Қажымұқан палуан
Мұқан палуан болуға дайындалды. Алғашқыда сом темірді иді. Гирді екі қолымен жоғары көтерді. Төрт пұттық тасты кеудесіне қойды. Оны басқалар балғамен ұрып уатты. Қажымұқан палуан атанды. (26 сөз)
Сұрақтар
1.Кім палуан болуға дайындалды?
2. Ол қалай дайындалды?
3.Қажымұқан кім болды?
ҮІІ. Өздік диктант.
Өздік диктантын –оқушылар мұғалімнің көмегін-
сіз, өткен тақырыптарағы ережелерді еске түсіріп, әріптер
мен буындарды,сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген
сөйлемдер мен жаттап алған өлең ,жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп,ойлана отырып, өздігі-
нен орындайды.
1. Сөз құра: А,т,о, қ,ы,л
2. Бір буынды сөздер жаз
3.Жақшаның ішіндегі сұрақтың орнына тиісті зат есімді
қойып жаз.
(не?) келді. (не?) еріді. (не?) көктей бастады.(не?) жауды.
4.Көп нүктенің орнына іс-қимылды білдіретін сөздерді
қойып жаз.
Найзағай ... . Құстар туған жерге ... . Арықтарда су ... .
5. Көп нүктенің орнына -ы,-і әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Бард..., келд.., оқыд...,сөйлед...,тоқтад..., жүгірл... .
6. Дауысты дыбыстарды жатқа жазып шық.
7. Кісі аттарын алфавит ретімен жаз.
Ораз, Балташ, Маржан ,Ғалымжан, Самал, Темірлан ,
Мерей, Нұржан, Абдрахман, Құндыз, Жұмагүл.
8. « ң » дыбысына сөздер жаз.
9. Буын құрап, сөзді жалғастыр:
Ше--, жас--, ы--, ға--, аң--.
10.Мына сөздерді тасымалда.
Қайықты ,тауықтар, теңізші
ҮШ. Шығармашылық диктант.
Бұл үйретуші ,түсіндірмелі, сақтандыру мақсатында
жүргізіледі.Басқа диктанттардан ерекшелігі-жұмыстар бірте-
бірте күрделенуі керек. Оқушылар жеке әріптерден, буындар-
дан сөз құрау, сөз, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрау-
ға үйренеді. Бұл жұмыс оқушыларды өз бетімен ойлауға, жұ-
мыс істеуге ,ойын және сөз байлығын дамытуға , өткен материал-
ды қайталауға жетелеп отырады.
1. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып жаз.
С...ры, т ... с, ша...а, ал...а, қа...а, к...се, п...л, әж..., и...е.
2. .«А» әрпінен басталатын сөздер жаз.
3. Сұрақтың орнына тиісті сөз қойып жаз.
(Кім?) қалаға келді. Оқушы ......(қайтті). (Қандай?)
болады. Қыста (не?) жауады.
4. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Ваза, ванна, вагон, вокзал, диван, автобус.
5. Мына сөздерді жатқа жаз.
Фирма, ферма, факс, футбол, фабрика.
6.Отан туралы 2 мақал жаз.
7. «Қамқорлық» сөзінен жаңадан сөздер ойлап жаз.
8. Тиісті таңбаны қойып жаз.
Лагер..,ал...бом, кон...ки, фил...м, роял..., под...езд.
9. Үш буынды сөздер жаз.
10. Бір сөйлем ойлап жазып,сол сөйлемдегі сөздердің
байланысын көрсет.
ІХ. Бақылау диктанты.
Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде
меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау
мақсатымен,бір үлкен тақырыптарды өткеннен кейін жүргізіледі.
Бақылау диктантынан кейін бірнеше грамматикалық тапсырмалар
беріледі.
Қауын .
Қауын –аса дәмді. Оның сырты –сары. Қауыннан қақ
жасалады. Қақ тәтті. /11 сөз /
Грамматикалық тапсырма.
I нұсқа -дауысты дыбыстарды теріп жаз.
II нұсқа- дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.
I нұсқа- «қақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
II нұсқа- «қауын» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Бөлме.
Мынау –менің бөлмем.Оның терезелері –үлкен. Бөлме-
нің ауасы таза. Бөлмемді таза ұстаймын. /12 сөз /
Грамматикалық тапсырма.
I нұсқа -жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
II нұсқа-жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.
I нұсқа -«бөлменің» сөзін буынға бөліп жаз.
II нұсқа- «терезелерді» сөзін буынға бөліп жаз.
Жайлауда.
Біз жазды жайлауда өткіземіз.Жазда жайлау өте көңіл-
ді. Жайлауда қымыз ішеміз. Қымыз –емдік сусын./14 сөз/
Грамматикалық тапсырма.
I нұсқа -мәтінде неше сөйлем бар?
II нұсқа-2-ші сөйлемде неше сөз бар?
I нұсқа- «көңілді» сөзін тасымалда.
II нұсқа- « Жайлауда» сөзін тасымалда.
Сәбіз.
Балалар сәбіз жинауға барды. Дулат пен Серік сәбіз
қазды.
Самал мен Мерей сәбіз жинады. Санжар шелекпен
сәбіз тасыды. / 18 сөз /
Грамматикалық тапсырма
I нұсқа -кім? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
II нұсқа- кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
3 буынға бөлінетін сөздерді теріп жаз.
Жүзім
Жүзім жемістің бір түрі. Ол жылы жақта өседі.Жүзімнен жасалған
сусын өте дәмді болады.
Жүзімнің кейбір түрінен мейіз жасайды. Жүзім денсаулыққа пайдалы.
/22 сөз/
Грамматикалық тапсырмалар.
I нұсқа -не істеді? не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
II нұсқа-қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің
астын сыз.
Қарсы мағыналы сөздер жаз:
Дәмді- , жылы- , пайдалы.
Сынып тазалығы.
Мұрат пен Сара еденді жуды. Маржан гүлге су құйды. Сәрсен мен
Гүлжан парталарды сүртті. Қалған оқушылар шаңын сүртіп алды. Біз сыныбымызды таза ұстаймыз. / 23 сөз /
Грамматикалық тапсырмалар.
1. I нұсқа- кісі аттарын теріп жаз.
II нұсқа- етістіктерді теріп жаз.
2. Өзің білетін қала аттарын жаз
Немере.
Әжейдің немере қызы бар. Оны кішкентай күнінде әжесі күтті. Немересіне тәтті нан пісірді. Әдемі киім тікті. Кейін әжесі қартайды. Енді барлық жұмыстынемересі істейтін болды.
/25 сөз /
Грамматикалық тапсырмалар.
I нұсқа-4-ші сөйлемдегі сөздердің байланысын
сызып көрсет.
II нұсқа -1-ші сөйлемдегі сөздердің байланысын
сызып көрсет.
2. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді
тауып, көшіріп жаз.
Көктем.
Көктем болды.Қар ери бастады. Жер қарайды.Әр жерден бәйшешек көрінді. Құстар ұшып келді. Мал далаға жайылатын болды. /18 сөз /
Грамматикалық тапсырмалар:
1.Тасымалда: I нұсқа-жайылатын
II нұсқа-бәйшешек
2.Не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
3. Бас әріптен жазылатын сөздер ойлап жаз.
Х. Суретті диктант.
Суретті диктантты түрлендіріп өткізугеболады.Мұғалім өтілетін тақырыпқа байланыс-суреттерді, тапсырмаларды өзгертеді.
1. Суреттегі аң туралы білетініңді жаз.
2. Суреттегі заттардың атауларын жаз, олардан сөйлем құра.
3.Суреттегі үй жануарларының атын жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
4. Суреттер бойынша өзіңе ұнаған жануар туралы,шағын мәтін жаз.
5. Суреттен қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді теріп жаз.
6.Суреттегі аңдардың атын қателеспей жаз.
7.Суреттегі мамандық иелерін жазып шық.
ХІ. Сөздік диктант түрлері.
1-жұмыс.
# Арай, айналайын, аяулы, арна, алау, ақылды, ардақтау.
# Тараз, артық, парасатты, наубайшы, тайғақ, Тайбурыл, орман.
# Ойлау, орамал, шортан, сорпа, сона, ояу, оюлы.
# Қонжық, дуадақ, қасқыр, қарақұйрық, бірқазан, бұғы, доңыз.
# Барыс, долана, бақташы, қарсақ, қырық, тауешкі, тырна.
# дарынды, жомарт, мақтаншақ, әйбәт, мейірімді,.
# Ұсақ, бұлбұл, ұшқыш, еден, жаңғақ, емен, жер.
# Кеме, мереке, мектеп, алаң, таң, жарыс.
2-жұмыс.
# Іні, інжу, кілт, жуан, бірлік, білім, Асан, кітап.
# Әсет, әже, шәлі, әтеш, жәшік, мәсі, әліппе, дәптер.
# Ине, киім, жиек, ирек, зығыр, жұлдыз, қымыз, тазы.
# Өзен, өлең, өмір, көрші, үйрек, түйме, түлкі, үй, үміт.
# Егін, кереге, сегіз, мезгіл, аяқ, аяз, тақия, таяқ.
# Қою, қию, сүю, үлкею, хат, хор, саяхат, асхан
# Гауһар, жиһаз, қаһар, вагон, ферма, факс, фонтан.
#Монтёр, шахтёр, электр, экипаж, ащы, тұщы, борщ.
# Цирк, цех, цемент, чемпион, чек, чемода
# рояль, рельс, разъезд, подъезд.
2 сынып.
1 – сыныпта өткенді қайталау.
Сөздік диктант.
У әрпінің емлесі
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы,қуыршақ,қуаныш
Тапсырмалар:
1) Сөздерді буынға бөліп жаз.
2) Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын
екі сызықпен сыз.
3) Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.
Көшіру диктанты.
Көктем.
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
(Ш.Әлдібеков)
Тапсырма.
1-деңгей.
У әрпі бар сөздерді тап.
2-деңгей
У-әрпі дауысты болатындай етіп 7 сөз ж
Бақылау диктанты.
Жайлауда.
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы
өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық.Жайлауда уақытымыз қызықты өтті. (25 сөз)
Тапсырма.
1-деңгей.
Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2-деңгей.
Жайлау сөзіне дыбыстық талдау жаса
Ы, І әріптерінің емлесі.
Сөздік диктант.
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)
Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.
Көшіру диктанты.
Оқушы боламын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)
Тапсырмалары.
1) Ы-әріптерінің астын сыз.
2) Ы-дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.
Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.
Сөздік диктант.
Инабатты, иек, инелік, иманды, киік, қасиет, мәдениет, Нәзима, Қалима, сыйлық, тыйым, сыйласу. (12 сөз)
Көру диктанты.
Әрқашанда таң атпай,
Оятады сағаттай.
(әтеш).
Тауық, үйрек – үй құстары. Торғай – кішкентай құс.
Тапсырма.
Дауыссыз й - дыбысының астын сыз.
Көру диктанты.
Иіс.
Жайнатқан кең аймағын,
Атам бағбан айтулы.
Киімінен әрдайым,
Көк иісі аңқиды.
Дастарханы толы дәм,
Айнадай бар ыдысы.
Апамның ақ қолынан,
Шығады нан иісі.
(Қастек Баянбай)
Тапсырма.
И - әрпі бар сөздердің астын бір сызықпен сыз.
И - әрпі бар сөздерді буынға бөл.
Сөздік диктант.
Кітап, қалам, тиін, сыйлық, мүйіз, жиырма, кітапхана, лайық, рұқсат, оймақ. (10 сөз)
Ю, Я әріптерінің емлесі .
Терме диктант
1 )Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі.Әміре Қашаубаев кедей
шаруа жанұясында туып өскен.Әміре ауылдық Жаяу Мұса,Майра Уәлиқызы сияқты әншілермен танысып,өнерін одан әрі шыңдай түседі.
2) Ақбілек қиюын қиыстырып,бар өнерін салып,текемет басты(Ж.Аймауытов).Көз алғысыз әдемі оюлардың өңі кетіп қурай бастаған(Ғ.Мұстафин) Қыр мұрынды ,қою қара қасты ,қара торы жігіт кіріп келді.(Ғ.Мүсірепов)
Ү,Ұ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант
Үлкен,сүлгі,бұрыш, бүгін,ұқыпты,түн,бұлбұл, үрей, үкі, ұйықтады. (10 сөз)
Диктант
Немере
Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)
Тапсырма
1)Соңғы сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап және сыз
2)Немересі сөзін тасымалда.
О,Ө әріптерінің емлесі
Сөздік диктанг
Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, Қостанай,ой, ойыншық, отыру,осы,
сол, Орынтай ,орындық, отау, отын, Отан,оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.
Көшіру диктанты.
Тойдың сәні-ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Әнші көпшілік алдында өнерлерін көрсетеді. (23 сөз) (Сен білесің бе?)
Тапсырма
О,Ө әріптері бар сөздерді тап, буынға бөл.
Өздік жұмыс
Дәр...гер, с..з, ...сірді, ..ң, к...л,
Осы сөздерге сөйлем құр.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.
Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Қ,Ғ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант
Қайық,қиын,қозы,шаңғы,шағала,ғасыр,ғалым,сағыныш,сұңқар,қозғалыс, қараңғы,қарындаш.
Шығармашылық диктант
Сурет бойынша Қыс мезгілі.
Қыс .... . Қыс айлары: ...., ....., ...... . Қыста ...... демалыс болады. Біз демаламыз, ...... . Балалар ..... жақсы көреді.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.
Өздік диктант
Тоқтар Әубәкіров –ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.Тоқтар ата-анасынан жастай жетім қалып,апасының тәрбиесінде болған. Ол ұшқыш болуды армандаған.
Тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп жазып,дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.
Қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.
Б,п әріптерінің емлесі
Сөздік диктант
Клуб,штаб,қап,сап,кітап,мектеп,шөп,доп, себеп.
Тапсырма
Ы,і әріптерінің тиістісін қосып жаз. Үш сөйлем құр.
Н,ң әріптерінің емлесі
Көшіру диктанты
Мақалдар
1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2.Күшіңе сенбе ,біліміңе сен.
3Досыңа ат берсең,
Ақырын жүр деме.
Тапсырма
Н,ң әріптерінің астын сыз.
Н,ң әріптері бар сөздерді буынға бөл.
Сөздік диктант
Шаңғы, аңшы,теңіз,нанбайды,қоңырау,көгершін,қоян,аңыз,шаңқобыз,енші,маңғаз (10 сөз)
Диктант
Пайдалы кеңес.
Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста.Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.Кітапты қастерлеп,таза ұста. (23 сөз.)
Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап –сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Көшіру диктанты.
Аққала.
Жиналдық та көп бала,
Соқтық әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
“Бала” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Көшіру диктанты.
Қыс.
Ақ қар басқан дала әлі,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан – жағына алақтай.
“Қыс” туралы шағын әңгіме құрастыр.
Сөз және оның құрамы
Бақылау диктанты.
Әжесінің баласы.
Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі
аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні
көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайты-нына қызығады. (36 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
“Ертегілерді” сөзін тасымалда.
Бақылау диктанты.
Желге мінген желөкпе.
Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
“Таудан” сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Сөйлем және оның түрлері
Гүлді баптау
Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастархандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
Диктант.
Орман тамашасы.
Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр
екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыз
дан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп
шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық.
Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)
Бақылау диктанты.
Доп.
Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін –
өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты
тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше
допкеудесінетопететүсті.Сұлтанесінжиды. (38 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.
Диктант.
Қаракөк қозы.
Қозы тез өсті. Ең алдымен екі айыр мүйізі жылдам өсіп жетілді. Өзімен бірге туған төлдердің төбесінен қарайды және ерке. Мектептен келген Дәмір
дің соңынан еріп жүргені, ойнақтап, секіреді. Құйрығының ұшы аппақ.
Бұл да оның ерекшілігі еді. (35 сөз)
Бақылау диктанты.
Ағаттық.
Бейбіт мектепке келгенде балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін
қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды – жасыл
ды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қо
лына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Да
лаға шықты.Үрейден құтылып, қуаныпкетті. (40 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз
Көшіру диктанты
Кім жомарт?Не жомарт?
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт –
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт –
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт –
Жерге нұры шашыраған!
(М.Әлімбаев)
Зат есім
Көшіру диктанты.
I.Көбелек.
Ақ көбелек, көбелек,
Айтқаныма көне кет.
Жаңбыр жауып келеді,
Жаңа – жаңа себелеп.
II. Алатау.
Қошқар мүйіз киелі,
Қарала тақия киеді.
Абыз ата Алатау,
Құздарды жапқан кілемі.
Диктант.
Қызғалдақ пен Қарасора.
Қызғалдақты бір бала үзіп алды да алақанымен сипап құшырлана иіске
ді. Қызғалдақпен бала жүзі төңіректі нұрландырып жіберген.
Бала Қарасораға қарамады. Жапыра басып жүгіре жөнелді. Қарасора
Өскен жерді диқандар жыртып тастады. (28 сөз)
Бақылау диктанты.
Қарамұрын.
Қарамұрын есейді. Адам иісін аңдар мен құстардың иісінен жаңыл
май ажырататын болды. Орманда жеміс – жидек көп. Қарамұрын солар
мен қоректенетін болды. Сондықтан жылқымен сиырға тиіспейді.
Адамға тіпті жуымайды. (25 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.
Көшіру диктанты.
Алғыр тазы.
Иттің бір тұқымы – тазы. Тазы итпен бабаларымыз аң аулаған. Тазы –
артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ, мысықтан гөрі
итті жақсы көрген.
Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен. Ақын, сазгер Ақан серінің
де жүйрік тазысы болған. (37сөз)
Диктант.
Аэропорт.
Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге
Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол
жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті.
Аэрофлот кассасының алды ығы – жығы кісі. Бірақ кезек тез
жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)
Көшіру диктанты.
Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын
қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Етістік.
Бақылау диктанты.
Көктем.
Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойла
рын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады.
Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп,
дала түрленді. (27 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тап.
Астын сыз.
Диктант.
Хрусталь.
Әсем бөлмеде жалғыз болғанымен көңілді еді. Өзімен - өзі болып,
әндетіп билеп жүрді. Сонан соң, диванға барып отырды.
Анасына көмектескісі келіп кетті. Қолына шүберек алып, серванттың
қасына барды. Хрусталь вазаны алып, сүрте бергенде, қолынан түсіп
кетіп, сындырып алды.
(37 сөз)
Көшіру диктанты.
Мысықтың айласы.
I. Сайынның тағы да,
Іші қатты пысыпты.
Жатып алып жанына,
Умаждады мысықты.
II. Жұлқылауын қойды да,
Суға сала бастады...
Жіп тақты да мойнына,
Талға байлап тастады.
III. Бейімбет Майлин жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірігіп, “Амангел
ді” кинофильміне сценарий жазған. Бейімбет Майлин есімін халық
қашанда қадір тұтады.
Сын есім.
Бақылау диктанты.
Әже өнері.
Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе
әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан кел
мейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей – өр
некті сырмақ сырады.Тоқыған алашасы көздің жауын алады.
Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан
шыққан. (39 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
“Әшекей” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант.
Менің күшігім.
Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты –
Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де
күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің
сондай күшігім болғанына өте қуанамын.
(33 сөз)
Көшіру диктанты
Бағдаршам
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл ,сары,жасыл
Жұмбақ
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай
Тапсырма
Сын есімдерді тауып астын сыз.
Сан есім.
Диктант.
Демалыста.
Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де екінші сыныпқа көштік.
Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Нұрлан жазғы демалыс
ты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға
көмектеседі. (24 сөз)
Өздік жұмысы.
Аяз.
Бірде ағасы Мұрат пен інісі Марат екеуі қардан жасалған дөңге
ойнауға барды. Ол екеуі ұзақ уақыт сол дөңде ойнады. Бір уақытта
інісі жылап жіберді. Мұрат інісіне қараса, бетін аяз шалыпты. (29 сөз)
Өздік жұмыс.
“Біздің сынып” тақырыбына шағын мәтін құрастыр.
Өздік диктант.
Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жаз.
Заттың атын білдіретін 5 сөз жаз.
Заттың сапасын, түр – түсін білдіретін 2 сөз жаз.
Буынға бөл.
Көбелек, терезе, орындық, нан, айна.
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Дауысты -, дауыссыз =.
Достық, ескерткіш, кезекші, шүберек, өшіргіш.
3 сынып
2-ші сыныпты қайталау.
Сөздік диктант.
Көркею,есею,молаю,таяз,пияз,сия,сыйымды,сипау,уыз,жуу,уқалау,уәде.
(12сөз)
Тапсырма
Төрт сөзге сөйлем құр.
Өздік жұмыс
Әр топқа жататын сөздерді топтап жаз.
1 Көлік түрлері:
2 Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3 Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4 Дене мүшелері.
Дауыссыз үнді дыбыстарының астын сыз.
Шығармашылық диктант.
1 Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы.
2 Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3 Жанады, өте, жақсы,ол.
4 Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы.
Тапсырма.
Сөздердің орнын ауыстырып сөйлемдерді дұрыс құр
Сөздік диктант
Циркуль,аэропорт,чемодан,қаһарман,вокзал,веллосипед,фабрика,ферма,
щетка,хабар,айдаһар,хаттама.(12 сөз)
Тапсырма
Қалаған төрт сөзді буынға бөл.
Сөйлем мүшелері.
Диктант.
Еліктің лағы.
Қыс мезгілі. Бір топ елік жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы
да бар. Бір кезде тосыннан көкжал қасқыр тап берді. Бұлар лақты ор
таға алып, қаша жөнелді. Қасқыр лақты жегісі келеді. Еліктер
оған жібермейді. Тіпті мүйіздерімен жасқап қорғап келеді. Жүгіре –
жүгіре аузына түк ілікпеген қасқыр шаршап жөніне кетті.
(45 сөз)
Тапсырма:
Жалаң сөйлемді тауып, сызбамен көрсе
Диктант
Отаным.
Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең.Жерінде тау да,жазық та,ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен өзен,
көлдер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пай-далы қазбаларға бай. Республикамызда астық өндіріледі. Мал шаруа-шылығы да жақсы өркендеген.
Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық
қарым-қатынаста.Мен осындай елде туғанымды мақтан етемін.
Грамматикалық тапсырмалар.
1.Тасымал
I- н жерінде
II- н мемлекетпен
III- н Республикасы
I-н 7 сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
II-н 9 сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
III-н 8 сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
I-н көп, үлкен сөздеріне қарсы мағыналы сөз жаз.
II-н айтылуы бірдей мағынасы әртүрлі 3 сөз жаз.
III-н пайдалы,дос сөздеріне мәндес сөздер жаз.
*3.Туған жер,Отан туралы 3 мақал жаз.
Шығармашылық диктант.
Ф ,в,б,п әріптерінің тиістісін қойып,көшіріп жаз.
Аулада ...онтан бар.Бұл-темір жол ...окзалы. ...арида ...ерғанада
тұрады. Аяқ киім ...абрикасы қала шетінде орналасқан.Менің анам
...ермада істейді. Сендер ...елосипедтің қандай түрлерін білесіңдер?
Кіта... адамның ақылшысы,досы. Дос...олдың атасы-шо...ан.Анар
...азаға гүл салды.
Грамматикалық тапсырмалар:
1нұсқа
1.Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет
2.зат есімдердің астын сөз
2 нұсқа
Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет
Етістіктердің астын сыз
* «кітап» туралы 2 мақал жаз
Бақылау диктанты.
Шіл.
Жиналған отынның арасынан бір дыбыс естіледі.Бір құс қысылып
қалыпты.Қанатымен отынды сабалайды. Құсты үйге алып келдім.
Оның алдына жем, су қойдым. Бірақ ол алдына қойылған нәрселерге назар
аудармай қойды.
Атам бұл құстың шіл екенін айтты. Шілдің қолға үйренбейтін құс
екенін ескертті. Мен сол күні-ақ шілді тордан босатып жібердім.
Грамматикалық тапсырмалар:
1.
I-н Зат есімдердің астын сыз
II-н Сын есімдердің астын сыз
III-н Сөйлемдердегі етістіктерді тап,астын сыз.
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап,сыз.
I-н 3сөйлем
II-н 5сөйлем
III-н 2сөйлем
I-н жуан дауыстыларды теріп жаз
II-н жіңішке дауыстыларды теріп жаз.
III-н ұяң,қатаң,үнді дауыссыздарды теріп жаз.
4.* оқу,білім туралы мақал жаз.
Көшіру диктанты.
Ауылға оралу.
Әлгі бала қалың киініп алыпты. Басында ескілеу малақай,үстінде көнетоз,жібі сөгілген күпәйке,аяғында қолпылдаған,үлкен керзі етік.
Қасына жақындаған баланы жүргізуші жол жиегіне түсіріп кетті.
Айналаға аңтарыла қараған бала біраз тұрды да, сайға қарай жүгірді.
Ол өзіне әрбір сай-саласы мен бұрылыс-қалтарысы әбден таныс өлкемен
қайта табысты.
Грамматикалық тапсырмалар:
I-н бастауыштардың астын сыз.
II-н баяндауыштардың астын сыз.
III-н бастауыштар мен баяндауыштардың астын сыз.
2. тасымалда
I-н басында
II-н жақындаған
III-нқолпылдаған
3.* бастауышы да,баяндауышы да зат есімнен болатын 2сөйлем жаз
Диктант .
Мұз астындағы ұйқы.
Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты.
Су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар
абыржып қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқы-мы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.
Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің
бәрін білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір
қуысқа жиналды.Ұйқыға жатты.Су астын қараңғылық басты.
Грамматикалық тапсырмалар:
1.Дыбыстық талдау жаса
I- н сазан
II -н аюлар
III-н аязынан
2.Сөйлем мүшесіне талда
I- н 2сөйлем
II- н 4сөйлем
III-н 3сөйлем
3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет
I-н 4сөйлем
II-н 2сөйлем
III-н 6сөйлем
4.* орны ауысқан әріптерден сөз құрастыр,артық сөздің астын сыз.
Өздік диктанты
I-нұсқа
Қосымшалы сөздерді көшіру.
Сөз құрамына талдау.
Қой – қойшы
Ойын – ойыншы
Төбе – төбешік
Бел – белдік
Бас – басшы
Ауыз – ауыздық
II-нұсқа
Мал – малшы
Оқу – оқушы
Бал – балгер
Дойбы – дойбышы
Кәсіп – кәсіпкер
Жұмыс – жұмысшы
III-нұсқа
Сақ – сақшы
Шөп – шөпші
Би – биші
Бас – бастық
Заң – заңгер
Тіл – тілші
Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі
I-нұсқа
Оқушы, бала сөздерін тәуелде.
II-нұсқа
Кітапханашы, қақпашы сөздерін тәуелде.
III-нұсқа
Дүкенші, қойшы сөздерін тәуелде
Терме диктант
Сұңғақ,көңілсіз,өнерпаз,ілулі,жарық, бүгін,ақылды,ашық,әдепті,сымбатты, инабатты,кең,үлкен.
Тапсырма
Негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Сын есімдерді пайдаланып сөз тіркесін құр.
Сан есім
Шығармашылық жұмыс
Есептік Реттік
Он, үш, екі он бірінші, үшінші, жүзінші
Тапсырма: Есептік, реттік сан есімдерді жалғастыр.
Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен жаз.
217, 105, 86, 128, 1998.
Сан есімдерді қатыстырып диолог құр.
Көшіру диктанты.
Мақалдар.
1Күлме досыңа,
Келер басыңа.
2Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Тапсырма.
Жұрнақ жалғанған етістікті тап.
Шығармашылық диктант.
Болымды, болымсыз етістіктерді қолданып,сурет бойынша әңгіме жаз.
4 сынып
3 сыныпты қайталау.
Көшіру диктанты.
Асау тай.
Міне ағам шап беріп,
Қыса түсіп тақымды.
Асау мұны жат көріп,
Көкке шапшып атымды.
Ағамды атып ұрмақ боп,
Мөңкіді – ай кеп жас бейбақ.
Тулап – тулап, тулап кеп,
Қырға қарай қашты ойнап.
Ағама ақыр ол көнді,
Бұрған жаққа басы ауды.
Ағамдай боп мен де енді,
Үйретсем – ау асауды.
Тапсырма: “Мөңкіді” және “Бейбақ” сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Өздік жұмысы.
Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, торғайлар,
киім,көктайғақ,балалар,қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.
Қаратпа сөздерді қолданып 3 сөйлем құрастыр.
Жер – Ана.
II. Өзенің мен көліңе,
Күтеді сүйген еліңе
Еңбектенген еріңе
Бас иемін, Жер – Ана!
Толқынданған дәніңе,
Самғаған көкте әніңе.
Бір сөзбен айтсам бәріне
Бас иемін, Жер – Ана.
Тапсырма:
Тәуелденген зат есімдердің астын сыз
Жаңылтпаш
III. Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күмән не?
Күнәні артады,
Күнәға батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.
Сөйлем мүшелері.
Көшіру диктанты.
Шабындықта.
Үнемі сол жаз шыға олар шабындыққа шығады. Қос және екі-үш үй тігеді.
Биыл да Қайрат әкесіне ілесіп шабындыққа келді. Анасы шөпшілерге арнап
тамақ асты. Оған қарындасы көмектеседі. Қоста ішкен тамақ неткен
дәмді десейші! Шабындықтың пішені шайқалып, толқып қояды.
Иісі мұрын жарады. Кенет аяқ астынан әлдебір нәрсе ұшып тұра келді де, қаша жөнелді.
(50 сөз)
Тапсырма:
1) 3- ші сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.
Бақылау диктанты.
Атамекен.
Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.
Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады.
Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді
көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын.
Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың
ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер,
үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет.
“Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант.
Тәтті тағамдар.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді.
Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағам
дар дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан,
сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық
екен. Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке
бір-ақ келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді.
Бұған ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге
жүрсе, балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан,
сөк, ірімшік, құрт, балмұздақ - тәтті тағамдар.
Тапсырма:
1) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз
Сөз мағынасы.
Бақылау диктанты.
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші композиторы, халық сазының
алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділет
сіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы
“Алатау”, “Сарыарқа”, “Адай”, “Ақсақ киік”, “Түрмеден қашқан”, “Балбы
рауын”, “Кісен ашқан”, “Серпер” тағы басқа көптеген күйлер шығарған.
Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын , өршіл ойын, қажымас қайрат
жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді.
Хамит Ерғалиев “Құрманғазы” атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманға
зының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық
халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі
Құрманғазы есімімен аталады.
Тапсырма: (74 сөз)
Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.
“Күйші” сөзін сөз құрамына талда.
“Халық” сөзіне сөйлем құра.
Көшіру диктанты.
Жолда жатқан әмиан.
Ойымда дәнеңе жоқ тротуармен тық-тық басып келе жатыр едім.
Оң қапталымда жатқан әмианға көзім бірден түсті. Өйтіп барып,
қалт тоқтадым да “Ескі ме, әлде біреудің қалтасынан сусып түсіп
қалған ба?” деп ойладым. Екі ұдай күпті көңілмен қолымды әлгі
әмианға создым. Міне, қызық! Әмианға қолым тиер – тиместен
“шаршып” түскені.... Өн бойым дір- дір етіп секем алып, енді
қолымды тартып алғанша болған жоқ, талдың арасынан таныс бір
күлкі естілген.... Әмианын “арқандап” қойып, ары өткен, бері
өткен адамдардың “пиғылын” байқап, мазақтап отырған Әділ інім екен.
Қап! Сондағы ұялғаным-ай!
Менің інімнің де істемейтіні жоқ-ау! (88 сөз)
Тапсырма:
Қос сөздерді тауып, астын сыз.
Көшіру диктанты.
Қанаттың күй құмарлығы.
Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына
келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала
қашып, қиюы келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны –
осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі
елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып
әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады.
Тапсырма: (64 сөз)
мәтіннен қос сөздердің астын сыз
Атасының, күйлерді – деген сөздерді сөз құрамына талда.
Қысқарған сөздер
Өздік жұмысы
Қысқарған сөздердің әр қайсысының толық атауын тұсына жаз.
БҰҰ, ҚМУ,ҚР, АҚШ,ОМ, БМ, кг, см
* қалаған 3 сөзіне сөйлем құрау
Өздік жұмысы.
Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.
Зәрем зәр түбіне жетті.
Тайға таңба басқандай.
Ине шаншар жер жоқ.
Жібек орамал кепкенше.
Таяқ тастам жер.
Қорыққанға қос көрінеді
Зат есімнің септелуі.
Шығармашылық диктант
Аққала
Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
Тапсырма:
1.Зат есімдерді тап.
2.Бала, аққала сөздерін септеп жаз.
3.Тәуелдеулі зат есімдерді септеп жаз.
а. Анам, үйрегім
ә. Балам, жерім
б. Әкем, үйім
Зат есімнің тәуелденуі.
Өздік жұмыс.
Қуыршақ жылай ма?
-Қызым, қуыршағың жылай ма?
-Жыламайды.
-Кәмпит сұрай ма?
-Сұрамайды.
-Онда оның ақылы көп қой.
-Апа ,сұрайтын оның тілі жоқ қой.
Тапсырма.
1)Тәуелдеулі сөзді тап.
2)Асты сызылған сөздерді тәуелдеп жекеше ,көпше түрде жаз.
Зат есімнің жіктелуі
Көшіру диктанты.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсылық жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен –кіші бәрі жақсы.
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
“Олақтан салақ” жаман –деген мақал.
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Тапсырма
1)Өлеңді көшіріп жаз.
2)Басшы - сөзін жікте.
Етістік.
Диктант.
Ұялас күшіктер.
Мектептен үйге қайтып келе жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып,
буфеттен сатып алған тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан
тықыр білінгендей болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш
екені көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады. Тоқашым
нан бір үзііп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде енді нанның жоқты
ғын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктейді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.
Маған барлық күшіктері де ұнады.
(71 сөз)
Тапсырма:
1-ші сөйлемдегі етістіктерін өткен шаққа ауыстыр
соңғы сөйлемнің етістіктерін келер шаққа ауыстыр
Сын есім.
Диктант.
Шахтада.
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан. Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз қалдық. (94 сөз)
Тапсырма:
1)дара сын есімдерді тауып, астын сыз.
2) соңғы сөйлемді күрделі сын есімі бар сөйлемге айналдыр.
3) мәндес және қарама-қарсы сын есімдердге мысал келтір.
Сан есім Бақылау диктанты.
Балапандар.
Майтан ағам бізге шұбар тауық, оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай балапандарды берді. Олар бізге бір күннен кейін үйреніп кетті. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.(83 сөз)
Тапсырма:мәтіннен сан есім және сын есімдерді тауып астын сыз.Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.
Көшіру диктанты.Үйректі қорыған тауық.
Жадыра жаңадан сатып алған төрт үйректі тауық қораға қамап қойған болатын. Үйректер тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылып жүрді.
Осы төрт үйректі аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы табыла кетті. Ол
шұбар тауық еді. Қанатын қомдап қойып, үйректердің қасынан бір шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып – шоқып алдына салып қуып келеді. Ұясынан кіргізіп алып, аузында қанатын қомдап кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі бірнеше рет тамашалаған Жадыра үйректерді қорыған шұбар тауыққаіштей риза болып жүрді.(74 сөз)
Тапсырма:мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөйлем ойла.
1-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Көшіру диктанты. Кітап саудасы.
Рауан мен Ержан кітап дүкеніне барды. “Қалжың есеп” кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Қалтасында 18 тиыны бар еді. “Бұл кітапты сатып алуға менің 19 тиыным жетпей тұр. Егер екеуміздің ақшамызды қоссақ та біз бұл кітапты сатып ала алмас едік,” – деді. Себебі Ержанның қалтасында көк тиын жоқ еді (50 сөз)
Тапсырма:Көрсетілген сандарды сөзбен жаз
Екеуміздің, ақшамызды – деген сөздерді сөз құрамына талда.
Шылау
Көшіру диктанты Гүлдер
Бір топ бала жалаң аяқ гүл теріп жүр.Балалар таласа жарысады.Оларды әрбір гүл“Маған кел ,мені ал,мені иіске” деп шақырып тұрғандай.Бір гүлден бір гүл әдемі көрінеді.Қызыға-қызыға ауылдан ұзап та бар жатты.Ұзаған сайын гүл де көбейе берді,гүлге қонған қонған көбелектер де көбейе берді.(46 сөз)
Тапсырма Шылау сөздерді теріп жаз.
Үстеу
Диктант Сауысқан
Балалар бірде маған сауысқанның кішкентай балапанын әкеліп берді.
Сары езу балапандарды қанаты қатып өз бетімен ұшуға жарағанбағып-қағу өте қиынға соқты.Алдымен әбігерге түсіп жүріп жемге үйреттік.Өсе келе мен
Оны тор ішінде отыруға үйреттім.
Бірте-бірте біздің үй ішінен әр түрлі заттар жоғалып кетіп жатты.Бірде шай қасық,бірде қайшы,сағатым жоғалып кетті. Мұның бәрі сол сауысқанның ісі екендігін артынан түсіндім. (61 сөз).
Тапсырма Үстеулерді тауып астын сыз.
Бақылау диктанты. Улы гүлдер.
Жайлауға келіп, рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл, көк
шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл теріп жүрміз. Самат қолындағы гүлдерін
қайта-қайта иіскеп қояды. Бір мезгілде тұра оқалды да, тәлтіректеп барып құлаптүсті. Жабылып басын көтердік. Жүрегі соғып тұр.
Айжан бірден біле қойды. Ой, балалар, Самат уланып қалды, - деді шошынып. Біздер қорқып кеттік. Саматжарты сағаттай жатты да, тұрып кетті. Жаңағы жерде гүлі улы шөптер де бар екен.(66 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
3-ші, 4-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Одағайдың астын сыз.
Шылауларды теріп жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |