5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік қадағалау»



бет1/6
Дата28.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#163708
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.-37/03 -2014



« Банкік қадағалау» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

Баспа № 1 11.09.2014ж.


5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«БАНКТІК ҚАДАҒАЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей

2014


Мазмұны


1.

Глоссарий




2.

Дәрістер




3.

Практикалық сабақтар




4.

Оқушылардың өздік жұмыстары





1ГЛОССАРИЙ
1.ГЛОССАРИЙ
Акция – иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы

Ақша активтер – жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы.Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж.т.б.

Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Домицилиант – векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.

Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Диверсификациялау – тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.

Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.

Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.

Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.

Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.

Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.

Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.

Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.

Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-

ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.



Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Дисконталған таза пайда –бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.



Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Траст операциялары – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Хеджирлеу – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.
І тақырып. Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың құқықтық және экономикалық негіздері.

1.1. Қадағалаудың мәні мен қажеттілігі және банк қызметін реттеу.

1.2. Банкілік бақылаудың мақсаттары, принциптері.

1.3. Қадағалау органдары қызметтерінің құқылық негіздері.

1.4. Әлемдік тәжірибе және банкілерді қадағалау стандарттары.
Банк қызметін пруденциалдық реттеу.

Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Екінші деңгейлі банктерінің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативті құқықтық актілермен анықталады. 1995 жылы 31 тамызда қабылданған банктер және банктікқызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының 41-бабына сәйкес ҚР –ның ҚҚА ЕДБ-дің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

1. пруденциалдық нормативтер белгілеу;

2. банктердің орындалуына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

3. банктердің қызметін тексеру;

4. банктің қаржылық жағдайын сауықтыруға байланысты ұсыныстар беру;

5. банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдау;

6. банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

ҚР-ның ҰБ-кі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциалдық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар пруденциалдық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР-ның ҰБ белгілі мөлшерде банк капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциалдық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілерімен есептеу әдістемесімен белгіленген күнге абкнтің капиталының көлемін, ашық валюталық позицияның лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық Банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асыруына байланысты шығындарды жабу мақсатындағы банктер резервтік қорлар құруға міндетті. Резервтік қорлар банктің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктің резервтік қорларының көлемін ҚР-ның ҰБ-кі белгілейді.

Банктер жүргізетін операциялар көлемі мен түрлеріне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар ҚР-ғы банктер туралы заңға сәйкес ҚР-ның ҰБ-кі бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті. Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңызды пруденциалдық нормалар 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық Банк басқармасының №213 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциалдық нормалар туралы ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: өзгерісі 30 қыркүйек 2005 жылы №358:

1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері

2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті

3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелділіктің ең жоғарғы мөлшері

4) өтімділік коэффициенті

5) ашық валюталық позиция лимиті

6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банктік инвестицияның ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

ІІ тақырып. Банк ісінің халықаралық стандарттары және бақылау бойынша Базель комитетінің принциптері.

2.1. Банк ісінің халықаралық стандарттарының мазмұнын қалыптастыру және оның қажеттілігі.

2.2. Базель комитетінің қорытынды шаралары және негіздері

2.3. СК толықтығына халықаралық талаптар

2.4. Базельдің ІІ мазмұны және қажеттілігі.


ІІІ тақырып. Банктік қадағалаудың әдістері мен принциптері.

3.1. Банктік қадағалаудың негізгі принциптері.

3.2. Банк операцияларының тәуекелділігі және оны басқару.

3.3. Нормалар мен ережелердің мазұны және жүзеге асырылуы.

3.4. Ішкі тексеру жүйесінің рөлі және банк ісі аудитінің рөлі.

3.5. Банктік бақылау әдістері.

CAMEL жүйесінің әр әрпі мынаны білдіреді:

С- бұл капитал жеткіліктілігі

Жүйе салымшыларды қорғау үшін банкінің қандай капиталы қолданылуы керек екендігін және оның көлемін анықтайды.

А- активтер мен бейбаланстық баптардың «қайтып келушілігі» дәрежесін анықтаушы активтер сапасы.

М-(менеджмент сапасы) басқару бұл жүйе жұмыс нәтижелері қалыптасқан саясат бақылаудың тереңдігі және заңдар мен нұсқамаларды сақтау негізінде банк менеджментінің сапасын бағалайды.

Е-түсімділік немесе пайдалылық, банктердің болашақ өсуі үшін пайдалылығын анықтайды.

L-өтімділік.

Жүйе әдеттегі және мүлдем кездейсоқ міндеттемелерді атқару үшін банк өтімділігінің жеткіліктілігін анықтайды.

Стандартты және күмәнді активтер мен зиян шегулерді жіктеу жүйесі тексерушіге CAMEL жүйесі шеңберінде барлық рейтингілердің активтерін анықтауға және кредиттеуден болған зияндарды жабу үшін резерв санын бөлуге мүмкіндік береді.

CAMEL рейтингтік жүйесінің менеджмент бөлігі менеджменттің банк қызметінің нәтижелерін бағалаудан басталады:

1) «тұрақты» :

өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық

бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары

2) «қанағаттанарлық»:

-Қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған жоқ);

-Қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде

-Қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.

3) «орташа»:

-Қызметтің нәтижелері қанағаттанарлықсыз

-Бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен

-Сапасы орташадан төмен.

4) «шекті»:

-Орындалуы орташа деңгейден төмен банктердің қызметіндегі кемшіліктерді болашақта банк қызметіне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр.

5) «қанағаттанарлықсыз»:

-Қызметтің нәтижелері сөзсіз нашар, мәселелері асқынған тез арада шаралар қолдануды талап етеді

-Егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкротқа ұшырау қаупі бар.

тақырып. ҚР-ғы қадағалау органдарының істері.

1.КР-ң Ұлттық банкінің банкілік реттеу және қадағалаудағы рөлі.

2.Қаржылық қадағалау мен реттеу агенттігінің мақсаттары мен қызметтері.

3.ҚР-ңың Ұлттық банкі мен қаржылық реттеу мен қадағалау агенттігінің басқару және реттеудегі үлесі.


2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР ЕДБ-рі қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚҚА-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі көрсетеді.

ҚР-ның Заңына сәйкес ҚР-нда Банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) банк ашуға рұқсат алу

2) әділет министрлігінде министрлік тіркеуден өту

3) банк операцияларын жүргізуге лицензия алу

Бірінші кезеңде банк ашушы рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) өтініш

2) құрылтайшылық шарт

3) банктің жарғысы

4) банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама

5) құрылтайшылар туралы мәліметтер

6) құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды

7) құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлға үшін).

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш 3 ай-6 ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады, ҚҚА банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.


Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалады. Жеке тұлғаның салымдары бойынша кепілді өтеудің соммасы 700 мыңнан 5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектеседі. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге  545 млрд. Теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 млрд. Теңге көлемінде бұрын соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық Кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде 1 ⁄3 –ге төмендетіліп, 20%-ды құрайды, ал 2011 жылы 15% болады. Қосымша құн салығы ставкасы 12%-ға дейін төмендетілді. Әлеумееттік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11% көлеміндегі бірыңғай сставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыру кәсіпорындар үшін салық преференциял

Құру шарттары мен нормаларының ЕДБ-ның ҚР-ғы ісі және өтімділігі.

.1.ЕДБ құрудағы шарттар мен талаптар.

.2. Банк ісін бағалау жүйесінің көрсеткіштері.

.3.ЕДБ ісін реттеу тәртібі мен бақылауы.

2) сыртқы қарыздардың артық деңгейін төмендету

3) өтімділікті қалыптастыру көздерінің диверсификациясы

Соңғы жылдары көпптеген активтердің бағасы қатты төмендеді-бағалы қағаздар арзандады, автомобиль, тұрғын үй және т.б. Егер банктік активтер мен банктік кепілдердің ағымдағы нарықтық құнмен қайта есептесе, онда 2008 ж. қорытындылары бойынша көптеген банктерге айтарлықтай көп шығындарды көрсетуге тура келеді және сәйкесінше, олармен резервтер құру.

Әлемдік қаржылық дағдарысқа дейін банктер құрылыс компанияларын белсенді несиелендірді, олар ол кезде тез өтелетін және жоғары табысты болып саналады. Содан кейін қаржылық дағдарысты ең бірінші болып сезінген де құрылыс саласы болды және қазір көптеген құрылыс компаниялары шығындарға ұшырады. Алматыда өткен жылы екінші нарықтағы баспана бағасы 37% (2639$-дан 1662$ 1 ш.м. үшін), Астанада 22% (2130$-н 1662$-ға) төмендеді.

Егер банктерді әділ құнды тәуекелді активтер есебімен өосымша провизиялар қалыптастыруға міндеттесе, онда бұл олардың қаржылық жағдайын нашарлауға және оның табыстылығы мен меншікті капиталдың төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, ҚҚА банктерді динамикалық резервтерді қалыптастыруға міндеттеуді жоспарлайды. Мұндай резервтер экономикалық құлдырау кезеңінде шығындарды табуға пайдаланылуы мүмкін деген болжам бар. Алайда өтімділік дефициті шартында көптеген банктер үшін жалпы банктік тәуекелдерге резервтер құруға қаражаттар бөлу айтарлықтай қиын немесе мүмкін емес. Қазір ірі банктер сыртқы қарыздарды өтеуден басқа өзінің корпоративті клиенттерін несиелендіру үшін де ақша қаражаттарын жабуы қажет.

Қаржыгерлер қосымша резервтердіқаржыландыруды қалыптастыру қажеттілігі несиелендіру көлеміне негативті (кері) әсер еететінін ескертеді.

Сонымен қатар, банктің өтімділігін жақсарту бойынша шаралар шегінде және қайта қаржыландыру тәуекелін төмендету шегінде сыртқы қарыздарды банктің жиынтықты міндеттемелеріне қатынасын Сонымен қатар, банктің өтімділігін жақсарту бойынша шаралар шегінде және қайта қаржыландыру тәуекелін төмендету шегінде сыртқы қарыздарды банктің жиынтықты міндеттемелеріне қатынасын 30% дейінгі жеткізу болжамдауға болатын. Аталған шара қолайлы кездерде арзан қаржыландыруды тарту үшін сыртқы нарыққа шыққан ірі банктерге байланысты қолданылады. Ірі банктерге мұндай талаптарға жақын болашақта жету қиынға соғады, себебі сыртқы қарыздар олардың міндеттемелерінің құрылымында жоғары үлеске ие болып табылады.

Қосымша өтімділікті қалыптастыру көздерін диверсификациялау мақсатында ҚҚА банктермен берілген несиелердің депозиттерге қатынасын 1,5 көп емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлайды. Бұл жағдайда реттеуші шара негізінен шағын банктерді қамтиды.

Шағын, әсіресе жақында жаңа құрылған банктерге сеніп тапсырады, ал заңды тұлғалар өздеріне қызмет көрсетуші банкті таңдап қойған. ҚҚА талаптарына сәйкес келу үшін ұсақ және жас банктерге басқа банктермен бірлесуге баруға тура келеді.

01.01.2009 ж. 10 отандықбанктердің несиелерінің депозиттерге қатынасы 1.5 асты.





Банк атауы

Несиелер

Млн. тг


Депозиттер,

Млн. тг


Несиелер/

депозиттер



1

АҚ «Заман Банк»

2000

65

30.99

2

АҚ «Казинкомбанк»

797

33

24.04

3

АҚ «Экспресс Банк»

1579

232

6.79

4

АҚ «Хоум Кредит Банк»

11996

2069

5.80

5

АҚ «Сеним Банк»

2405

710

3.39

6

АҚ «Мастербанк»

1777

659

2.70

7

АҚ «Данабанк»

1405

710

1.98

8

АҚ «ЖилСтройСберБанк»

30946

19714

1.54

9

АҚ «Эксимбанк Казахстана»

36378

23658

1.54

10

АҚ ДТ «ТАИБ Казахский Банк»

861

563

1.53

01.01.2009 жылы 9 қазақстандық банктердің өтелмеген облигациялық қарыздары болды.





Банк атауы

Еврооблиг.

бойынша


банктер

қарызы


(222шот)

Жиынтық

міндеттеме,

млрд. тг


Үлес %

1

Темірбанк

111

236

46.89

2

Альянс Банк

279

878

31.83

3

Казкоммерцбанк

651

2139

30.42

4

БТА Банк

706

2498

28.25

5

Народный банк Қазастана

302

1450

20.83

6

Банк Центр Кредит

146

850

17.17

7

Цесна Банк

17

124

13.71

8

Нурбанк

18

254

7.20

9

АТФ Банк

55

916

5.97

Рэнкинг 10-км крупнейших банков РК по доле кредитов в строительную отрасль в общей сумме кредитов на 01.01.2008 года





Банк атауы

Барлық

несиеелер



Құрылыс

Саласына


несиелер

Үлес (%)

1

БТА Банк

2517

822

32.67

2

Казкоммерцбанк

2366

712

30.09

3

Нурбанк

162

37

22.63

4

АТФ Банк

808

182

22.48

5

Евразийский Банк

119

24

20.04

6

Банк Центр Кредит

655

124

17.47

7

Народный Банк Казахстана

1097

188

17.14

8

Альянс Банк

819

125

15.28

9

Темірбанк

275

32

11.67

10

Kaspi bank

198

14

7.08

МКЕДБ көрсеткіштерінің жеткіліктігі.

1. МК жеткілігінің талаптары және көрсеткішті реттеудің керектігі.

2. МК есеп айырысу әдістері.

3. Жеткіліктілік коэффициентін бағалау және есептеу.
Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын

реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР-ң агенттігі.

ҚР-н реттеу мен қадағалау жөніндегі қаржы нарығы қаржы ұйым(ы) мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган б.т. Ол өз кезінде тәуелсіз тікелей президентке бағынады, с-ақ ҚР-ң президентті бекіткен ереже негізінде қызмет етеді қаржы агенттігі (ҚҚА) өз қызметтін 2004 ж 1желт. бастады міндеттері.

- қаржы қызметтің тұтынушылардың заңды құқықмен мүдделерін, бұзуға жол бермеу шараларын іске асыру;

- шынайы бәсекелестік қағидалары негізінде ұйымның тиісті түрің жұмыс істеуіне кең жағдай жасау;

- қаржы ұйымның қызметің реттейтін және қадағалайтын стандартты және әдістері б/ла деңгейін көтеру, қабылданған міндеттерін негізінде және толық орындауын қамтамасыз ететін шараларды қолдану.


Қызметтері

-қаржы ұйымның фирманың ашылуына өз еркімен қайта құрылуна және жабылуына рұқсат береді және қайтып алады.

- қаржы нарығында кәсібі қызмет отқаруға лицензия беуіне, о/ң тоқтатуын және қайтарып алудың тәртібін белгілі

- қаржың ұйышер жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиісті нормативтік актілерді зерттеу

- ҚР-ң , ҰБ-мен бірлесе отырып халық аралық стандартқа сай қаржылық есеп беру формасын солаяқ олардың тізбесімен қаржы ұйыммен оларды тапсыратын уақытын мерзімен белгілді

- қаржы ұйыммен жер етуің шектеулі әдісімен санкцияларын қолдануды анық осы агенттік қаржы ұйыммен, олардың қосымша тұлғаның аудиториялық қызметтін қарастыра отырып, инспекциялауды мынадай мақсатпен жүргізеді

1. қаржы ұйыммен қаржылық нағд/н

2.белгілеу тұлғаның анықтау басқару жүйе/н

3. қаржы қызметің көрсетумен қаржы құралдарын шығару жөніндегі өкілеттік берілмеген қызметі анық /мен ескеру жасау.

2009-2010 ж экономика және қаржылық жүйені тұрақ/у била қаржылық нарымен қаржылық ұйымды реттеу және бақылау бойынша ҚР-ң агентігі және ҚР-ң ҰБ ҚР-сы үкіметі-ң бірмескен іс-әр/ң жоспары.Ұкімет/ң мақсатына жету ү/н ҰБ және қаржылық басқару б/ша агенттігі келесі 5 бағыт б/ша мінезделеді:

1 қаржылық секторды тұрақтандыру

2 мүліктік нарығында проб/ды реттеу

3 шағын және орта бизнесті қолдау

4 агроөнеркжіптін комплексті дамыту

5 иновациялық инду/ң және инфроқур/қ шараларды іске асыру

Жоспарды қаржылық қаш/ң ету үшін

Банктік қадағалаудың қызметінің қажеттілігі мақсаты мінд/і, прину/і және негізгі бағыттары

Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымды мемлеттік ретінең және қадағалаудың мақ/ы:

- қаржы нарығы мен қаржы ұйымды қаржылық тұрақпен қамтамасыз ету және тұтастай қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау

- қаржы қызметі саласында тұт/ң қамтамасыз ету қаржы мүдделерін қорғаудаң лайықты дең/н қамтамасыз ету қаржы қызметімен тутынушы қаржы ұйыммен қызметін пайдаланатын және өз қаранат/н салатын жеке және заңды тұлға. Қаржы қызметті сақтандыру және банк жинақтаушы зейнет қор/на және өзге де қаржылық мекемелерге қатысушылардың қызметі

-Қаржы-кредит мекемелердің ара/ғы бәсекелестікке тең жағдай жасау
Қағидалары :

1) ресір мен реттеу тетіктерін тиімді п/у

2)қаржы ұйымдары мен қаржылық бақылау қызметімең ашықтығы

3)тәуекедерді ескеруге негізделген қаржылық опер/ды басқаруды ынталан/у

4) жаңа қаржы тетіктері мен қызметтің дамытуды қолдау солаяқ қаржы нар/да мүдде/н қорғау жөніндегі шарауы толықтыру

Міндеттері

1.Орт/қ б/\ң қаржы ұйым/ң қызметің стандарттарын қалып/у

2. Қаржы ұйымдары

3. Қаржылық нарығын тәуекелге неғұрылым бей/м салаларында қадағалау рес/н шоғырландыру

Жалпы б/к қадағалау әдістері жалпы б/к қад/у қажет/н мын/й себеп/н бөліп атауға б/ы

- б/к жүйесіне деген қоғам/қ сенімдігін қам/з ету сол а/ы б/ң салымшы/ң, несие беруші/ң және акционер/ң мүүд/н қорғау

- б/ң тұрақ/н қам/з ету мақіда алыуң б/тін заңдылықтарды және нормативтік актіверді бұзу жолдары/ң алдын алуға бағыт/н инспекциялық тексерулер жүргізу

- сырттай ( қашықтан) және іштей тексерулер негізінде б/ң басынан кешкен мәсем/н және о/ң себеп/н анықтап с-ақ қалпына келтіруге байл нақты шаралар және ұс/р жасау. ҚР-ғы ii дең/гі б/тің қызметің реттеу 2004 ж дейін ұ/қ б/ң б/к қадағалау департамент көмегімен ж асты. Қазіргі кезде 2003ж шілде айында қаб . ҚР-на сәйкес елімізде б/к қадірі жаңадан құрылған мемт өкілетті орган. Б/к қад/у бұл б/к қызметіндегі қандайда бір ауытқу/ды білу мақ/да бақ/ды сипат/ды

Б/тіп қад/ң басты міндет/ң бірі бұл б/ң қызметің реттеу/ң эко/қ тиімді жолмен жүргізуды қамтамасыз ету, яғни б/к сектор/ң сенімділігімен тұрақт/н қолдау, ал ол мінд/і шешуге б/ң қызметің қад/ң 2 нег/і әдісін тиімді қолдану мәселе/н көтерді ол бірнеше механ/нен тұрады

Қашықтан қад/у әд/і бұл б/ң қад/у орган/на мәліметтер беру түрінде жүргізілетін предунциалдық қадщ әд/і қашықтан қад/ң бөлімдері

1.ақпараттық беру базасы

2. қаржылық талдау

3.салыстырмалы топтың талдау соның ішінде қаржылық

- қап/ды тал/ды

- өтімділікті тамды

- ак/н сапасын т/ды

- таб мен шығын/ды т/ды

Қаржылық тал/ң шақ/ы енді пайда б/т келе жатқан мәселе/ді қаржылық тұрақ/ты ұшыруға дейін айқындау

Мұндай мәселді қаржылық есеп беруінен ж/е осы мәселеге қатты басқада ақпарат/дан ( басқару сапасы тур/ы , сыртқы аудит/ң сапа/мен аудиториялардың есеп беруі/ң мазмұны тур/ы ақпарат/р алынатын қаржылық ақ/ды т/ды жас/мен іске асады

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мына міндет/ді

Несие ресурстарын бақылау көлемі мен реттеу әдістері.

1. Мини.малды Резервтік Талаптар және оның ЕДБ несие ресурстарын реттеудегі рөлі.

2. Депозитті сақтандыру ережелері.

3. Сыртқы заимдарды реттеу нормалары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет