«Бекітемін»
Директордың әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
А.Б.Жунисов _________
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім
|
ІІІ Бөлім. Ғасырлық туынды
|
Пәні:
|
Қазақ әдебиеті
|
Педагогтің аты-жөні
|
Еркебаева Г.Е.
|
Күні:
|
11.05.2023 жыл
|
Тобы: А-9-22-1
|
Қатысушылар саны:20
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
М.Әуезов. «Абай жолы» роман- эпопея. 2-кітап
«Тайғақта», «Жайлауда» «Еңісте», «Оқапта», «Асуда», «Тарауда», «Биікте»
|
Сабақ мақсаттары
|
- Роман-эпопеядағы басты кейіпкер Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып , Абай тұлғасын ашу;
- Әр тараудағы оқиға желісіне шолу жасай отырып, студенттердің сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу;
- Студенттің ата-анаға, туған-туысқа, жақындарына деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийлері
|
Ой қорыту
Ойын жеткізе білу
Сөз дәлдігін, тіл тазалығын сақтау
Мазмұнды жүйелеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақ
тың басы
5 минут
20 -25минут
Сабақтың ортасы35минут
15 минут
5 минут
2 минут
3 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Студеннттермен амандасу, түгелдеу.
Кіріспе сөз. – Біз сіздермен өткен сабағымызда М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томы бойынша шолу жасап, тараулардың жалпы мазмұнына тоқталғанбыз. Сол бойынша үйге тапсырма ретінде әр тараудың негізгі 2 оқиғасына тоқталып, саралап келу тапсырылған...
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау: «Абай жолы» романы. 1-кітап.
«Қайтқанда»
Абайдың ауылға қайтуы
Қодар мен Қамқа оқиғасы
«Қат-қабатта»
Жер ашуы-жан ашуы
Құнанбай шабуылы
«Жолда»
Қарқаралыда
Дау бітімі
«Шытырманда»
Әке тапсырмасы
Алғашқы кездесу
«Бел-белесте»
Қаралы көш
Омбы сапары
«Өрде»
Күйеу түсу
Бөжей асы
«Қияда»
Жұт
Әке сыны
Үй тапсырмасын қорытындылай отырып, жаңа тақырыпқа көшу.Мұғалім сөзі:
-Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі байқалады. Бұл туралы жазушы Ғ.Мүсірепов былай дейді:: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттарын біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап бара жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы». 1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау мүмкін емес.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру, талдау
-Ал, бүгін роман-эпопеяның 2- томына шолу жасаймыз. Бұл бөлім «Тайғақта», «Жайлауда», «Еңісте», «Оқапта» , «Асуда», «Тарауда», «Биікте» деп аталатын 7 тараудан тұрады.
1. «Тайғақта» Бөлімнен үзінді баяндалады. Берілген сөйлемдерді дұрыс пайдаланып,тыңдалым мәтіні бойынша дәптерге оқиға ретінің тізбегін құрады.
(Айгеріммен кездестірген ән, Абай мен Ерболдың Бекей үйіне қонақ болуы. Құнанбайдың қажылыққа аттануы.Түйіні шешілген іс. Дәркембайдың арызы.)
|
Достарыңызбен бөлісу: |