А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


Жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
рег.учет. зем.

Жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін 
қалыптастыру деңгейлері
Республикалық деңгей:
1. Ұзақ мерзімді жəне болашақтық жоспарлау
2. Бағдарламалық өнімдерді жəне қазақстандық бағдарламаларды игеру.
3. ЖКААЖ облыстық орталықтарын əдістемелік, бағдарламалық жəне 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
4. Ақпаратты қорыту
5. ЖКААЖ облыстық жəне аудандық орталықтың мамандарын оқыту.
6. Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 
Облыстық деңгей
1. Орта мерзімді болашақтық жоспарлау.
2. Картографиялық негіз құру.
3. Ақпаратты қорыту.
4. ЖКААЖ аудандық орталықты əдістемелік, бағдарламалық, техникалық 
қамтамасыз ету.
5. Мамандарды оқыту.
6. Жұмыстардың сапасын тексеру.
Аудандық (қалалық) деңгей
– жер телімдерін есепке алу;
– телімдерге құқық 
куəлəндіруші құжаттарды 
дайындау жəне беру; 
– кадастрлық нөмірлерді беру; 
– телімдер шекараларын 
анықтау, телім жоспарын 
жасау, аудандарды өлшеу;
– кадастрлық карталарды 
жасау жəне жүргізу;
– жер кадастрлық кітапқа 
мағлұматтарды жазу;
– есеп құрастыру; ақпаратты 
беру
– жер телімдерінің 
иелерін жəне пай-
да ланушыларын 
еспке алу;
– бағалық 
аймақтау;
– салықтың 
базалық ставкасын 
есептеу;
– салық салуды 
жүргізу;
– жерлерді жəне 
жерді пайдалану 
құқығын бағалау.
– мониторингті жəне 
жерлерді қорғау бары-
сын тексеруді жүзеге 
асыру;
– топырақ жəне өсімдік 
жамылғысының сапа-
сын жəне пайдалануын 
есепке алу;
– жерлерді табиғи-
экономикалық 
аймақтау;
– жерлердің көп 
параметрлік карталау-
ын жүргізу
Республикамызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің 
ұйымдастырушылық құрылымы жəне оның автоматтандырылған 
ақпараттық жүйесі: республикалық, облыстық жəне аудандық 
деңгейлер сияқты үш деңгейлік əкімшілік-аумақтық құрылымнан 
тұрады. Жер кадастрын жүргізу мен ЖК ААЖ тік жəне көлбеу 
деңгейлерде бірыңғай əдістеме мен технология бойынша жүзеге 
асыру міндетін жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Рес-
публикасы Комитетінің өндірістік құрылымы атқарады. 


62
ЖКААЖ республикалық орталығы республикамыздың бар-
лық əкімшілік-аумақтық деңгейлердегі жер кадастрын жүр гізу 
автоматтандырылған жүйесін құрудағы үйлестіруші методоло-
гиялық, əдістемелік, технологиялық орган болып келеді. ЖКААЖ 
республикалық орталықтың негізгі міндеттері:
– республика жер ресурстарын басқару үдерістер туралы ба-
рынша толық ақпараттануы;
– елдің жер ресурстарын пайдалану жəне жай-күйінің 
мəліметтері банкісін белсенді түрде ұстау жəне жүйелеу;
– заң, атқарушы органдарды, ведомстволарды, ұйымдарды 
жер кадастрлық ақпаратпен өз уақытында жəне сапалы түрде 
қанағаттандыру;
– жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу жəне ақпараттаудың 
негізгі бағыттарын анықтау;
– ақпаратты топтастыру жəне код арқылы құпиялаудың бір-
ыңғай жүйесін жасау мен енгізу – жергілікті классификаторлар-
ды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге 
арналған бір рəсімді құжаттарды ойлап табу;
– ЖКААЖ қызметкерлерін оқыту жəне мамандық арттыру;
– барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану 
жəне ЖКААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
Қазіргі кезде Мем. ҒӨО жер орталық өндірісінде жер
кадастры ның ЖКААЖ республикалық орталығы жетілген құрыл-
ғыларымен толығынша жетерліктей жабдықталған (құрылғының 
бір бөлігі Пилоттық жоба бойынша қойылған).
Жер кадастрлық құжатты жүргізу жəне жердің қоры жəне 
үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есеп-
тер мен жазуларға байланысты. Кадастрлық мəліметтерді алу, 
құрастыру бойынша жұмыстар əр деңгейде бойынша орындала-
ды. Бұл ақпаратты деңгейлік тұрғыда өңдеуге мүмкіндік береді. 
Өңдеудің əр деңгейіне кіретін, шығатын құжаттар пайда болады. 
Кейде сол бір құжаттар бір деңгейде кіретін құжаттар болса, басқа 
деңгейде шығатын болып келеді. 
Республика жəне облыстар үшін мұндай құжат болып: 
алқаптар жəне жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар 
болуы жəне үлестірілуі туралы есептер, ал аудандар үшін пай-
даланатын жер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы жер 


63
пайдаланушылардың есебі саналады. Бұрынғы КСРО көлемінде 
машиналық өңдеуді еңгізуге дейін 4 мыңға жуық инженер-
техникалық қызметкерлер жер кадастрының құжаттарын өңдеумен 
айналысқан. Содан кейін, бірте-бірте есептеу жұмыстарына əр-
түрлі электрондық есептеуіш машиналар қолданылған, соңғы 
жыл дарда бұл жұмыстар компьютерлене бастаған. 
Жер кадастры мəліметтерін өңдеуде шешілетін негізгі 
міндеттер:
1. Жер телімдері, аудандар, облыстар, республика бойынша 
жер көлемдерін анықтау;
2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;
3. Жерлердің жəне а./ш. алқаптардың сапасын анықтау;
4. Жақсартылған жерлердің аудандарын жəне олардың жай-
күйін анықтау;
5. Аудандар, облыстардың есептік мəліметтеріне өзгерістер 
енгізу;
6. Есептік кадастрлық құжаттарды құрастыру жатады.
Кадастрлық процеске компьютерлік технологияны еңгізуге 
байланысты соңғы жылдарда, жер кадастрын жүргізуде автомат-
тандыру мүмкіндіктері шұғыл кеңейді. Мысалы, жер телімін тіркеу 
кезінде олар жəне жер пайдаланушылар туралы барлық мəліметтер 
компьютерлік мəліметтер банкіне еңгізіледі, ауданның (қаланың) 
мемлекеттік жер кадастрлық кітабына жазылған бар мəліметтер 
толығымен ақпараттың магниттік таратушысына түсіріледі. Соны-
мен, жер телімін тіркеуде барлық құжаттарымен жер кадастрлық 
іс қалыптасады, ол қатарласа жер телімі туралы барлық ақпарат 
тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол 
ақпаратты автоматтық тəртіпте сақтаумен қатар, онымен жұмыс 
істеуге болады, былай айтқанда жердің негізгі жəне кезекті есебін 
жүргізуге болады (аудан, сапалық сипат жөнінде əр жер телімі, 
алқаптар, алқап түрлері жəне жер санаттары бойынша).
Қазіргі уақытта жерлер туралы ақпараттар, жер санаттары 
жер телімінің иесі, жер пайдаланушы жəне алқаптар бойынша 
кезектегі əржылдың 1 қарашасында есеп түрінде беріледі. Осы 
мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, респу-
блика деңгейлерінде толық автоматтандырылған. 


64
Республикамызда жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру 
жұмыстары жер қатынастарын қайта қараумен қатар жүргізіле 
бас тады. Ең алдымен, бұл жұмыстар республикалық МемҒӨО 
жер, Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық
қалалық комитеттерінде басталды. Мысалы, Алматы қаласының 
қалалық комитеттерінде 20 астам автоматтандырылған жұмыс 
орны АЖО бар, барлық қажетті техникамен жəне бағдарламалық 
бұйымдармен жабдықталған жер кадастрын жүргізуді автоматтан-
дыру бөлімшесі құрылды. 
Керек техникамен жабдықталған АЖО қаланың 6 аудандық 
Комитетінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде жер телімін тіркеу, 
жерлерді негізгі жəне кезектегі есепке алуды жүргізу, барлық 
деңгейде есеп құру жұмыстары толық автоматтандырылған. 
Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер телімдері бойынша: 
1. Жер телімінің кадастрлық нөмірі;
2. Əкімшілік аудан;
3. Жер телімінің орны жəне оның жүйелік баяндамасы;
4. Нысаналы арналуы;
5. Бөлінуі;
6. Пайдаланудағы шектеулер жəне ауыртпалықтар;
7. Телім ауданы сияқты міндетті ақпараттар кіреді.
Алматы қаласы аудандық жер комитетінде 1997 жылы 
компьютерлік техника жəне технологияны пайдаланып, жер телім-
дері бойынша құжаттардың жəне ақпараттың келесі түрлері дай-
ындалып, берілді:
1. Пайдалану жəне меншіктеу құқығы актілері;
2. Жер телімінің жоспары.
Жер телімінің жоспары келесі мəліметтерден тұратын 
ақпараттар:
– телім ауданы ( координаттар арқылы);
– жерлер санаты;
– жер теліміне құқықтық құжаттар (құқық, үлес, құқық 
субъектісі, мекен-жай, тіркелетін салық нөмірі, телефон);
– құқық көрсетуші құжат (тіркеу нөмірі, беру уақыты, бекіту 
құжаты, оның тіркеуіш мəліметтері);
– берілген құжат (серия, нөмір, тіркеу мəліметтері, күні, айы);
– жер телімін экономикалық бағалау (экономикалық немесе 


65
бағалық аймақ, жер телімінің нормативтік құны, бағалық құны, 
жер салығының құрамы, жалға беру төлемі); 
– координаттар, қабырғалар ұзындығы, румбтар каталогі.
Қазір қалалық Комитетте жоспарлы тəртіпте ЖКААЖ əрі қарай 
даму мəселелері – қолданыстағы «Гео Кад Систем 3 Wіndows» 
жүйесі негізінде локальды есептеуіш желісін құру шешіліп жа-
тыр. Бұл желі қалалық Комитеттің есептеу орталығы аудандық 
Комитеттерінің компьютерлік бөлімдерін бірыңғай жүйеге қосады. 
Сонымен қатар бірінші кезекті бағдарламалық жабдықтау жəне 
өндіріске автоматтандырылған кадастрлық жұмыстарының: 
1. Дигитализация əдісімен Алматы көшелерінің жəне квар-
талдарының М 1:10000 цифрлік карталарын жасау;
2. М 1:500; 1:2000; 1:10000 топографиялық жоспарларды жəне 
карталарды сканерлеу;
3. Жерді пайдаланушылар жəне жер телімінің иелері бойынша 
мəтіндік, графикалық бөлікті (ақпаратты), мемлекеттік актілерді 
еңгізу жəне беру болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аудан (қала), 
облыс деңгейінде жер кадастрын жүргізу, жер телімдері мен 
мəмілелер туралы ақпаратты жедел жинау, өңдеу, сақтау, жүйелеу 
үшін Қазақстан Республикасының ЖК ААЖ құру жəне жүргізу 
бойынша жоба жүзеге асырылады.
1998-1999 жылдары МемҒӨО жер облыстық еншілес мем-
лекеттік кəсіпорындар құрылымында ЖКААЖ облыстық орталы-
ғының қалыптасуы аяқталып, аудандық филиал негізінде ЖКА-
АЖ аудандық орталығының құрылуы басталды. Осы кезеңде 
автоматтандырылған түрде жер кадастрын жүргізудің негізгі 
мəселелерін реттеуші нұсқаулық бір қатар:
– геоақпараттық жүйе-технологиясын (РСУБД ORAGLE) пай-
далануға бағдарланған жер теліміне меншік жəне жерді тұрақты 
пайдалануға актілерді шығару бойынша бағдарламалар кешенінің 
желілік версиясы;
– РСУБД ORAGLE жəне АКС/ІNFO бағдарламалық өнімдер 
негізінде геоақпараттық жүйені жүргізу технологиясы; 
– Жер телімінің жоспарын дайындау бойынша басшылық;
– Жерлер мониторингі нəтижелерін өңдеу жəне талдау бойын-
ша бағдарламалық қамту сияқты құжаттар дайындалды.


66
Зерттеу сатысына:
– геоақпараттық жүйе-технология негізінде, тіркеу кварта-
лы ауданының жер кадастрлық карталарын дайындау бойынша 
нұсқау;
– «Жер туралы» Жарлық күшіне еңгенше берілген жерге құқық 
туралы құжаттар жəне РСУБД ORAGLE жаңа құжаттар бойынша 
мəліметтердің əртүрлі негіздерін конвертация жөнінде тəжірибелік 
нұсқау жатады. 
ЖКААЖ құрудың жаңа технологиялары жəне қолданбалы 
бағдарламалар өндірістік сынаудан Алматы облысының бір 
қатар аудандары негізінде өтті. Республиканың барлық аймақ-
тарында бұл жүйені игеруге жəне еңгізуге қаржы-қаражат пен 
республикамыздың жерді үйлестіру қызметінің материалдық-
техникалық жабдықтауының жетіспеушілігі кедергі болып отыр. 
Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық 
Комитеті Əлемдік банк несиелерін тарта отырып, Алматы, Ақмола 
облыстары мен Алматы, Астана қалаларының бірыңғай сəйкес 
бағдарламаларын жасау жөнінде жылжымайтын мүліктер жəне 
олармен мəміле құрудың Пилоттық жобасын енгізу бағдарламасына 
қатысуда. 1999-2000 жылдары геоақпараттық технология негізінде 
ЖКААЖ жетілдіру бойынша жұмыстар:
Мемлекеттік жер кадастры негізінде Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің тапсырмасына сəйкес жер кадастрының мəліметтер 
базасын басқа кадастрлармен бірлестіруге мүмкіндік беретін 
бірыңғай бағдарламалық өнімді шығару (№14 хаттама, 02.06.1998):
– жер кадастрын жүргізу үдерістерін автоматтандыруға қажет 
бірыңғай анықтамаларды дайындау;
– геоақпараттық жүйе (ГАЖ) технологияларды пайдала-
нып, көпқабатты векторлық карталар негізінде топырақтық жəне 
геоботаникалық картографиялау поцестерін автоматтандыру;
– ЖКААЖ қызметін атқару бойынша нормативтік, құқықтық, 
əдістемелік құрақтар жинағын дайындау сияқты басым бағыттарды 
жалғастырылды.
ЖКААЖ əрі қарай дамуы Қазақстан Республикасының Əділет 
министрлігі мен жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеу Комитеті жанындағы Пилоттық жобаны дайындау 
жəне жүзеге асыру бойынша Топ жоспары жұмысымен байланысты.


67
Бірінші сатыда (1998-2000 ж.) тіркеу мақсаттары үшін жер 
кадастрын жүргізуді бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу 
жəне тестеу, пилоттық облыстар үшін техникалық спецификация-
лар жəне шығындар сметалары жөнінде ұсыныстарды дайындау 
жəне Əлемдік банк қарауына беру қарастырылған. Пилотты жоба 
шегінде негізгі бағдарламалық өнімдерді, ГАЖ өнімдерін тендер 
нəтижелері шешуші дəрежеде жалпы ЖКААЖ дамуының келешек 
бағытын анықтайды. 
ЖКААЖ облыстық орталығы облыста жер кадастрын автомат-
ты жүргізу үшін қызмет атқарады жəне кадастрлық мəліметтерді 
жинау, өңдеу, оларды өзгерту, сақтап жаңарту, кадастрлық ақпараты 
беру:
– облыс жер кадастры мəліметтерінің бірыңғай ақпараттық 
банкін қалыптастыру жəне ақпаратты ЖКААЖ республикалық 
орталығына беру;
– пайдаланатын жерлерді тіркеуге алу жəне жерлердің сан, са-
пасын есепке алу тəртібін жетілдіру;
– ақпаратты автоматтандырылған тəртіппен жаңартуды, 
сақтауды, қорғауды жəне оған ашықтық құқығын қамтамасыз етуді 
жүзеге асыру;
– жер кадастрлық мəліметтерді облыстық басқару органдары-
на, жеке жəне заңды тұлғаларға өз уақытында беру;
– кадастр мəліметтерін алу, өңдеу жəне сақтауға автомат-
тандырылған əдістермен сатылап көшу бойынша ЖКААЖ аудан-
дық орталығы қызметін үйлестіру;
– ЖКААЖ аудандық орталықтарын картографиялық негіз-
бен, бағдарламалық өнімдермен, материалдық-техникалық құрал-
дармен қамтасыз ету сияқты үрдістерін қамтиды.
Қазіргі уақытта облыстық Комитеттері мен басқа орган-
дардың ақпараттық, байланыс мұқтаждықтарды өте əлсіз қанағат-
тандырылып отыр. Негізінен жер кадастрын жүргізу мен жер 
телімдерін тіркеу, жерлерді сандық жəне сапалық есепке алу
топырақтарды бонитеттеу, жер салығын анықтау, жерлерді 
бағалау бойынша есептеулерді жасауға байланысты жұмыстар 
автоматтандырылған.
Өзінің ұйымдасуы бойынша ақпараттық-есептік жүйе автомат-
тандырылған жұмыс орындарының (АЖО) көпдеңгейлік жүйесі 


68
жəне мəліметтердің орталық банкісінен, моделдік байланыстың 
басқа құралдарын пайдаланатын байланыс арналары бойын-
ша телекоммуникациялық айырбас құралдарынан тұруы ке-
рек. Ақпараттық-есептік жүйені құру көп материалдық қаржы 
шығындарын, мамандарды дайындауды талап еткендіктен, жұ-
мыстарды екі сатыда өткізу жоспарланып отыр. Бірінше сатыда 
ЖКААЖ облыс деңгейінде құрып, ал аудандық деңгейде МемҒӨО 
облыстық еншілес ұйымдарының аудандық жер кадастрлық фили-
алдарын құру жоспарымен шектелінген. Қазақстан Республикасын-
да 2000-2003 жылдары жерге құқықтықты қамту бағдарламасын 
бекіту туралы Үкімет қаулысының (Ф253, 16.02.2000 ж.) бір 
пункті облыс маңызындағы қалаларда жер ресурстарын басқару 
жөніндегі органдарын, ал қалаларда жəне аудан орталықтарында 
кадастрлық филиалдарды (орталықтары) ұйымдастыру болып та-
былды. Осы сатыда ЖК облыстық ААЖ осы жұмыстарды орында-
умен қатар, жерді пайдалану жəне меншік құқықтарына актілерді 
дайындап, жасап шығару жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бір 
уақытта осы облыстық жүйе мəліметтер базасын қалыптастыруға, 
есептелінген координаттар арқылы жер телімінің жоспарларын 
жасауға, электрондық карталарды шығаруға міндетті. Ол үшін 
МемҒӨО жер басты есептеу орталығында бағдарламалық қамту, 
зерттеу бөлімдері мен дайындалған мамандар бар. 
Екінші сатыда (2003-2005 ж.) құрылған ЖКААЖ негізінде 
облыс, аудан деңгейлерінде ақпараттық-есептік жүйенің қалып-
тасуын аяқтау жоспарланып отыр. Мұнда мағлұматтарды жеке-
ден жалпыға топтап қорыту жолымен мəліметтердің деңгейлік 
негіздерін құру қағидасын қолданған дұрыс болады. 
ЖКААЖ аудандық орталығының негізгі міндеттері:
– тіркеу мақсатында жер телімдерін есепке алу жұмыстарын 
жүргізу, мəліметтер банкін аудан деңгейінде автоматтандырылған 
тəртіпте жүргізу;
– жер телімдерінің шекараларын жəне кадастрлық нөмірлерін 
бейнелеп, есептік кварталдардың кадастрлық карталарын (сызба-
ларын) құру, жүргізу, жаңарту бойынша жұмыстарды орындау;
– жер кадастрының мəліметтерін алудың, өңдеудің, сақтаудың 
автоматтандырылған əдістеріне көшуді жүзеге асыру, ақпаратты 
автоматтандырылған тəртіпте жаңартуды, сақтауды, қорғауды іске 
асыру жəне қамтамасыз ету жəне оған кіруді құқықтау;


69
– керек ақпаратты ЖКААЖ облыстық орталығына беру жəне 
мəліметтерді мүдделі аудандық басқару органдарына, азаматтарға 
жəне заңды тұлғаларға беру.
ЖКААЖ-нің қалыптасуының қалып отыруы негізінде қаржы 
кемшілігіне байланысты. Тіпті, оны жылжымайтын мүлікті жəне 
онымен мəмілелерді тіркеу бойынша пилоттық жоба шегінде еңгізу 
жүзеге асырылатын облыстарда ең басты технологиялық бөлігін 
əкімшілік аудандардың жəне есептік кварталдардың электрондық 
кадастрлық карталарды құруды қаржыландыру қарастырылмаған. 
Осы карталарсыз ГАЖ-технология негізінде жер кадастрын 
жүргізу мүмкін емес. Мем ҒӨО жер мамандарының есептері бой-
ынша Алматы облысы электрондық кадастр карталар сериясын 
жасаудың жиынтық шығындары 70 млн., соның ішінде есептік 
кварталдар карталарды – 48 млн. теңгеге (квартал-2976), əкімшілік 
аудандардың кадастрлық карталарын жасау – 8,2 млн. теңгеге, елді 
мекен кадастрлық карталарды жасау – 13,8 млн. теңгеге бағаланады. 
Осы мəселені шешудің бір жолы кадастрдың ақпараттық қызмет 
көрсету жұмыстары бойынша жер кадастрлық істерді рəсімдеу 
жəне жер телімдері бойынша құжаттарды беруде ақылы қызмет 
көрсету жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеті өндірістік 
кəсіпорындарының қаржылық мəселесін шешудің бір жолы болып 
табылады. Сонымен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі 
органдардың қазіргі штаттық саны кадастрлық жұмыстардың 
барлық көлемін ойдағыдай орындауға мүмкіндік бермейді. 
Сондықтан аудандық, облыстық деңгейлерде МемҒӨО жер 
облыстық еншілес кəсіпорындарының кадастрлық филиалдарын-
да ЖКААЖ орталықтарын құру керек. 
Олар кейбір облыстарда 1999 жылдан бастап ұйымдастырыла 
бастады (МемҒӨО жер Алматы облыстық Қарасай филиалы жəне 
т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет