А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет113/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Терең мойын аргериясы(а.cervicalis profunda) бүғанаасты артериядан жеке 
немесе басқа артериялармен бірге бөлініп, көкірек қуысынан бірінші 
қабырғадан кейін (күйіс қайтаратын жануарларда бірінші қабырғаның алдыңғы 
жағымен) шығып, мойынның дорсальды бұлшық еттерінде тарамдалады. Оның 
соңғы тармақтары омыртқалық және шүйде артерияларымен жалғасып кетеді. 
Дорсальды жауырын артериясы(a.scapularis dorsalis) жылқы мен шошқада 
2-қабырғадан кейін, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен итте 1-қабырғаның 
алдыңғы жағымен шығып, жоғары бағытталады да, дененің екі жауырын 
аралығындағы шоқтық аумағының бұлшық еттерінде таралып, оларды артерия 
қанымен қамтамасыз етеді. 


177 
52 - сурет. Ірі қара малдың тамырлар жүйесі. 
 
Ерекшеліктері. Жылқыда омыртқалық артерия бұғанаасты артериясынан 
үшінші болып ажырайды. Ол шүйде және терең мойын артерияларымен 
жалғасып жатады.Күйіс қайтаратын жануарларда омыртқалық артерия мойын 
аумағының дорсальды бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар 
үшін, олардың негізгі артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-мойын 
бағаны (truncus vertebrо-cervicalis) — деп аталады. Бұл артериядан білік 
омыртқа 
(екінші) 
мен 
үшінші 
мойын 
омыртқалардыңаралығында, 
айдаршықартериясымен жалғасатын артерия тармағы бөлінеді.
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Кіші қан айналымның қандай қан тамырларын білесіндер? 
2 Аорта қалай тармақталады? 
3 Аортаның латеральды және висцеральды тамырларын атап беріңіз.
 
 
 
17.2 Бас артериясы 
Сабақтың мақсаты: Бас артериясын игеру 
Жалпы ұйқы артериясы(общая сонная артерия) —a. carotis communis — 
жануарлар денесінің бас аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі 
магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясы иық-басартериясынан 


178 
ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен басқа қарай 
бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі. Жалпы 
ұйқы артериясын сыртқы жағынан иық-бас бұлшық еті жауып жатады. Иық-бас 
және төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық саймен, жалпы 
ұйқы артериясынан беткей жатқан сыртқы күретамыр (мойындырықтық) 
венасы — v.jugularis externa, ал жалпы ұйқы артериясының жоғарғы жағымен 
кезеген және симпатикалық жүйкелердің жалпы бағанының мойын бөлігі мен 
ішкі күретамыр (мойындырықтық) венасы — v.jugularis іnterna— өтеді. Мойын 
аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясынан төменірек көмекейдің 
қайтарма жүйкесі жатады. 
Ерекшеліктері. Итте оң және сол жалпы ұйқы артериялары иық-бас 
артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқа жануарларда олар ұйқы 
артериясының бағаны болып, бірге басталады да, соңынан екіге: оң және сол 
жалпы ұйқы артерияларына ажырайды. Аталған артериялар мойынның оң және 
сол жақтарымен басқа қарай бағытталады.Жылқыда ұйқы артериясының 
бағаны иық-бас артериясынан дорсальды жауырын артериясы, терең мойын 
артериясы және омыртқалық артерия жеке дара ажырағаннан кейін ғана 
бөлінеді (сурет 53). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет