Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет29/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Липидтер негізінде жасушаның қабықшасында және протоплазманың беткі қабатында орналасады, физиологиялық белсенді фактор ретінде микробтық жасушаның тіршілік етуінде аса маңызды. Олардың мөлшері 3,8-40% аралығында ауытқиды. Липидтер цитоплазманың белгілі бір құрылымын сақтап, цитоплазмалық мембрананың құрамына кіреді. Олар микробтардың қышқыл және басқа да заттардың әсеріне төзімділігін арттырады. Бактерия жасушаларының құрамынан анықталынған майтәріздес заттарға фосфолипидтер, стероидтар, каротиноидтар және балауыз жатады. Микробтың құрғақ қалдығында липидтердың мөлшері 3-7%-ды құрайды. Туберкулез таяқшасында липидтердың үлесі 20-40%-ға дейін жетеді. Микробтық жасушаның құрамындағы протеин, көмірсу және май мөлшері қоршаған ортаның әсерінен және бірінші кезекте қоректену жағдайларына байланысты ауытқып отырады.
Минералдық заттар құрамы және саны жағынан алуан түрлі. Олар микроб жасушаларын жаққаннан кейін күл түрінде оның құрғақ қалдығының 2-14% құрайды. Өте көп мөлшерде фосфор, калий, натрий, күкірт, кальций, магний, темір, хлор, сондай-ақ мырыш, мыс, кобальт, барий, марганец сияқты микроэлементтер кездеседі. Курман, Брунстетер, Майерс (1943 ж.) деректері бойынша микробтардың күлінде 9,6-55,23% фосфор; 11,6-33,79% натрий; 7,7-25,59% калий; 7,16-12,6% кальций; 0,12-9,81% магний; 0,54-4,2% күкірт; 0,1% темір және 1,12% хлор болады. Микроэлементтер микроб жасушаларының ферменттері, дәрумендері және т.б. заттарының құрамына кіреді, күлде өте аз мөлшерде кездеседі.
Қоректену – бұл организмдердің тіршілігіне қажетті заттарды организмнің сіңіру процесі. Микроорганизмдерді қоректену тәсілдеріне қарай энергия көзін және көміртек көзін пайдаланатындар болып бөлінеді.
Көміртегі көзіне байланысты микроорганизмдер 2-топқа бөлінеді: көміртегінің көзі ретінде көмірқышқыл газын пайдаланатын - автотрофтар және органикалық заттардың құрамындағы көміртегіні пайдаланатындар –гетеротрофтар.
Автотрофты организмдер көміртегін ауадағы көмір қышқыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің көміртегін сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл құбылысты фотосинтезге керісіше, хемосинтез деп атайды. Гетеретрофты организмдерге көміртегіні дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Сонымен қатар, олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады сөйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.
Бұларға шіріту бактериялары, әртүрлі ашу процесін қоздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады
Энергия көзін пайдалануына қарай күн көзінің жарығын тұтынушы – фототрофтар және энергиялық материал ретінде әр түрлі органикалық және органикалық емес заттарды қолданылатын - хемотрофтар деп ажыратады. Фототрофия қоректену типі екіге бөлінеді:
Фотолитотрофтар - көмір қышқыл газы (СО2) мен органикалық емес (Н2О, Н2S, S) қосылыстардан клеткаларына қажетті заттарды синтездеу үшін күн көзінің энергиясын қолданады, яғни фотосинтез арқылы қоректенетін микроорганизмдерге цианобактериялар, қошқыл күкірт бактериялары, жасыл күкірт бактериялары жатады.
Фотолитотрофтар құрамында пигменттер (бояғыш заттар) болғандық-тан фотосинтездеуші қасиетке ие. Бұл пигменттер өздерінің құрамы жағынан өсімдік хлорофилдеріне өте жақын. Мысалы, қарақошқыл күкіртбактериялар хлорофилл тәріздес ерекше пигмент – бактериопур-пуринді синтездеп, соның көмегімен күн сәулесінің қуатын пайдаланады (фотосинтез). Фотобак-териялар органикалық заттарды көмірқышқыл газының құрамындағы көміртегін және күн сәулесінің қуатын пайдалана отыра түзеді.
Фотоорганотрофтар - жасушаға қажетті заттарды синтездеу үшін энергияны тек фотосинтез құбылысы ғана емес, сонымен бірге жай органикалық қосылыстардан да алуға бейімделген.
Фотоорганотрофтар (күкірттік емес пурпурлық бактериялар) факультативтік анаэробтар, олар жарық және қараңғы жерлерде де дами алатындықтан қажетті қуатты күн сәулесімен қатар органикалық заттардың тотығуы кезінде бөлініп шығатын энергиядан да алады.
Микроорганизмдердің хемотрофия қоректену типі де екіге бөлінеді:
Хемолитоавтотрофтар - тіршілік ету үшін энергияны органикалық емес қосылыстарды (Н2, NO2,NH4, Fe, H2S, S, SO3, S2O3, CO) және тағы басқаларды тотықтыру барысында қамтиды. Бұл процесті хемосинтез деп атайды. Бұларға темір және нитрификциялаушы бактериялар жатады. Хемоорганогетеротрофтар - энергия мен көміртегін органикалық қосылыстардан қамтиды. Бұған топырақта және басқа да субстраттарда тіршілік ететін көптеген аэробты және анаэробы микроорганизмдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет