Бірінші дайындық кезеңінде бағалау мақсаттарын қалыптастыру және жұмыстық пен сараптық топтарды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Жұмыстың екінші кезеңінде бағалау әдістерін, тәсілдері мен процедураларын таңдау жүзеге асырылады. Ол жұмыс тобымен жүзеге асырылады. Жұмыс тобы бағаланатын өнімнің ерекшеліктерін, жұмысты орындаудың анықталған мерзімдерін оның еңбек сыйымдылығын, алынған нәтижелердің пайдаланыдуы мүмкін болатын облыстарды есепке алады.
Сарапшылық пікірлерін алу үшін сұрау әдістері пайдалынады. Сарапшылардан сұрау әдістері топтық және жеке болып бөлінеді.
Топтық сұрау кезеңінде барлық топ немесе оның бір бөлігі сұралады.
Жеке сұрау кезінде әрбір сарапшыны жеке сұрау жүзеге асырылады.
Сарапшыларды сұрау процедураларына интервью алу, сауал алу және аралас сауал алу кіреді.
Интервью алу кезінде сарапшының пікірі белгілі жоспар шеңберінде еркін әңгімелесу процесінде айқындалады. Интервью алу сұрақтардың тәртібі және олардың мазмұны алдыңғы сұрақтарға берілген жауаптардың сипатына байланысты болғанда сұрау кезеңінде қолданылады.
Сауал алу кезінде сарапшы сұрау картасындағы сұрақтарға жауап бере отырып, оны толтырады. Сауал алу жеке сұраудың сырттай тәсілі кезінде қолданылады.
Аралас сауал алу кезінде сарапшы сұрау жүргізген тұлғадан барлық қажетті түсініктемелерді ала отырып, сұрау картасын толтырады.
Жұмыстың үшінші кезеңін сараптық топ жүзеге асырады, оның мүшелері өздерінің пікірлерін екінші кезеңде анықталған әдістерге, тәсілдер мен процедураларға сәйкес білдіреді.
Жұмыстың төртінші, қорытынды кезеңінде сараптық пікірлерді өңдеу сараптық комиссиямен жүзеге асырылады және сараптық қорытынды рәсімделеді.
3. Сапа көрсеткішінің үлес салмағы не үшін анықталады?
Көрсеткіштің үлес салмағын анықтау (критерийлер) – бұл мәселедегі ең нәзік орын көп критериалды талдау. Көбінесе салмақ интуитивті негізде тағайындалады салыстырмалы маңыздылық туралы идеялар критерийлер. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, сарапшы әр критерийге дұрыс сандық салмақтарды тікелей тағайындай алмайды. Таразыны алудың арнайы процедураларын әзірлеу қажет.
Үлес салмағын белгілеу үшін келесі белгілі тәсілдерді қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |