6M020100 – «ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсат-міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: магистратураға түсушілердің әлеуметтік философияның негізгі теориялық мәселелері, қазақ және қазіргі заман философиясының ерекшеліктері туралы білімдерін айқындау, философияны оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау.
Міндеттері:
философияның мәні туралы білімді меңгеру деңгейін анықтау;
қазақ философиясы, оның тарихи даму кезеңдері мен философиялық ілімдердің негізгі өкілдері жайында білім деңгейін айқындау;
әлеуметтік философияның іргелі ұғымдары мен принциптері, қоғам, адам мен табиғатты зерттеуде дүниетанымдық аспектілері мен методологиялық әдістерін білу деңгейін айшықтау.
кредиттік жүйе бойынша оқу жағдайында философияны оқыту методикасын игеру деңгейін нақтылау.
заманауи философияның негізгі бағыттары мен мәселелері туралы білім деңгейін бағалау.
түсушілердің ақиқатты сыни зерделеу деңгейңн айқындау.
Қабылдау емтиханының формасы аралас − жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан сұрақтарына берілген өзінің жауаптарын жауап парақтарына жазады, апелляция жағдайында жауап парағындағы жазбалар негізге алынады.
2. «6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
«6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлер келесі біліктіліктерге ие болуы тиіс:
философияның генезисін, ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін, тарихи-философиялық білімнің даму кезеңдері мен маңызды салаларын, негізгі философиялық ғылыми мектептерді, бағыттар мен концепцияларды білу;
философия тарихы, қазақ философиясының тарихы, әлеуметтік философия, әлеуметтік антропология мен эпистемология, тұлға философиясы салаларын жетік білу; заманауи құқық және саясат философиясының, тарих философиясы, тіл және сана философиясы салаларының негізгі концепцияларын меңгеру;
адам мен қоғам табиғатын тануда социогуманитарлық әдістемені, философиялық пәндерді білім беру мекемелерінде оқыту әдісін білу және оны педагогикалық практикада қолдана білу;
заманауи ақпараттық технологиялар негізінде философия саласында зерттеу жүргізу мен ұйымдастырудың әдістерін игеру;
әріптестер және студенттермен араласу этикасы мен психологиясына ие болу;
өз бетінше білімін жетілдіруге және өз бетінше оқуға бейім болу, әрдайым кәсіби біліктілігін жетілдіруге ұмтылу, білім және ғылым саласында жұмыс істеу;
әлеуметтік жағдайларды жетілдіруді жасай алу қабілетінің болуы және жанжалдарды күшкөрсетпеу жолымен шешу, әлемдік мәдениет принципі негізінде өмір сүруге ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: |