3 І тарау Қазіргі кездегі б


Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту



бет7/12
Дата06.07.2022
өлшемі127 Kb.
#459624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
kur -mektep-zhasyna-deyingi-balanyn-qatelikterine-tarbie-turgysynan-qarau-29

2.2 Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту
Фонетканы оқыту барысында ой құрау жөніндегі дыбыстың рөліне, орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, балалардың логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік менгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр түрлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында, түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Тілдегі көптеген сөздер естілу қалпынша жазылады. Мысалы: от, ат, мол, мал т.б. Бұл сөздердің дұрыс жазылғандығын айтылуы бойынша анықталып тұр. Егер мұндағы әріптердің біреуі басқаша айтылса, сөздің мағынасы мүлде басқаша болып кетер еді. Осылайша дыбысты тура айналдырып жазу үшін, оқушы алфавитті жақсы білуі тиіс.
Алайда тіліміздегі сөздердін бәрі бірдей естілуі бойынша жазыла бермейді. Бұған сөздің соңғы буындарында жазылатын ә,ө,ү,ү әріптерінің емлесін жатқызуға болады. Сондай-ақ үу, үу, ыу, іу болып естілгенімен бір ғана у жазылатын, ый,иі болып естілгенімен, бірнеше түбірден басқа сөздерде бір ғана а жазылатын жағдайлар да сөздердің айтылуынша жазыла бермейтінің айғағы болып табылады.
Фонетиканың "Үндестік заңы" деп аталатын тақырыбы бастан-аяқ орфографиялық мақсатты сөздейді. Мұнда орфоэпиялық та, орфографиялықта ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша түбір сөздін соңғы буынның жуан я жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Алайды, тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен қолдана бермейді. Міне, осыған байланысты ереже де жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалу керек.
Тәрбиеші грамматика мен емледен окушылардың білімін дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, жастардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін кластағы анағұрлым
білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып журеді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.
Балалар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар терінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуі тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім класпен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.
Тоқсанның аяғына, жарты жылдың аяғында мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалды, Тәрбиеші балалардың қате жіберу мотивін анықтайды:
I) Бала ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?
2) Ержені түсінді, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.
3) Ережелерді қарастырып шатастырады
4) Жазып отырғанының мағансына түсінбей, зейін қоймай механикалық іс әрекет етеді.
5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да өзін-өзі бақылай алмайды.
6) жауапсыз, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. - себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс үйымдастырылады.
Балалардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы: ескерту, түсіндірме анттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау ант, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына бақылуа жасаудың пайдасы зор.
Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзінде олардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы классқа тән қателер онша бола бермейді, сондыктан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса оқушылар ол сөзге сөйлем, дәптерлеріне жазып алады.
Балалар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стереотип орнайды одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені бірнеше рет қайта жібермеу үшін дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі атап сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе ондай сөздерді тақтадан немесе кітаптан қарап жазуға дағдыландыру керек.
Оқытуда, тәрбиеде және бала тұлғасын қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған мәселелерінің бірі. Балабақшаның педагогикалық үрдісінде бұл көзқарасты іске асыру осы мәселенің теориялық негіздерін талдауды, кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін қайта қарастыруды, осы мәселені шешудегі мұғалім мен оқушының ролдерін анықтауды қажет етеді.
Педагогика ғылымында тұлғалық бағдар тәрбиесі баланың тұлғалық қалыптасуына педагогикалық көмек көрсетуді, әлеуметтендіруді, өмірдегі өз орнын анықтауды және балаға өктемдік көрсетпей, оны қамқорлықпен дамьггуды қарастырады.
Баланың қателіктеріне тәрбиелік тұрғыдан қарау - тұлғалық бағдар тұрғысынан мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің өзектілігін негіздеу.
Қарым-қатынас мәселелерімен белгілі ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, ЯА.Коменский, И.Г.Песталоци жәнет.б. айналысқан.
Қазіргі таңда зерттеушілер қарым-қатынас процесінің әр түрлі аспектілерін қарастыруда. Бұл мәселенің философиялық негіздеріне В.С.Библердің, М.М.Бахтиннің, М.С.Коганның, Ж.М.Абдильдиннің, Ш.Қа-сабековтың еңбектері арналған.
Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағьптары арасында қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалардың кіші жасынан бастау мәселесі көп қарастырылуда.
Мектепке дейінгі баланың жас кезендері балалар дамуындағы өте маңызды және ерекше кезең болып табылады. Осы уақьпта адам тұлғасының қаланады. Аталып отырған кезең танымдық белсенділікпен, білімге деген құштарлықпен, әсерлі қызығушылықпен, ата-аналар мен мұғалімдер абыройына де үлкен сенімділікпен сипатталады.
Тағы бір кеңіл аударатын жәйт - балалардың мектепке дейінгі кезден мектепке дейінгі баланың қатарына өту, бірізділік, жүйелілік мәселелері. Педагикалық тұрғыдан осы жас кезең ерекшеліктері Ш.А.Амонашвили-дің құнды еңбектерінде қарастырылған.
Мектепке жасына дейінгі баланың қарым - қатынас мәдениетіне тәрбие мәселесін қарастыруда қысқаша "мәдениет" және "қарым-қатынас" ұғымдарына тоқталған жөн.
Философия ғылымында "мәдениет ұғымы жайлы бірнеше көзқарастар қалыптасқан:

  • тұлғалық мінез-құлық пен іс-әрекет бағыттайтын және іске асыратын әмбебап механизм ретінде (А.Г.Здравомыс А.В.Ядов және т.б.);

  • рухани және материалдық құндылықтар ретінде (В.П.Тугаринов және т.б.);

  • іс-әрекет жасау әдіс-тәсіл, ретінде (М.СКоган, В.Е.Давыдович т.б.);

  • тұлғаның қоғам өмірінің тарихи - әлеуметтік, рухани салаларында өзін шығармашылық түрде іске асыру әдісі реттеу (В.СБиблер, А.Н.Леонтьев және т.б.

  • адам өзінің биологиялық табиғатынан жоғарылау дәрежесі, онда рухани тамалардың қарқынды дамуы реттеу (В.М.Розов, Д.С.Лихачев және т.б.)

Жалпы алғанда қарым-қатынас балалар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көп-деңгейлі үрдіс.
Педагогикалық қарым-қатынас тәрбиешілер мен балалардың бірлескен іс-әрекетінің өзегі және оқу үрдісіндегі ынтымақтастықтың негізгі формасы болып табылады. Бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас оқушымен мұғалімдерге қандай ықпал жасауы мүмкін, бұл үрдіс нәтижесінде олар қандай әсер алады екен? Осы сұрақтың жауабын анықтау үшін қарым-қатынасқа қатысушыпардың көзқарастарын ажыратып қарастырған жөн.
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынастары балаларды дамыту құралы және өзіндік мақсатты іс-әрекет болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелілігі тәрбиешінің қаншалықты тәрбиелік, білім беру міндеттеріне сай өз көзқарасын өзгерте алуына байланысты болады. Балалармен қарым-қатынас жасауда мұғалім кеңесші де, хабарлаушы да, талімгер де, жетекші де, сыншы да, дос та бола алуы керекТәрбиешінің өзін балалар орнына қоя 2 алу қабілеті оған балалар іс-әрекетінің мақсаттарын, ішкі күштерін түсініп, олардың алдағы іс-әрекеттерін болжап басқаруына мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар тәрбиешілер балалардың өз бойындағы жағымды жақтарын танытуға, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесетінін есте сақтаған абзал. Тәрбиешілердің бала жетістіктеріне деген ұмтылыстары, әр бала үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау осы қарым-қатынас үрдісін жетілдіреді және балалардың дамуына септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет