Дублиндік дискрипторлары: А) В) С) Д) Е)
Пәннің атауы: Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері
Бағдарлама авторы: Телеуов А.Н.
Курсты оқытудың мақсаты: «Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері» пәні студенттерге әлемнің ғылыми-жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми кӛзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін ӛздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге кӛмектеседі. Қазіргі кезде ғылымның дамуында интеграция мен дифференциация негізгі бағыт болып саналады. Бұл процестер жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бірлігінде айқын байқалынды. Сондықтан бұл пәнді оқып үйрену арқылы студенттер фундаментальді және қолданбалы ғылымдардың арасындағы терең байланыстылықты ұғынады.
Пәннің қысқаша мазмҧны:Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, гуманитарлық, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі
қалыптасады. Болашақ маман жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің жетістіктерімен қаруланып, білімді, әрі ғылыми сенімді адам болып қалыптасуы тиіс. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрлысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен ӛмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп, қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега –макро- және
–микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.
Пререквизиттері: Математика, физика, биология, география, астрономия және химия мектеп курстары. Постреквизиттері: Геоэкология, аймақтық экология, экологиялық нормалау және сараптама, экологиялық қортану, қалдықтарды екінші ретті пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |