А-021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БИЗНЕС-ЖОСПАРЫНЫҢ (ТЭН)
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
Бизнес жоспардың мазмұны:
1. Жалпы деректер мен шарттар
2. Коммерциялық тарау
3. Техникалық тарау және жоба бойынша сатып алу
4. Экологиялық тарау
5. Институционалды тарау
6. Қаржылық тарау
7. Әлеуметтік-экономикалық тарау
8. Жобалық тәуекелдер
9. Тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар
Әзірленді:
кіммен: ____________________________
компанияның атауы: ____________________________
бөлім, лауазымы: ____________________________
күні: ____________________________
қолы: ____________________________
1. Жалпы деректер мен шарттар
1.1 Жобаның мақсаттары мен мәні -
Жобаның мақсаты мен салалық тиістілігі;
-
өнімдердің/қызметтердің номенклатурасы (натуралды түрде);
-
қаржыландырудың сұралатын шарттары.
1.2 Жобаның операторы туралы ақпарат -
заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, тіркелуі;
-
кәсіпорынның құрылтайшылары және басшылығы туралы ақпарат (білімі мен тәжірибесі);
-
Операторлар тобының негізгі/ жүйе құраушы компаниялардың қысқаша сипаттамасы, топтағы өзара әрекет, ақшалай түсімді, активтерді қалыптастырудағы тәуелділік және рөлі. Топ компанияларының графикалық құрылымы, қызметкерлер саны.
-
Операторға қаржылық талдау.
-
Ерекше акцент және баптар бойынша түсіндіру: активтер, капитал, міндеттемелер, ақшалай түсім, операциялық табыс, таза табыс.
-
Кәсіпорынға қысқаша сипаттама;
-
рейтингтердің болуы (Moody`S. S&P. Fitch, өзге де рейтингтік агенттіктер)
-
Жобаны іске асыратын Жобалық компанияны қаржылық қолдау бойынша Оператордың қабілетін бағалау.
1.3 Жобаның басқа қатысушылары -
Жобаның әрбір қатысушысы бойынша кесте түрінде (инвестор, жабдықты жеткізуші, мердігерлік ұйымдар, кеңес беруші, шикізаттың негізгі түрлерінің жеткізушісі, өнімді/қызметтерді негізгі сатып алушылар (тұтынушылар), қаржыландырылатын ұйымдар, бас мердігер):
-
Заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, тіркелуі;
-
Кәсіпорынның құрылтайшылары мен басшылығы туралы ақпарат (білімі және тәжірибесі);
-
Операторлар тобының негізгі/ жүйе құраушы компаниялардың қысқаша сипаттамасы, топтағы өзара әрекет, ақшалай түсімді, активтерді қалыптастырудағы тәуелділік және рөлі. Топ компанияларының графикалық құрылымы, қызметкерлер саны.
-
Кәсіпорынға қысқаша сипаттама;
-
Қаржылық деректер: активтер, капитал, міндеттемелер, ақшалай түсім, операциялық табыс, таза табыс, қызметкерлер саны;
-
рейтингтердің болуы (Moody`S. S&P. Fitch, өзге де рейтингтік агенттіктер);
-
жоба бойынша қабылданған міндеттемелерді толық көлемде орындауға қатысушының қабілетін бағалау.
1.4 Жобаны мемлекеттік қолдау -
Үкіметтің қабылданған қаулылары;
-
Мемлекеттік, өңірлік және салалық даму бағдарламаларына сәйкес келуі;
-
Басымды жобалардың индикативті республикалық және жергілікті тізбелерінде болуы және т.б.;
-
Мемлекет тарапынан қолдау.
1.5 Қаржылық жобаның құны, құрылымы және көздері -
Жоба бойынша жергілікті және шетел валютасында инвестициялық шығындардың сметасы (ЖСҚ, ҚМЖ, жабдық, тасымалдау, кеден ресімдеуімен, сертификациялаумен және сақтаумен байланысты шығыстар, айналым капиталы және т.б.);
-
Жобаны қаржыландырудың құрылымы мен көздері (қарыздық/жеке меншік қаражаттары).
2. Коммерциялық бөлім
2.1 Өнім нарығын зерттеу -
Өнімнің/қызметтердің номенклатурасы, сипаттамалары;
-
Өнімге бар сұранысты бағалау (негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемдері, баға/сапаның ара қатынасы;
-
Нарықтағы бар ұсынысты бағалау (негізгі өндірушілер/бәсекелестер, өндірістің көлемі, сапасы, бағасы, нарық үлесі);
-
Ұсыныстың, бәсекелестің деңгейінен күтілетін өзгеру;
-
Шығарылатын өнімге (қызметтерге) баға деңгейінің күтілетін өзгерістері;
-
Өнімді (қызметтерді) өткізу нарығынан шығу бойынша бар және күтілетін кедендік, салықтық және т.б. ішкі кедергілер;
-
Нарықта тәжірибеге алынатын шарттар және жеткізу, өнімге төлеу мерзімдері.
2.2 Маркетингтік стратегия -
Жобаның осал және күшті жақтарына стратегиялық талдау, жобаның мүмкіндіктері мен әлеуетті қауіпін бағалау;
-
Жобаның стратегиялық мақсаттарын анықтау;
-
Жоба стратегиясының графикалық аспектісін анықтау;
-
маркетингтік стратегияны таңдау (шығындар бойынша көшбасшылық, нарық тауашасындағы күш салудың дифференциациясы және концентрация, өнімдік топты диверсификациялау және жаңа өнімдерді әзірлеу және т.б.);
-
мақсатты нарықтың анықтамасын қоса алғанда, өнімді жайғастыру, өнімнің өмірлік циклын жоспарлау, бәсекелес күресінің тактикасын әзірлеу.
2.3 Өнімді (қызметтерді) өткізу бойынша маркетингтік іс-шаралар -
өнімдік жинақтың ассортиментін анықтауды, өнім сапасына қойылатын талаптарды, өнімнің дизайны мен орамасына қойылатын талаптарды, ілеспелі қызметтерге қойылатын талаптарды, техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды қоса алғанда, өніммен басқару;
-
өнімге бағаны қалыптастыруды, жеңілдіктер жүйесі мен төлем шарттарын әзірлеуді қосқанда, бағамен басқару;
-
жарнамалық және PR іс-шараларды, сатуды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды, сауда маркасына қатысты саясатты, жобаны іске асырудың әрбір жылына маркетингтік іс-шараларға бюджетті анықтауды қосқанда, сүйемелдеумен басқару;
-
өткізу жүйесін әзірлеуді (көтерме сауда желілері, бөлшектеп сату сауда желілері, тұра сатылымдар), өткізу желісінің тығыздығын анықтауды, сауда қорын анықтауды, көлікті жоспарлауды қоса алғанда, өткізумен басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |