Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет58/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Бұл сөздер сөйлем басында келіп, олардан кейін қаратпа, қыстырма сөздер 
тұрса, екеуінің араларына үтір қойылады, бірақ ол үтір бұл сөздерге байланысты қойылған 
тыныс белгісі емес, қаратпа не қыстырма сөздің екі жағынан койылған үтірдің біреуі болып 
саналады: Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой (М.Әуезов). Дегенмен, шынымды айтайын, 
сізді танымай тұрмын. Бірақ, апа, осы екі балаңды адам етем (М.Әуезов). 
Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болмасын деген сияқты тіркестер
қыстырма ретінде үтірмен бөлінеді: Ол – ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті.
Сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысы жоқ, өз алдына жеке сөйлем 
сияқты қыстырма конструкциялардың да екі жағынан үтір қойылады. Ол 
конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы ... болып деген тәрізді 
сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем мағынасы 
ойсырамайды. Мысалы: Бір топ адам, басы Жомарт болып, егінге қарай беттеді. 
Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып бар, Жомарт келеді (Ғ.Мұстафин). 
Осы мақсатпен 1913 жылы патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде 
Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкелді (“Қазақ әдебиеті”).
Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім екенін 
білдіру үшін редакция деген сөз немесе автордың әріптерден қысқартылып 
көрсетілген аты-жөні (инициалы) қойылады. Ондайда қыстырмадан кейін нүкте 
мен сызықша қойылып, автордың қысқартылған аты-жөні немесе редакция 
деген сөз бас әріппен жазылады да, жақша жабылады: Шоқан Уәлиханов 
Қашқарда қалай тұруы туралы былай дейді: “Қашқардың және Алты шаһардың 
ғұрпы бойынша, шет мемлекеттен бұл елге келгендер үйленуге міндетті. (Кейін 
анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. – С.М.). Кіші Бұхара 
(Қашқария – С.М.) имам Ханифке (мұсылмандар дүниесіндегі төрт мәзһәптің, 
орысша сектаның біреуі. – С.М.) бағынғанмен, ...бұл арада уақытша үйлену 
толық күшінде екен”. Бұл мысалдардағы С.М. дегендер – Сәбит Мұқановтың 
инициалы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет