Қазақстандағы баптизмнің тарихи-мәдени ерекшелігі



бет1/12
Дата02.10.2022
өлшемі122.15 Kb.
#461765
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен мәдени ерекшелігі


МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ



3

І

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАПТИЗМНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ






1.1.

Қазақстандағы баптистік ұйымдардың қалыптасу алғышарттары



8

1.2.

Қазақ жеріндегі баптизмнің таралуы



14

1.3.

Қазақстандағы баптизмнің идеялық және мәдени әлеуметтік ерекшелігі



30


ІІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАПТИЗМНІҢ ДАМУЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ






2.1.

Қазақстан баптизміндегі діни және әлеуметтік үрдістер



42

2.2.

Қазіргі Қазақстандағы баптизмдегі жаңа тенденциялар



48




ҚОРЫТЫНДЫ



56




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

58






ҚОСЫМШАЛАР

61




КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі адамзат өміріндегі құндылықтар күннен күнге өзгеріп, жетіліп келеді. Бұл адамдардың өмірлік ұстанымдары мен дағдыларына байланысты екені сөзсіз. Алайда қазіргі жаһандану заманындағы күрделі өзгерістер әлемнің түкпір-түкпіріндегі этникалық топтар мен этностардың өмірінде өзіндік із қалдыруда. Бұл ең алдымен адам баласының наным-сенімі мен діни бағытынан көрініс тауып отыр. Соның ішінде әлемді жан-жақты матап келе жатқан әртүрлі діни ағымдар мен секталардың белсенділігі XXI ғасырдың ең маңызды мәселесіне айналып отыр.
Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша әртүрлі діни бағыттар мен секталардың құрбаны болып, өзінің өмірлік ұстанымын жоғалтқан адамдардың санын есептеу мүмкін емес. Алайда олардың өзі өмір сүріп отырған ортасындағы жай-күйі қоғамда әлеуметтік жіктелуге, шеттетулерге, өзара бір-біріне күйе жағуға алып келіп отыр. Дей тұрғанымен бұл мәселелер әр адамның, отбасының жекелік мәселесі ретінде көрінгенімен, түптеп келгенде ірі этностарды, дәстүрлі құндылықтарды жою қабілетіне ие күш болып табылады. Қазіргі кезде дүниежүзінің барлық елдері осы үрдіспен күресуде әртүрлі форумдар, съездер шақырып, ортақ қауіп-қатермен күресуде көптеген келісімдерге келіп отыр. Осындай бүкіләлемдік дәстүрлі дін өкілдерінің бас қосуларының ішінде 2003 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласында әр үш жылда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің орны ерекше. Елімізде жүргізіліп келе жатқан мұндай бастамалар өңірлік тіпті, әлемдік деңгейдегі діни үрдістерді қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Орталық Азия және Қазақстан шеңберіндегі дәстүрлі мәдениет үлгілерінің шырқын бұзбастан діни келісімге келуге және өзара толеранттылыққа шақырады.
Жоғарыда аталып өткен мәселелерді әрбір мемлекет саясат тұрғысынан өз деңгейінде шешкенімен, діни ағымдардың қоғамдағы алатын орны мен тигізер әсерін әлем ғалымдары өз дәрежесінде көптеген олқылықтардың орнын тауып отыр. Бұл ең алдымен дәстүрлі діндер мен секталық культтердің, ағымдардың дәстүрлі құндылықтарға тигізер әсері, оның салдарын анықтау, алдын алу, болдырмау сияқты процестерді қамтуы тиіс. Осы орайда бұл саланы дінтану, теология, тарих, мәдениеттану, этнология, әлеуметтану, антропология, философия сынды ғылымдар жан-жақты зерттеуде. Қазіргі кезде аталмыш мәселені зерттеуде жекелеген ғылыми бағыттардың мүмкіндігі келмейтіні көрініс табуда. Соған байланысты соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулер дін мәселесін пәнаралық байланыс тұрғысынан зерттеу ұтымды екенін анықтауда.
Әлемді жылдам қарқынмен қамтып келе жатқан жаһандану үрдісі біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Оны соңғы отыз жылдың көлемінде сезініп отырмыз. Бұл Қазақстанның қазіргі діни ахуалынан, мәдениет аралық ерекшеліктерінен көрініс табуда. Мысалы, елімізде 4000 нан астам діни ағымдардың қызметі жалғасын тауып отыр. Бұл дегеніміз тек қана діни немесе мәдени-әлеуметттік мәселе емес, сонымен қатар күрделі ғылыми объект. Осы тұрғыда еліміздегі қазіргі діни жағдай арнайы зерттеулерді қажет етеді. Дегенмен, бізде қалыптасқан қағида бойынша дәстүрлі діндер арасынан Ислам дінінің шығу тарихына, таралу деңгейіне, ерекшеліктері мен құндылықтарына арналған көптеген еңбектер жарық көрді. Ал басқа діндер мен бағыттар бойынша арнайы зерттеу еңбектері саусақпен санарлықтай, кейбір діни ағымдар бойынша тек анықтамалық деңгейінде ғана мәліметтер кездеседі. Соның ішінде елімізде саны шамамен 10307 ден астам мүшесі, 290 шіркеуі, 277 топтары бар евангелшіл баптистер жөнінде жазылған еңбектердің де саны өте аз. Осы тұрғыда Қазақстандағы баптизмнің келу тарихы, баптистік қауымдастықтардың қалыптасуы, даму эволюциясы және қоғамға мәдени-әлеуметтік әсерін ғылыми тұрғыда зерттеу қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет