Адами капиталды инвестициялау негіздері
Умирзакова М. А. э.ғ.к., аға оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Адами капитал теориясын жете зерттеу және оны пайдалану саласын кеңейту мәселесіне үлес қосқан американдық ғалым, экономист, адам капиталы теориясының классигі Г. Беккердің пікірінше, «адами капитал адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы миграция және баға мен табыс туралы ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады». Ол адам капиталы инвестицияларына тек жалпы және кәсіптік білім беру шығындарын ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтауға, ақпараттар іздеуге, жұмысты ауыстыруға, балаларды тәрбиелеу мен адамның өндіргіш күшінің өсуіне мүмкіндік жасайтын өзге де жұмсалымдарға арналған шығындарды қосты.
Адам қабiлетiн қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын инвестициялардың маңызы зор. Адам сонымен бiрге өзiнiң тамаққа, киiмге, тұрғын үйге қажетiн қанағаттандыруы тиiс, бұлар да қаражат талап етедi. Адам бүкiл өмiрiнде сан-алуан шығындар жұмсайды, оларды негізгі екi түрге бөлуге болады:
Адамға жұмсалатын шығындар
адамның физиологиялық қажетiн қамтамасыз ететiн таза шығындар (тамақ, киiм, тұрғын үй, көлiк қызметтерi т.б.)
адамның дене және ой қабiлетiн қалыптастыру және жетiлдiрумен байланысты шығындар (бiлiмiне, денсаулығына және мәдениетiне т.б.)
Сурет 1. Адамға жұмсалатын шығындар
Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмасалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы.
Адами капитал теориясы еңбек ресурстарына салымның жоғары тиiмдiлiгiнен туындайды. Оның қалыптасуы өзара қарама-қайшылықты үдерістен тұрады. Бір жағынан, қызметкер қосымша табыс түрiнде дереу қайтарым беретiн және келешекте жалақысының өсуiн қамтамасыз ететiн бiлiм арасында таңдау жасайды; мұнда саналы есептілік басым. Екiншiден, адами капиталдың елеулi бөлiгi еңбек үдерісі барысында тәжiрибе жинақтау жолымен қалыптасады. Кәсiби белсендiлiктi әрдайым алдын-ала анықтау мүмкiн емес. Бұл адами капиталға инвестиция салу тиiмдiлiгiн есептеудi қиындатады.
Адами капитал инвестициялары - бұл қызметкердің бiлiктiлiгiн, қабiлетiн, демек, еңбек өнiмдiлiгiн арттыратын әрекет. Инвестициялар адами капиталды жақсартады, жетiлдiредi, сондықтан, инвестициялау – адами капитал өндiрiсiнiң аса маңызды алғышарты болып табылады. Сондай-ақ, адам капиталына жұмсалатын инвестициялар, салымдар бірнеше сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда-адам капиталына жұмсалған салымдар неғұрлым жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені мұндағы жоғары тиімділік салымның қарымы қайтатын уақыт мерзіміне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысынан, арнаулы даярлық сатысына өткен сайын шығындардың өтелу мерзімі ұдайы қысқарып, адамға жұмсалатын салымның ұтымдылығы арта береді. Сонымен бірге, ықтималды адам капиталына салым оның неғұрлым жас кезінде жұмсалса, салым өлшемімен болатын өзгерістер серпіні соғұрлым жоғары болмақшы. Адамға жұмсалған салымның ертерек болуы қоғам тіршілік әрекетінің алдағы кезеңдерінде көрінетін ықтималды адам капиталының, оның шығармашылық қабілетінің бір реттеуіші есепті болады.
Екінші сатыда-ықтималды адам капиталын нақты іске қосылған адам капиталына айналдыру кезеңі. Бұл-еңбек субъектісінің адам капиталын іске асыру мен қорландыру кезеңі. Тіршілік әрекетінің бұл кезеңі еңбек қызметін атқаруға бейімделуімен, адам капиталының жетілдіруімен, жұмыскердің нақты адам капиталына біліми ықпал етуінің көптігімен сипатталады.
Үшінші сатыда-еңбек қызметінің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ықтималды адам капиталы ұдайы өндіріс жүйесіне неғұрлым көптеп тартылады, жалақының ұдайы өсуі мен оның ең жоғары деңгейіне жақындау байқалады. Мұнда жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі аса маңызды рол атқарады. Ол ғылыми-техникалық дамудың шарттарын бейнелейді. Өнімді еңбектен қол үзіп және қол үзбей білім алу жүйесі, парасатты адам капиталын, жұмыскердің қабілет қарымын, қоғам тіршілік әрекетінің осы кезеңіндегі ғылыми-техникалық талаптарына дейін көтеруге мүмкіндік беретіндей дәрежеде толықтырылуы керек.
Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды.
Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы.
Р.Макконелл және С.Л.Брю адами капитал инвестицияларын үшке бөледi:
1) бiлiмге шығындар –жалпы және арнаулы, ресми және бейресми бiлiм, жұмыс орнында
2) денсаулық сақтау шығындарының маңызы зор. Жақсы денсаулық ауру профилактикасы, диеталық тамақтану және тұрмыс жағдайын жақсартуға шығындар салдары – жұмысшылар өмiрiн ұзарту.
3) жұмылдыру шығындары - жұмыскерлерге өнiмдiлiгi төмен жерлерден өнiмдiлiгi жоғары орындарға көшуге көмектеседi .
Өндiрiске бiлiм беру және даярлау адамның бiлiм деңгейiн жоғарылатады. Денсаулық сақтау, ауру және өлiмдi азайтып, қызмет iстеу мерзiмiн ұзартады. Көші-қон және ақпарат iздеу жұмыс күшiнiң жалақысы жоғары аудандарға ауысуына ықпал етедi. Балаларды тәрбиелеу және бағып-күту келесi ұрпақта адами капиталдың жаңғыртуын қамтамасыз етедi.
Адами капитал құрылымында оның табиғи негіздеріне әсер ететін әлеуеттік ортаның әсері мен генетикалық тұқым қуалаушылықпен қалыптастын интеллектуалды, физикалық және психологиялық құраушылары өзара сабақтастырылады. Төменде ұсынылып отырған, адами капиталға инвестициялар құрамы инвестицяларды адами капиталдыдың қайта өндірісі мен адамға салынған инвестиция ретінде анықтауға болады.
Денсаулық сақтау
Білім беру
Ғылым
Мәдениет және өнер
Ақпараттық қамтамасыз етілуі
Сурет 2. Адами капиталға бағытталған инвестициялар
Зейнетақы қорларының адами капиталға бағытталған инвестициялық саясатының мақсаты адамның білім алуы, біліктілігінің артуы, ынталандырылуы, денсаулықтың жақсаруы. Адами капиталға инвестицияны бағалудың екі тәсіледмесі бар:
Адами капиталға инвестицияны бағалудың екі тәсіледмесі
Сурет 3. Адами капиталға инвестицияны бағалудың тәсіледмесі
Шығындар бойынша тәсілдеме білім беруге, мамандарды кәсіби даярлауға және адамның денсаулығына қатысты қоғамдық шығындардың сомасына негізделеді.
Табыстары бойынша қағида адами капиталға салынған қаражаттардың қайтарылымдылық деңгейімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |