68
ІІ.2. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
ЖҤЙЕСІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕР ЖІКТЕМЕСІ
1.Әдіс-тәсілдер, олардың түрлері, қалыптасу жолдары.
2.Отандық әдіскерлердің тиімді әдіс-тәсілдері, әдістерді жіктеудегі
кӛзқарастары.
3.Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі.
4.Әдіс-тәсілдердің әдебиет пәнін оқытуда тиімді пайдалану.
Әдіс-тәсілдер, олардың түрлері, қалыптасу жолдары. Оқу үдерісі —
ӛте күрделі құбылыс. Мектепте білім берумен қатар оқыта отырып тәрбие-
леу, оқушы санасының күнбе-күн жаңа біліммен жетіліп жаһандану үдерісіне
еркін араласатындай дамып отыруына күш салу, оқыта отырып ӛзіндік
кӛзқарасын қалыптастыру, жан дүниесінің толығып, баюына, адамгершілік
қасиеттер мен игі ұстанымдарға жол басшы
болатын негіздердің қалыпта-
суына, сезімі мен мәдениетін кӛтеріп, адамгершілік ұғымдарын кеңейтуге,
бәсекеге қабілетті жан-жақты, толық адам етуге күш салу, сол арқылы жеке
тұлға қалыптастыру кӛзделеді. Кез-келген ортада әртүрлі жағдаяттарда ӛзінің
құзіреттілігін таныта алатын жеке тұлға қалыптастыру, алған білім мен
дағды, машықты ӛмірдің әр кезеңдерінде тиімді қолдана алатын, ӛзін жан-
жақтылыққа бағыттай алатын тұлға тәрбиелеу міндеттері жүктеліп отыр.
Осындай мұғалімнің таяу уақыттағы және түбегейлі мақсаты оқу үдерісінде
жүзеге асырылады.
Оқу үдерісі тікелей әдістер жүйесінің қатысуымен жүргізіледі. Әдіс
(метод) деп грек тілінде адамның практикалық әрекеттерін және ӛмірді тани
білу амалдары мен тәсілдерін атаған. Дүние тануда адам әрекеттерінің
түрлеріне қарай әрқайсысының ӛздеріне тән әдістері болады.
Ғылыми-
зерттеу жұмысының әдіс болатыны сияқты оқытудың да ӛздеріне тән әдісі
болуы заңды. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен
қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың материалды қабылдау жолдарын
айтады. Әдіс оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты құрылады.
Оның ӛзгеруіне қарай әдіс те түрленіп отыруы қажет. Оқыту әдісі баланың
жас ерекшелігіне қарай құрылуы, тӛменгі сынып пен жоғары сынып
оқушыларына қолданылатын әдістердің елеулі
айырмашылығы болатыны
белгілі. Әр пәнге қолданылатын әдіс әртүрлі болып келеді. Мәселен қазақ,
орыс, шет тілі сабақтарында жаттығу әдісі кӛбірек қолданылса, химия,
физика сияқты пәндерде кӛбіне лабораториялық әдіс басым келіп отырады.
Оқыту әдісін тәсілмен шатастыруға болмайды. Оқыту тәсілдері оқу
әдістерінің кейбір элементтері, нәтижеге жетудің жолдары ғана болып
табылады. Мысалы сӛздік әдіспен жанама толып жатқан тәсілдер жүзеге
асырылады. Әдеби айтыс тудыратын сұрақтар
оқушы белсенділігін тудыра-
тын тәсіл түрлеріне жатады.
Адам қоғамының даму тарихында оқу әдістері үнемі ӛзгеріп, жаңарып,
дамып отырған. Орта ғасырдағы мектептерден бері қарай әдіс үнемі жетілу
үстінде болды. Орта ғасырдағы мектептерде оқыту догмалық сипатта болды
да, негізгі әдіс жаттауға бағытталды.
69
Я.А.Коменскийдің орта ғасырлық догмалық жаттау әдісіне сын
тұрғысынан келіп, оқушылардың материалды саналы түрде түсініп
қабылдауын ұсынды. Я.А.Коменскийдің осы педагогикалық талабына сай
ХҮІІІ және ХІХ ғасырларда оқытудың кӛрнекілік әдісі дамыды. Ал бертін
келе ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқытудың лаборато-
риялық әдісі қолданыла бастады.
Академик Ю.Н.Бабанский «Оқу-тәрбие процестерін оптималдандыру»
деген еңбегінде әдісті үшке топтап кӛрсеткен
1
:
1.Оқушылардың оқу таным қызметін
ұйымдастыру әдістері;
2.Оқушылардың оқу-таным қызметін кӛтермелеу әдістері;
3.Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Ю.Н.Бабанскийдің кӛрсетіп отырған әдістер топтамасының ішіне
бірнеше әдістерді жинақтауға болады. Мысалы, оқушылардың оқу–таным
қызметін ұйымдастыру әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу т.б. жатқызуға
болады. Оқушылардың оқу-таным қызметін кӛтермелеу әдістеріне кӛрнекі-
лік әдістерді жатқызуға болады. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау
әдістеріне практикалық әдістер енеді.
Бүгінгі педагогикада танымал оқыту әдістерін түр жағынан топтас-
тыруға болады. Бүгінгі күнге дейін оқыту әдістерін топтастыруда жан-жақты
пікір бар. Дегенмен солардың кӛбі әдістерді үш топқа жіктеуді ұсынады.
Олар:
1.Ауызша оқыту әдістері.
2.Кӛрнекі оқыту әдістері.
3.Практикалық оқыту әдістері.
Бұлар бір-бірімен ӛзара тығыз байланысты. Мысалы,
ауызша оқыту
әдісі кӛрнекі оқыту әдісінің элементтерімен ӛтеді, ал практика оқыту әдісіне
ауызша оқыту мен кӛрнекі оқыту әдістерінің ең негізгі амал-тәсілдері кең
түрде пайдаланылады.
Ауызша, кӛрнекі және практикалық оқыту әдістері мұғалімнің оқыту
материалдарын зерттеу тәсіліне қарай бірнеше түрге бӛлінеді:
Ауызша оқыту әдісі әңгіме, түсіндіру, баяндау, лекция, сұрақ-жауап
түрінде құрылады.
Кӛрнекі оқыту әдісіне демонстрациялау,
саяхат және дыбысты
кӛрнекілік жатады.
Практикалық оқыту әдістері жаттығу, бақылау, лабораториялық және
кітаппен жұмыс істеу әдістерінен тұрады.
Оқыту әдістерін «педагогикалық энциклопедияда» түсіндіруі бойынша
— оқушының білім, білігін, ӛмірге деген кӛзқарасын, қабілетін дамытатын
оқушы мен мұғалімнің жұмыс амалы деуге болады. Аталған анықтамадан
оқытудың (тәрбиелік оқытудың) ұстанымы, білім мазмұны мен жүйесі,
мұғалім мен оқушы қызметі, әсіресе мұғалімнің жетекшілік рӛлі
айқын
аңғарылады.
1
Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения : общедидактический аспект / –
М., Педагогика, 1977. – 256 с.
70
Қай сабаққа қандай әдіс–тәсіл жетекшілік ететінін сол сабақтың ішкі
мазмұны мен табиғаты ғана айқындай алады. Әдіс-тәсілді сабақтың ішкі
мазмұнына лайықты ғана ірктеуге болатынын әдіскер ғалымдардың барлығы
дерлік қуаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: