УМКД 042-18-3.1.21/03-2013
|
Басылым № 3
|
беттің -сі
|
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
| ПОӘК |
УМКД 042-18-3.1.21/03-2013
|
«Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру»
пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№3 Басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ»
5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий 3
|
2
|
Дәрістер 4
|
3
|
Тәжірибелік сабақта 27
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары 33
|
1. ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп әдісінің бірі.
Код – шоттың толық коды (нөмірі);
Атауы (Наименование) – шоттың қосалқы шоттың атауы;
Вал. – валюталық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда «Вал.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Кол. – сандық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда «Кол.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;
Акт. – активтік шоттар белгісі.Нақты мәндері мынадай мәндерді қабылдайды: А – активтік, П – пассивтік, АП – активті-пассивтік;
Субконто. Программада талдамалы есеп жүргізу үшін субконто термині енгізілген. Талдамалы есеп жүргізілетін әрбір объекті субконто деп аталады. Талдамалы есеп объектілері (субконто) арнайы картотекалар көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, үйлер мен ғимараттар, компьютерлер, маталар, т.б. Ал субконтоның түрі бір тектес объектілер жиынтығынан тұрады. Мысалы, негізгі құралдар, тауарлар, материалдар, т.б.
Анықтамалықтар. Талдамалы есеп жүргізуде және құжаттарды толтыруда қолданылатын біртектес объектілер туралы тұрақты және шартты-тұрақты мәліметтерді сақтайтын орын. Сонымен қатар, анықтамалықтар субконтоның (объектілердің) мүмкін болатын мәндер тізімін құруға, яғни, талдамалы есеп жүргізуге арналған.
Тұрақтылар анықтамасы. Программадағы тұрақтылар анықтамасы жүйенің жұмыс барысында өзгермейтін немесе сирек өзгеретін деректерді сақтауға арналған. Мұндай деректерге жай мысал ретінде кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, т.б. да деректері жатады.
Проводкаларды тексеру анықтамалығы. Бұл анықтамалық журналға енгізілген проводкалардың дұрыстығын тексеруге, яғни бақылау жасап отыруға арналған. Анықтамалыққа пайдаланушы мүмкін болатын шоттар корреспонденциясын енгізеді. Егер енгізу барысында сәйкес параметр қойылған болса, жүйе журналға енгізілетін проводкалардың дұрыстығын тексереді, кері жағдайда компьютер қосымша ақпарат береді.
Есеп беру және өңдеу. Есеп беру әртүрлі ақпараттар алу үшін қолданылады, ол белгілі бір шарт бойынша алынған егей-тегжейлі ақпараттан немесе нәтижеден тұрады. Есеп беру бухгалтерлік нәтижелерге талдау жасаумен бірге құралдар қозғалысын (қалдық-айналым ведомосын, журнал-ордерлерді және т.б.) және салық инспекциясына деректер дайындауға (баланс, салықтық есеп беру, бюджеттен тыс қорларға есеп беру) мүмкіндік береді.
Журнал. Журнал негізгі деректер базасы болып есептелінеді. Кәсіпорында болған күнделікті шаруашылық операциялары құжат арқылы немесе проводка түрінде журналға енгізіліп, сәйкес журналдарда сақталады. Журнал жүйедегі құжаттардың барлық кез келген түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Типтік операция режимі. Типтік операция механизмі жиі кездесетін, стандартты операцияларды журналға енгізу автоматтандыру үшін қолданылады. Ол үшін пайдаланушы проводка «сценарийі» жазылған операция үлгісін құрады. Операция үлгісі бір немесе бірнеше проводкалардан тұрады және ол бухгалтердің көмегімен жасалады, ал проводка сомасы үлгіде көрсетілген формула арқылы есептеледі. Операция үлгісін құрудың тиімділігі – оны бір рет құрып көп рет пайдалануда.
Меню – программаның жұмысые басқаратын командалар тізімі. Менюден керекті команданы таңдау, сілтеменің көмегімен немесе пернелер тақтасындағы меню атауының үлкен әріпімен бөлектенген символын басу арқылы орындалады.
Мұрағат (архив) – кезекті есеп беру кезеңін (ай, апта, тәулік) жабу кезінде осы кезеңдегі журнал (деректер) мұрағатқа жазылады, ал алымдағы жаңа кезең үшін жаңа журнал ашылады. Мұрағаттағы журналға кез келген уақытта қол жеткізуге болады.
Тәулікті жабу – шаруашылық қызметіне байланысты тәулікті жабу керек болған жағдайда қолданылады. Тәуліктер – бір айға жетпейтін кез келген есепті кезеңнің шартты атауы.
Айды жабу – келесі есепті кезеңге көшу.
«Турбо Бухгалтер» жүйесі. Программа банк және касса операцияларын, жалақы есептеу, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін, тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыруға, сонымен қатар жинақтау, талдау, сандық және көп валюталы есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
2. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
1-тақырып: 1С – бухгалтерия – қарапайымнан күрделіге қағидасы ретінде
Дәріс сұрақтары:
-
Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.
-
1С – бухгалтерия қағидасы
-
Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
1. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.
Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.
Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.
Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.
Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содан бері бухгалтерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалар мен мөлшерлерінің қаржы-шаруашылық қызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өндеудегі және сақтаудағы кәделі экономикалық пен болып отыр. Қазіргі кезде қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі және шағын кәсіпорындарға бағытталған ең озық үлгідегі жаңа технологияға негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда. Мұндай өнімдерді жасаушы фирмалар АйТи, Галактика, Диц 1С:, Парус, Информатика, Инфрософт, Инфин, Инэк, КомТех+, Ланкс, ЛокИС, Цефей, Никос-софт, Гарант, Консультант+, Кодекс және басқалар әр түрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар жасауға зор көңіл бөлуде. Мұндай программалар 1994 жылдан бастап дамыған: ЛУКА-ПРО, ГАЛАКТИКА, 1С: Бухгалтерия, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, SOLOMON 4, NAVISION FINANCIALS, SCALA, Алтын, Business express (BE-2), Турбо Бухгалтер, Super Tree, KOMTEX және тағы басқалар жатады.
2.Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қәзіргі уақытта сондай программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорыннан өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін дайын программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар кәсіпорыннан барлық ерекшеліктерін (қызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.
Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе алады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.
Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрі енгізілген. Бухгалтерлік есепте қарапайымнан күрделіге қағидасына енгізілген 1 С бухгалтерия бағдарламасы жұмыс істеп дамуда. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процессті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
-
есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін жоғарылатады;
-
аралық ақпарат тасымаушыларды дайындауды қысқартады;
-
қол еңбегінің, қағаздың, өңдеудің шығындарын азайтуға жағдай туғызады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама қарапайымнан – күрделіге қағидасына негізделген. Оны қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.
3. Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
«1С Кәсіпорын» жүйесі (7.7 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ло әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.
Өзін-өзі тексер сұрақтары:
1. Бухгалтерлік есептің қашан пайда болды?
2. Бухгалтерлік есептің заңдылық базасы не?
3. Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
4. «1 С: Бухгалтерия»бағдарламасының құрылымы қандай?
2 тақырып. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Жедел есеп компоненті
2. Жүйенің негізгі міндеттемелері
3. Ақпараттарды енгізу режимі
1. «Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған. Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс. Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.
Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады. Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады. Жедел есеп компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды. Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.
Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады. Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады. Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады. Есептеудің бірнеше түрлетін қандайда бір белгі арқылы біріктіру үшін «есептеу тобы» деген ұғым енгізілген.есептеу тобына мысалы, - «салық салынатын есептеулер», «орташа жалақыны есептеуге енетіндер» және басқалар жатады.
2. Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:
1С: Бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің барлық бөлімінде қолданылады:
-
Банк және касса есебі;
-
Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;
-
Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;
-
Валюталық операциялар;
-
Ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;
-
Еңбекақы бойынша есеп айырысу;
-
Бюджетпен есеп айырысу;
-
Есептің басқа бөлігі.
Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:
-
Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;
-
Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;
-
Валюталық есеп;
-
Көп деңгейлі талдамалы есеп;
-
Өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;
-
Сандық есеп;
-
Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).
3. Программаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимде:
-
Қолмен енгізу режимі;
-
Типтік операциялар режимі;
-
Құжаттау режимі арқылы жүргізіледі.
Программа жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді.Әр түрлі обьектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі.Жүйеде әртүрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған. Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық жасалған.
Кез келген бухгалтерлік программамен жұмыс тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді пайдалану арқылы жүргізіледі.Сондықтан, бухгалтерлік программаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші, жауапты және кезеңі тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді қалай автоматтандыруға болады?
2. Бухгалтерлік есепті 1 С жүйесінде қалай жүргізуге болады?
3. Жедел есеп компоненті деген не?
3 тақырып. Бухгалтерлік есепті 1 С бухгалтерия жүйесінде жүргізу.
Дәріс сұрақтары:
1. 1С бухгалтерия бағдарламасына ену операциясы
2. Операцияның құрылымы
3. Қосымша ішкі жүйелер
1. Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді икемді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейін өзгереді. Жүйені икемді күйге келтіруді шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:
кәсіпорындарда қолданылатын шоттар жоспарын құру;
талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;
бастапқы қалдықтарды енгізу;
алғашқы құжаттар жиынтығымен қамтамасыз ету;
керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;
-
стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.
Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімделегі шамасыз, сондықтан жаңа технолориялар негізінде бухгалтерлік программалар жасау жұмысының үлкен мәні бар.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
-
мини-жүйелер;
-
шағын және орта кәсіпорындарға арналған әр жақты (әмбебап) жүйелер;
-
ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.
Мини-жүелер айналымы шағын және жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С: БУХГАЛТЕРИЯ тағы басқалар жатады. Әр жақты (әмбебап) жүйелер терең талданыммен сипатталады және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, 1С: ПРЕДПРИЯТИЕ, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС, ТУРБО БУХГАЛТЕР жатады.
2. Операцияның құрылымы - Ірі кәсіпорындарға бағытталған ірі кешендік программалар мен жүйелер, жергілікті есептеу желесі және есептің белгілі бір бөлігіне бағытталған: Негізгі құралдар, Банктік операциялар, Касса, Жалақы, Материалдар, Қойма және т.б. осы сияқты ЖОА-ның жиынтығын береді.
Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өңдеу құралының, сонымен қатар енгізу және шығару формаларының көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ПРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, RS – баланс, СУПЕР- МЕНЕДЖЕР және т.б. жатады.
Жүйенің ашықтығы сонда оны кейінгі өзгерістерге байланысты пайдаланушы өз бетінше икемді күйге келтіре алады.
Программаны жұмысқа қосу барысында пайдаланушылардың әртүрлі санатына (категориясына) арналған бес модификациясы жасалған.
-
Лайт – кіші және орта кәсіпорындарға арналған меңгеруге оңай бухгалтерлік программа.
-
Негізгі (Базовая) – валютаның бір түрімен есеп жүргізетін, кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.
-
Проф – көп валюталы есеп жүргізетін кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.
-
Соло – орта және ірі кәсіпорныдардың бухгалтерлік есебін автоматтандыруға арналған программа.
-
Желілік версия – бірнеше пайдаланушылардың бірнеше жұмыс орны мен бір деректер базасы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін желілік программа.
3. Қосымша ішкі жүйелер.
«Еңбекақы» модулі
Бұл кез келген меншіктегі кәсіпорын үшін еңбекақыны есептеуге және кадр жұмысын жүргізуге арналған кәделі программадан тұратын ішкі жүйе.
Бұл жүйе есеп айырысу – төлем құжаттарын және т.б. салық органдарын тапсыратын құжаттарды автоматты түрде құрады.
«Негізгі құрал» модулі
Нақты объекті бойынша негізгі құралды кіріске алу және пайдалануға беру, негізгі құралдардың қозғалысын, негізгі құралдың шығының, қайта бағалау және т.б. байланысты егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі.
«Салық төлеуші» модулі
Программа мемлекеттік салық инспекциясына нақты тұлғаның табысы туралы ақпарат, сонымен бірге зейнетақы қорына талап етілетін үлгіде мәліметтерді магниттік жинағыштарда дайындап береді. Жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі:
-
есеп беру құжаттарын қолмен құру;
-
есеп беру құжаттарын автоматты түрде құру.
«Сауда және қойма» модулі
Жүйе көтерме сауда және ұсық көтерме сауда, өткізу бөлімі мен өндірістік кәсіпорнындарды жабдықтау және қызмет көрсету саласына арналған. Жүйе сауда және қойма қызметіне байланысты мынадай операцияларды автоматтандыруға арналған:
-
тауарлар қозғалысының есебі (сату, сатып алу, қабылдау, босату, ішкі қозғалысы, түгендеу, есептен шығару);
-
қоймадағы тауар қалдығының орташа бағасы, ФИФО, ЛИФО әдістері бойынша бағалау;
-
сатуға берілген тауарлар есебі;
-
тауарлы-материалдық құндылықтарға байланысты банкалық және кассалық операцияларды жүргізу;
-
өндіріске материалдарды жіберу (босату) және өндірілген өнім есебі.
Жүйеде сауда қызметіне талдау және бақылау жасау мүмкіндіктері бар:
-
сатып алушылар мен жабдықтаушылар бойынша бақылау және талдау жасау;
-
сату көлемін талдау;
-
пайда мен шығынды талдау;
-
ақша қаражатының қалдығын, тауарлар қорын талдай.
«ЛУКА-ПРО» жүйесі. Қазақстандық ПЛЮСМИКРО фирмасы жасаған «ЛУКА-ПРО» жүйесі әртүрлі ауқымдағы кәсіпорындар есебін автоматтандыруға арналған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. 1 С бухгалтерия бағдарламасына енудің қандай жолдары бар?
2. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру қалай жүргізіледі?
3. Қандай ішкі жүйелер бар?
4 тақырып. Шотты көшіру. Шоттарды жою
Дәріс сұрақтары:
1. Шоттар жоспарының түсінігі.
2. Шотты көшіру немесе жою.
1.Шартты-тұрақты деректерді күнделікті жұмыс барысында да енгізуге болады. 1С: Бухгалтерия программасында осындай деректерді сақтауға арналған анықтамалықтар мен сыныптамалар бар.Олардың ішінде ең негізгісі Шоттар жоспары болып табылады.
Программамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер-пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін негізгі есеп принцинципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады.Кәсіпорында нормативтік құжаттармен берілген стандартты шоттар жоспары және басқа да арнайы шоттар жоспары қолданылады.Шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты.1С: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізілу мүмкіндіктері қарастырылған.
Шоттар жоспары басты менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Шоттар жоспары (План счетов)» бөлімін тандау арқылы іске қосылады.Шоттар жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың көрсететін кестесінен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |