Аблакет ауылдық округі әкімінің 2010 жылға тұрғындар алдындағы есеб І



Дата03.03.2016
өлшемі35.37 Kb.
#36336
Аблакет ауылдық округі әкімінің 2010 жылға тұрғындар алдындағы

Е С Е Б І

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда 2010 жылы Аблакет ауылдық әкімшілігі есеп беру уақытында біршама жұмыстар атқарады.

Аблакет ауылдық округіне төрт елді мекен қарайды, 4250 халқы бар. Округ бойынша 183 шаруа қожалықтары тіркелген,оның 28-і ірі шаруа қожалықтары, 3 мектеп, 3 фельдшерлік пункт, 1 жанұялық амбулатория,2 АТС және 2 казпошта халыққа қызмет көрсетеді. Биыл жекеменшік және шаруа қожалықтарының малдарына 28 мың тонна шөп дайындалады.

2010 жылы Сагыр ауылында «Ақбастау» шаруа қожалығында мал сою цехы ашылды,бір бордақылау алаңы ашылды. Сағыр және Бестерек ауылдарында мал өлексілерін көметін арнайы орын жұмыс істеп тұр. Малды асыл тұқымдандыру үшін «Сагинкумаров» шаруа қожалығында «Жебе» жылқы тұқымы және «Ақбастау» шаруа қожалығында «Байыс» қойының тұқымдары өсірілуде. Сағыр ауылындағы «Балауса» шаруа қожалығында пластикалық трубалар және полиэтилен пакетін жасайтын цехтар жұмыс жасап тұр. Округімізде 4760 ірі қара, 22500 қой-ешкі, 2200 жылқы, 20 шошқа, 4900 құстар бар. Өткен жылмен салыстырғанда ет пен сүт, жұмыртқа екі есе орындалды. Ауыл малдарына емдеу, егу жұмыстарын жүргізу үшін округімізде бір мал дәрігері, екі лицензият дәрігерлер келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.

2007 жылы округте қолдан ұрықтандыру пункіті ашылып, жұмыс жүргізілмегендіктен жабылып қалған, Енді 2011 жылы қайтадан қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жандандырып отырмыз. Оралмандар отбасына көкеніс өсіру үшін Мамай батыр жазығынан 48 отбасына 2 гектардан жер телімін беру жұмыстары жүргізілуде. Тас қашап өндейтін «Қарабас» ЖШС өз жұмысын ары қарай дамытуда Сағыр және Мамай батыр ауылдарында қоғамдық пайдалануға 2 кафе жұмыс істеп тұр. Осы екі елді мекенде 2 дүкен ашылды және жаңадан екі казпоштаның ғимараты салынды. Ауыл тұрғындары өткен жаз және күз айларында 21 рет облыстық және аудандық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрменкесіне қатысты. Бестерек ауылындағы М.Горький атындағы мектепте мектеп жасына дейінгі балалар орталығы ашылды және оқушы балаларды тасымалдауға жеке кәсіпкердің жекеменшік автокөлігі берілді. Желдіөзек ауылының оқушыларын тасып тұратын автобус жұмыс істеп тұр. Округ бойынша елді мекендердегі амбулаторияларға ағымды жұмыс жүргізуге қаражат қарастырылуда. Орталық дәрігерлік амбулаторияда «Жедел жәрдем» автокөлігі жұмыс істеп тұр. Сағыр ауылында біріккен ұлтар ұйымының «Даму» бағдарламасы бойынша тұрғындарға ауыз су құбырын қазып, іске қосылды, Митяев көшесіне түнгі электор жарығы орнатылды. Сағыр ауылының басындағы су өткеліне «Өскемен спецкоммунтранспорт» ЖШС көмегімен көпір салынды. Васильевка және Горняк ауылдарының атаулары Мамай батыр және Желдіөзек болып өзгертілді. Елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазарту бағдарламасына аудандық бюджеттен 240 мың тенге қаржы бөлінді, оны уақытында толығымен игеру үшін жоспарланған жұмыс толығымен орындалды. Жалпы көлемі 40 тонна қоқыс шығаралды. Әр тазаланған жерлерге «Қоқыс төгуге болмайды» деген белгілер тағылды. Желдіөзек ауылындағы екі қабатты үйлердің жанындағы 14 жыл бойы шығарылмаған көң-қоқыс тазаланып, ауыл тұрғындарының көмегімен шығарылды. Сол тазаланған жерлер екі қабатты үйде тұратын азаматтарға отын-суларын қоятын дүнгіршектер салуға бөлініп берілді. Мамай батыр ауылында 1 наубайхана жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 650 нан пісіріледі, бағасы 40-45 тенгеден сатылады. Округ бойынша 15 жеке кәсіпкерлер бар. 12 дукен жұмыс істейді. Дукендегі тауарлардың бағасы әкімшілілк қадағалап, бағаны тежеп отырады. Жұмасына екі рет аудандың кәсіпкелер бөліміне ақпарат беріп отырамыз. Желдіөзек ауылындағы екі қабатты үйдегі бос турған 2 пәтерді анықтап, біреуін фельдшерлік пункітке, екіншісін жалғыз басты апамызға бердік.Округ бойынша «Нұр Отан» ХДП-мен,жастар, ардагерлер, әйелдер ақсақалдар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Өз жұмыстарын жылдық жоспарларына сай істейді.

Қоғамдық тәртіп сақтау бөлемінде 2 учаскелік полиция сақшылары жумыс істейді. Көркем өнерпаздар ұйымы аудандық: «Ән-жырым сенсің, тұған жер» атты сайысы үшінші орынға ие болды. 2010 жылы әкімшілікте 17 жазбаша; 22 ауызша арыз, өтініштер қаралды. Мамай батыр аулында көң-қоқыс төгетін жер арнайы қоршалмаған, бірақ биыл аудан әкімінің сәулет, қала құрлыс және құрлыс бөлімі «мемлекеттік мекеменің көмегімен Мамай батыр ауылында, көң-кокыс қалдықтарын төгетің» полигон салынды деп жоспарлануда, жалпы көлемі 6 гектар жерді алады; жылына 12000 тонны қокыс сиятын. Бұның бәрі ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы арқылы жасалады. Әріне бұған үлкен каражат керек. Округімізде оралмандар саны 184 отбасы – 830 адам. 2010 жылы 49 отбасы көп жыл бос жаткан Мамай батыр жазығына су жібіру, үшін 5000 мыңдай метр жерді бұрынғы арық жолын тазалап, бөгеу жасады. Биыл көктемде бұл жұмыс ары-қарай жарғыстырылады. Әр отбасы өтініш жазып, аудандық жер қатынасы бөліміне тапсырылды.Әр қайсысына 2гектар жер бөлінді,4 ауылдықтұтыну кооперативіне бөлінді. 2010 жылы бос көрілмей жатқан 550 гектар жер қайтарылып алынды.

Округімізде даталы күндер: «Наурыз» мерекесі, «Жеңіс күні» «Қарттар күні» басқа да мейрамдар кеңінен тойланып өтті. 2010 жылы 36 адам қоғамдық жұмыстар атқарды.Округ бойынша 23 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2011 жылға арналған жоспарлар:

- «Балауса» және «Сайлау» шаруа қожалықтарына мал сою алаңын ашу,

- Мамай батыр ауылына көкеніс сақтайтын қойма ашу,

- Мал бордақылау алаңдарын салу,



- Бестерек ауылындағы көпірді жөндеу «Туған елге тағзым» акциясы бойынша, - Бір сауда дүкенін ашу

- Бестерек ауылындағы мектептің атын өзгерту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет