А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет70/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   165
Маркетинг (1)

Дифференцияланбаған маркетинг. Фирманың сегменттердің 
арасындағы айырмашылыққа мəн бермей, барлық нарыққа 
бірден бір ұсыныспен шығу туралы шешім қабылдауы мүмкін. 
Бұл жағдайда ол қызметін клиенттердің мұқтаждықтарындағы 
айырмашылыққа емес, осы мұқтаждықтардағы ортақ нəрсеге на-
зар аударады. Ол сатып алушылардың басым бөлігіне қызықты бо-
лып көрінетін тауар мен маркетингтік бағдарламаны жасайды. Ол 
жаппай бөлу мен көпшілікке арналған жарнама əдісіне сүйенеді. 
Ол тауарға үздік қасиеті арқылы адам санасында сақталатын бейне 
беруге ұмтылады.
Дифференцияланбаған маркетинг үнемдірек болып табылады. 
Тауарды өндіру, қосалқы бөлшектерін ұстау жəне жеткізу бойын-
ша шығындар жоғары емес. Мұндай маркетингтегі жарнамалық 
шығындар да көп емес. Нарық сегменттеріне маркетингтік зерт-
теу жүргізуге жəне бұл сегменттер бойынша бөлуді жоспарлауға 
қажеттіліктің жоқтығы маркетингтік зерттеулер мен тауар 
өндірісін басқаруға кететін шығынды азайтады.
Дифференцияланбаған маркетингті қолданатын фирма əдетте 
нарықтың ең ірі сегменттеріне арналған тауарларды жасайды.
5.13. сурет. Нарықты игеру стратегиясының үш нұсқасы
Дифференцияланған маркетинг. Бұл жағдайда фирма нарық-
тың бірнеше сегменттеріне шығу туралы шешім қабылдайды жəне 
олардың əрқайсысы үшін жеке ұсыныс дайындайды.
Шоғырланған маркетинг. Көптеген фирмалар өздері үшін 
үшінші маркетингтік мүмкіндікті, əсіресе ресурстары шектеулі 
ұйымдар үшін тиімді саналатын мүмкіндікті қолданғанды жөн 
көреді. Фирмалар күш-жігерін үлкен нарықтың шағын үлесіне 
шоғырландырудың орнына, бір немесе бірнеше субнарықтың үлкен 
үлесіне бағыттайды.
Фирма маркетингінің кешені
Нарық
Дифференцияланбаған маркетинг
Нарық
Фирма маркетингі кешенінің 1 нұсқасы
Нарық сегменті 2
Фирма маркетингі кешенінің 2 нұсқасы
Нарық сегменті 3
Маркетинг кешенінің 3 нұсқасы
Нарық сегменті 4
Дифференцияланған маркетинг
Нарық сегменті 2, 3, 4
Шоғырланған маркетинг
Нарық сегменті 3


118
119
Фирма шоғырланған маркетингтің арқасында өзін қызмет 
көрсетілетін нарықтағы мықты орынмен қамтамсыз етеді, себебі 
ол бұл сегменттердің қажеттілігін басқаларға қарағанда жақсы 
біледі жəне белгілі бір жақсы атаққа ие болады. Сонымен қатар, 
фирма өндірісті мамандандыру, өткізуді бөлу мен оны үдету бой-
ынша шаралар қабылдаудың нəтижесінде өз қызметінің көптеген
салаларында үнемділікке қол жеткізеді.
Сондай-ақ, шоғырланған маркетинг тəуекел көлемінің артуы-
мен байланысты. Таңдап алынған нарық сегменті үмітті ақтамауы 
да мүмкін, көптеген фирмалар өз қызметін нарықтың əртүрлі 
сегменттерін игеріп, диверсификациялайды.
Нарықты қамту стратегиясын таңдау кезінде келесі факторлар-
ды есепке алу керек:
1. Фирманың ресурстары. Ресурстардың шектеулілігі жағ-
дайында шоғырланған маркетинг стратегиясы ең тиімді болып са-
налады;
2. Өнім біртектілігінің деңгейі. Дифференцияланбаған мар-
кетинг стратегиясы біртекті тауарлар үшін қолайлы. Фотока-
мера, автомобиль сияқты құрастырылу жағынан бір-бірінен 
айырмашылығы бар тауарлар үшін дифференцияланған немесе 
шоғырланған маркетинг стратегиясы сəйкес келеді;.
3. Тауардың өмірлік цикл кезеңі. Фирма нарыққа жаңа тауарлар-
мен шыққан кезде жаңа тауарлардың бір ғана нұсқасын ұсынған 
дұрыс болады. Мұндай жағдайда дифференцияланбаған немесе 
шоғырланған маркетинг стратегиясын қолдану тиімді;
4. Нарық біртектілігінің деңгейі. Егер сатып алушылардың 
талғамы бірдей болса, бір тауарды бірдей көлемде бірдей уақыт 
аралығында сатып алса жəне маркетингтік ынталандыруға бірдей 
əсер етсе, онда дифференцияланбаған маркетинг стратегиясын 
қолданған дұрыс;
5. Бəсекелестердің маркетингтік стратегиялары. Егер 
бəсекелестер нарықты сегменттеумен айналысса, дифференциялан-
баған маркетингті қолданудың зардабы апатты болады. Керісінше, 
егер, бəсекелестер дифференцияланбаған маркетингті қолданса, 
фирма дифференцияланған немесе шоғырланған маркетинг стра-
тегиясын қолданудан пайда табуы мүкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет