Прагматизм – ұлттық және жеке ресурстарды нақты білу, оларды үнемді жұмсау, өз болашағын жоспарлай білу, ысырапшылдықтан, менмендіктен бас тарту;
Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық және әлемдік нарықтарда материалдық қана емес, сонымен қатар жоғары сапалы зияткерлік өнімді ұсына білу қабілетін арттыру;
Білімнің салтанат құруы – «білім – болашақта табысқа жетудің ең іргелі факторы» атты идеяны дәріптеу;
Эволюциялық даму – қоғамның бейбіт, зорлық-зомбылықсыз қайта құрылуы;
Кітап білім бұлағы
ітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.
Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.
Жастардың кәсіп таңдауы
Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.
Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»
Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн.
Әр адамдар әртүрлі пікір айтуы мүмкін. Өз кәсібін жақсы көрмейтіндер асыра жамандап, жақсы көретіндер асыра мақтауы мүмкін. Мұны да ескеріп бейтарап ақылмен таразыға салу қажет. Кей адамдар өзі басқаша ойлап тұрғанымен біреудің айтқанын құптағыш, еліктегіш келеді. Келесі адам дәл сол тақырыпта басқаша көзқарас айтса, оны да мақұлдап кетеді. Жалпылама жеке-дара және шығармашылық ой түзе алуға дағдылану керек. Сондай-ақ жауапкершілікті болу, адамдармен тіл табыса алу, байланыс құра алу, біріге жұмыс жасай алу, көпшіліктің алдында ойын жеткізе алу сияқты қабілеттерді жетілдіруге тырысу керек.
Қоғам.Қазіргі қоғам
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр ХХI ғасыр-технология дәуірі және жастар заманы деседе болады.Жаңа ғасыр балалары мүлде бөлек,әрі ерекше.Егерде салыстырып қарайтын болсақ,бұрыңғы балалардан психологиясы да,ойлау қабілеті де, сөйлеу мәнері де, қабылдауы,қоғаммен қатынасы,үлкенге деген ізгілігі, тұлғасы, қызығушылығы, бет келбеті, әлемді тануы, отбасын сыйлауы, мәдениеті, қимыл іс әрекеті басқаша.Қазіргі ересек балалар да, кішкентай баларда өз ана тілін білмейді және солардың ішінде білгісі де келмейтіндері де бар.
Қоғамда еркекшора әйелдер, қызтеке еркектер саны күнара өсуде. Көбісіне де көзіміз үйренуде өзіміз ерудеміз.Мен қазіргі қоғам азаматы ретінде,өз елімнің патриоты,болашақты уайымдаушы болғандықтан мені жоғарыда айтылған ойлар беймаза қалдырмайды Иә мен осы заманның қоғамның бір бөлшегі бұны дұрыстау менің қолымда. Бірақ. мен өзім жалғыз бүкіл әлемді өзгерте алмаймын ғой. Сіздерден көмек сұрай отыра менің сөздерім жүректеріңізге жетсе екен деп ниеттенемін
Миграция.Еуропамен миграциялық байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |