Ақынова жібек мұхтарқызы


 Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ертегі



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
19042023 disser

 
1.2 Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ертегі 
терапиясын қолдану теориясы 
Фольклордың ерекше маңызды түрінің бірі – ертегі. Ертегі халық арасында 
ауыздан ауызға жеткен көркем-әңгіме. Ауызша әңгімелер мен ертегілер арқылы 
қарапайым халықтың бақыт туралы, еркін өмір жайлы, үй-тұрмыс туралы үміт, 
армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар 
шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін тудырады. Ғажайып хал, қиял әңгімелер, 
орасан оқиғалы әңгімелер, салт-дәстүрмен, тарихпен байланысты оқшау 
әңгімелер бәрі де ертегінің түрлері. «Ертегі» деген ұғым ертеде, ерте күндегі 
деген сөздерден туындаған. 
1937 жылы Орыс әдеби энциклопедиясында ертегі ұғымына мынадай 
түсінік берілді: «Ертегі (нем. Marchen, ағыл. tale, франц. conte, итал. fiaba, серб, 
и хорв. pripouijelka, болг. приказка, чешек. pohadka, польш. bajka, белор. и укр. 
казка, байка,орыстарда XVII ғасырға дейін баснь, байка) – қоғам дамуының 
бастапқы кезеңінде өндірістік және де діни функцияны орындайтын әңгімелер, 
миф түрінің бірнешеуін білдіреді, соңғы кезеңде олар ерекше (фантастикалық 
және ғажайып болмаса күнделікті) оқиғаны қамтып, арнайы композициялық 
және стилистикалық конструкцияларымен ерекшеленіп көптеген оқиғаны 
қамтып алатын ауызша түрдегі көркем әдебиеттің ерекше жанры болып өмір 
сүреді. Қоғамдағы форма мен сананың даму кезінде «ертегі» ұғымы да өзгеріске 
ұшырады [137].
Ертегілерді көптеген атақты психологтар мен педагогтар, психотерапевтер 
өз зерттеу еңбектерінде қолданып, ертегілердің адам дамуы және қоғамды 
ізгілендіру үшін пайдалы тұстары көп екендігін айтады. Ертегі жанры 
халқымыздың көне замандарынан бері жалғасып келеді. Ең алғаш қазақ 
ертегілерін жинақтақтаған В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев 
және даланың философтары атанған қайраткерлер екені белгілі. 
Қазақ ертегілері жинақталуы мен жариялануы, зерттелуі XVIII ғасырдың 
екінші жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға 
Ресейден келген зерттеушілердің (В.В.Радлов) кейбірі қазақ халқының тұрмыс-
салты, әдет-ғұрпы туралы 
деректер 
жинап, 
қазақ 
ертегілерін 
қазақ 
айтушылардың аузынан қазақша жазып алып, жинап басып шығарған. 
Қазақ фольклорының алғаш үлгілерлі жүйеге келтіре жиналып, зерттеле 
бастаған кезі XIX ғасырдың екінші жартысы саналады. Осы кезде орыс 
әдебиетіндегі балаларға арналған фольклор үлгілері бойынша ақпарат 
жинастырылып, зерттеу біршама ілгерілеген. XIX ғасырдың 60-жылы орыс 
зерттеушілері балалардың фольклоры бойынша арнайы түрде қарастыра 


41 
бастады. Балаға арналған халықтың шығармаларын В.И.Даль мен [138] 
П.В.Шейн [139] және П.А.Бессонов [140] жазып, жинастырды. 1868 жылдары 
П.А.Бессонов өзінің «Балалар фольклоры» атты еңбегін жарыққа шығарады. Ал 
1870 жылы А.Н.Афанасьевтің «Орыс балалар ертегілері» атты жинағы 
жарияланды.
Қазақтың фольклорын жинағандар осы кезде балаларға арналған 
фольклорға ерекше назар аудара қоймаған еді, халықтың көп мұраларының бір 
ретінде бесік жыры мен жұмбақ, өтірік өлең сынды жанрлар жинақтала бастаған. 
В.В.Радловтың «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» атты еңбегінде 
қазақтың фольклорына арналған бөлімінде өтірік өлеңнің үлгілері кездеседі. Ал 
балаға арналған халықтың шығармашылығына байланысты К.Д.Ушинскийдің 
«Родное слово» мен «Детский мир» еңбегі, Л.Н.Толстойдың «Русские книги для 
чтения» атты еңбектері болды. Балаларға арналған фольклор үлгілерін іріктеу 
кезінде аталған ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізді. Әрине бұл үлгілердің 
қазақ балаларына арналған фольклорының дамып қалыптасуына өзіндік ықпалы 
болды.
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбегінде қазақ 
әдебиетіндегі ерекше үлгілерді балаға лайықтап, тамаша реңкте жазып шыққан. 
Міржақып Дулатов «Қирағат» еңбегінде (1911) фольклорлық сарындағы 
үлгілердің түрлерін барынша молырақ қамтыған. 1926 жылдары жазылған 
«Балаларға тарту» атты жинақта халықтың поэзиясы әсіресе балаға арналып 
жазылған үлгілер тұңғыш рет толық түрде топтастырылып шықты. Ілияс 
Жансүгіровтің құрастырып шығарған «Ел өтірігі» кітабын да (1927) сол 
жылдарда басылып шыққан бағалы да құнды жинақтардың бірегейі болды деуге 
болады. Ол кездерде қазақтың балаларға арналған фольклорының үлгісі 
толыққанды жиналып әрі жарық көре қоймаған болатын. Кейіннен ғана 
зерттеушілердің назарына іліне бастады. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет 
танытқыш» атты еңбегінде жұмбақ, ертегі, жаңылтпаш, жарапазан, тақпақ, бесік 
жыры сынды терминдерді алғаш болып ғылыми айналымға түсіріп, мағынасы 
жағынан тиянақтаған еді. Ғалым ауыз әдебиетінің де жанр түрлерін балалар 
репертуарындағы алатын рөліне де назар салды.
Халел Досмұхамедұлының «Қазақ халық әдебиеті» (1924) атты еңбегінде 
балалардың табиғаты және тілін дамыту мәселелері тұрғысында алатын орны 
айырықша болды. Салмақты да сілтемелі ойлардың көбін Мұхтар Омарханұлы 
Әуезовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінен, Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ 
әдебиеті» атты еңбектерінен де кезіктіруге болады. Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ 
халқының ауыз әдебиеті» атты оқулығында халқымыздың ауыз әдебиетінің 
кейбір жанрларында балалар фольклорына арналған мұралар кездеседі.
Ш.Ахметов болса «балалар фольклоры» ұғымын өзінің еңбектерінде алғаш 
рет қолданып, өзінше түсініктеме беріп, балалар фольклорындағы ішкі 
сипаттағы жанр түрін ерекшелеп, саралайды. Ғалым Б.Уахатов «Қазақтың 
тұрмыс салт жырларының типологиясы» атты кітабында түркі тектес халық 
фольклорларымен, оның желісіне ерекше тоқталады. 


42 
Қазақтың балаларға арналған фольклоры ішінде кейбір жанр түрлері 
мәселен ертегілер, батырлар жыры және аңыз әңгіме үлкендерге де, балаға да 
арналған. Жаңа ғылымдағы ұстанымдар бойынша қазақтың ертегілері қиял-
ғажайып және хайуанаттар турасындағы ертегілермен қатар батырлық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет