Агроэкология негізіне кіріспе



бет13/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Агроэкология лек. (1)

Карантинды арамшөптер. Арамшөптердің бұл түрлерінің таралуы мүмкіндіктерін шектейтін ерекше шаралар қолданылады. Карантиндыарамшөптердің қатарына арамсаяудың барлық түрлері, жатаған у кекіре, жусанжапырақты ойраншөп, үштармақ ойраншөп, т.б. жатады.

Арамшөппен күресу шаралар. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын алу күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негізгі міндеті-арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау.

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Арамшөптермен химиялық күресу шаралары. Химиялық күрес арамшөптердің өлуіне әкеліп соғатын химиялық заттарды қолдануға негізделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Өзінің өсімдікке әсер етуіне қарай жеке дақылдарға әсер ететін гербицидтер жылжымалы және жанасу топтарына ажыратылады.

Арамшөптермен күрестің биологиялық шаралары. Көптеген елдерде арамшөптермен күрестің биологиялық тәсілдерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеулердің негізгі мақсаты арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) анықтау, басқа жақтан әкелу және қыстандыру болып табылады. Атап айтқанда, АҚШ-та, Канадада түйтікенмен күресте Rhinocollus conicos біз тұмсығын және басқа жәндіктерді пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет