300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет2/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
! $ 07

Аудиторлық құжаттама - орындалған аудиторлық рәсімдердің, алынған аудиторлық дәлелдемелердің және мемлекеттік аудитор жасаған тұжырымдардың жазбаша көрініс табуы

Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысандағы пікірді қамтитын құжат

Шоғырландырылған есептілік аудиті – топтың қаржылық есептілігінің аудиті

Аудиторлық дәлелдемелер – мемлекеттік аудиторлар олардың заңдылығын, анықтығы мен ықтималдығын есепке ала отырып, олардың негізінде жұмыстағы бұзушылықтардың немесе кемшіліктердің болуын немесе болмауын белгілейін нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге де материалдар

Аудиторлық файл – қандай да бір аудит объектісі бойынша аудиторлық құжаттама жазбаларын қамтитын нақты немесе электрондық форматтағы ақпаратты сақтаудың бір немесе бірнеше папкалары немесе басқа да нысандары

Аудиторлық тәуекел – қаржылық есептілікте елеулі бұрмаланушылықтар болған жағдайда мемлекеттік аудитордың қате аудиторлық пікір білдіру тәуекелі. Аудиторлық тәуекел қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекеліне, яғни аудит жүргізуді бастағанға дейін қаржылық есептілікте елеулі бұрмалануға жол берілу тәуекеліне, сондай-ақ мемлекеттік аудитордың мұндай бұрмаланушылықты анықтамау тәуекеліне («анықталмау тәуекелі») тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет