Дін адамзатпен бірге пайда болды, адамзатпен бірге өміршеңдігін жалғастыруда және адамзатпен бірге бар болмақ. Тарихтың қай кезеңіне қарасаңыз да дінсіз адам болуы мүмкін алайда дінсіз қоғамды кездестірмейсіз. Қай жерде бір қоғам бар, сол жерде дін бар. Адамзат тарихында адамның ең маңызды саналатын тағы да басқа қасиеттері болса да дін оның ап-айқын қасиеті болған. Адамзат тарихының әр кезеңінде дін жандылығын сақтап және адам өмірінің айрылмас бір сипаты ретінде ерекшелігін жалғастырды. Адам, әрдайым адамның күші жетпейтін байланыстың бар екендігіне, қажеттіліктері үшін өзінен үстем бір құдіретке бет бұру керек деп ойлаған. Өйткені адам періште мен жануарлар арасындағы бір жаратылысқа ие. Осы екі жаратылыстың бір-біріне қарама-қайшы табиғат өлшемі адам баласында бірлескен. Адамның бұлай жаратылуы міндетіне алған мақамға қол жеткізуі үшін. Бұл мақам «Аллаһтың халифасы» болуы, жауапкершіліктің үдесінен шыға білуі, бұйрықтарды орындап, тыйымдардан бойын аулақ ұстап және құл екендігінің парқына баруы.
Адамның немесе қоғамның діннен ажырауы мүмкін емес. Ол тарихта және өміріміздің әр қиылысында өзін көрсетуде. Адамзатқа күш беретін, қоғамды бір жүйеге түсіретін, инабаттылық пен жақсылыққа бағыт беретін, жалғыздық пен қайғы мұңды жоқ ететін, сенім сезімін жүрекке ұялататын, адамзатқа тән дос, жолдас болатын тек қана дін.
Адам материалдық жағымен қатар рухани жағы да бар болмысқа жатады. Материалды жағынан биологиялық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, рухани дүниесі жағынан азықтануға, арқа сүйерге мұқтаж. Оның бұл қажеттіліктерін өтейтін, руханияттың бастауы болатын нәрсе - дін. Белгілі бір мәдениетке қол жеткізіп тарихтан орын алған халықтардың рухани дүниелері бір діни сенімнен бастау алған.
Дін оқиғасы жаратылыстан бар ерекшелік ретінде, адамның өз жаратылысы жайындағы түсінікпен бірге пайда болады. Міне осы түсініктің дамуы, адам үшін басты мәселе өзін және әлемді кімнің жаратқандығын іздеуі. Осылайша өз жаратылысынан асатын тұжырымға баруы. Бұл түсінікпен абстрактіліктен обьективтілікке қарай бет түзеген адам айналасындағы жаратылыстардан, табиғаттан тыс Ұлы Болмыстың яғни Аллаһтың бар екендігіне іштей көз жеткізеді. Осылайша барлық нәрсені жаратқан бір жаратушыны қабыл етіп Оған тәуелді болады. Адамның ұлы бір құдіретке шын көңілмен тәуелді болуы оған күш береді. «Дұға, жалбарыныу, Аллаһқа сиыну адамды ұлы етеді. Аллаһқа махаббат және осы махаббаттан туған қорқыныш адамды жетілдіреді, дөрекілікті жояды, мықты ерік, берік мінезге қол жеткізеді. Осылайша мұндай кісілер болған қоғамда ізгілік жарысы басталады.
Дін тұлғаларды қасиетті сезім мен әдеттерде біріктіретін, қоғамдарды жоғарылататын және дамытатын бір ұйым. Дін адамдарға бағыт беретін, заң мен жүйе қол жеткізе алмаған жерлерде де оларға жақсылық пен пайдалы нәрселерді жасауға жөн сілтейтін өмір жүйесі. Өйткені дін анархияның, озбырлықтың, әділетсіздіктің, жамандықтың дұшпаны. Қоғамдағы тәртіпті сақтау діннің мақсаты. Тарихта экономикалық, материалдық жағынан әлсіз қоғамның өмір сүргендігін көруге болады, алайда діни сенімдері әлсіреген, рухани тоқырауға ұшыраған қоғамдардың өзін сақтап қалғанын көре алмайсыз. Діннің әлсіреуінің нәтижесінде ахлақи және құқықтық қылмыстарға жол ашылады. Өйткені, дін болмаса әдепті болуға ешқандай күш ықпал ете алмайды. Халал-харам түсінігі жоғалса қалыптасқан қоғамдық жүйе шайқалады, адамдарды, адам топтарын ешнәрсе ұстап тұра алмайды, анархия орнайды. Осылайша қиыншылықтар туындайды. Дегенмен барлық жерде өзін бақылап тұрған бір Жаратушының бар екендігіне сенген адам әрдайым жақсы нәрсені жасауға, жамандықтардан ұзақ тұруға талпынады. Дін болмаса өмірдің мәні жоғалып, ахлақ үшін ешқандай негіз қалмайды.
Дін, этиканың қайнар көзі. Дін арқылы пайда болмаған ахлақ күткен нәтижені бере алмайды. Түрік ақыны Меһмет Акиф Ерсой бұл жайлы «Сафахат» атты кітабында былай сөз қозғайды: «Ахлақ кемеліне жеткізер қырағылық та ар-ождан да емес, Инабаттылық сезімі адамдарда Аллаһтан қорқудан».
Жалғыздық, әлсіздік, қорқу, ауру, қайғы, апат пен пәлекеттерге қарсы адамның жалғыз сүйеніші тек дін ғана. Адам баласы өліммен бетпе-бет келгенде дін маңызды рол атқарады. Ақыретке сенудің, тек қана жаза мен сый ретінде емес, сонымен қатар адамның ішіндегі мәңгілік сезіміне де жауап беру жағынан маңызы бар. Адам өлімнен емес жоқ болудан қорқады. Басқа діндердегі секілді Исламда да адам өліммен бірге жоқ болмайды, басқа бір өмірге қадам басады. Бұл өмірден бөлек басқа дүниеге сенуі, адамды ертеңгі өмірге үйретеді. Қателеліктерінен арылып мәңгілік азаптан азат болу, рахатқа, жәннаттай үлкен нығметке қауышу, Аллаһтың разылығына қол жеткізу түсінігі адамда үміт пен қалау тудырады. Сондай-ақ де дүниенің қиыншылықтары мен қайғы-мұңына қарсы аяқта тұруды қамтамасыз етеді. Адам жаратылысы жағынан да дінге мұқтаж. Өйткені, адам жан мен тәннен құралған. Адам үшін тәнінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету денсаулығының кепілі болса, руханиятының сақталуы да рухани азықпен қамтамасыз етуіне байланысты. Тұлға үшін ең маңыздысы рухани сүйеніш, жақсылық пен инабаттылықтың қайнар көзі дін.
Дін, рухтардың жаңбыры іспеттес. Адамдар үшін қажетті нәрсе. Өйткені, оның жаңбыры адамзат рухының азығы. Үмітсіздіктен алыс, ертеңіне үмітпен қарайтын өмір салтына, қанағатшылық пен жан тыныштығына бастайтын, күмәндар мен бұзылулардан сақтайтын дін.
Осылай болғанына қарамастан кейбір ғалымдар дін мен ахлақтың қажеттілігі жоқ дегенді алға тартып, діннің дамуын кедергі деп қараған. Ғылым мен жаратылыстанудың діннің орнын басуын қалаған. Діннің табиғи және әлеуметтік өмірде жеткіліксіз және адамдардың ой-өрісін улайтын апиын екендігін жақтаушылар, сол себепті адамзат дінсіздену арқылы ғана дамиды деген көзқараста болған. Тіпті қазіргі таңда да бар. Бұл түсініктегілер алып тастағысы келген діннің орнына басқа нәрселерді қоюға тырысты. Алайда уақыт өте келе адамдардың бұл көзқарастағыларға табынатындай жағдайға жетуі, дінсіздікті дінге айналдыруы адамның «бір нәсеге» сенуі қажет екендігін көрсетеді. Қоғамдарды дінсіздендіру үшін мектептер ашып, қысым көрсету арқылы діннен алыстату, дінсіз өз үкімін жүргізгісі келген режимдер де адамдардың сенімі мен сиынуын саналарынан өшіре алмаған. Қыспақтан қашып ормандарда, таса жерлерде ғибадат еткен және діни салттарын орындағандардың ұшырасуы сенімнің жаратылыстың қажеттілігі екендігінің дәлелі. Бұларға қосымша ретінде Бірінші дүние жүзілік соғыста марксистік блокта барлығының шіркеулерге ағылып, халық пен поптардың сол жерде дұға етулеріне рұқсат етілуі және бұл Кеңес Одағында жетпіс жылдан бері дінге қысым көрсетілсе де дінге деген сезімді санадан өшіре алмауы ойландыратын мәселе.
Қорытындылайтын болсақ дінсіз қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Дінді алып тастаумен қоғамдарды алға жетелейтіндігін алға тартқандар өз көзқарастарын дін орнына қоюды қалауы, дінсіз, сенімсіз қоғамның өмір сүре алмайтындығын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |