2.2 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың тиімді жолдары
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару мұғалімнен үлкен шеберлікті қажет етіп отырады. Оқу-танымдық іс-әрекет оқытылып отырған пәнге деген қызығушылық болмайынша басталмайды. Оқу-танымдық іс-әрекетке арқау болатын танымдық қызығушылықты келесі жолдар арқылы жоғарылатуға болады:
Оқыту барысын оқушы танымдық үрдісте оқушы өзбетінше ізденіс жасайтындай, сөйтіп өзі үшін бірқатар «жаңалықтар» ашатындай етіп ұйымдастыру маңызды;
Оқу еңбегі кез-келген еңбек түрлері сияқты саналуан болған кезде қызықты болады. Бір сарынды ақпарат пен бірсарынды жұмыс істеу тәсілдері біраздан кейін оқушыны жалықтырып жібереді;
Оқытылып отырылған пәнге деген қызығушылықтың жоғары деңгейін ұстап тұру үшін оқытылатын пәннің, оның тақырыптары мен тарауларының оқушы өзі үшін қажетті екендігін түсінуі шарт;
Оқытылып отырылған жаңа материал өткен материалмен неғұрлым көп байланыста болса, ол соғұрлым оқушы үшін қызықты;
Өте оңай материал да, өте қиын материал да оқушы үшін қызықты бола алмайды. Оқыту қиын, бірақ, оқушы мәселенің шешіміне қол жеткізе алатындай дәрежеде болуы тиіс;
Оқушының жұмысы неғұрлым жиі тексеріліп отырылса, оқушы соншалықты қызығушылыпен өзінің оқу-танымдық іс-әрекетін жандандыра түседі;
Оқу материалын жарқындығы мен эмоциялылығы, мұғалімнің өзі материалды бар ынтасымен айтуы оқушыны да бей-жай қалдыра алмайды, оқушы өзі оқып отырған материалға үлкен қызығушылықпен қарай бастайды Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Казақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысынына сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш — түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол — педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, менгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Яғни, оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 ж.) балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы бағалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарын терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімдердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі бағыты бұрынғы «ойнау» кезеңінен оқу үрдісіне бет бұру кезеңі больш есептеледі. Мектеп кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де, қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау амалдары: талдау сияқты көзқарастары жоғары дөрежеде дамуына жағдай жасалу қажет.
Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі - өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және өдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Бастауыш сыныптардағы қазіргі бағдарлама мен оқулықтар мұғалімдерге оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстары кеңінен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуіне мүмкіндігі бар.
Өзіндік жұмысының тиімділігі мұғалімнің осы әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда ең жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады.
Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалімдер жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекет. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңьегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белігілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойллаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары).
3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы).
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау — баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау — нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау — белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдау) т.б.
Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі — амалдық, кернекі — образдық, сөздік — логикалық [6].
Достарыңызбен бөлісу: |