А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет121/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

артериясына(a. bronchialis) ажырайды. Өңеш артериясы өңешті, ал бронх 
артериясы өкпенің ұлпаларын артерия қанымен қамтамасыз етеді. 
Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) — aorta abdominalis- диафрагмадан 
кейінгі қолқаның жалғасы. Құрсақ қолқасы омыртқа бағанының төменгі 
бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады. 
Диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек қуысынан құрсақ 
қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: 
құрсақ қуысы қабырғасына париетальды артерия тармақтары, ал құрсақ 
қуысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақтары бөлінеді. 
Каудальды диафрагма артериясы (каудальная диафрагмальная артерия) 
— a. phrenicae caudales — құрсақ қолқасынан көкеттің (диафрагманың) қолқа 
тесігі маңайынан бөлінетін жұп қан тамыры. Каудальды диафрагма артериясы 
диафрагманың оң және сол аяқшаларын тамырландырып, өзінен бүйрекүсті 
безін қоректендіретін бүйрекүсті безінің краниальды артерияларын бөледі. 


188 
Ерекшеліктері.Жылқыда каудальды диафрагма артериясы болмайды.Күйіс 
қайтаратын жануарлардажәне шошқадакаудальды диафрагма артериясы көбіне 
іш 
артериясынан 
бөлінеді.Иттекаудальды 
диафрагма 
артериясы 
іш 
артериясымен бірігіп, құрсақ қолқасынан жалпы артерия бағаны ретінде 
ажырайды да, содан кейін, іш артериясынан бөлінеді. 
Бел артериялары (поясничные артерии) — аа. lumbales — құрсақ 
қолқасының жоғарғы жағынан, жануарлардың бел омыртқаларының санына 
сәйкес 5-7 жұп болып бөлінеді. Бел артерияларының соңғы жұбы құрсақ 
қолқасынан артқы аяқтарға сыртқы мықын артериялары бөлінгеннен кейін 
ажырайды. Омыртқалық және қабырға аралық артериялар сияқты дорсальды
жұлындық және вентральды артерия тармақтарына тарамдалады. 1) дорсальды 
тармақтар (ramus dorsalis) дененің бел аумағының жазғыш (дорсальды) бұлшық 
еттерін, 2) жұлындық тармақтар (ramus spinalis) — жұлын қабықтарын, ал 3) 
вентральды тармақтар (ramus ventralis) белдің вентральды бұлшық еттерін 
тамырландырады. 
Ерекшеліктері.Жылқыда вентральды артерия тармақтары құрсақ бұлшық 
еттерін де тамырландырады.Күйіс қайтаратын жануарлардабел артерияларынан 
бүйрек үсті безі мен көкетке қосымша артерия тармақтары ажырайды.Шошқада 
көкетке артерия тармағы бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет