кг мөлшерінде беруге болады.

Энергияны толықтыру үшін бұзауларға 2,5 г/кг мөлшерінде глюкоза ертіндісін ішкізеді. А, Д2, Е витаминдерін жіберуге болады.

Стресске қарсы ТВАГ (транквизин, витамин, аминазин, глюкоза) және АнВАГ (антибиотик, витамин, аминазин, глюкоза) препараттары бар. Бұл препараттарды ауруды емдеу және олардан сақтандыру ретінде арнайы нұсқаулар бойынша қолданады.

Стресстің белгілеріне қарсы күрес: венаға кальций хлоридін, күкірт қышқыл магнийді, глюкозаға кофеин қосып, оймақ гүл, кордиамин, лобелин препараттарын жібереді.

Өкпе ісінгенде қан ағызып, венаға хлорлы кальций ертіндісін құяды.



  1. Технологиялық стресс. Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:

  • малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;

  • төлдерді енелерінен ерте айыру;

  • малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау – адинамия;

  • кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.

Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды.

Ауруды емдеу әдістері алдыңғы ауруды емдеу әдістеріндей. Әсіресе сақтандыру шараларына көп көңіл бөлген жөн.

3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс.

Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі.

Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т.б.) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.

Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі. 5-10 күнде ауру мал қалыпты жағдайына келеді. Емдеу әдістері жоғарыдағыдай. Ауырсынуға қарсы аромпун – хилозин препаратын 2 %-ды ертінді түрінде 0,25-0,5 мл 100 кг салмағына есептеп, еттің ішіне жіберуге болады.



Сақтандыру шаралары:

  • аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;

  • малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;

  • малдарды үйрету тобына аларда, олардың жоғарғы нерв жүйесінің түрін еске алу керек.

№ 4-5- ші дәріс

Тақырыбы: Жарақаттар және жарақаттану кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Малға жақындау және фикцациялау – белгілі ережелерге сүйенуді талап етеді. Ірі қара малына артқы жағынан немесе жанынан жақындайды. Асау малдарды мұрын қысқышын қолдану арқылы фиксциялайды. Жылқыға алдыңғы жағынан немесе абайлап алдыңғы жағынан жақындайды. Шошқаларды құлағынан ұстап, бағанаға байлайды, сонымен қатар арнайы қысқыштарды қолдануға болады.

Жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері:

Жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.



Бекіту әдістері. Ұсақ жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

  1. Наркоз.

Наркоз деп орталық невр системасын уақытша әлсіретуді айтамыз, мұнда өмірге өте манызды- тыныс және қан айналыс әрекеттері сақталады, сыртқы эсерді сезу, аурулық рефлекстік сезім толық жойлып, скелет мускулдары босайды.

Физикалық қасиеттеріне қарай, наркоздық заттар ингаляциялық (ұшқыш заттар) және ингаляциялық емес (ұшпайтын заттар) бөлінеді.

Ингаляциялық наркоз жануарлар мен өсімдіктердің барлық клеткаларына да наркоздық әсер етеді.

Ингаляциялық наркоздық заттар сұйық және газ түрінде болады, олар дем алғанда ауамен бірге тез өкпеге енеді; содан кейін дереу қанға еніп, негізінен орталық нерв системасына әсер етіп, мынадай кезекпен әлсіретеді: әуелі мыйды, әсіресе ең алдымен оның қабығын, содан кейін жұлынды, ең соңынан сопақша мыйды әлсіретеді. (Хлороформ, эфир, хлорэтил, азот тотығы,)

Ингаляциялық емес наркоздық заттар- көбінесе каты заттар, ішшектен қанға баяу енеді және организимнен де баяу шығады. Сондықтан олар орталық нерв системасына ұзақ әсер етеді. (хлоралгидрат,уретан, нарколан,гексенал)

Наркоздық заттардың емдік құндылығы- олар сопақша мыйды және оның өмірлік орталықтарын бәрінен де аз әлсіретеді.

Наркоздың сатысы – 1. алғашқы сатысы –аналгезия (мелшеу)

2 сатысы- қозу -аурулық сезімнің жойылуы, /мыйшықтың паралич- салдану болуы/ және жоғарға сезімдердің бұзылуы мый қабығының әлсіреуімен байланысты.

3 сатысы- ұйықу- хирургиялық наркоз. Хирургиялық наркоздың 4 дәрежесі бар. Жұлынның параличі – салдану қарапайым рефлекторді тоқтатып, бұлшық еттерің /скелеттік мускулдарды/ босатады.

Этилды алкоголь – alcohol aethylicus (Spiritus vini).

Спирт қанға еніп наркотикалық әсер етеді, бірақ оның хлороформ немесе эфир сыяқты ұшкыштық қасиеті болмағандықтан мұнда наркоз жәй болады және ұзаққа созылады. Алкоголь көп берілсе тыныс және тамыр қозғағыш орталықты салдынуға әкеледі. Наркоздан бұрын оның әрекеті басқа ұшқыш (наркотиктердікі) есірткі заттар сыяқты қозу кезеңі (сатысы) болады.

Спирттің аз концентрациясы ауызда рефлекс тудырады және қан арқылы қарын мен қарын асты безі сөлдерінің бөлініп шығуын күшейтіп, тәбетті арттырады. Концентрация күшті болса қарынның кілегей қабығына тітіркендіргіш әсер етіп сілтілі сілекейдің бөлініп шығуың күшейтеді, бұл ас қорытуды бұзып, қарын қабынуы пайда болуына себеп болады.

Алкоголь терінің тиген жерін майсыздандырып және тығыздайды, ал тез буланудың нәтижесінде салқындық сезіледі. Тітіркенулер клеткілердің суы сығылып, белоктарының ұйуымен түсіндіріледі. Микробтардың белоктарын ұйытып алкоголь бактерияға қарсы әсер етеді. 70 ° алкогольдің жақсы дезинфекциялау (залалсыздандыру) одан гөрі нашар концентрацияның тұтқыр әсері болады, 70 ° спирт хируртың қолын және опреация жасайтын жерді баптап жууға қолданылады. Дезинфекциялау, қабынуды күшейту және эксудаттарды тарту үшін спирт сылау және компресс жасау түрінде флегманаға, фурункулезге, панерицияға және тағы басқа ауруларға колданылады. Ерітінділердің проценттік концентрациясың келесі формула бойынша анықтайды:

b

Х= V ---, қай жерде



a

Х- стандартты ертіндісіның көлемі (г, немесе мл)

a- стандартты ертіндісіның нақтылы концентрациясы, %.

b- қажетті ертіндіның концентрациясы

V- колданылатың спирт ерітіндісінің көлемі (г. немесе мл.)

Мысалы: 1.96°спирт ерітіндысынең жаса сыйырға 40° спирты 200 мл көлемінде ішіне беруге.

Х= 40х200: 96, х= 83,3 мл

Ертіндіні рецепт бойынша жасау үшін 83,3 мл 96°спирт ерітіндысың өлшеп оның ішіне 116,7 мл дистилді суды қосып, араластырып, 40° спирт концентрацияны даярлайды.

Орталық нерв жүйесінін тыныштатқыш заттар.

Бұл топқа орталық нерв жүйесіна ұйықтатқыштар мен тыныштатқыш заттар жатады.

1. Бромидтар (бром иондары) аса қозған мыйдың қабығын қалпына келтіреді, сөйтіп олар қозу және тежелу процестерін тендестіреді.

Бромидтарды мына жағдайларда қолданылады: 1) орталық нерв жүйесінін қозған жағдайда 2) эпилепсия, эклапсия, столбняк болғанда 3) жыныстық қозу күшті болған жағдайда. 4) ішек, қан тамырларың бұлшық еттерің жиырлуың төмендетеді 5) рефлекс қозуың төмендетеді.

Препараттары: калий бромид, натрий бромид, бромкамфора, валериана тамырлары, валокормид№

2. Нейролептиктер

Нейролептиктер тыныштатқыш заттарға жатады. Нейролептиктер орталық нерв жүйесін жабықтырады, ең алдымен мыйға келетін рефлекстік сезім әлсіретеді, бұлшық еттері босайды.

Нейролептиктер мына жағдайларда қолданылады: оперицияға пациенты дайындағанда, вагонға және машинаға айдағанда, алыс жолға дайындағанда.

Препараттары: аминазин, пропазин, этаперазин, трифтазин, метазин, ромпун.

3. Транквилизаторлар

Транквилизаторлар және атарактиктер- тыныштатқыш заттар жатады.

Транквилизаторлар мына жағдайларда қолданылады: оперицияға пациенты дайындағанда, вагонға және машинаға айдағанда, алыс жолға дайындағанда.

Препараттары: мепртан, амизил.

Асептика және антисептика туралы ұғым.

Операциялық аймақты дайындау. Операция жасалатын аймақты жуып, жүнін, қырып, тазаланған теріне 10% йод ерітіндісімен сүртеді.

Хирургтың қолын дайындау. Ең алдымен қолдың тырнағын алып, жылы суда сабындап жуады. Содан кейін әр түрлі зарарсыздандыруға арналған ерітіндімен сүртеді. Мысалы: 2% спиртті танин ерітіндісімен.

Мал дәрігерлік тәжірибеде жараларды емдеу үшін көптеген антисептикалық заттар қолданады: антибиотик, сульфаниламид, нитрофуран препараттары. Бұл препараттарды қолдану арқылы жараға инфекцияның енуіне жол бермеуге болады.

Қан құю. Ауру организмге қан құюдың маңызы:

а) орын толтыру қасиеті:


  • айналымдағы жалпы қанның мөлшерін толықтыру;

  • оттегінің жетіспеушілігін жою;

  • эритроциттердің санын толықтыру.

б) қуаттандырғыш, стимульдық қасиеті:

  • қанды ондағы қажетсіз заттардан тазарту;

  • торшалардағы ферменттердің жұмысын реттеу;

  • зат алмасу процесін жақсарту;

  • бұзылған құбылыстардың орнына келуін тездету.

А.А.Богомольцтің "коллоидоклазия" теориясы бойынша көптеген ауруларда колоидты-белоктардың дисперциялық қасиеттері нашарлайды. Олар біріге келе үлкен моллекулалар түзеді де, олардың денатуратталған бөлшектері қан сұйығында (плазмада) шоғырланады. Ол заттар организмдегі ферменттердің қызметтерін нашарлатады, зат алмасу процесі төмендейді.

в) қанның ұюын жылдамдатады. Құйылған қан бауырдың, көк бауырдың, сүйек кемігінің қызметтерін арттыру арқылы қанға протромбиннің, кальций тұздарының, тромбокиназаның түсуін жоғарлатады.

г) құйылған қанның залалсыздандыру қасиеті:


  • құйылған қанның эритроциттері организмде түзілген улы заттарды өзіне сіңіреді де, ферменттері арқылы оларды ыдыратады

  • құйылған қан белоктары улы заттарға қарсы өз әсерлерін тигізеді.

Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде қан құюды қолданатын жағдайлар:

  • көптеген себептердің салдарынан малдың қаны азайғанда;

  • шок (естен тану, сандырақтау), коллапстарда (талықсу);

  • улануларда;

  • организмде қан азаюынан болатын ауруларда (анемия);

  • күйіктерде;

  • гемофилия ауруларында;

  • созылмалы, тез арада жазылмайтын жараларда;

  • тері ауруларында.

Қан құюға болмайтын жағдайлар:

  • жүректің, бауырдың, бүйректердің органикалық аурулардың салдарынан негізгі функциялары бұзылғанда;

  • зат алмасуының бұзылуының ауыр түрлерінде.

Ауру малға қан құю үшін алдымен биологиялық бақылау жасау керек. Ол үшін қан құятын малға (реципиент) алдымен 100-200 мл қан құйып, 10-20 минуттей бақылауға алады. Осы уақыт аралығында мал тынышсызданбаса, тахикардия, ентікпе байқалмаса онда қанның толық мөлшерін құюға болады.

Қан құю мөлшері негізгі мақсатқа тікелей байланысты:



  • қанның ағуын тоқтату үшін 1 литрге дейінгі аз дозасы;

  • организмнің қуаттандырушы-стимульдық қасиетін жоғарлату үшін 2 литрге дейінгі орта дозасы;

  • азайған қанның орнын толтыру үшін 3 литрге дейінгі үлкен дозасы жіберіледі.

Таңғыштар мен таңудың маңызы және олардың түрлері мен таңу техникасы.

Десмургия – тануды салу әдістерін және тану материалдарын қолдануды оқитын ғылым. Тану түрлері:

1. Алғашқы көмек көрсетуге арналған тану – қайталанып жарақаттанудан және инфекцияның түсуінен сақтайды.



  1. Өткізбейтін тану - өтіп кеткен (проникающие) жараларда қолданады.

3. Құрғақ сіңіргіш таңу- жарадағы экссудатты, микрофлораны, жарадан бөлінетін сұйықтықты сіңіргіш қасиеті бар таңудың түрі.

4. Ылғалды сіңіргіш таңу- жарада жиналған сұйықтықты сіңіруді тездету үшін қолданады.

5. Қысым түсіріп таңу – малдың жарақаттанған жеріне салады.

6. Иммобилизациялық таңу – зақымдалған мүшені тыныштық қалпында ұстау үшін қолданады (гипс, шина салып таңу).

7. Каркастық таңу – таңу материалдарының фиксациясы үшін қолданылатын тірегі болады (темір сымдар).

8. Бинттік таңу – таңуды салу формасына байланысты бірнеше түрлері бар: циркулярлы, спиральды, сегіз тәрізді, әр бір мүшеге салынатын таңу (мүйізді, тұяқты, құйрықты таңу).

9. Әртүрлі клейлерді қолданып таңу – казеинді, мырыш-желатинді және т.б. қолданады.
№ 6-7- ші дәріс

Тақырыбы: Жұқпалы емес ауруларда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Асқорыту жүйесі ауруларында алғашқы ветеринариялық көмек көрсету. (Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.)

1. Ауыл шаруашылық малдарының азық және су қабылдауын тексеру.

Асқорыту аппаратын клиникалық тексеру жануардың азық пен суды қабылдауын бақылаудан басталады. Жануарларға әртүрлі қатаң азық түрлерін және су беру. Жануардың азықтануын және су ішуін тексергенде, оның тәбетіне, анорекцияның бар-жоқтығына, булимия, арекция, парорекцияның бар-жоқтығына, азықты және суды қабылдау әдісінің бұзылуына, шайнауына, жұтуына, күйіс қайруына, кекіруіне және бұлардың бұзылуына назар аудару керек.

2. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін және құстың жемсауын тексеру.



Ауыз қуысын тексерудің –негізгі әдістерін көру, сипалау. Ауыз қуысын қарау кезінде оның дұрыс жабылуына, еріннің еріксіз қозғалысына, сілекей ағуына және т.б. өзгерістерге көңіл аудару керек. Ауыз қуысы мүшелерін тексеру үшін жануардың ауызын қолмен тіссіз бөлігінен ұстап ашып, езулік қою керек. Бұл кезде назар аудару керек:

1. Көру және сипалау арқылы кілегей қабықтарының жағдайын байқау. Оның түсіне, жаралардың, жарақаттың бар-жоқтығына, жергілікті температурасына, ауырсынуына, кілегей қабықтарының кеуіп кетуіне назар аударады.

2. Иісті, жануар сілекейіне, малынған тампонды иіскеу арқылы анықтайды.

3. Тілді тексергенде ісінулердің, дақтар бар-жоқтығына, тілдің бүрлеріне көңіл аудару керек.

4. Тісті тексергенде, оның желінуіне, қозғалғыштығына, түсуіне, ауысуына назар аударады.

Жұтқыншақты тексеру. Көру, сипалау және ларингоскоп арқылы жүргізеді. Жұтқыншаққа сыртқы сипалауды төменгі жақтың бұтағының артынан екі қолдың саусақтарымен жасайды. Бұның арқасында инфильтрацияның бар, жоғын, ұлпалардың ауырсынуын, жергілікті температураның жоғарылауын анықтауға болады. Көру арқылы бас пен мойынның орналасуына назар аударады, өйткені жұтқыншақ ауруларында жануардың бас пен мойнын кеңістікте ұстауы өзгереді.

Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру

2. Мес қарынды тексеру (Тимпания, атония)

Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтайды.



2. Тақия қарынды тексеру

Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;

б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;

в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;

г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;

д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;

е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.



3. Кітапша қарынды тексеру

Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.

Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.

4. Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.

Тыныс алу жүйесінің ауруларда көрсетілетін алғашқы жәрдем.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет