2) Ресми-іскерлік стиль өзге жазба стильдерге қарағанда, ертерек қалыптасты. Оның басты себебі – ол мемлекет өмірінің негізгі санаттарында (сыртқы қарым-қатынас, жеке меншікті бекіту, сауда т. б.) қызмет етті. Келісім-шарт, заңдар, қарыз, мұрагерлік және тағы басқа жазбалар жаңа, ерекше «тілді» қалыптастырды. Ол даму, қалыптасу барысында бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен, өзінің негізгі белгілерін сақтап қалды.
Ресми стильдің түрлері белгілі бір қалыпқа түскен үлгі бойынша жазылады да, онда саяси-публицистикалық лексика, әкімшілік терминдер мен номенклатуралық атаулар жиі қолда-нылады (мекеме, ұйым, өкілеттік, ақпараттық хат, шарт, келісім, ереже, қаулы, нұсқау, өтінемін, сенім білдіруші, келісілген, төменде қол қоюшылар, қолхат, куәлік, күн тәртібі, шешім қабылданды, бұйрыққа жіберілсін, Ұлы мәртебелі, т.б.). Логикалық жүйелі құрылған ой құрмалас сөйлемдер арқылы беріледі, ондағы сөздердің орын тәртібі қалыптасқан құрылымнан тұрады.
3) Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, деректі фильмдерде қолданылатын функционалды стильдердің бірі. Публика – латын сөзі, «көпшілік» мәнін білдіреді. ХІХ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған стиль түрі – бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы.
Публицистикалық стильге газет-журналдардың тілі, әртүрлімақалалар, очерктер жатады. Публицистикалық шығармада еліміздің ішкі-сыртқы саясатына, қоғамдық құрылысына, экономикалық жағдайы мендамуына, ғылыми техникалық прогрестің артуына, мәдениеттің өркендеуінет.б. байланысты жалпы халық үшін мәні зор мәселелер көтеріліп талданады, ол ықпалды, әсерлі, сенімді түрде жеткізіледі.
4) көркем әдебиет стилі – проза, поэзия, драматургия салаларындажазылған көркем шығармалардың стилі. Онда тіл ерекше экспрессивтік-эстетикалық қызмет атқарады. Оқушының сезіміне әсер ету үшін, ойдыобразды түрде жеткізу үшін көркем шығармада көбінесе сөздер тура мағынадаемес, ауыспалы мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркемәдебиет тілі – бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге әсер ететін тіл.
Көркем әдебиет стилі – проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың тілі. Стильдің бұл түрінде сөздер екшеліп, сараланып қолданылады. Өмір фактілері шынайы образдар арқылы сурет-телетіндіктен, ондағы дәстүрлі де төлтума сөздер, көркемдегіш, бейнелегіш құралдар стильдік мақсатта жұмсалады. Зерттеу еңбектерде айқындалғандай, көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Соның ең бастысы – тіл байлығы, сөздік құрамының молдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |