А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Бақай сүйектерінің буындары.Тұсамыс буыны -



Pdf көрінісі
бет33/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақай сүйектерінің буындары.Тұсамыс буыны - articulatio phalangis primae– 
қарапайым, бірбілікті буын. Ол алдыңғы жіліншіктің дистальды бөлігі мен 
тұсамыс сүйектің проксимальды ұшын байланыстырып тұрады. Буында буын 
қапшығы мен буын байламдары да болады. Буын қапшығы - capsula articularis: 
латеральды бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale laterale, медиальды 
бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale midiale. Саусақ аралық бүйірлі 
байламдары ligamenta collateralia interdigitalе.Тиек сүйектердің байламдары -
ligamenta sesamoidea.
Топай буыны -articulatio phalangis secundae – тұсамыс және топай сүйектерінің 
байланысуы нәтижесінде түзілген, қарапайым, бірбілікті буын. Буын қапшығы 
мен бүйір байламдарынан басқа төрт пальмарлық байламадры болады. 
Тұяқ буыны - articulatio phalangis tertiae – қарапайым бір білікті буын. 
Буындасушы топай мен тұяқ сүйектері. Бұл буында буын қапшығы мен бүйір 
байламдары болады.
Ерекшеліктері:Жылқы мен сиырлардың кеуде ұшының буыны бір-бірімен 
ұқсас. Шошқаларда иық, шынтақ және тізе буындары сиырдың құрылысымен 
ұқсас, ал тұсамыс буыны төртеу. Төртеуі де төрт қапшығымен және сегіз 
бүйірлі байламымен.
 Бақылау сұрақтары: 
1 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, бір білікті буынға 
сипаттама беру.


53 
2 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, көп білікті буынға 
сипаттама беру.
3 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының күрделі, бір білікті буынға 
сипаттама беру. 
4 Тұяқ буынының ерекшеліктері 
 
 
 5.2 Артқы аяқ сүйектерінің байланысы 
 
Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың артқы аяқ қаңқасында буынды 
байланыстарын сипаттау. 
Артқы аяқ қаңқасындағы байланыс: құйымшақ-мықын буыны, жамбас-ортан 
жілік буыны, тобық буыны және тілерсек буыны (тұсамыс, топай және тұяқ 
буындары) (сурет 25). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет