Алаш қозғалысы


Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі



бет16/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
қазақ тілі реферат

Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емесойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы, Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады.

Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт


Шынтуайтында, бұл бастама жиынға келген басқа да балабақшалар меңгерушілерінің, облыстық балалар кітапхана қызметкерлерінің, журналистердің және де мекеме тәрбиешілерінің қызығушылығын оятып, мәдени-рухани серпіліс әкелді. Елбасы: «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», – деп айтқандай, қазіргі таңда қазақ халқының әлемдік орны айқындалды. Ал, Елбасы мақаласы арқылы ұлтымыздың жеті қыры дүние жүзіне паш етілді.Кеш барысында ұжымымыздың қызметкерлері мен балалары «Ұлы даланың жеті қырын» көрініс ретінде көрсетті. Мәселен, қызғалдақтар шығып билеп, Ұлы Жібек жолы туралы видео көрсетілді. Сонымен қатар, сахнаға ұста, аңшы, күйші, ақын, бағбан заттарымен шығып, күй шертілді. Олар өз мұраларының мән-маңыздылығын түсіндіріп, кемел болашақ үшін ата-бабамыздан қалған мирасты мұражайға тапсырды.Іс-шарада «Елім-ай», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Желтоқсан желі», «Тәуелсіздігім ардағым» атты тарихи маңызы зор әндер айтылды. Балалар кітапханасының кітапханашысы мен архиві мазмұны терең тарихқа толы кітаптармен таныстырып, ата-аналар комитетінің басшысы мен аналарды Тараз қаласының орталығында орналасқан заманауи кітапханаға шақырды.

Уық шаншылған Ұлытау
Ұлытау – тарихы ғасырлардың терең қойнауына кететін, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз ақ боз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, ел болып ғұмыр кешудің келелі мәселелерін шешкен, киелі де құнарлы, әлі қазыналы өлке.
Осы өлке туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Уық шаншылған Ұлытау» атты кітап-альбомымен таныс болыңыздар. Кітапхана қорына түскен кітап-альбом жергілікті ақындар Ғазиз Ештанаев, Батырбек Мырзабеков, Сара Смағұловалардың құрастыруымен 2017 жылы Алматы қаласы, «Аспантау» баспасынан жарық көрді.
Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаша хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке. Бұл өлке – ежелгі дала өркениетінің, шаруашылығының мәдениетінің алтын бесігі іспетті.
Еңбектің қазақ елінің өткен тарихын танып білудегі, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі мәні зор.
Тым көне, бізден алыс замандардың өзінде осы өңірді ел мекендеп, құтты қоныс еткен Ұлытау-Жезқазған өңірімен таныс болыңыздар.

Бабалар сөзі-даналық көзі


Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқа аралығындағы халқымыздың басына түскен тауқыметтерін бірге тартып, ел үшін еңіреп туған ерлер шоғыры исі қазақ жұртында жеткілікті көп болғанын ешкім де жоққа шығармайды.
Небір жақсылар мен жайсаңдар іргелі еліміз бен ұлан-ғайыр жеріміз үшін түн қатып, түстері қашып, мұз төсеніп, қар жамылып жүріп халқымыздың бақытты өмір сүруі үшін небір жанпидалықтарға да барғаны аңыз-әңгіме, әфсана-миф, жыр-дастан, қисса-өлең, шежірелер арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Иә, халықтың зейін-зердесінде ғасырлар бойы сақталған асыл тұлғалар аз емес. Әрине, оларды ешқандай бұйрық, жарлықпен жоя алмайсыз. Өйткені олардың есімдері де, ерлік істері де, ұлағатты сөздері де ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жүректерге берік ұялап қалған. Қай халықтың болмасын тарихы бар, тағылымды істері бар. Олардың қол бастаған батырлары да, сөз бастаған ақындары да, көріпкел көсемдері де болған. Небір ісмер, іскер, білімпаз, білікті ойшылдары да өткен.
Жазиралы Жетісу өлкесі – ел жүрегінде ұялаған ұлдар мен қыздардың Отаны. Арғыны айтпағанның өзінде, қазақ хандығы – мемлекеті дүниеге келген XV ғасырдан бергі уақыт ішінде небір сұрапыл соғыстарды бастан кешіп, еліміз бен жерімізді басқыншы жаулардан қорғап өткен батыр бабаларымыз, данагөй данышпандарымыз, кемелді кемеңгерлеріміз қаншама?!
Елбасы өзінің рухани жаңғыру мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әр бір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әнгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымыздың «Үш ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен және жолсапар барысында оқушылардың қауіпсіздігін ескеру мақсатында аудандық аурухана және аудандық ішкі істер бөлімінің МАИ қызметкерлерінің қатысуымен Қаратал және Көксу аудандарындағы әулие, батыр, би бабалардың кесенелеріне жалпы білім беретін мектеп оқушыларына саяхат ұйымдастырды.
Оқушылар саяхаты би, шешен қолбасшы, Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен немересі Ескелді би Жылкелдіұлы (1692 – 1780 жж), кесенесінен бастау алып, әулие, би, өз заманының айтулы шешені, білгір де білікті
Мәңгілік сарын
Қорқыт есімімен байланысты аңыздар түрік тектес халықтар арасында әр алуан түрде әңгімеленеді. Академик Ә.Марғұлан: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түрікпендерде көбірек жолығады» дейді. Қорқыт жайындағы деректердің белгілі бола бастауы XII-XIII ғасырлардан бермен қарай. Атақты тарихшы Рашидеддин қыр сахарасында Қорқыт пен «Оғыз-наманың» қатар хикаяланатынын жазған
Қазақ арасына таралған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ре­тінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Терең ойлар, ауыр мехнат азабымен өлместікті арман еткен Қорқыт мәңгілік өмір іздеп ел кезеді. Қазақ арасындағы аңыздарда Қорқыт Ата – көпті көрген батагөй, сәуегей, атақты музыкант әрі ойшыл абыз. Ол айтқан болжау дәл келіп отырған.
Әлішер Науаи Қорқыт жайында былай деп жазады: «Түрік ұлысы арасында Қорқыт Атадан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқына ешкім тең келмейтін. Өзінен кейінгі көп жылғы келешекті болжап айтқыш данышпан еді, оның таңғаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар».
Қорқыт Атадан қалды дейтін ше­шендік нақыл, ойшыл, өсиет сөздер өмірден түйгені көп дананың алып бейнесін елестетеді: «Ажал келмей кісі өлмес, өлген адам тірілмес», «Шыққан жан қайтып кірмес», «Бетеге биікке теңесе алмас», «Есекке қанша жүген сал­ғанмен, ат болмас», «Қар қанша қалың жауғанмен, көктемнен қалмас», «Бақ қанша гүлденгенмен, күзден қалмас», «Ескі темір біз болмас, ескі дұш­пан дос болмас», «Ат шалдықпай, жол түгесілмес», «Қанжар тимей жау қайтпас», «Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ», «Шаба білмеген атты қи­найды», «Адам кірмес қара үйдің құ­­лағаны мақұл. Жылқы жемес арам шөптің өспегені мақұл. Адам ішпес ащы судың ақпағаны мақұл. Даңқ әпермес баланың әкесінің белінен шықпағаны мақұл, құрсағынан ананың шықпағаны мақұл. Жалған сөздің дүниеге келмегені мақұл».
Кей аңыздарда жер ортасы Сырға қайтып оралған Қорқыт өлерін сезген соң, айнымас серігі – желмаясын со­йып, соның терісін қайық қылып ертелі-кеш қобыз тартады. Өзінің жақын досы Дарабоз арқылы ол жар дегенде жалғыз қарындасы Ақтамаққа соңғы арыздасу-қоштасу сәлемін жолдайды.
Ел тірегі білімді жастар
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер", - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Болашаққа жол ашқан бағдарлама


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласының жария­лан­ғанына, міне, бүгін төрт жыл толып отыр. Ежелгі аталары­мыз «Өз тарихын білген ел ешкі­м­нен жеңілмейді» дегеніндей, Елба­сының бағдарламалық мақала­сында халқымыздың тарихи санасын қалыптастырудың басым бағыттары айқындалған.
Сол себепті, бұл бағдарламаны – қо­ғамға рухани жол көрсетіп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген идея деп түсінеміз. Осы орайда, ең әуелі атап өтерлік оқиға – Елбасының бағдарламалық мақа­ласында атап өтілген басым бағыт­тарды айқындап, оның іске асырылу те­тіктерін қамтамасыз етумен бірге, жоспарланған жұмыстарды жүйе­лендіру, бағдарламаны іске асыруды әдіс­на­малық және талдамалық сүйемелдеу, өңірлік жобалық офистердің қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №225 қаулысымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты құрылған болатын.
«Бұл институттың басты міндеті – заманауи бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғам құру барысында, осыған қатысты барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеп, ғылы­ми негізделген тұжырымдамамен қамта­масыз ете отырып, бағдарламада көрсе­тілген 6 бағыт пен 17 түрлі жобаны жаңғыртудың стратегиялық тәсі­лін әзірлеу және қатысушыларды әдісте­мелік жұмыспен қамтамасыз ету, олар­дың құзыреттілігін арттыру», дейді инсти­туттың басқарма төрағасының орын­ба­сары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарова.
Осы орайда, жоғарыда атап өтілген алты бағытқа жеке-жеке тоқталар бол­сақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет