Алдашева камар сагингалиевна


- 6-9-сыныптарға арналған биология пəні бойынша 620 жаңа сөз жəне  жаңа термин; -



Pdf көрінісі
бет38/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- 6-9-сыныптарға арналған биология пəні бойынша 620 жаңа сөз жəне 
жаңа термин;
- 5-сыныпқа арналған жаратылыстану пəні бойынша 74 жаңа сөз жəне 
жаңа термин;
- 6-9 сыныптарға арналған физикалық география пəні бойынша 29 жаңа 
сөз жəне жаңа термин жинақталды. 
Екіншіден:  
- кейбір 
оқулықтардың (мысалы, 7-сыныпқа арналған биология 
оқулығының) кіріспе бөлімінде жаңа терминдер мен өсімдік жəне жануарлар 
атаулары есте сақтауды қажет ететіндіктен, олардың арнаулы белгімен 
белгіленіп, əр тақырып сайын көрсетіліп отыратындығы аталған;  
- бірқатар оқулықтардың соңында қолданылған жаңа терминдер мен 
сөздердің тізімі жəне олардың түсіндірмесі берілген;
- мəтін ішінде кейбір жаңа сөздердің орысша баламасы жақша ішінде 
көрсетілген; 
- биология терминдерін ұсынуда осы сала бойынша іргелі еңбектер, 
энциклопедиялар мен арнаулы салалық сөздіктер пайдаланылған;
- авторлар тарапынан ұсынылған жаңа сөздер бар.
Үшіншіден, қазақ əдеби тілінде орныққан, қолданылу жиілігі жоғары төл 
тілдік терминдер (мысалы, алабота, қызылша, сексеуіл, долана, шие, ӛрік, 
таңқурай, құлпынай, айдаршӛп, бүлдірген, итмұрын, сүйелшӛп, жарғақша, 
мұртша, ӛркен, кӛсек, қауашақ, дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, 
қырмызы, күлте, қоза, ойпат, шоқы, күннің қоралануы, тау жыныстары, асу, 
жанартау шымтезек, зымыран жəне т.б.) типтес бұрыннан бар терминдер 
жаңа сөздер қатарына енгізілген жоқ (мұндай тілдік фактілер қазақ əдеби 
тілінің жаратылыстану, табиғат, өсімдік, жан-жануар атауларына қатысты төл 
тілдік фактілерге бай екендігін танытады). 
Төртіншіден, аталған салалар бойынша мектеп оқулықтарында калька
жартылай калька жолымен жасалған терминдер мен терминдік тіркестер елеулі 


70 
көлемде байқалады (мысалы, биосфералық деңгей, клеткалық құрылым, 
клеткааралық сұйықтық, организмдік құрылым деңгейі, ӛздігінен реттелу, 
тұздар концентрациясы, элементарлық бірлік, функциялық бірлік, шектеуші 
фактор, биологиялық ырғақ жəне т.б.). Бұлар құрылымы мен семантикасы 
жағынан айқын болғандықтан, жаңа сөздер мен жаңа терминдер қатарына, 
сондай-ақ сауалнама құрылымына енгізілген жоқ. 
Бесінші, басқаша айтқанда, жаңа сөздер жəне жаңа терминдер ретінде 
қазақ тілінің өз ресурстары арқылы жасалғандар іріктелді, атап айтқанда, сөз 
біріктіру амалы арқылы (нәруыз; жүзбеқанат); сөзжасам арқылы (деңгейлегіш, 
жасуша, дәлелдеме); семантикалық тəсіл арқылы (ұлпа, зият); сөз тіркестіру 
жəне сөз қосарлау тəсілдері (сілемейлі қабық, кесінділеп телу) бойынша 
дəстүрлі түрде топтастырылды. 
Осылайша іріктелген жаңа сөздер мен жаңа терминдердің сипаты 
мыналарды көрсетті:
Сандық жағынан мол кездесетін жаңа сөздер мен терминдер сөз біріктіру 
амалы арқылы жасалған: нәруыз / ақуыз, тұсбағар (компас), бытыранық, 
жасунық, түйнектамыр, гүлшанақ, гүлсидам, тозаңқап, бұршаққын, 
жүзбеқанат, желбағар (флюгер), жіпшумақ, қолтұқым, қызылтамыр 
(артерия), орамжапырақ, қырыққабат, бүркіттұмсық, қорыққор, сызбанұсқа, 
кӛзбұршақ (хрусталик), нақнұсқа, тәлімбақ (плантация), гүлшетен, 
бүршаққап, гүлшоғыр, жемтамыр, түйнектамыр, гүлшанақ, қостелімді, 
кӛптелімді, ұйқыбез, иінтірек, ӛсімдікжай, жемісқап, тозаңқапшық, 
тұқымбастама, мүктәріздестер, кеппешӛп / кеппеӛсімдік (гербарий), зерзат 
(объект), ойраншӛп, гүлкекіре, алтыншар, еңлікгүл, түйетікен, түрӛзгеріс, 
ғаламшар, топсеруен (экскурсия) жəне т.б.
Сөзжасам тəсілі бойынша жасалғандар: қышқылдылық, тітіркенгіштік, 
ырғақтылық, жарғақша (мембрана), ядрошық, қармалауыш, іріктеме
қалқангер, дәлелдеме, иілім, түзінді, қастауыш, дәмдеуіш, шендеуіш (шина), 
денешік (органоид), үлескі, езінді, жасымықша, сынауыр (пробирка), 
домаланғы (вольвокс), жайылма, ӛскінше, сырғыма, сараман (сарамандық 
жұмыс) жəне т.б.
Сөз тіркестіру жəне сөз қосарлау арқылы жасалған жаңа сөздер мен 
терминдер: уытты заттар, әдістемелік сұрыптау, сілемейлі қабық (слизистая 
оболочка), жабын ұлпа, ӛздігінен реттелу, серік-жасуша, тірек-қимыл жүйесі, 
жарғақша қабық (мембрана), кесінділеп телу; жанастыра телу, кӛзшелеп 
телу, ӛсімді мүше, тірек білім, жабынды мұздықтар, ұлғайтқыш әйнек жəне 
т.б. 
Семантикалық тəсіл арқылы жасалған, жаратылыстану, биология, 
физикалық география жəне əлеуметтік-қоғамдық терминдер: ұлпа, тамызғы 
(пипетка), сауыр (кипарис), байлам, сілемей (слизь), тамшуыр, ілмек, қысқыш, 
қандауыр, уыт (токсин), сұрып, буда (грана), тәмсақ / қолтырауын (крокодил), 
зият (интеллект), жарғақша (мембрана) жəне т.б.
Бірнеше мысал келтіруге болады:


71 
Гүлсерік алты жапырақшадан құралады (Биология, 7-сынып, 131). 
Саңырауқұлақ тәлімбағын (плантация) өсіруге пайдаланады (Биология, 9-
сынып, 178). Солардың ішіндегі ең тиімдісі – қорықтар мен табиғи 
саябақтарды, қорыққорлар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, 
ботаникалық бақтар мен жануарлар саябағын ашу (Биология, 9-сынып, 203). 
Жаңа қолтұқым мен іріктеме алудың негізі неде? (Биология, 9-сынып). 
Зақымдалған жерді қозғалтпай шендеуіш (шина) салып, зақымдалған аяқты сау 
аяққа қосып таңу керек (Биология, 8-сынып, 90). Бұлшықеттер жиырылғанда, 
иінтірек сияқты əрекет етіп, сүйекті қозғалысқа келтіреді (Биология, 8-сынып, 
96). Екінші тəжірибеге ішіне су құйылған 3 сынауыр (пробирка) немесе тарлау 
ыдыс алады (Биология, 8-сынып, 60). Тері бездері сұйық түзінді шығарады 
(Биология, 6-сынып, 201). Топсеруен кезінде, алыс жол жүргенде сан көбейіп 
кетпеу үшін (Физ. география, 6-сынып, 21). Қалпақшалы саңырауқұлақтың 
нақнұсқасын жасаңдар ( Биология, 8-сынып, 37). Көкнəр ауланы сəндеу үшін 
үлескілерде әдейі өсіріледі (Биология, 8-сынып, 97). Жақсы жад – зиятты 
дамыту шартының кепілі (Жаратылыстану, 5-сынып, 29).
Жинақталған тілдік фактілерді сандық жинақтау, талдау барысында 
мынадай жайттар байқалды:
- оқу-ағарту саласы бойынша, оның ішінде биология, физикалық 
география, жаратылыстану салалары бойынша қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін 
игеру мақсаты үшін сөз біріктіру амалы аса жиі жүзеге асырылады; осы 
салаларға қатысты жалпы ұғымдармен қатар сөз біріктіру амалы өсімдік, 
жануарлар атауын беруде кеңінен игерілген; əсіресе өсімдіктер атаулары 
негізінен сөз біріктіру арқылы жасалған (нарғызгүл, шатыршагүл, кірпішӛп);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет