5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған


Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады



бет17/22
Дата29.06.2016
өлшемі456 Kb.
#165885
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады.
Сөз құрамын айтудан бұрын кейде қысқа-қысқа сөйлемдерді оқытып, әр сөйлемде неше сөз бар екенін, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс бар екенін таныту да өз нәтижесін береді. Осылай бүтіннен бөлшекке қарай талдау жасағанда, бала әр бөлшектен, керісінше, бүтін сөз, ал бүтін сөзден сөйлем құралатынын білгені жөн. Сөйлем – ойды айтудың негізгі формасы. Сондықтан сөзді сөйлемнен шығарып, сөйлемнің сөзден құралатынын оқушыларға жеңіл түрде түсіндіре алған мұғалім сөздің басты грамматикалық қызметін балаларға дұрыс танытуға жол ашады. Оқушылар түбір, туынды сөздерді салыстыра оқып, мағыналық айырмашылығын, соған лайық тұлғалық айырмашылықтарын айтуға тиіс. Бірақ оқушылар бірден сөздерді жүгіртіп оқып, тапсырманы тез орындай салмауы керек. Тақтадағы көрнекілік сызықшаның екі жағындағы сөздерді сыныптағы барлық бала бір-бір рет өздері оқып алғаннан кейін, бірнеше бала оларды дауыстап қайта оқып, әр сөздің мағынасын айтып беруі керек.
Одан әрі сөздің буын, дыбыс құрамының әр түрлі болатынын білдіру керек те, енді сөздің түбірі, қосымшасы болатынын білдірген дұрыс. Түбірдің негізгі мағына білдіретін сөз бөлшегі, қосымшаның түбірге жалғанып, оған мағына үстейтіні, түбірдің мағынасын өзгертетіні, сөз бен сөзді байланыстыратыны біртіндеп түсіндіріледі. Гүлдер далаға көрік берді сияқты сөйлемдерді көшіргеннен кейін, ондағы сөздерді оқушыға қосымшасыз айттырып көру керек. Сондай салыстырулар нәтижесінде оқушылар қосымшалардың не керегі барын, сөзге қосымшалардың керектігін, жалғауға тиісті екенін аңғарады. Немесе домбырашы – домбыра, балықшы – балық, қой – қойшы, ән - әнші сияқты сөздерді салыстырып, әрқайсысының түбірі бір, мағыналары әр басқа екенін, олай болу себебін оқушылардың өздері айтатындай етіп түсіндіру керек. Содан кейін түбір сөздің, қосымшалы сөздің, қосымшаның анықтамасын, ережесін оқытып, дәптерлеріне көшіртуге болады. Оқушыларға тақырыпты әбден меңгертіп алып, артынан дағдыландыру үшін оқулықта берілген жаттығуларды, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды, кеспе қағаздар /карточка/ тарату арқылы жаттығу жұмыстарын орындатқан жөн. Негізгі түбір сөздің және оған жалғанатын бөлшегінің бар екенін, қосымша жалғанған сөздің қосымшалы сөз екенін түсіндіріп,оқушылар түбірден қосымшаны айыра алатындай болған кезде, жуан, жіңішке қосымшаларды сөздерге жалғатып машықтандыру керек.Ол үшін сөйлемдерді оқытып, олардан түбір сөздерді таптырамыз. Осы арада түбірге қосымша жалғатып айттыру керек. Енді оқушылар қосымшаның сөзге жалғанғандағы қызметін аңғаратын болады. Жуан дауысты түбірге жуан, жіңішке дауысты түбірге жіңішке қосымша жалғанғанын сынып оқушылары мүдірмей айта алатындай болуы керек.
Сөзге жалғанатынның бәрін қосымша деп танытқаннан кейін қосымшаның жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінетінін меңгерту керек. Міне, осы арада қиындық туатыны сөзсіз. Оқушыларға жұрнақ пен жалғауды айыра алатындай бастапқы білім берудің дұрыс жолдарын қарастырған мұғалім ол қиындықты да жеңе алады. Сөзге жұрнақ жалғанғанда, оның бұрынғы мағынасы өзгеріп, басқа затты білдіретіні, жалғау жалғанғанда, сөздер ондай өзгеріске ұшырамайтынын нақты мысалдар келтіре отырып, салыстыра түсіндірген жөн.

Дәрісті қорытындылау: Оқу жоспары мен бағдарламалық талапқа сәйкес жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі пәнінен сөз жасалымын оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен принциптері Сөзжасамды оқыту әдіс-тәсілдері. Қазақ тілінің сөзжасам тарауын оқыту жайында әдіскер ғалымдардың пікірі. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары. Жаңа технология страгегияларын қазақ тілінің сөзжасам сабақтарында тиімді қолдану жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөз құрамын талдау мен сөз жасамын талдау, бұлардың ұқсас және айырмашылық жақтары қандай ?
2. Сөз жасамын оқытуға қандай көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланған тиімді болады деп ойлайсыз? Пікіріңізді қалай дәлелдей аласыз ?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.

14 –дәріс

Тақырыбы: Морфологияны оқыту әдістемесі. Оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны, құрылымы, принциптері. Морфологиян. негізгі ұғымдарын меңгерту. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде морфологияны оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, құрылымы мен принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет