8. Саяси құқықтар мен бостандықтар
Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Азамат саяси құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы. Бірлесу бостандығы құқығы.Жиналыс жасау және шеруге шығу бостандығы. Мемлекет баскару істеріне қатысу құқығы. Азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.
Саяси құқықтар тобына мемлекетті және қоғамдық өмірді басқаруда азаматтардың белсене қатысу мүмкіндігін анықтайтын және қамтамасыз ететін құқықтар жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ҚР азаматтары жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер жүргізуге,
пикетке шығуға құқығы бар; мемлекет істерін басқаруға қатысуға құқылы,
бірлесу бостандығына құқығы бар (сайлауға және сайлануға хақылы); мемлекеттік органдарға жүгінуге хақылы, мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуге хақылы.
Конституцияның 23-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен
реттеледі деп атап көрсетілген.
Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктер, ал қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің заңсыз араласуына,
қоғамдық бірлестіктердегі мемлекеттік органдардың функциясын жүктеуге,
қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді. ҚР қолданыстағы заңнамалық актілері: ҚР Азаматтық кодексі, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Кәсіподақ ұйымдары туралы» ҚР Заңдары, басқа да нормативтік-құқықтық актілер азаматтардың бірлесу бостандығына хақылы
екеніне кепілдік береді. Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық
ұйымдарды бірлестіру құқығы тұтастай алғанда сақталады. Қазақстан Республикасында нақты көп партиялықты қалыптастыру үшін құқықтық және саяси жағдайлар құрылды, көптеген қоғамдық және қоғамдық-саяси ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматтары бейбіт түрде және қарусыз жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер жүргізуге, пикетке шығуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 1-бабына сәйкес, 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер жүргізуге, пикетке шығу және ұйымдастыру туралы» Заңына сәйкес қоғамдардың және топтардың жеке мүдделері мен қарсылықтарын жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер жүргізу, пикетке шығу, сондай-ақ 30
қоғамдық орындарда, киіз үйлер құру, шатырлар құру, басқа нысандарда аштық жариялау және пикетке шығу түрінде білдіреді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 1 тармағында:
Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы
мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық
өтiнiштер жолдауға құқығы бар.деп атап көрсетілген. Мемлекеттік органдар
мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері үшін шағым арыз беріп, сотқа
жүгіне алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысу мүмкіндігін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2-тармағына сәйкес республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға (дауыс беруге) қатысуға құқығы бар деп атап
көрсетілген. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот өкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік билік органдарына сайлануға жасы 18-ге толған ҚР азаматтары қатысу құқығына ие болады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 51-бабының 4 тармағына сәйкес Жасы 25-ке толған адам
Мәжіліс депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының азаматтығында
тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам
Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және
кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты
тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Маңызды саяси құқық Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығы болып табылады.
Мемлекеттік қызметкер лауазымына үміткерге қойылатын талаптар тек лауазымды міндеттемелер сипатымен және заңмен ғана белгіленеді. Ұлты,
жынысы, нәсілі мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіздеме бола алмайды.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік мемлекеттік лауазымын иелену құқығы бар. Әкімшілік мемлекеттік лауазымды иелену
конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Елбасы жанындағы Адам құқықтары 31 жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігіне мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына конкурс өткізу ережесіне қатысты Агенттіктің кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік лауазым категорияларына қойылатын типтік біліктілік талаптарын ұсынады.
Ақпарат таратуда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда маңызды құралдардың бірі бұқаралық медиа құралдары болып табылады.
Қазақстанда соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі
саласында өте маңызды түрлендірулер жүргізілді. БАҚ секторын мемлекет
иелігінен алынды, ал нәтижесінде БАҚ 80% мемлекеттік емес болып табыалды.
Қазіргі кезде қолданыстағы БАҚ саны 2000-нан асып кетті. Қолдағы бар
деректерді салыстыру үшін: Қырғызстанда – 700, Тәжікстанда - 202,
Өзбекстанда – 719 жұмыс істейді, Белоруссияда ақпараттық агенттіктер (6)
және басылым БАҚ (1500) саны бойынша екі аз. Медиалық инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстанның көш басында келуі еліміздегі жыл сайын өететін Еуразиялық медиа-форум дәлел бола алады.
Журналисттер Конгресі мен Одағы, Қазақстан телерадио хабарларын
тарату Ассоциациясы, Ұлттық телерадио хабарларын тарату Ассоциациясы,
журналистер кәсіподағы, «Әділ сөз» халықаралық қоры, «Internews Network
Kazakhstan» өкілділігі, жастар медиа одағы және т.б. жұмыс істейді.
Қазіргі кезде елімізде отандық 2120 БАҚ жұмыс істеп тұр. Оның ішінде
1332 газет, 590 журнал, 187 теле- және радиокомпаниялар, 11 ақпараттық
агенттіктер жұмыс істейді.
Бұл аталған көрсеткіш 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанда бар болғаны 185
БАҚ болған кезге қарағанда 11 есеге артқанын көрсетеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі бөлігі республикалық масштабта тарайды. Олардың үлесі барлық қолданыстағы БАҚ жалпы санының 48% құрайды. Облыстық маңыздағы БАҚ 16,5%, жергілікті (қала, аудан) - 23 %, өңірлік (облыс аралық) - 2,5%, еліміз аумағында, алыс және жақын шетелдерге таралатын БАҚ - 9% құрайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт түрде және қарусыз жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер өткізуге, пикетке шығуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126
«Қазақстан Республикасында бейбіт түрде жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер өткізуді, пикетке шығуды ұйымдастыру тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес қоғамдардың және топтардың жеке мүдделері мен қарсылықтарын жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, салтанатты шерулер жүргізу, пикетке шығу, сондай-ақ қоғамдық орындарда,киіз үйлер құру, шатырлар құру, басқа нысандарда аштық жариялау және пикетке шығу түрінде білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси құқықтары және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың сақтауы 32 Конституциямен және Қазақстанның басқа заңнамалық актілерімен кепілдік
берілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясы шеңберінде
мемлекет азаматтарына қазіргі заманғы демократияның негізгі құндылықтарына сәйкес барлық негізгі саяси құқықтарды ұсынады. Бұл оларды өздерінің мүдделерін қорғау мен ұсыну мақсатында саяси партияларға және қоғамдық-саяси қозғалыстарға біріктіруге, мемлекет ісіне, мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Азамат саяси құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы.
-
Саяси құқықтар мен бостандықтардың жіктелуі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с
-
Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.
-
Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.
|