56
деңгейі. Мемлекеттік тілдің нормалылық дəрежесі төмен деңгейде болса, онда
тілдің мемлекеттік басқару, білім, ғылым салаларындағы, Қарулы Күштерде
қолданылу қызметі аясының тарылуына апарып соқтыратын қолайсыз
жағдайлар қалыптасады» [15, 298]. Қазақ тіліне қатысты норма, қалыптану
жəне олардың верификациясы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының
тиімділігін
оң бағалауға, қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне толық
мүмкіндіктер бар екендігін дəлелдеуге, сондай-ақ тілдің өміршеңдігі мен тіл
динамикасындағы басты бағыттардың дұрыс жүзеге асырылып келе
жатқандығына толық дəлел бола алады.
Мемтерминком тарапынан бекітілген терминдер, жаңа ғылыми аталымдар
нормаланған немесе нормалануы тиіс, яки болмаса нормалануға бейім тілдегі
жаңалықтар деп, сондай-ақ олар кодификацияланған деп танылуы тиіс. Бірақ
қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайында бекітілген жаңа ғылыми
аталымдардың, əлеуметтік, тұрмыстық, саяси, мəдени жаңа сөздердің көпшілігі
жазба нұсқаларда, əлеуметтік-саяси мазмұндағы мəтіндерде, ғылыми, оқу-
ағарту əдебиетінде жазба тілдің көрінісі ретінде ғана қалып отыр. Жүргізілген
сауалнама қорытындылары мектеп
оқулықтарында кездесетін кеппешӛп /
кеппеӛсімдік, бытыранық, жасунық, сызбанұсқа, тамшуыр, гүлшоғыр,
кеппешӛп, үлескі сияқты жаңа сөздер – терминдер белгілі бір коммуникативтік
ортада – сабақ барысында ақпарат алмасу, өз ойын жеткізу барысында ғана
қолданылатындығын көрсетті. Бұл – коммуникативтік ортаның шектеулі
көрінісі. Адамның сөйлеу-ойлау əрекеті жəне осы əрекеттің барлық
коммуникативтік-прагматикалық сипаттары,
жеке адамның эмоциялық жай-
күйі, білім-зияткерлігі көрінетін орта – бейресми мазмұнда коммуникативтік
қарым-қатынасқа түсу (мəселен, сабақтан тыс уақытта ақпарат алмасу,
коммуникативтік қарым-қатынас жасау) кезінде анық байқалады. Сауалнама
арқылы мектеп оқушыларының сабақтан бос уақыттарындағы коммуникативтік
актіде тілдердің араласуы, дербес қостілділік (яғни жеке адамның өз біліміне
қарай тілдерді араластыра сөйлеуі), бұқаралық қостілділік (бірнеше тілді
білудің жəне пайдаланудың қоғам мүшелерінің көпшілігіне тəн болуы)
фактілерінің əсері жоғары екендігі анықталды.
Жоғарыда көрсетілген ғылым салалары бойынша Мемтерминком бекіткен
екітілді терминологиялық сөздіктерде
аңдатпа (аннотация),
бейнежазба
(видеозапись),
жазылым сӛздігі (орфографический словарь),
бедербелгі
(литера),
бетбелгі (закладка),
үналғы (микрофон),
қысқажазба (заметка),
құндақ (кассета),
іс жаршы (бюллетень),
бейнекӛрім (видео),
бейнеқұлаққағыс
(видеоанонс),
дәуірнама (эпопея),
епелек (шайба),
жалаңғат (голография),
жапсырыс (склейка),
жауһар (шедевр),
жебелек (парик),
күлән (папирус),
мұрағат (архив),
мұрағият (идеал),
міскін (муляж),
тобырқай (массовка),
торғын (вуаль),
торлам (ажур),
тӛлнақыш (автогравюра),
тӛл сымбат
(автопортрет),
туындыгер (автор),
жосық (этюд)
сияқты көптеген сөздер
тізбеленген.
Берілген лексемалардың көпшілігі сөздік ауқымында ғана сақталып отыр;
оның бірнеше себептері бар:
57
1. Тілдік норманың бір белгісі бұрыннан орныққан, дəстүрлілік сақталған,
коммуникативтік актіде пайдаланылатын, барынша тұрақты тілдік бірлік
болуы, демек, қазақ əдеби тілінің қазіргі қолданысы үшін
автор, бюллетень,
орфографиялық сӛздік, шайба, эпопея сияқты тілдік бірліктер норма болып
табылады;
2.
Епелек, жалаңғат, жебелек, күлән, құндақ, жосық типтес жаңа сөздер
семантикалық компоненттері жағынан айқын мағынаны, терминдердің
ұғымдық аппаратын танытуға əлсіз;
3.
Міскін, тобырқай сөздері семантикалық тұрғыдан айқын еместігімен
қатар тілдік бірліктердің нормалануының эстетикалық ұстанымына сəйкес
келмейді. Түсіндірме сөздікте
міскін «бейшара, ғарып-қасер» деген мағынамен
анықталады [96, VII, 303]. Өнер саласында белгілі бір топ көлемінде қатысатын
адамдар жиыны үшін алынған
тобырқай сөзі түсіндірме сөздікке енгізілмеген;
ал
тобыр лексемасы арқылы «топталып жиналған қарапайым халық, қалың
топ» мағынасы ұғындырылады [96, IX, 154].
4. Тағы бір топ сөздердің (
аңдатпа, бейнежазба, мұрағат) жазба
нұсқаларда қолданылу белгілері бар.
Дегенмен Мемтерминком бекіткен жаңа тілдік бірліктердің қалыптануы
мен нормалануында
қазақ тіліндегі масс-медиа, шығармашылық жұмыстары,
ғылыми жəне оқу-ағарту салалары саналы жəне сындарлы, объективті түрде
атсалысып келеді. Сондықтан: а) ұсынылған жəне заңдастырылған жаңа
сөздерге, əсіресе соңғы онжылдықта саналы, сұрыптау көзқарастарының
қалыптасуы; ə) оларды тілге енгізуде, қолдануда жазба нұсқалар мен бұқаралық
ақпарат құралдарының белсенді жəне саналы қызметі; б) жаңа сөздердің
коммуникативтік құндылығы мен қажеттілігін түсінудегі қоғам мүшелерінің
объективті позициясының айқын қалыптаса бастауы
тілдің қалыптануының
жоғары деңгейін таныта алады.
Мемтерминком бекіткен жаңа сөздердің кейбіреулерінің əлі де болса тіл
практикасының айналымына түспеуіне байланысты мынадай жайттарға
қысқаша тоқталуға туралы келеді. Жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы
қазіргі қоғам мүшелерінің мүдделері мен сұраныстарына сəйкес келуі тиіс. Осы
тұрғыдан қарағанда, Мемтерминком ұсынған жаңа сөздер мен ғылыми
терминдердің бірқатарының əлі де болса қолданысқа түспеуінің мынадай
объективті себептері бар:
Достарыңызбен бөлісу: