52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Автомобиль және қалалық электр көлігі



бет11/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#131171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3-тарау. Автомобиль және қалалық электр көлігі 
87. Автомобиль жүргізушісі
1-параграф. Автомобиль жүргізушісі

4-разряд


406. Жұмыс сипаттамасы.

Барлық үлгідегі жеңіл автомобильдерді, жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) барлық үлгідегі жүк автомобильдерін, ұзындықтары 7 метрге дейінгі автобустарды басқару.

Самосвалдың көтеру механизмін, автокранның кран құрылғысын, автоцистерналардың сорғы құрылғыларын, рефрижератордың тоңазытқыш құрылғыларын, тазалау-жинау механизмдері мен басқа да мамандандырылған автомобиль жабдықтарын басқару.

Автомобильдерге май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю.

Желіге шығар алдында автомобильдің техникалық жағдайын тексеру және қабылдау, оны тапсыру, автошаруашылыққа қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою.

Автомобильдерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, автомобиль кузовына жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау.

Механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін желілердің жұмыс уақытында пайда болған ұсақ ақаулықтарды жою.

Радиоқұрылғыларды пайдалана отырып автобус жүргізушісінің аялдама пункттерін және жолақы тәртібін хабарлап отыру, компостерлер орнату, аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

Сапарлар құжаттарын рәсімдеу.

407. Білуге тиіс:

агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсететін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс принципін;

автомобильдердің қозғалыс және техникалық пайдалану ережесін;

автомобильді пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды табу және жою тәсілдерін;

автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау ережесін;

аккумуляторлы батареялар мен автомобиль дөңгелектерді пайдалану ережесін;

жаңа автомобильдерді күрделі жөндеу ережесін;

тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін, автомобиль басқару қауіпсіздігіне ауа райы жағдайларына әсерін;

жол көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін;

радиоқұрылғылар мен компостер құрылғыларын;

жолаушыларды отырғызу және шығару үшін автобустарды жіберу ережесін, жол-көлік оқиғалары кезіндегі жолаушыларды көшіру тәртібін;

қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алатын құжаттарын толтыру ережесін.

2-параграф. Автомобиль жүргізушісі

5-разряд

408. Жұмыс сипаттамасы.

Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 40 тоннаға дейін барлық үлгідегі жүк автомобильдерін (автопоездарды – автомобиль және прицептің жүк көтергіштігі бойынша), ұзындығы 7-12 метр автобустарды, сондай-ақ арнайы дыбыс және бағдарлы сигналдармен жабдықталған автомобильдерді басқару.

Механизмдерді бөлшектеуді талап ететін қызмет көрсетілетін автомобильдің желіде жұмыс істеу уақытында ақаулықтарын табу және жою.

Техникалық көмек болмаған жағдайда дала жағдайында реттеу жұмыстарын орындау.

409. Білуге тиіс.

агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсетілетін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс істеу принципін;

ақаулықтардың себептері, белгілері, айқындау және жою тәсілдерін;

автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының көлемін, кезеңділігін және негізгі орындау ережесін;

автомобильдің жөндеу аралық жүруін көбейту тәсілдерін;

дала жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін;

аккумуляторлық батарея қызметінің мерзімі мен автомобиль дөңгелектерінің жүруін арттыру тәсілдерін;

радиобайланыс құралдарын пайдалану ережесін;

қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктерін.


3-параграф. Автомобиль жүргізушісі

6-разряд

410. Жұмыс сипаттамасы.

Барлық үлгідегі өрт автомобильдерін, шұғыл медициналық көмек автомобильдерін, жүк көтергіштігі 40 тоннадан асатын (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) жүк автомобильдерін, ұзындығы 12-ден 15 метрге дейінгі автобустарды басқару.

411. Білуге тиіс:

тасымалдаудың құнына автомобиль көрсеткіштерінің әсерін;

автомобильдерді жоғары өнімді және экономикалық пайдалануды қамтамасыз ету тәсілдерін;

қызмет көрсететін автомобильдердің негізгі техникалық-пайдалану сапасы және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін.

Габаритті ұзындығы 15 метрден асатын автобустарды – 7-разряд басқарады.

412. Ескерту:

Келесі жағдайларында автомобиль жүргізушілері бір разряд жоғары тарифтеледі:



    1. түрлі автомобильдерде (жеңіл, жүк, автобус) жұмыс істеу;

ұйымдарда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мамандандырылған қызметі болмаған жағдайда автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін орындау.

88. Мотокөлік құралдарын жүргізуші

3-разряд

413. Жұмыс сипаттамасы.

Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып мотонарттарды, мотоцикл, мотороллер және де басқа мотокөлік құралдарын басқару.

Мотокөлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру және желіге қабылдау, оларды тапсыру және оларды желіден қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою.

Мотокөлік құралдарына май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю.

Мотокөліктерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау.

Желіде жұмыс уақытында туындаған ұсақ ақаулықтарды жою.

Жол құжаттарын ресімдеу.

414. Білуге тиіс.

мотокөлік құралдарының құрылымы, қолдану және қызмет көрсету принципін;

мотокөлік құралдарын пайдалану кезінде туындайтын ақаулықтардың белгілері, себептері, салдары және оларды жою тәсілдерін, жол қозғалысы ережесін;

мотокөлік құралдарын жүргізу қауіпсіздігіне ауа райының әсерін;

жазатайым оқиғаларда дәрігерге дейін көмек көрсету жолдарын;

мотокөлік құралдарының жұмысын есепке алу құжаттарын толтыру тәртібін.


89. Трамвай жүргізушісі


1-параграф. Трамвай жүргізушісі

3-разряд


415. Жұмыс сипаттамасы.

Шаруашылықта қолданылатын трамвай поездарын депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару.

Буксирлеу поездарын басқару

Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеуді бақылау.

Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру.

Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау.

Желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды жөндеу.

Жылжымалы құрамның ақаулықтарын ресімдеу және жоюға өтінім беру.

Аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

416. Білуге тиіс.

трамвай вагондары мен оның жабдықтарының құрылымы, қолдану принципін;

трамвайлардың жол қозғалысы және техникалық пайдалану ережесін;

желіде туындаған қарапайым ақаулықтарды айқындау және жою әдістерін;

трамвай айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібін;

радиоқұрылғы мен компестер құрылымын;

электр энергиясын үнемдеу нұсқауларын;

трамвайларды тексеру және жөндеу кезеңдерін;

жол жүру билеттерінің нысанын;

жол жүру құжатын ресімдеу тәртібін.

2-параграф. Трамвай жүргізушісі

4-разряд

417. Жұмыс сипаттамасы.

Жаңа үлгідегі трамвай поездарын, біріктірілген трамвайлар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін трамвайларды басқару.

Трамвайлардың тежегіш жүйелерін реттеу.

Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып трамвайларды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

418. Білуге тиіс.

трамвайлардың барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымы, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтарын;

қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымын;

авариясыз жұмыс істеу әдістерін.

3-параграф. Трамвай жүргізушісі

5- разряд

419. Жұмыс сипаттамасы.

Барлық үлгідегі трамвай поездарын, барлық түрдегі жабдықтарды басқару, реттеу.

Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып депода жөндеу түрлерін жүргізу.

420. Білуге тиіс:

трамвайлардың барлық түрдегі жабдықтарын реттеу ережесін, олардың тозу сипатын, себептері мен нормаларын;

депода жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, монтаждау айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылымын;

қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

трамвай жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістерін.

90. Троллейбус жүргізушісі
1-параграф. Троллейбус жүргізушісі

4- разряд

421. Жұмыс сипаттамасы.

Шаруашылықта қолданылатын троллейбустарды депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару.

Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау.

Буксирлеу троллейбустарын басқару.

Жұмыс кезінде желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды аңықтау және жөндеу.

Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеу ережелерінің сақталуын бақылау.

Ақауларды ресімдеу және жоюға өтінім беру.

Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру, компостерлер орнату.

Аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

422. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін троллейбустардың қызметін, құрылымын, ықтимал ақаулықтарын;

троллейбустарды қозғалыс және техникалық пайдалану ережесін;

троллейбус айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібін;

электр энергиясын үнемдеу нұсқаулығын;

жол жүру билеттерінің нысанын;

жол жүру құжатын ресімдеу тәртібін;

троллейбустарды тексеру және жөндеу кезеңін.

2-параграф. Троллейбус жүргізушісі

5- разряд

423. Жұмыс сипаттамасы.

Жаңа үлгідегі троллейбустарды, біріктірілген троллейбустар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін троллейбустарды басқару.

Троллейбустардың тежегіш жүйелерін реттеу.

Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып троллейбустарды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

424. Білуге тиіс.

троллейбустарды барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымын, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтарын;

қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымын;

троллейбус жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістерін;

авариясыз жұмыс істеу әдістерін.

3-параграф Троллейбус жүргізушісі

6- разряд

425. Жұмыс сипаттамасы.

Барлық үлгідегі троллейбустарды басқару, оларға орнатылған барлық түрдегі жабдықтарды реттеу.

Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып жоспарлы тексеруді жүргізу.

426. Білуге тиіс.

қызмет көрсетілетін троллейбустарда орнатылған жабдықтардың барлық түрлерін реттеу ережесін, оның тозуының сипатын, себебін және нормасын;

паркте жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтарды, монтаждау айлабұйымдарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдары құрылымын;

қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін.

91. Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5- разряд

427. Жұмыс сипаттамасы.

Желіге шығатын және желіден тұрақтайтын жеріне қайтатын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуден кейін автомобильдердің, прицептердің, мотоциклердің, мотороллерлердің, мотонарттардың, эрошаналардың, трактор, жол машиналарының базасында монтаждалған механиздердің техникалық қалыбын бақылау және тексеру.

Бекітілген техникалық және нормативтік ақаулық құжаттарын және оларды жөндеу өтінімдерін ресімдеу және оларды тиісті түрде тіркей отырып ақаулықтарын жою. Көлік құралдарын күрделі жөндеуге тапсыруға құжаттар жасау.

Техникалық талаптарда көзделген барлық жұмыстарды орындай отырып жөндеп, түпкілікті құрастырғаннан кейін қызмет көрсетілетін автомотокөлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бақылау, қабылдау.

428. Білуге тиіс:

автомобильдердің, прицептердің, мотоциклердің, мотороллерлердің, мотонарттардың, аэрошаналардың, жол машиналары мен тракторлар базасында монтаждалған механиздердің құрылғыларын;

автомотокөлік құралдарының құрылымын, желіден қайтқан және жөндеу өткізгеннен кейін олардың тораптары мен агрегаттарын қабылдау ережелері мен қойылатын техникалық талаптарды;

көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, тораптар мен агрегаттарды жөндеу сапасына жарнамалық құжаттарды ресімдеу

92. Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы

5- разряд.

429. Жұмыс сипаттамасы.

Кесте бойынша немесе техникалық ақаулықтары себептерімен паркке қайтып келген трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау.

Желідегі жылжымалы құрамға келтірілген ақаулықтарға оның себептері туралы поезд бригадасы қызметкерлерінен алынған түсініктемелерді есепке ала отырып актілер ресімдеу.

Ақаулықтарды жою өтінімдерін арнайы журналға немесе парақтарға тіркеу.

Трамвай вагондары, троллейбустардың, жылжымалы құрам тұратын орындарын жүргізушілерге көрсету.

430. Білуге тиіс:

қауіпсіздік техникасы ережесі; трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау ережесін;

актілерді ресімдеу тәртібін.



4-тарау. Теңіз және өзен көлігі
93. Боцман
431. Жұмыс сипаттамасы.

Кеменің палуба бөліктерінде орналасқан корпус, палуба, надстроек, рангоут, такелаж, тұрмыстық және палубалы қызметтік бөлме, су танкісі мен горловині, өлшеу және ауа құбыры, басқыштар, дауыл басқышы, жүк, якорлы, бекіту арқаны, буксир және құтқарушы құрылғы, өртке қарсы, авариялық, құтқарушы құралдары, құрал-жабдықтары және материалдары жұмыстарын жасау.

Кеменің палуба жұмыстары жоспарын құру.

Кеменің палубалық жұмысын жасау кезінде өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау.

Бұзылған техникалық құралдарды және табылған ақауларды жоюға кеме мамандарын тарту, дайындаушы нұсқауы және техникалық пайдалану ережесі бойынша палубалы технмкалық құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету.

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тиеу және түсіру жұмыстарына қатысу, жүк операцияларына трюмдар мен жүк комплекстерін дайындау

Кеменің жүзіп кетуі мен дауылда жүзуіне палуба бөліктерін дайындау, палуба мүліктерін, жабдықтарын, жүктерін бекіту.

Кеменің материалдық-техникалық жабдықтауын қамтамасыз етуге сұраным жасау.

Тұрмыстық және қызметтік бөлме тазалығын қадағалау.

Кемеге қайта палуба команда мүшелесі болып түскендерге кіріспе нұсқамалық өткізу.

432. Білуге тиіс:

кеме құрылғылырын және құрылғыларды техникалық пайдалану ережесін;

сырлау, такелажды және тағы басқа жұмыстар технологиясын;

апаттан құтқару және өртке қарсы құрал-жабдықтар мен мүліктерді пайдалану ережесін;

ішкі дабыл және байланыс жүйесін пайдалану тәртібін.

Кемеде қуаты 300 ден 550 кВт дейін болтын басты қозғалтқышпен жұмыс орындау кезінде - 5-разряд;

Кемеде қуаты 550 кВт жоғары болтын басты қозғалтқышпен жұмыс орындау кезінде - 6-разряд.

94. Жағалау боцманы


1-параграф. Жағалау боцманы

2- разряд

433. Жұмыс сипаттамасы.

Айлақтарды жүйелі түрде тексеру және олардың ұсақ жөндеуін жүзеге асыру.

Қысқы және өрт майна кезеңінде өртке қарсы керек-жарақты, өрт поездарын әрдайым дайындықта ұстау.

Қажетті құралдар және жұмыс керек-жарағымен қамтамасыз ету.

Кемелерді шваттау кезінде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.

434. Білуге тиіс.

кеменің болат арқаны бойынша жұмыстарды орындау ережесі мен тәртібі;

кемені болат арқанмен байлауда (швартовкалауда) такелажды, инвентарьды және материалдарды қолдану ережелерін;

шкипердің мүліктері мен басқа да материалдардың түрлері, маркаларының өлшемдері және оларды сақтау ережелерін;

такелаждың міндетін; такелаж жұмыстарының баррлық түрлері, шкипер мүліктерінің заттарын (маттар, крандар және тағы басқа) жасау және жөндеу тәсілдерін;

техникалық қауіпсіздік ережелерін.

2-параграф. Жағалау боцманы

3- разряд

435. Жұмыс сипаттамасы.

Кемені болат арқанмен байлауға айлақтардың дайындығын тексеру.

Кішкене жүзу құралдарының айлақтағы қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету.

Шкипер мүлігін және басқа да материалдарды қабылдау, сақтау, тапсыру және есеп жүргізу, оларды алу үшін өтінім мен талаптар жазу.

Жолдың техникалық учаскелерінде, теңіз арналарында, жол аралығында және гидрографикалық базаларда: кішкене жүзу құралдарын ағымдағы жөндеуден өткізу және оларды сырлау;

Болат арқанды байлау жұмыстары мен шкипер мүлігін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде жағадағы матростар мен жұмысшыларға басшылық ету.

436. Білуге тиіс:

кемені болат арқанмен байлау бойынша жұмыстарды орындау ережесі мен тәртібін;

кемеден және жағадан берілетін командалар мен сигналдар техникалық қауіпсіздіу ережесін;

жүк көтеру механизімін пайдалану ережесін;

ағаш ұсталық, слесарлық және сырлау жұмыстарын орындау ережесін;

қол лоттары мен өлшегіш арқандарды топтастыру және таңбалау ережесін, аспалы және моторлы қайықтарды (шлюпкаларды) басқару ережесін;

қызмет көрсететін жүзу құралдарында тасымалдауға болатын шекті жүк салмағы және жолаушы сыйымдылығын;

кіріс-ғыс құжаттамасын тапсыру ережесін.

95. Зерттеу арна партиясының бригадирі

4- разряд

437. Жұмыс сипаттамасы.

Далалық іздестіру жұмыстарындағы және арналық зерттеулердегі іздестіруші партия жұмысшыларын басқару.

Далалық жұмыстардың дайындық және қарапайым түрлерін орындау.

Дала жұмыстарына шығуға дайындалу.

Орман-тоғай жолын шабу.

Өлшенген және гидрометриялық жармалар қою.

Белгілер салу және жоспарлық негіздеу орталықтарын қалау.

Биік реперлер орнату.

Су өлшейтін қадағалау орындарын салу.

Ұсақ бұрғылау.

Брандвахтаны тіркеу дайындығымен байланысты жұмыстарға қатысу.

Моторлы қайықты (катерді) жүргізу, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату.

Моторлы қайықтың (катердің) корпусы мен қозғалтқыштарына алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Далалық іздестіру жұмыстары мен арналық зерттеулерді өндіруге арналған құралдарды, аспаптар мен ұсақ жабдықтарды сақтау.

438. Білуге тиіс:

өзендер, көлдер және жасанды су жолдары, су режимі мен арналы процестер, жолдың габариттері, оларды қалпында ұстау және кеменің жүзу жағдайларын жақсарту туралы жалпы мәліметтер;

кеменің жүзу жағдайын, оның міндетін және жағдайды білдіретін белгілер қою ережесін;

геодезия, топография, гидрография және гидрометрия жөнінде қарапайым элементтер;

далалық іздестіру жұмыстары мен арналық зерттеулерді орындау кезінде қолданылатын қарапайым құралдар мен аспаптарды пайдалану ережесін;

құралдар мен аспаптарды сақтау ережесін;

іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және құрылғысын;

іздестіру жұмыстарын жүргізу, кемені болат арқанмен байлау және такелаждарды пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі.

439. Курстық желіде арнайы дайындығы болуы керек.

96. Кеме қатынасы күзетінің бригадирі

4- разряд

440. Жұмыс сипаттамасы.

Күзеттегі жұмысшылардың жұмысын басқару.

Қызмет көрсететін учаскеде кеме жолының тереңдігі мен көлемін өлшеу, кеме жүзетін жағдай белгілерін орнату әрі қайта орналастыру және өлшеу нәтижелері бойынша тереңдікті көрсететін маңдайшаларды өзгерту.

Күндізгі және түнгі уақытта жүзетін және жағадағы жағдайдың дұрыстығын қадағалау.

Қызмет көрсететін учаске бұрылыстарында жолдың нақты габариттері туралы күнделікті хабарлау.

Кеме жүзетін трассаны үнемі тралдау арқылы оның тазалығын тексеру, табылған кедергілерді тазалау немесе белгілермен қоршау.

Жағдай белгілерінде жарық беретін сигнал аппаратураларын орнату және олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

Кеме жүргізушілерінің талабы бойынша кемелерді өткізуге көмек көрсету.

Апат болған жағдайда кемеге шығу және апат жөнінде акт жазуға қатысу.

Моторлы қайықты (катерді) басқару, қозғалтқышты қосу және тоқтату, қайықтың (катердің) корпусы мен қозғалтқышына алдын алу жөндеу жасауға қатысу.

441. Білуге тиіс:

кеме жүзетін трассаға қойылатын негізгі талаптар, кеме жүзетін жағдайдың мақсаты, қызмет көрсететін учаскедегі кепілдік берілген және сараланған жол габариттерін;

жағдайдың жағалық және қалқыма белгілерін қою ережесін;

электротехника мен оптика жөнінде жалпы мәліметтер;

жарық беретін сигнал аппараттарын пайдаланудың міндеті мен ерекшеліктерін;

бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану ережесін;

іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципін және құрылғысын;

кеме жүзетін жағдайға жанасатын бөліктегі ішкі су жолдары бойынша жүзу ережесін;

дыбыс және жарық сигналдарын;

радиостанцияны пайдалану және оны теңшеу ережесін;

кеме жүзетін жағдайға қажетті көлемде ағаш ұсталық және сырлау жұмыстарын.

442. Бір жылдан кем емес (навигация) қарауыл тәжірибесі және арнайы курстық дайындық болуы қажет.


97. Бункерші


443. Жұмыс сипаттамасы.

Жұмыстарды өндіру технологияға сәйкес отын, майлағыш материалдарды мұнай бункерлік станцияның құрылғылары мен механизмдерін қабылдауға, жіберуге дайындау.

Сақтау және жіберу жанармайларының қабылданған өлшемдерінің дұрыстығын тексеру.

Алынған материалдардың сапасы мен санын тексеру және есеп журналын жүргізу.

Қоршаған ортаның ластануын, зақымданушылықты ескерту бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету.

444. Білуге тиіс:

мұнай бункерлеуші станция құрылғылары мен механизмдерін техникалық пайдалану ережесін;

мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және жіберу ережесін.

Жүк көтерілімдігі 100 тоннаға дейінгі мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 2- разряд;

жүк көтерілімдігі 100-ден 200 тоннаға дейінгі мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 3- разряд;

жүк көтерілімдігі 200 тоннадан жоғары мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 4- разряд.

98. Аэрошана жүргізушісі

3- разряд

445. Жұмыс сипаттамасы.

Адамдар мен жүкті қар және суда тасымалдау кезінде аэрошананы басқару.

Аэрошаналарға техникалық қызмет көрсету: рейстің алдында, рейстен кейін және бағдарда тексеру.

Регламент жұмыстарын, ағымдағы, апаттық жөндеуді орындау және күрделі жөндеуге қатысу.

Аэрошаналардың бұзылмауын және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Радиостанцияны пайдалану және қызмет көрсету.

Тиеу жұмыстарында аэрошаналарда жүктің дұрыс орналасуын қадағалау.

Аэрошаналарда формулярды жүргізу, қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу, тасымалданатын жүктің құжаттамасын ресімдеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

446. Білуге тиіс:

аэрошаналардың жабдықтарының, қозғалтқышы мен аспаптарының құрылымын;

радиоқабылдау және радиоөткізу аппаратурасының құрылымы мен қолдану принципін;

аэрошаналарда жұмыс істегенде пайдалану нұсқаулықтары мен қауіпсіздік техникасын;

отын және майлаудың техникалық шарттары;

жабдықтардың ақаулықтарының негізгі себептері мен оларды жою тәсілдерін;

жол қозғалысы, ішкі су жолдарында жүзу ережесін;

формулярларды, тасымалданатын жүк пен почтаға, қабылдау-тапсыру құжаттарын, жол парақтары мен басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін.

99. Порттың су таратушысы

3- разряд

447. Жұмыс сипаттамасы.

Су сорғылау станциясында кезекшілік.

Тапсырыс бойынша кемелерге су жіберу мен қажетті құжаттаманы рәсімдеу; су насосы станциясы жабдықтарының жағдайын тексеру және жеңіл жөндеу жүргізу.

448. Білуге тиіс:

техникалық сипаттаманың құрылымы мен суды сорғылау станциясының басқа да құрылғыларын пайдалану ережелерін;

3-разрядты слесарь жөндеушінің көлемінде слесардың жұмысын;

су жіберу бойынша құжаттарды рәсімдеу ережелері.

100. Тәулік кезекшісі

2- разряд

449. Жұмыс сипаттамасы.

Кеме командашылар құрамы коютасын, қызмет бөлмелерін, кеме дәліздерін, асхана бөлмесін тазалау, кеме экипаж мүшелеріне азық қабылдауға бағытталған.

Асханада азық тарату.

Ыдыстарды, киім-кешектерді және басқада мүліктерді алу және де олардың сақталуын қамсыз ету.

450. Білуге тиіс:

инструкции по эксплуатации рабочего инструмента и оборудования по своему заведованию;

үстел ыдысын даярлау және тамақты тарату ережесін;

алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін;

өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесін.

101. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы

механизаторы (докер-механизатор)
1-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы

механизаторы (докер-механизатор)

1- разряд (4-класс)

451. Жұмыс сипаттамасы.

Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың (дірілдеткіш, дірілқопсытқыш, вагон аударғыш, люк көтергіш, магниттік сепаратор, қайта тегістеу станциясы және т.с.с. технологиялық құрылғылар механизімі) бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

бір топтағы крандар;

электртиегіштер, автотиегіштер;

жүкарбалар (жүк көтергіштер);

тасымалдағыштар (конвейерлер, шнектер, норий);

трюмдық, вагондық, қоймалық және басқа да электр жетекті машиналар;

жүк лифтілері.

Қолданылатын көтерме-көлікті және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

Қызмет көрсетіліп жатқан машиналарды, механизмдерді тазалау және сырлау және де бейімделу.

Қоймалардағы және көлік құралдарындағы жүктерді бекіту және жасыру.

Ауыстырылатын жүктін салмағы мен көлеміне сәйкес қажетті арқан жіптерді тандау.

Арқан жіптердің жарамдылығын анықтау.

Жүк ұстағыш құрылғыларды орнату және ауыстыру.

Жүктерді буып тию және байлау.

Басқыштар мен қалқандарды тасымалдау.

Жұмыс процессі кезінде вагондарды дайындау (тасып шығару).

Жылжымалы құрам люктерін, борттарын, есіктерін ашу және жабу.

Жүк түсіріліп біткеннен кейін жылжымалы құрамды тазалау.

Коммерциялық операциялардың орындалуына қатысу.

452. Білуге тиіс:

жымыс принціпін, құрылғылар туралы мәліметтерді, қызмет көрсетіліп жатқан көтерме-көлікті, жүк тиетін машиналар, механизмдер мен бейімделулер шектік жүктеме нормасын;

жылжымалы құрам туралы мәліметтер;

жүктердің атауын;

ауыстырылатын жүктін салмағын көзбен шолу арқылы анықтауды;

жүк тиеу, түсіру, шамадан артық тиеу және строптау ережелері мен әдістерін;

жүк ғимаратындағы құрылғыларды;

буып-түю және таңбалау түлерін;

ашық темір жол жылжымалы құрамы мен автокөліктерге жүктерді тиеу және темір жол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды қат-қабат қалау мүмкін габаритін;

жүкті тиеу, түсіру жерін және қоймалар орнын;

қымет көрсетіліп жатқан аумақта технологиялық жүйелілікті және өндірістік тапсымаларды орындау операцияларын;

өндірісте тиеу-түсіру кезінде қауіпсіздік техникасының және шартты сигнал беру жүйесінің ережелерін;

негізгі коммерциялық операцияларды жүргізуді.

453. Ескерту.

4-класс біліктілігі кешенді бригадаларының механизаторлар (докер-механизаторлар) біліктілігінен класс жоғары механизаторлардың басқаратын ауыр салмақты мен ұзындық өлшеуіш жүктердің, металл құрылымдардың строптау мен кері строптауды жұмыстарды орындайды.

2-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы

механизаторы (докер-механизатор)

2- разряд (3-класс)

454. Жұмыс сипаттамасы.

Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

бір топтағы крандар;

жүк көтерімділігі 5 тоннаға дейінгі автотиегіш;

жарты вагонды тарқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштары);

тракторлы тиегіштер (бульдозерлер);

бір топтағы экскаваторлар;

стаккерлер, реклаймерлер;

арнайы жүк тиегіш (түсіретін) кеме машинмлары;

тартқышы іштен тұтанатын қозғалтқышты (одан әрі – ІТҚ) трюмдық, вагондық, қоймалық арнайы машиналары;

порталды пневмоперегружателдер;

контейнерлі көтеру-түсіру.

Қолданылатын көліктер мен жүк тиелетін машиналарды және механизмдерді басқару.

Машиналар, механизмдер және бейімделулер жұмыстарының ақаулықтарын анықтау.

Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы жене басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларда (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою.

Жылжымалы құрам және қойма ғимараттары сыйымдылығы мен жүк көтерімділігін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Ұсақ топтамлы тасымалдауда, жүктерді іріктеп алу және толымдау, және де жылжымалы құрамға беру орнына орналастыру және орыны-орнына қою.

Строповка и увязка всех грузов.

Әр түрлі жағдайда жүктердін орнын ауыстыру мен буып тиюдын тез және қауіпсіз тәсілін тандау.

Арқан жіптерді әр түрлі түін байлау және тұсау.

Сигналшы міндеттерін орындау.

Жүктерді буып тию және байлау.

Басқыштар мен қалқандарды тасымалдау.

Жұмыс процессі кезінде вагондарды дайындау (тасып шығару).

Жылжымалы құрам люктерін, борттарын, есіктерін ашу және жабу.

Жүк түсіріліп біткеннен кейін жылжымалы құрамды тазалау.

Коммерциялық операциялардың орындалуына қатысу

455. Білуге тиіс:

қолданылатын машиналар, механизмдер және бейімделулер тобының құрылғыларын және әрекет принціпін белгілеудішектік;

аумақта жүктерді асыра істеу технологиясын;

жүкті тиеу, түсіру, шамадан артық тиеу және бекіту техникалық шарттарын;

ауыстырылатын жүктін салмағын көзбен шолу арқылы анықтауды;

арқандау ережесін;

барынша ыңғайлы арқандау орнын;

арқанның жүк көтерімділігін мен пайдалану мерзімін;

жүк қармау құралының жұмыс принціпін;

маханикадан, электротехникадан, материал жүргізуден және слесарлық жұмыстардан негізгі мәліметтерді;

темір жол қатынас жолдарында және темір жол сигнал беру өткелдерінде жүру ережесін;

тиеу-түсіру жұмысын жасауға ұсынылатын, мемлекеттік техникалық бақылаудың негізгі талаптарын.

3-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы

механизаторы (докер-механизатор)

3-разряд (2- класс)

456. Жұмыс сипаттамасы.

Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

екі әр түрлі топтағы крандар (порталды және мобилді) немесе экскаваторлар;

әр түрлі екі топтағы крандарды немесе экскаваторларды көтеру-көлікті машиналар немесе механиздер түрлерінің бірне байланыстыру:

жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштер, жартытиегішті тартқыштар, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар), тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, порталды пневмо артық тиеулер;

жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштерге байланысты көтерме-транспортты машина немесе механизмдер түрлерінің бірі:

тракторлы тиегіштер (бульдозерлермен), автоконтейнер тасулар, ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар);

жүк көтерілімділігі 10 тоннаға жоғары автотиегіштер және контейнерлі тиегіштер;

стакерлер, жарнамашылар, арнайы кеметиегіш (түсіргіш) машиналар;

порталды пневмо артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар;

тракторлы тиегіштер (бульдозерлер) және контейнерлі артық тиеулер.

Қолданылатың көтеру-транспортты және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы жене басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларды (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою, басқа да әр түрлі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулерге қатысу.

Жоғары сақтықты талап ететін жүктерді арқандау және буып-түю.
Арқандардын шетін түйіндеу.

457. Білуге тиіс:

қолданылатын машиналар, механизмдер және бейімделулер тобының құрылғыларын және әрекет принціпін белгілеудішектік;

машиналар, механизмдер және бейімделулер бөлшектерін мерзімінен бұрын тозуы және апаттар себебін анықтау тәсілдерін;

Жоғары сақтықты талап ететін жүктерді арқандау және буып-түю тәсілдері мен ережелерін;

такелажды және жүкқармауыш құрылғыларды пайдалануды және дұрыстығын тексеруді, іріктеп алу ережелерін;

сынау мерзімін және ережелерін, брактау нормасын.

4-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы

механизаторы (докер-механизатор)

4-разряд (1-класс)

458. Жұмыс сипаттамасы.

Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

әр түрлі үш топтағы крандар;

әр түрлі екі топтағы крандар және бір топтағы экскаваторлар;

бір топтағы крандар және әр түрлі екі топтағы экскаваторлар;

көтеру-көлікті машиналар немесе механиздер түрлерінің бірне байланысты әр түрлі екі топтағы крандарды немесе экскаваторларды:

жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштер, жартытиегішті тартқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар) және жүк көтерілімдігі әр түрлі автотиегіштер, тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, порталды пневмо артық тиеулер;

жүк көтерімділігі әр түрлі автотиегіштерге байланысты бір топтағы крандар немесе экскаваторлар;

бір топтағы крандар, жүк көтерімділігі әр түрлі автотиегіштерге немеме тракторлы тиегіштерге (бульдозерлер) байланысты бір топтағы экскаваторлар;

бір топтағы крандар, тракторларға, бульдозерлерге (вагондар дизельді тартқыштар) немесе тракторлы тиегіштерге (бульдозерлерге) байланысты жүк көтерілімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштер;

бір топтағы крандар, порталды артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар;

бір топтағы крандар немесе экскаваторлар, жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштерге немеме тракторлы тиегіштерге (бульдозерлер) байланысты контейнерлі артық тиеулер;

жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштер, тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер;

көтеру-көлікті машиналар немесе механиздер түрлерінің бірне байланысты жүк көтерімділігі 10 тонна және одан жоғары автотиегіштер:

тартқыштар (тракторлар) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар), ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, порталды контейнер тасушылар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық және қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тракторлы тиегіштер және бульдозерлер;

тракторлы тиегіштер (бульдозерлермен), автоконтейнер тасулар, ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар)

стакерлер, жарнамашылар, арнайы кеметиегіш (түсіргіш) машиналар, тартқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар).

Қолданылатың көтеру-көлікті және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы жене басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларды (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою, басқа да әр түрлі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулерге қатысу.

Күрделі жүктерді арқандау және буып-тиеу.

459. Білуге тиіс:

машиналар (механизмдер) электр жабдығының принциптік құрылғыларын;

көтергіш-көлік және жүк тиелетін машинаны (механизмды), жүкқармаушыны жене басқа да бейімделуді жөндеу ережесін;

машиналар және механизмдер жөндеуден кейінгі сынау, күге келтіру және түйіндер тәсілдерінің техникалық шарттарын;

тозған бөлшектерді нығайту және қалпына келтіру тәсілдерін.

102. Кеме қатынасын хабарлаушы

3-разряд

460. Жұмыс сипаттамасы.

Кеменің жүру жолындағы жағдайдың белгіленген учаскедегі қарауыл жұмысшыларынан кеменің жүру жолының тереңдігін тәулік сайын өлшеу нәтижелері бойынша кеменің жүру жағдайындағы белгілердің орналасуының өзгерісі және кемемен техникалық форттың (жерден көсіп алатын снарядтар, корчекрандар т.б) орналасқан жері сондай ақ іздестіру қалыбы және тегістеу партиялары жөнінде күнделікті мәлімет жинау.

Телефон, радио немесе басқа тәсілмен жолдың техникалық учаскесінде (гидротехникалық шоғырлану ауданында) өңдеу және жеткізу.

Жолдың техникалық учаскелеріндегі жерден көсіп алатын және түбін тазалайтын снарядтар, іздестіру қалыбы және түзету партиялары мен басқа да өндірістік бірліктер жағдайлық бригадалар командирлер жарлықтар мен тапсырмалар беру.

Радио – телефон аппаратуралары мен көліктің бекітілген құралдарының сақталуы мен дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.

461. Білуге тиіс:

Жағдайлық белгілердің барлық түрлердің мағынасы, кеменің жүру жолының тереңдігі мен енін өлшеудің тәсілдері мен тәртібі, қызмет көрсетуші учаскедегі кепілдік берілген және сараланған жоспарлы жолдың шектік көлемін;

кеменің жүру жағдайына қатысты ішкі су жолдары мен жүзу ережелерін, көру және есту сигналдарын;

радиостанцияны пайдалану ережелері және өндірістік бірліктермен байланыс графигін.

4-разряд — интенсивті кеме жүру және өндірістік жерден көсіп алу, түбін тереңдету жұмыстары учаскелеріндегі жұмысты орындау барысында.

103. Лебедкашы-моторшы


462. Жұмыс сипаттамасы.

Жер снарядтарындағы (топырақ сорғыш) технологиялық жұмыс процесстерін басқару;



Қолданыстағы тетіктер, оларға меңгерілген бекітілген кесте бойынша техникалық қызмет.

Жұмысшы зәкірлерін тарату және алыр қою.

Палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыларды жұмыспен басқару.

Такелаж, арқан байлағыш, слесарлық - жөндеу жұмыстарын орындау.

Такелаж мүліктерін, инструменттерін және бұйымдарын сақтаумен және есеппен қаматамасыз ету.

463. Білуге тиіс:

палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыларын тағайындау, әрекет ету қағидалары;

палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыдарын техникалық пайдаланудың ережесi.

Жер снарядарында (топырақ сорғыш) жұмысты орындауда өндірімділік 700 м3/сағ дейін - 5- разряд;

жер снарядарында (топырақ сорғыш) жұмысты орындауда өндірімділік 700 м3/сағ жоғары - 6- разряд.

104. Матрос


464. Жұмыс сипаттамасы.

Кеме кестесі бойынша қозғалмалы және аялдамалық вахта жұмысын атқарту.

Палубалы механизмдерді, кеменің құтқару жабдықтарын басқару.

Жүк бөлмесін, жүу құрал-жабдықтарын тиеуге және түсіруге даярлау.

Палубаны, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерін тазалау.

Корпус құрылысына, палубалы механизмге, құрал-саймандарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Трюм есігін ашу, жабу, жүкті тиеу, түсіру, бекіту, ажырату.

Суағардағы су деңгейі өлшемдерін алу.

465. Білуге тиіс:

Кеме құрылысы;

кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілер талаптары;

апатты-құтқару құрал-жабдықтарын пайдалану ережесі;

ішкі байланыс және дабыл жүйесін пайдалану тәртібі;

такелаж, майлау, байлау, тиеп-түсіру жұмыстарын орындау технологиясы.

Қуаттылығы 300-550 кВт-дейінгі негізгі қозғалтқышты кемедегі жұмыстарды; өнімділігі 700 м3/сағ.-дейінгі балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-дейінгі қозғалтқышты қалқыма кранындағы жұмыстарыд орындау кезінде - 3-разряд;

Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ. жоғары балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-жоғары қозғалтқышты қалқыма кранында; барлық түпті тазалау снарядтарында жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

Кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда және кеме көтеру жұмыстарын орындау кезінде - 5-разряд.

106. Жағалау матросы

1-разряд

466. Жұмыс сипаттамасы.

Кемені айлаққа, кеме бортына, дебаркадерге болат арқанмен байлау бойынша жұмыстарды орындау; шлюпка немесе катердің көмегімен болат арқанның шетін бөшкеге жеткізу, орнату.

Айлақтан кемеге өтетін өтпелі кішкене көпірлер (баспалдақтар) орнату және жинау.

Болат арқандарды (шетін) лақтыру.

Айлақты және оған жанасып жатқан аумақтарды тазалау.

Инвентарды жөндеуге және сырлауға, айлақты жайластыруға қатысу.

Шкиперлік мүліктерді жөндеу кезіндегі жұмыстарды орындау (маттар, кранцтар және басқалары).

Айлақтарды және құтқаратын құралдарды жүйелі барлау, ұсақ жөндеулерді жүзеге асыру.

Айлақтарда өрт сөндіру жолдарын, өртке қарсы құрал-жабдықтардын әрдайым даярлықта ұстау.

Кеме байлауын байлауға айлақтардын даярлығын тексеру.

Өлшеу арқандары мен қол лоттарын таңбалау және ажырату.

Айлақтағы және құтқару құралдарының жарамдылығын қадағалау.

Суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету шараларын қолдану.

467. Білуге тиіс:

кемені болат арқанмен байлау бойынша іс-әрекеттерді орындау ережесі мен тәртібін, кемеден және жағадан берілетін командалар мен сигналдар;

такелаждың, инвентардың, болат арқанмен байлау кезінде пайдаланылатын құралдардың міндеті және пайдалану ережесін;

айлақта (учаскеде) қызмет көрсетіліп өңделген кеменің келу және кету уақытын;

қарапайым сырлау және ағаш ұсталық жұмыстарды жүргізу тәртібін;

кемені болат арқанмен байлау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін;

суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету ережесін.

Боцман міндетін орындау кезінде - 2-разряд.

106. Кеменің қазанды қондырғысы (кочегар) машинисі

4-разряд


468. Жұмыс сипаттамасы.

Кеменің қазанды қондырғысы мен оған қызмет көрсетуге арналған техникалық жабдықтарға эксплуатациялық және техникалыққызмет көрсету.

469. Білуге тиіс:

Кеме және кеменің қазанды қондырғысы құрылысы;

Кеме жүйесінің қазанды бөлігіндегі құбырлар мен арматуралардың орналасуы және қызметі;

Ішкі байланыс пен сигнал беру жүйелерін пайдалану ережесі;

Апатты- құтқару және өртке қарсы құрал-жабдықтарды пайдалану ережесі.

107. Помпалы машинист (донкерман)

4-разряд

470. Жұмыс сипаттамасы.

Жүк, тазалау сорғысы және құбырына, сорғылы балласт жүйесіне, жүкті өлшеу жүйесінің механикалық бөлігіне, газ өткізу, құбыр және арматура жүйелеріне, клапандарды басқарудың дистанция жүйесіне және басқа да өзінің меңгерушілігіндегі техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.

Техникалық құрылғылар жұмысының ақаулары мен бұзылуларын жою.

өзінің меңгерушілігіндегі техникалық қызмет көрсету мен техникалық құрылғылар жұмыстары жоспарын құру.

Жаға және кеменің мамандандырылған қызметтері орындайтын жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау.

471. Білуге тиіс:

Кеме құрылысы;

өзінің меңгерушілігіндегі техникалық құрылғылар құрылысы және орналасуы;

өзінің меңгерушілігіндегі кеменің техникалық құрылғыларын техникалық пайдалану ережелері;

алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі;

өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі.

Қуаттылығы 300-550 кВт-дейінгі негізгі қозғалтқышты кемедегі помпалы құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;

Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемедегі помпалы құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.

108. Кеме қатынасы монтері-моторшы

3-разряд


472. Жұмыс сипаттамасы.

Кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматтарды монтаждау, теңшеу.

Қоректендіру көзін белгілеу және ауыстыру, аккумуляторды зарядтау, электролит дайындау және аккумуляторлы элементтерді құю.

Жарық беретін сигнал аппараттары мен автоматтарын тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізу, бақылау үшін учаскелерді аралау және жағдай белгілеріндегі жарық беретін сигнал аппаратураларының монтажын әрі жұмыс істеуін тексеру.

Моторлы қайықты басқару, қозғалтқышты қосу және тоқтату, моторлы қайықтың корпусы мен қозғалтқышына ұсақ және алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу.

473. Білуге тиіс:

кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде қолданылатын жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматының міндетін;

автоматтарды монтаждау схемасы және кінәратты анықтау және жою тәртібін;

кеменің жүзу жағдайы белгілеріндегі жарық беретін аппаратураларда қолданылатын линзалардың, сәуле түсіргіштердің, жарық фильтрлердің оптикалық қасиетін;

кеменің жүзу жағдайындағы белгілеріне жарық түсіру үшін қолданылатын қышқыл және сілтілі аккумулятор батареяларының құрылғысы мен міндетін;

қайық қозғалтқышын қосу, басқару және тоқтату тәртібін;

электр техника бойынша негізгі мәліметтер.

Учаскелерде интенсивті кеме жүзу жұмыстарын орындаған кезде - 4-разряд.

109. Моторшы (машинист)


474. Жұмыс сипаттамасы.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу:

кеменің басты және көмекші қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне;

кеме құрылғыларына (рульді, зәкірлі, швартовкалы, буксирлі, тізбекті, шлюпкалы, бұратын, қозғалтатын);

кеме жүйелеріне (су құятын, кептіретін, балласты, өрт сөндіргіш, ағынды-фонды, сумен жабдықтаушы, жылытушы, желдетуші).

Шағын және қосалқы кемелерді басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Жерсорғыштың, түбін тазалаушы снарядтың, жер снарядтың және басқа да ыдыстардың барлық механизмдері мен жабдықтарына техникалық күтім көрсету.

Аспаптардың көрсеткіштерін есептеу және оларды кеменің тиісті журналдарына тіркеу.

Рульді және шлюпкалы құрылғыларды техникалық тексеру.

Вахта бастығының басшылығымен кеменің қол, электрлік және гидравликалық рульді жетектерді басқару.

Капитан (командир) белгілеген уақытта вахтаны атқару.

Машина бөлімшесінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.



Тұрақтарда капитан-механиктің нұсқаулығы бойынша машина, палуба бойынша жұмыстарды (тазалау, сырлау, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстар) орындау.

Жүк таситын кемелерде жүк тиейтін трюмдарды тазалауға, жолаушы кемелерінде – жолаушыларды отырғызуға-түсіруге қатысу.



Руль рубкасында, жүретін кішкене көпірде, тент палубасында тазалықты сақтау.

475. Білуге тиіс:

жүзу ережесін, жүзу ауданының арнайы лоциясы, лоцман картасын;

барлық кеме механизмдерінің, машиналардың, жүйелердің, құрылғылардың, навигациялы аспаптардың конструктивтік сипаттамасы мен міндетін;

кемедегі қызмет жарғысы, дабыл кестесі;

суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

Қуаттылығы 550 кВт-дейін негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ.-дейін балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-дейін қозғалтқышты қалқыма кранында жұмыс істеу кезінде -4-разряд;

Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ. жоғары балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-жоғары қозғалтқышты қалқыма кранында; түпті тазалау снарядтарында жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

Кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда және кеме көтеру жұмыстарын орындау кезінде - 6-разряд.

110. Рефрижераторлы қондырғы моторшысы (машинисі)


476. Жұмыс сипаттамасы.

Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

Кеме кестесіне сәйкес вахта жұмысын атқару.

Рефрижераторлы қондырғыға қызмет көрсететін техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу.

477. Білуге тиіс:

Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесі құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

рефрижераторлы қондырғыға техникалық қызмет көрсететін техникалық жабдықтарды пайдалану ережесі;

өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі.

Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұсатын қосымша рәсімдеусіз, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде

- 4-разряд;

Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұсатын қосымша рәсімдеу арқылы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде - 5-разряд.

111. Моторшы-матрос


478. Жұмыс сипаттамасы.

Кемені вахта басшысы жетекшілігімен басқару.

Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеу.

Механизмдерге меңгерушілік кестесі бойынша техникалық қызмет көрсету.

Танкідегі су өлшемін, жүк бөлмелеріндегі температураны, су қоймасы тереңдігін қол лоты арқылы жүргізу.

Палубалы механизмдерді, еспелі құтқару шлюпкасын және моторлы қайықтарды басқару.

Кеменің такелаж жұмыстарын, майлау, байлау, слесарь-жөндеу жұмыстарын орындау.

Зәкірді серпу және іріктеу, шлюпканы палубаға көтеру және суға түсіру.

Палубаны, қызметтік палубалы және тұрмыстық бөлмені тазалау.

479. Білуге тиіс:

Кеме техникасын техникалық пайдалану ережесі;

негізгі энергетикалық қондырғы және қосымша механизмдер құрылысы жән техникалық қызмет көрсету ережесі;

энергетикалық қондырғы жұмысының нормативтік эксплуатациялық-техникалық көрсеткіштері;

кеме техникасын техникалық пайдалану ережесі;

жүзу ережесі;

кеме жүйесінің құбырлары мен арматурасының орналасуы және қызметі;

су құбырлары мен олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуы;

танкідегі су өлшемін, жүк бөлмесіндегі температураны жүргізу, тереңдікті қол лотымен тексеру ережесі;

өз мекемесінің жабдықтары көрсеткіштерін алу ережесі;

көз және дыбыстық сигналдарды қабылдау, жіберу ережесі.

Қуаттылығы 850 кВт- дейінгі кемені; өнімділігі 700 м3/сағ.- дейінгі жер снарядтарын (топырақ сорғышты) басқару кезінде -5 разряд;

қуаттылығы 850 кВт- жоғары кемені; өнімділігі 700 м3/сағ. - жоғары жер снарядтарын (топырақ сорғышты) басқару кезінде - 6 разряд.

112. Моторист - рульші
480. Жұмыс сипаттамасы.

Кеме техникаларына қызмет көрсету, өз уақытында механизмдерге кестеде бекітілген меңгеру бойынша техникалық қызмет көрсету.

Курс берілгенде кеме ұстап тұру, курс көрсеткіші және басқару қондырғысын жұмысқа бақылауын жүзеге асыру.

Тұрған және қозғалыстағы кемелерге сигналмен, сигнал діңгегіндегі тереңдік көрсеткішін, навигациялық құрылғылардағы жағалау белгілері және жүзулерді бақылау.



4

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет