3 I әлемдегі бақ-ның дамуы



бет1/6
Дата02.07.2023
өлшемі73.83 Kb.
#475494
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (копия)


Шымкент 2023
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Әлемдегі БАҚ-ның дамуы.................................................................................7
1.1 Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................................12
1.2 Журналист этикасы мен кодексi....................................................................13
II Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-ның дамуы................14
2.1 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма тоғыз жыл ішінде медианарықта ақпараттық саясатты дамытудың кезеңдарі...........................15
2.2 Бақ тың " Төртінші билік".............................................................................22
ІІІ Қоғамдағы БАҚ-ның рөлі мен маңызы...................................................24
3.1 Бақ.....................................................................................................................25
3.2 БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі...................................................26
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…................................................................30


Кіріспе
Журналистика құдіретті мамандық. Өйткені, журналистистиканың негізі құралы сөз. Ал, адамды барша жаратылыстан ерекше етіп тұрған ол санасы мен сөзі. Сондықтан журналистиканың тарихына тоқталғанда оның дамуын адамның пайда болуымен байланыстыруға болады. Өйткені, екі адамның сөйлесуінің өзі ақпарат алмасудан тұрады. Мәселен, екі адам бір-бірімен сөйлескенде олар бір-бірі туралы ақпарат алады. Ал, екінші адам оны үшінші тұлғаға айтса ақпарат тарайды. Міне, журналистиканың ең алғашқы қалыптасуы адамдар арасындағы ауыз екі әңгімелесуден басталған. Бірақ, уақыт өте техника мен технологияның дамуы бұл саланың да қарыштап, қарқынды дамуына жазба һәм теле-радио журналистиканың дамуына әсер етті. Оның барлығы үлкен процес екені айтпасада анық. Мен өзімнің прақтикалық жұмысымда БАҚ жүйесінің дамуын, оның қалыптасуын рет-ретімен жазып, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым. Ол, үшін өз жұмысымның негізгі тарауын үш тармаққа бөліп, қарастырдым.
Бірінші тарауды “Әлемдегі БАҚ-ң дамуы” -деп атадым. Бұл
тақырып арқылы мен жұмыр жердің бетіндегі журналистиканың дамуына тоқталғым келді. Ол үшін бірнеше кітаптар мен басылым беттері парақталды. Осы ізденіс кезінде байқағаным бүгінгі дамыған бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы қазіргі жетістікке оңай жетпеген. Кез келген елдің журналистикасы қоғамның даму заңдылықтарына тәуелді. Сондықтан белгілі бір заңдар негізінде, соған сүйене отырып дамиды. Журналистика бұл маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Қоғамның қандай негізінде құрылғанына және жұмыс істейтініне қарамастан, оның қалыпты жұмыс істеуін елестету мүмкін емес. Қоғамдық қарым қатынас нысаны ретіндегі журналистік қызметтің арғы формалары ежелгі уақытта пайда болған. Уақыт өте келе ақпарат алмасу қажеттілігі адам тіршілігінің ажырамас бөлігі болды. Ақпараттық байланыс адамдарға , әсіресе қоғамдық пікір саласына әсер етудің күшті факторына айналды.
Екінші тарауымды “Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-ның дамуы “ – деп атадым. Бұл бөлімде мен еліміздегі журналистиканың дамуына тоқталғым келді. Қаншама жыл кеңес үкіметінің құрамында болған Қазақстан Республикасының ақпарат саласы да еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің даму жолына түскен. Бастауын халық ауыз әдебиетінен алатын қазақ журналистикасы соңғы 30 жылда айтарлықтай дамыған. 19 ғасырдың екінші Жартысында Қазақстанда патриархалдық феодалдық қатынастардың ыдырауы, капиталистік қатынастардың дамуы Қоғамдық пікірдің дамуына елеулі ықпал етті. Қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев ұлттық журналистиканың негізін қалаушылар, оның алғашқы талантты шеңберлері, халық арманның Шынайы мінберлері болды. Қазақ қоғамның алдыңғы қатарлы зиялыларының ағартушылық қызметі ұлттық бірегейліктің қалыптасу факторы болды. Бұл туралы мен өз жұмысымның екінші тарауында тоқталдым.
Қоғамдағы БАҚ-ның рөлі мен маңызы. Бұл менің практикалық жұмысымның үшінші тарауының тақырыбы. Бұл бөлімде мен жалпы БАҚ-қоғам дамуындағы орны мен әсерін жеткізгім келді. Егер өткенге үңілетін болсақ, Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. [6.167 б]
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді. [12. 127-135 б.б]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет