Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет79/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   91
УМКД. Мәдениет

БИНАРЛЫҚ ОППОЗИЦИЯ (лат.- қос) - XX ғ. мәдениетінде әмбебапты қолданылған әлемді тану қүрал-дарының бірі. Қоршаған әлем екіжақты — ең алдымен физио-логиялық себептерімен айқындалады: адамның миы әр түрлі функциялар атқаратын қос жарты шарларда түрады, адамда екі көз, екі қүлақ, екі қол және аяқ бар. XX ғ. фонологиясы Б. о. барлық қүрылымдық гуманитарлық зерттеулерде қолданыла-ды (С.Н. Трубецкой). Б.о. әлем суретін сипатгағанда үтымды танымдық қүралға айналады:
өмір — өлім бақыт — бақытсыздық
оң — сол жақсы — жаман
жақын — алыс өткен шақ — болашақ
осында — онда биік — аласа
Бүл тізбектің оң жағы теріс, сол жағы дұрыс деп белгіленген. Күңделікті өмірде де «болады — болмайды», «жарайды — жара-майды», «тиым салынған — рұхсат» тәрізді Б. о.-ларды жиі қол-данамыз (модальдылықтар). Б. о. тетіктерін қарастырғанда оп-позицияның шеткі мүшелерін дөнекерлендіретін медиация үғы-мы маңызды рол атқарады. Фонологияда бейтараптандыру және сингармонизация тетіктері әрекет етеді (мысалы, маг, код сездері мак, кот деп айтылады). Егер бірдеңеге тыйым салынса, ал әлдене міндетті болса, онда оған рүхсат берілген, яғни міндетті емес, әрі тыйым салынбаған. Егер белгілі және айқындалмаған бар болса, онда ойдағы да — белгілі, алайда ашық емес. Б. о. тақпақ ырғақтарынан биологиялық және мәдени ритмдерге дейін қол-даныс табады. Осыдан зерттеушілер кең мағынасында билингвизмнің маңызын атап отті. Әлемді біз толық түсіне ал-маймыз, бірақ ол оған деген козқарастарды бинарлық толық-тырулар арқылы есесі қайырылады. Ю.М. Лотманның мәдени-етаану саласындағы концепциясы осыған негізделген.
ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағыл.батыстық) — Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстан-дырылуы немесе батыстық донор мәдениеттен реципиент ретінде жеке қүндылықтарды қабылдауы; В. деп Америка мен Африка құрлықтарындағыдай батыстық мәдени нормаларды күшпен енгізуді айтпайды. В. негізінен, мәдени қабыддаушы елдің бас-қарушы элиталық тобының белсенділігімен жүргізілген. Мыс, Бірінші Петр жүргізген реформаларды, Түркиядағы Кемал Ататүріктің «жас түрікшілдер» революциясын, Латын Амери-касының АҚШ-тық қүңдылықтарды біртіңдеп қабылдауын т.б. атап өтуге болады. В. тек батыс технологиясы мен өндіріс жаңа-лықтарын қабылдаумен шектелмей, осы оркениеттілікке тән қүндылықтарды (демократия, адам құқтарының басымдылығы, толеранттылық, ақпарат еркіндігі, азаматтық қоғам т.б.) енгізумен айқыңдалады. Бұл белгілері бойынша В. қамтыған елдер деп Жапония, Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропаның кейбір мемлекеттерін атап өтуге болады. ТМД кеңістігінде В. әлі қар-қын алған жоқ. Жастардың тек батыстық бүқаралық мәдениет үлгілерімен әуестенуі шынайы В.-ға жеткізбейді. В. ұшырап отыр-ған елдерде оған қарсы дәстүрі мәдениеттің оппозициялық коңіл-күйіде қалыптасады. В.-ға қарсылықты, әдетте, діни топтар мен маргиналдық қауым керсетеді. Ойткені, олар В. нәтижесінде қоғамда алып отырған орындарынан айырылып қалу қаупінен қорқады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет