А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет28/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Бақылау сұрақтар: 
1. Желдің əрекетіне жағымды факторларды атаңыз.
2. Дефляция мен корразия дегеніміз не?
4. Бархандар мен дюналар дегеніміз не? Олар қалай пайда болады жəне 
айырмашылығы неде? 
5. Уақытша су ағыстардың əрекеті неде?
6. Өзен аңғарының дамуының негізгі сатыларын атаныз жəне оларға 
қысқаша сипаттама берініз.
7. Өзен террасалары дегеніміз не жəне қалай пайда болады?
8. Пайда болу жолына жəне жатыс жағдайларына қарай жер асты 
сулары қалай бөлінеді?
9. Карст дегеніміз не? 
10. Жер асты сулары арқылы шөгінділер қалай пайда болады? 
11. Сырғымалар дегеніміз не? Оның əрекеті қандай? 
12. Қар фирннен қалай ажыратылады? Фирн глетчерлі мұздан қалай 
ажыратылады?
13. Мұздықтардың қандай түрлерін білесіз?
14. Мұздықтардың гелогиялық əрекеті неде?
15. Əлемдік мұхиттың түбінде қандай морфологиялық зоналар 
анықталады?
16. Əлемдік мұхиттың органикалық əлемі қандай?
17. Теңіздің геологиялық əрекетінде қандай негізгі этаптар 
қарастырылады?
18. Көлдердің жəне батпақ көлдердің геологиялық əрекеті неде?
 
 
 
 


52 
1.7. Эндогенді геологиялық үрдістер 
Эндогенді (ішкі) үрдістер - Жердің терең қойнауымен байланысты өтетін 
геологиялық үрдістерді қарастырады. [4; 8] 
Магма – Жердің терең аудандарында пайда болатын газдармен қаныққан 
отты-сұйық, көбінесе силикатты ерітінді.
Магматизм – магмадан магмалық тау жыныстардың пайда болуымен 
жəне жер қыртысындағы қозғалыстармен байланысты тереңдік үрдіс.
Магматизмнің екі түрге ажыратады:
Интрузивті. 
Эффузивті. 
Интрузивті магматизм кезінде магма жердің беткейіне дейін жетпейді, 
осы кезде ол тек сыйдырушы жыныстарды ерітіп оладың ішіне еніп
жарықтарда қатады. Магмалық ошағы деп ірі жер асты резервуарларды 
айтады.
Магмалық ошақтарының түрлері келесі:
 алғашқы – ошақтың пайда болу жері;
 қайталмалы – магма көшу кезінде орының ауыстырған жер. 
Магманың əртүрлі құрамды ерітінділерге бөлінуі магманың 
дифференциациясы деп аталады.
Магманың суу кезінде химиялық құрамы бойынша магманың сұйық 
фазаның бөлінуі пайда болады, осы кезде ауыр жəне жеңіл ерітінділер пайда 
болады. Ауыр ерітінді төмен түскен кезде магманың тағы бөлінеді, осы 
үрдісті дифференциация деуге болады. Кейін екінші кезең басталады – 
кристаллдану дифференциациясы. Магманың суу кезінде ерітіндіден 
кристаллдар түрінде минералдар түзіледі.
Ассимиляция – магмамен жапсарласуы арқылы сыйдырушы 
жыныстардың толығымен қайта өңделу үрдісі, кейде магманың ішіне 
кесектер түссе, оларды – ксенолиттер деп айтады.  
Интрузиялардың орналасуына қарай, оларды келесі түрлерге бөледі:
абиссальді (тереңдік); 
гипабиссальді (дартылай тереңдік). 
Тереңдік интрузияларға жатады: батолиттер, штоктар. Жартылай 
тереңдікке жатады: лакколит, лополит, силлар, сырғымалар (дайкалар), 
желілер, некктер (8 сурет). 


53 
8 сурет. Көне жанартау. Щербаковка ауылы (ШҚО) 
Эффузивті магматизм кезінде магма Жердің беткейіне жеткізуші 
арналар арқылы жетеді жəне əртүрлі типті жанартауларды құрап жер 
беткейінде қатады.
Вулканизм – жанартаулардың атқылауы, яғни магманың жер 
беткейінде атқылауы. Жанартаулардың əрекетіне қарай келесі түрлерді 
ажыратуға болады:
1. Əрекетті жанартаулар.
2. Ұйықтап қалған жанартаулар.
3. Сөнген жанартаулар.
Типтілігі бойынша жанартаулар үш санатқа бөлінеді:
1.Лавалы. 
2.Аралас. 
3.Газды-атқылау. 
9 сурет. Интрузивті жыныстардың үйлесімді жатыс пішіндері
лополит (а), силлар (б), лаколиттер (в) 


54 
Жанартаудың құрылысы (сурет 11): магмалық ошақ, көмейі, конус. 
Жанартаудың атқылау өнімдері:
Қатты – күл, жанартаулық бомбалар, құм.
Сұйық – лава. 
Газ тəрізді - фумаролдар, сольфатарлар, мофеттер. 
10 сурет. Эффузивті жыныстардың жатыс пішіндері: а-жабындылар; б-
ағындылар; в-некктер; г-сомма; д-конустар; қалың сызық – қатпарлардағы 
бұзылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет