ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК
042-ХХ - 52-2014
|
«Адам құқығы» оқу-әдістемелік кешені, оқытушы үшін пән бағдарламасы
|
№1 басылым
«____»________2014 ж.
|
«АДАМ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТІМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В011500» –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған
Семей
2014
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде.
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі м.а._____________ Толепбергенова А.Е.
2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Төраға ______________ ???
2.3. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
Төраға ______________ Толымгожинова М.К.
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды
Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік
жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К
БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курс жұмысы (жобасы)
5 Білімалушылардың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси –қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары –белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері. Азаматтық қоғам –жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Аймақтық –белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір нәрсе.
Аккредитация –1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.
Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, тартардың, ұлттардың және т.б.) экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, діни, және т.т. мүдделердің алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.
Альтернатива –бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс –ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.
Анархизм –жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік –саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен алмастырғылары келеді.
Анархия – мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық;
2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннекция –басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм –мүдделі қарама –қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм –еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид –нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп –қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.
Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.
Аристократия −Ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі.
Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі. Астыртын партиялар –заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді. Әлеуметтік саясат –қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.
Әмбебап партиялар –мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).
Бейсаясаттық –азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
Бейтараптылық – 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты.
Билеуші партиялар –қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар. Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы. Билік – адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; ) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы –демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере алады.
Блокада –өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот –1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым –қатынасты үзу.
Бипатридтер –бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Босқындар –қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.
Брифинг –үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.
Бұқаралық партиялар –үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді. Бұрмалаушылық –өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
Бүлік –бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет. Бюрократ −1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерді формальды түрде атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм –істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу. Бихевиоризм –жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделгенәдістемелік бағыт.
Вето –тыйым салу; вето құқығы –заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Визит –халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Волютаризм –саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.
Вотум –өкіметке оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім.
Геноцид –адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат –сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Геронтократия –ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады. Глобальдылық –бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм –қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Саяси салада адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
Дәуір –қоғамның, табиғаттың, саясаттын, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезең.
Деидеологизация –идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.
Декларация –үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегат – съезде, конференцияларда, конгрессте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.
Демагогия –өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демократия –халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл –тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.
Демократиялық партиялар –басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация –келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі. Деполитизация –белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация –жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Держава –зор, әскери, экономикалық потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Деспотизм –1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.
Деспотия − шексіз және дара билеудің бір түрі.
Децентрализация –орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі. Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.
Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Дипломатия –үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.
Директива –жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы. Дискриминация –нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.
Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды айтады.
Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік – кономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия,
Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.
Еуроцентризм − ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым. Жалпы азаматтық құндылықтар –бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған адагершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
Жеке басқа табынушылық –саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды. Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол –нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
Заң –қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.
Заң жобасы –Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі. Заң шығарушы билік –заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.
Идеал –саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман –мұраты. Идентификация –жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.
Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Импичмент –жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.
Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу. Инновация-жаңалық енгізу жаңарту. Институализация- саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интернационализм- мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат. Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
Интерпелляция- үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мәселесі туу мүмкін. Инфляция- ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі. Иренология-бейбітшілік туралы ғылым. Капитал-1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
Капитализм-Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы. Кадрлық партиялар- қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық- демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т. Квитэссенция- бір мәселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны. Кворум- құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
Квота-рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі.Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін. Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім. Клина –өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.
Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі.Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді. Маманданған көпшілік- қоғамдық саяси өмірдің ең маңызды мәселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау тәртібі.
Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат 2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық. Манифест- 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2.Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі. Манифестация- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады.Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді. Менталитет- 1)ойдың бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3)рухани өмірдің ерекшелігі.
Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация-қазіргі, жаңа жағдайға байланысты
Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан,шах және т.б.деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония , Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.
Мораторий-ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындау уақытша тоқтату, ұзіліс жариялау.
Муниципалитет-1)кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастықтың, жергілікті өзін-өзі басқару органы.Оның өз меншігінің заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) Кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлек; 3) Муниципалитеттің орналасқан үйі. Мэр-муниципалитеттің бастығы. Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.
Пакт-халықаралық келісім.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Петиция-жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш.
Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін сұрау, анықтау. Плутократия-1) мемлекеттік билік байларға бағынышты болған саяси құрылыс. 2) байлардың билігі 3)ақшаның үстемдігі.
Позиция-1)белгілі бір мәселеге, іске ұстанған көзқарас пікір.2)орналасу орны, бағыт.
Прембула-халықаралық келісімнің,конституция, декларация және т.б. заңдысыз құжаттардың кіріспе бөлімі. Президент-1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап қойылатын басшы,қоғамдық, ғылыми мекемелердің, коорпорация, компания және т.б. төрағасы.
Президенттік басқару-1)конституцияда көрсетілген өзін өзі басқару институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдер арқылы жүргізуі. 2) конституцияда көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік беру. Әдетте, мұндай жағдайда демократиялық институттар қызметтерін тоқтатады.
Президенттік республика-конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Егер президентті парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Президент өкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады.Біздің Қ.Р.-да да осындай билік түрі. Прерогатива-Белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
Пресс-конференция- белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.
Престиж- қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық –саяси мекеме, әлеуметтік жағдай. Прогресс- алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Саяси бостандықтар- мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқықтары, сөз, ақпарат алу бостандығы үшін, еркін, тың, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат- мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады.
Саяси жүйе- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылықты және тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси институттар- құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме.