53
Алдыңғы кезеңдердегі сөздіктермен жəне
тұтастай алғанда, бұдан бұрын
жасалған лексикографиялық еңбектермен салыстыра қарағанда, соңғы
жылдардағы қазақ тілтанымындағы сөздіктердің
жалпы сипаттарында
өзгешеліктер бар; оларды былайша топтастыруға болады:
- қазіргі кезеңде лексикографиялық сөздіктерді түзудің маңыздылығы
тілді корпустық жоспарлау, қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру
сияқты маңызды салалардың біріне
айналып отыр;
- қазақ мəдениетінде сөздіктер жасауда белсенділік бар; ресми емес
мəліметтерге қарағанда, соңғы 20-25 жыл ішінде 200-ден
астам сөздік
жарияланған;
- сөздіктердің типтері сан түрлі сипатта; əсіресе екітілді терминологиялық
сөздіктер түзу саны жағынан сөздіктердің басқа түрлерімен салыстырғанда
анағұрлым жоғары;
Достарыңызбен бөлісу: