«6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақ тілі)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған арнайы пән бағдарламасы



Дата17.06.2016
өлшемі83.22 Kb.
#142385
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақ тілі)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған арнайы пән

бағдарламасы

Астана-2014



Бағдарламаның мақсаты – қазіргі қазақ тілі пәні бойынша білім деңгейін тексеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:

– қазіргі қазақ тілі бойынша қарастырылуға тиісті тақырыптар, олардың теориялық және практикалық маңызы, көрініс табу жолдары, зерттеу тәсілдері, тіл білімінің салалары жөнінде өзіндік көзқарасы, пікірлерінің болуы;

- қазақ тіл біліміндегі негізгі ұғымдарды, оның тіл білімі салаларындағы қажеттілігін, пайда болу себептерін, зерттеу нысандарын, қарастыратын мәселелерін, қазіргі өзекті тілдік мәселелерді оқып-үйренудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін практикалық тапсырмалар арқылы танудың мүмкіндіктерін білуі қажет;

– тіл білімінің салаларына қатысты терминдер мен ұғымдардың мәнін терең түсіну, әдеби норма, оның тіл мәдениетін арттырудағы мәнін білу, қазақ тілінің сөздік құрамының даму сипатын, өзіндік ерекшеліктерін, мазмұнын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгеруі;

– қазақ тілінің грамматикалық жүйесін теориялық тұрғыдан ғылыми зерттеудің мақсат-міндеттерін, зерттеу нысаны мен басты қағидаларын, ұстанымдарын тіл білімінің басқа салаларының мақсат-мүддесінен ажырата білу.

Бағдарламаның мазмұны.

Лексикология. Семасиология. Сөз және мағына. Сөз мағыналарының түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөздің негізгі және туынды мағыналары. Тура және ауыспалы мағыналары, нақты және дерексіз мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары, узуальды және окказионалды мағыналары.

Сөздің көпмағыналылығы, олардың пайда болу жолдары. Қазақ тіл білімінде сөз мағыналарының зерттелуі. Лексикалық омонимдер. Лексикалық антонимдер. Пайда болу жолдары. Түрлері. Лексикалық табу және эвфемизмдер, олардың пайда болу жолдары.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы. Шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құрамда алатын орны. Сөздік құрамның тарихи арналары. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып, даму арналары. Сөздік құрамының қолданылу сипатына қарай бөлінетін түрлері. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.

Фразеология. Ерекшеліктері. Түрлері. Зерттелу жайы.

Лексикография. Қалыптасуы мен дамуы. Этимология. Негізгі объектісі, зерттеу әдістері. Ерекшеліктері мен қағидаттары. Зерттелу жайы.

Фонетика. Дыбыс туралы түсінік. Дыбыс. Әріп. Фонема. Фонема жөніндегі көзқарастар. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері. Дауысты дыбыстар саны, сапасы, құрамы. Дауыссыз дыбыстар саны, сапасы, құрамы. Буын. Ерекшелігі. Буын жөніндегі көзқарастар. Түрлері. Екпін. Түрлері.

Дыбыстардың өзгерістері. Игерулі. Игерусіз. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Бейімдестік заңы. Бейүндестік заңы. Ұқсастық заңы.

Графика. Орфография. Орфографиядағы қиындықтар. Орфографияның негізгі қағидаттары, ережелері. Орфоэпия.

Морфонология. Зерттеу нысаны. Басқа салалармен байланысы. Сөздерді ықшамдау амалдары. Ұлғаю амалдары.

Сөзжасам. Зерттеу нысаны. Тіл білімі салаларымен байланысы. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер. Олардың пайда болуы. Туынды түбірлер. Күрделі сөздер. Сөзжасамдық бірліктер, олардың мағына жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамы.

Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық тарам. Сөзжасамдық жұп.



Морфология. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым.

Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшалардың мағыналық жақтан ерекшеленуі.

Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі. Сөзформаға тән белгілер. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.

Сөздің морфологиялық құрылымы. Морфемалардың түрлері. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары. Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары.

Қосымшалар (аффикстер). Қосымшалардың түрлері: жұрнақтар және жалғаулар. Қосымшалардың пайда болу, даму жолдары туралы.

Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері.

Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер.

Күрделі сөздер – лексика- грамматикалық единицалар. Негізгі белгілері: семантакалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар.

Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы.

Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай атауыш, көмекші, одағай сөздер деп топтастыру. Сөздерді топтастыруда олардың мағыналық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері мен синтаксистік белгілері қызметтері ескерілетіні. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену, адъективтену, пронаминалдану, адвербиалдану, вербалдану. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары, олардың зерттелуі, қиындықтары.

Зат есім, зерттелуі.

Көмекші сөздер, лексика-грамматикалық сипаты.

Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері.

Сан есім, зерттелуі жайында. Лексика- грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары.

Есімдіктердің зерттелу тарихы. Есімдіктердің сипаттары, басты белгілері. Оның басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары.

Етістік. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты.

Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық құрылысы мен құрамы.

Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары.

Одағайлар, зерттелуі, оларға тән ерекшеліктер.

Көмекші сөздер. Олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі.

Шылаулар, зерттелу тарихы, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы.



Синтаксис. Сөз тіркесі. Зерттелуі. Белгілері. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. Есімді тіркестер. Етістікті сөз тіркестері.

Жай сөйлем синтаксисі. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары. Дара. Күрделі. Үйірлі. Ажырату жолдары. Белгілері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Бірыңғай мүшелер. Үйірлі мүше. Оқшау сөздер. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Жай сөйлемнің түрлері. Айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты.

Жай сөйлемнің құрылымдық типтері. Жақты сөйлемнің сипаттамасы. Жасалуы. Жақсыз сөйлем. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем. Құрылымы.

Құрмалас сөйлем жүйесін оқудың мақсаты, мазмұны. Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі орны.

Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың түр-түрге топтасу принцибі. Жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдердің нақты танытатын белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу амалдары. Түрлері.

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, түрлері. Зерттелуі.

Мәтін синтаксисі. Ерекшелігі. Зерттеу нысаны.

Пайдаланылатын әдебиет
1.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.-Алматы, 1988

2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. –Алматы, 1972

3.Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. –Алматы, 1995

4.Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. –Алматы, 1975

5.Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. –Алматы, 1997

6. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы, 1983

7.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992

8.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1961

9.Балақаев М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1997

10. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. –Астана, 2005

11.Бейсенбаева К. Қазақ тілі фонетикасы.-Алматы, 1973

12.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. –Алматы, 1979

13.Дүйсебаева М. Қазақ әдеби орфоэпиясынын кейбір мәселелері.-Алматы, 1973.

14.Досмұхамедұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. //Аламан.-Алматы, 1991

15.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 1966, 1991

16.Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке.-Алматы, 1987

17.Жүнісбеков А. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық моделі.-Алматы, 2005

18. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –Алматы, 1998

19.Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика.-Алматы, 1975

20.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 1989

21.Қазақ тілінің орфографиялық создігі.-Алматы, 1988

22.Қазіргі қазақ тілі.-Алматы, 1954

23.Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1967 (І,ІІ том)

24.Қазақ грамматикасы.- Алматы, 2002

25.Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы.-Алматы, 1984

26. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы. –Алматы, 2006

27. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. –Алматы, 1991

28.Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі. –Алматы, 1986

29. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. –Алматы, 1966

30.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.-Алматы, 1993

31.Мадина Ғ, Әбілқаев А, Оралбаева Н. Қазақ тілі.-Алматы, 1993

32.Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі.-Алматы, 1985

33.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –Алматы, 1994

34. Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1945

35.Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. –Алматы, 1991

36.Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. –Алматы, 1981

37. Серғалиев М.Синтаксис және стилистика. –Алматы, 1998

38.Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы жөне пунктуациясы жайында анықтағыш.-Алматы, 1974

39.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы.-Астана, 2000

40.Фонетика казахского языка.-Алматы, 1969

41.Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы.-Алматы, 1995

42.Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері.-Алматы, 1965

43.Базарбаева 3. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі.-Алматы, 1996

44.Дүйсебаева М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі,- Алматы, 1981

45.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары.- Алматы, 1987

46.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы, 1982

47.Сыздықова Р. Сөз сазы / сөзді дұрыс айту нормалары/.- Алматы, 1983

48.Серғалиев М., Айғабылов А., Құлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі.-Алматы, 1991.

49. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1987.

50.Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.-Алматы, 1991



51. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет