« Бізден уайым - қайғыны кетірген Аллаһқа барша мақтаулар болсын » ( Фатыр : 34 ).
Және жүрегінде Аллаһтан қорқу сезімі ұялағандардың тозақ иелерінен болудан қорқулары керек, өйткені Аллаһ жаннаттықтар тұралы :
« Біз ілгеріде дүниеде жүргенімізде өзіміз үшін де, жанұямыз үшін де Аллаһтан қорқатын едік. Сондықтан Аллаһ бізге игілік етті де, "Самум "[ атты дозақ] азабынан сақтады » - деп хабарлаған. ( Тур : 26 – 27 ) .Абдуллаһ Ибн Омар ( Аллаһ одан разы болсын ) намазда Құран аяттары оқығанда, әсіресе, Фурқан сүресінің « Олар тозақтың тар бір жайына тасталғанда, сол жерде өздеріне жоқ болуды тілейді » - деген аяттарынан өткенде
1. Әһлі -Тағтил аль – Жаһмия : Аллаһтың есім - сипаттарын жоққа шығарушы қауым.
2. Әһлі - Тамсиль : Аллаһтың өзіне тәң сипаттарын адамдардың сипатына ұқсатқан қауым.
3. Әһлі - Жабрия : Адамға берілген ықтияр - ерікті толығымен жоққа шығарушы қауым.
4. Әһлі - Қадария : Аллаһтың бекіткен тағдырына қарсы шығушылар.
5. Әһлі - Уағидия : Адам күнәсі үшін тозақта мәңгі қалады деушілер.
6. Әһлі - Муржия : Адам иман келтірсе істеген күнәләрі оған зарар етпейді деушілер
қорқыныштан уһілеп, қатты қиналып уайымдар еді. Егер қасынан оны танымайтын біреу өтсе, оны есі кеткен адам - деп есептер еді.
Имам Ахмад өзінің "Зуһд " атты кітәбінде Абдрахман Ибн Иазид Ибн Жабирден мына оқиғаны келтіреді. Ол кісі Иазид Ибн Мурсидке :
- Неге мен әрдайым көзіңнің жасаурап жүргенін көремін?- дейді. Оған :" ол жайында неге сұрайсың " - дегенде, "Мүмкін Аллаһ маған сол нәрседен пайдалы ғибрат нәсіп етер " - дейді. Сонда ол кісі :
- Ей, бауырым! Аллаһ, егер мен Оның әмірімен жүрмей күнәһкер болсам тозаққа қамайтынымен ескертеді. Аллаһқа ант етейін, егер мені тек қана ыстық моншада қамайтынымен ескерткен болса еді, сонда да үрейден көз жасымды тия алмас едім " - депті.
Бірде мәшһүр ғалым Суфян тыңдаушыларға тозақты естететін бір хадисты оқиды. Ол жерде қолында парағын ұстап Али Ибн Фузаил - де болған. Ол осы хадисті естігенде қолындағы парағы жерге түсіп, есінен танып құлап түседі. Сонда Суфян: " Сен де осы жерде ме едің ?"- депті.
Дегенмен, жоғарыда айтылған нәрселерге қарай пендеге тек қорқыныш -үреймен құлшылық жасау дұрыс емес. Сонымен қатар Раббысының рахметінен де үмітін үзбеуі керек. Өйткені, Аллаһтың назары пендесінін жүрегіне үміт ұялаған сәтте түсіп,оны сол іске лайықты етіп қояр.
Абу Ғалибтың айтқан оқиғасы :
- Мен Шам қаласында Әбу Амама Әл - Баһилимен ( Аллаһ одан разы болсын ) араласып тұратын едім. Бірде оның көршілерінен болған, қатты ауырып жатқан жігітке кірдім. Оның қасында әкесінің бауыры отыр екен. Және ол кісі ауыру жігітке, " Мен сені жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтарған жоқпа едім ей, Аллаһтың дұшпаны ?" - деп, тіл қатады. Оған жігіт “ Ей, әкемнің бауыры! Егер Аллаһ менің ақыреттегі ісімді өзімнің анама тапсырып қойса, онда анам менімен не істер еді " – деп, сұрақ қояды. Оған ағасы: " Анаң сені жаннатқа кіргізер еді " - дейді. Сонда жігіт : "Аллаһ менің анамнан да мейірімді " – дейді де, жан тапсырады. Кейін ол жігіттің әлгі ағасымен бірге оның қабырын қазуға бардым. Қазылып біткен уақытта оның ағасы қабірден жан ұшырып айқайлап шықты. " Саған не болды?"- дегенімде: " Қабірі кеңейіп, іші нұрға толып кетті "- деді.
Ілім егелері : " Кім Аллаһқа тек үмітпен ғана ғибадат жасаса – ол муржи 1, кім тек қорқынышпен ғана ғибадат жасаса – ол харури 2, кім тек махаббатпен ғана ғибадат етсе – ол зындық 3, ал кім үмітпен, қорқумен және махаббатпен ғибадат етсе, онда ол Аллаһты бір деп таныған нағыз иманды жан "- дейді.
Әрбір мұсылманға Раббысына қорқу, үміт ету және махаббатпен құлшылық ету қажет. Осы үшеуінің бірі орынында табылмаса иманның кәмілдігі жоғалады.
2 – Аллақа болған махаббат.
Аллаһқа болған махаббат - дегеніміз, жүректі Оған, Оның елшісі мен шариғатына деген сүйіспеншілікпен толтыру. Сонымен қатар Аллаһтың сүйген нәрселерің өз нәпсі қалауының, шайтанның сүйген нәрселерінен артық қою.
Ибн Ражаб өзінің " Иғтисамул мала - ил - ағла " кітәбінде және Ибн Әл - Қайим өзінің " Мадарижул - саликин " кітәбінде : "Аллаһқа деген махаббат екі түрлі дәрежеде болады " - деген.
Бірінші дәреже : Парыз болған махаббат.
Бұл махаббат құлға Раббысы Аллаһтың сүйген нәрселерін сүйіп, Оның ұнатпаған нәрселерін жек көруді парыз етеді. Расында шынайы махаббат сүйгенімен келісімде болып, оның жақсы көргенін ұнатып, жек көргенін жақтырмауды талап етеді. Егер сүйуші өзінің сүйгенінің ұнатқан істерін атқармайтын болса махаббат толық болып есептелмейді.
-
Муржи: Амалды иманнан бөлек деп есептеп, күнәләр иманға әсер етпейді деушілер.
-
Харури : Адам күнәсі үшін дозақта мәңгі қалады деушілер.
3. Зындық : Діннен алыс адам .
" Сүйдім " - дейсің Аллаһты тиылмастан күнәдан,
Бұлай жалған сөйлер ме Раббысына сірә адам?
Шын болса егер махаббат жүрегінде орнаған,
Жасар едің амалды Сүйгеніңе ұнаған.
Егер адам Раббысы үшін болған ғибадаттарында кемшіліктер жасап және күнәларға бейім болса, бұл нәрсе оның Аллаһқа - деген сүйіспеншілігінің кемістігін көрсетеді. Оған тез арада тәубе жасап, Аллаһтың мойынына міндет еткен амалдарды атқаруға жетектейтін махаббатын кәміл етуге, харам болған істерді тәрк етуге асығуы керек. Жоғарыда келтірілген мәселелер Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мына хадисіне келіп шығады :" Зинақор ойнас үстінде мүмін болып тұрып ойнас жасамайды, арақ ішкенде мүмін болып арақ ішпейді, әрі ұры ұрлық үстінде мүмін болып түрып ұрлық істемейді"-яғни,иманы толық болып ондай күнәлі істерді жасамайды. (Бухари,Муслим риуаят еткен).
Екінші дәреже : Бұл Аллаһқа жақын болғандардың махаббаты. Бұл махабатпен жүрегін толтырған адам Аллаһтың оған парыз еткен амалдарының үстіне өз еркіменен нәпіл ғибадаттарды да қосып атқара бастайды. Сонымен қатар Аллаһ харам еткен күнәләр тұрмақ істелуі ұнамсыз болған мәкрүһтерден де бойын аулақ ұстайды. Бұл махаббат дәрежесіне жеткен адамдар өз тағдырларына әрдайым риза болады, тіпті оның өмірі жан ауыртатын қайғы - қасіретке тола боса да. Әмір ибн Абду Қайс : " Мені тағдырдағы әрбір сынақ риза етті және маған әрбір кездескен қайғы - қасіреттер жеңіл көрінді, себебі мен Раббым Аллаһты шынайы түрде сүйдім. Сол махаббатыммен біргелікте қай күйде таң атырып, қай күйде кеш батырғаныма мән бермедім "-деген. Сол сияқты әділ халифалардан болған Омар Ибн Абдулазиздің салихалы бір ұлы қайтыс болғанда:
"Расында мен Аллаһты барша заттан артық сүйемін. Және Аллаһтың махаббатына қарама - қайшы болған, кез - келген нәрселерге туындайтын махаббаттан:"Мені мені сақтай гөр !" - деп Оған сиынамын "- деген.
Аллаһқа – деген махаббатты туындататын себептер.
Белгілі ғалым Ибн Әл-Қайим олардың кейбірін өзінің " Мадарижул - саликин " атты кітәбінде келтірген. Олар :
1 – Құран аяттарына зер салып оқу. Ол аяттағы мағына мен мұратты түсінуге тырысу.
2 – Аллаһқа оның парыз еткен амалдарынан кейін, қосымша нәпіл ғибадаттармен жақындау. Себебі ол нәрсе пендені Сүйген Раббысының сүйіктісіне айналдырады.
3 – Барлық жағдайда Аллаһты тілімен де, жүрегімен де, істеген амалдарымен де зікір ету. Зікірі қаншалықты көп болса, махаббаты соншалықты қуаттана түседі.
4 – Қиындықтарға қарамастан Аллаһтың сүйген заттарын өзінің нәпсісі сүйген заттарынан артық қою.
5 – Аллаһтың есім - сипаттарын білуге талпыну, мағыналарын тану. Егер адам Аллаһты тани түссе сөзсіз оны жақсы көретін болады.
6 – Аллаһтың құлдарына жасаған игілік пен жақсылықтарына, оларға берген есебі жоқ , нығметтеріне назар салу. Бұл нәрселер адамды Аллаһты сүйуге шақырады.
7 – Бұл себептердің ішіндегі ең ғажабы - жүректің Аллаһқа толық берілуі. Бұл нәрсені түсіндіруге сөз де, сипатта жеткіліксіз.
8 – Аллаһтың құлдарының тілектеріне жауап беріп, олардың кешірім сұрауларын қабыл ету үшін, Өзіне лайық сипатыменен Жерге жақын аспан қабатына түскен уақытында, 1 Оған құлдық әдеппенен ғибадат жасау ниетінде оңашалану. Жүрекке шынайы ықыласты орнатып Құран аяттарын оқу. Және оңашалануды истиғфар ( кешірім өтіну ) мен, тәубе жасауменен аяқтау.
1. Бұл уақыт түннің соңғы үшінші бөлігінде – делінген хадис деректерінде.
9 – Аллаһты шынайы сүйген ізгілермен бірге отыру. Жемістің піскені мен тәттісін тергендей, олардың сөздерінің жақсысын теру. Өзі мен өзгеге дүние - ақыретте тек пайда келтіретін сөздерді сөйлеу.
10 – Жүрек пен Аллаһтың ортасына түсіп, кедергі болатын барлық нәрселерден алыстау.
Осы жоғарыда айтылып өткен нәрселерге жету үшін адамға рухының сол істерге дайындығы қажет. Сонымен қатар көрегендік пен тұнық ой иесі болуы керек.
. Аллаһтың құлына – деген махаббатын қалай тануға болады.
Ол махаббаттың өзіне тән бірнеше белгілері бар. Олардың қысқаша түрде төменде келтіреміз :
1 – Құлын дүниеге берілуінен қорғап тұрады.
Әбу Сағид Әл -Худридің ( Аллаһ одан разы болсын ) жеткізген сахих хадисінде 1 Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтын игілігі мен сәлемі болсын ) былай деп айтқан : "Расында Аллаһ өзінің иман келтірген құлын фәни дүниеден тиып, қорғап тұрады, сендердің ауыру кісілеріңнің денсаулығына зарарын тигізе - ме деп, қауіптеніп, оны тағам мен сусыннан тиғандарың сияқты ".
2 – Құлын көркем түрде басқарып тұрады. Оны хақ жолға бастап, тура істерге жетектейді. Ақылын нұрландырып, тілін өзінің зікірменен, дене мүшелерін өзі сүйген амалдармен шұғылдандырып қояды. Соның арқасында бұл пенде Аллаһқа жақындататын әрбір нәрседен ұстанып, Оның ашуына душар ететін барлық нәрседен алыс болады. Аллаһ оның ішкі және сыртқы дүниесін дұрыстап бекемдеп қояды.
3 – Ондай адам пенделермен болған қарым - қатынасында сыпайы әрі жұмсақ келеді. Әрбір істі қиындатпай оңай жолдарымен атқарады.
4 – Аллаһ ондай пендесіне жер бетін жайдарлы етіп қояды. Яғни, адамдардың көңілі саған бұрылып әрі одан разы болып мақтаулар айтып жатады. Бұған Әл-Бухари мен Муслимнің хадис кітәбтарында Әбу Һурайрадан ( Аллах одан разы болсын ) риуаят етілген мына бір сахих хадисі дәлел: " Егер Аллаһ бір пендесін сүйсе Жәбірейіл періштесін шақырып: " Расында Аллаһ " пәлен" - деген құлын сүйді, сенде оны сүй" – деп, бұйырады. Сонда ол құлды Жәбірейіл періште - де сүйіп, аспанда тірішілік жасаушылардың барлығын шақырып: " Шынында Аллаһ " пәлен" - деген құлын сүйді, сендер - де оны сүйіңдер " - дейді. Аспандағылардың бәрі ол пендені жақсы көретін болады. Осыдан кейін ол адам жер бетіндегі адамдарға ұнап қабыл болады".
5 – Сынақ .Ақиқатта Аллаһ бір қауымды сүйсе сынақтар жібереді.
6 – Ізгі амал үстінде жан тапсыру Ахмад, Ибн Хиббан, Әл-Хаким деген имамдардың келтірген сахих хадисінде Пайғамбарымыз ( Аллаһ ол кісіге игілік пен сәлем жолдасын ) былай - деп, айтқан:
- Егер Құдіретті Аллаһ бір құлына жақсылықты қаласа оны адамдар арасында
мақтау сөздермен естетіп қояды. " Оның олай естетілуі неден? " - делінген сұраққа :
- Аллаһ оған өлер алдында ізгі бір амалды нәсіп етеді де, оның жанын сол амалдың үстінде алады " - деген.
Аллаһқа тәуеккел ету. Істерді Аллаһқа тапсыра отырып, Оған шынайы түрде тәуеккел ету пенде үшін үлкен бір мәртебе. Аллаһ Құранның көптеген аяттарында иман келтірген құлдарын Өзіне тәуеккел етуге әмір еткен.
" Аллаһқа тәуеккел етіңдер, егер Оған иман келтірген болсаңдар ". Бұл аятта Аллаһ тәуеккел етудің иманнан екенін көрсеткен. ( Маида 23 :аят )
" Аллаһқа тәуекел етсін тәуеккел етушілер " ( Ибраһим :12 )
" Аллаһқа тәуекел ет! Расында сен ашық ақиқаттың үстіндесің "( Нәміл : 79 )
" Аллаһқа тәуекел ет! Аллаһ саған пана болуға толық жетерлік " ( Ниса :81 ). Осы тұрғыдағы аяттар көп келген.
1. Бұл хадис Әл - Хакимнің " Мустадрак " атты кітәбінде келтірілген. Және Әз-Заһаби оның сахихтігін бекіткен.
Белгілі мухаддистер Әл-Бухари мен Муслимнің сахих хадистер жинақтарында мұсылмандардан жетпіс мың адамның жанатқа есепсіз кіретіні жайын хабарлайтын хадис бар. Ол адамдар хадисте былай сипатталынған: "Олар адамдардан өздеріне дем салуды сұранбайтындар, ырым - жырымға сенбейтіндер, денелерін күйдіріп емделмейтіндер және бір ғана Аллаһқа тәуекел етушілер ".
Сөзді қорыта келгенде тәуеккел ету – діннің жартысы, ол екінші жартысы – тәубе 1 ету. Расында дін жәрдем сұрай және ғибадат жасаудан тұрады. Тәуеккел ету – бұл жәрдем сұрау болса, тәубе жасау ол ғибадат. Тіпті, егер тәуеккел шынайы түрде болатын болса оны да толық құлшылық және бір ғана Аллаһқа болған таза иман - деуге болады.
" Бүкіл ілім ғибадат - құлшылықтың бір есігі, және бүкіл ғибадат - құлшылық – тақуалықтың 2 бір есігі, сол сияқты бүкіл тақуалық зуһудтықтың 3 бір есігі, ал бүкіл зуһудтық тәуекел етудің бір есігі "-дейді, белгілі ғалым Сәһл Әт – Тастари.
Ілім егелерінің тәуекел жайында айтқан сөздері .
Имам Ахмад: " Тәуекел – жүрек амалы ", яғни, тіл, дене, ілім - білім жинау амалдарына ұқсамайды. Себебі ол жүрекке тән іс.
Бағзы ғұламалар: " Тәуекел – жүректі Аллаһқа ұсынып, өзінің ерік пен ықтиярын тағдыр ағысымен бағыттастыру"-десе, бағзылары "тәуекел – Аллаһтың жазған тағдырына риза болу " - деген. Ал кейбір ілім егелері: " тәуекел әрбір нәрсеге жабысуды тастап, тек ақиқатқа ғана сүйену " - деген.
Белгілі ғалым Ибн Әл-Қайим : " Шынында тәуекел бірнеше негіздерден құралған. Оларсыз тәуекел етудің хақиқаты кәміл болмайды "-деген . Олар :
1 – Раббысын тану. Аллаһ барлық нәрсеге толығымен құдіретті, бүкіл нәрсені бақылап тұрушы, әрі басқарушы және бүкіл істердің ақыры Оның біліміне, ал басталуы Оның қалауына қайтады - деген сияқты Жаратушысының сипаттарын тану. Осы танымдар пенденің тәуекелге қарай басқан бірінші баспалдағы болады. Осыған қарай Шейхул - ислам Ибн Таймия :
" Аллаһтың иелігінде Оның қалауынсыз да кейбір істер бола береді – дейтін палсапашылар мен қадарилердің 1 тәуеккелдері және Аллаһтың есім - сипаттарын жоққа шығарушы жахмилердің 2 тәуеккелдері ақылға сиымсыз әрі дұрыс емес. Шынайы тәуеккелге – Аллаһтың барлық есім - сипатына ақиқи сенгендер ғана жетеді " - деген.
2 – Себеп және себептерді туындататын нәрселерді мойындау.
Аллаһқа тәуеккел ету – адамды талап еткен нәрсесіне жеткізіп және ұнатпаған нәрселерінен құтқаратын маңызды себебтердің бірі. Әрбір істің туындауына алып келетін себептердің барын мойындамастан тәуеккел ету дұрыс емес. Және тәуеккел етудің кәмілдігіне жету үшін, әрбір істің болу - болмауының негізгі қазығы себептер - деп, ойлап, жүректің сол қате пікіріне байланып қалуынан да аулақ болу қажет.
Керісінше, жүрек толығымен Аллаһқа ғана сүйеніп, ал дене себептермен сәйкес іс атқаруы тиіс. Сонда ғана тәуеккел кәміл дәрежесінде болады.
Себептерге дене арқылы сүйеніп амал жасау – дін әмірлерінен. Ал тәуеккел ету – Аллаһтың Раббылығымен, және Оның бекіткен тағдыры - қазасымен байланысты болған іс. Себептерге сүйенбей тәуеккел ету қателік, ал тәуеккелді тәрк етіп себептерге
ғана сүйеніп іс жасау – адасушылық. Бұған дәлел болатын нәрсе тәуеккел етушілердің ең абзалы болған пайғамбарымыз ( Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мушриктермен болған Ухуд соғысында үстіне алды - артынан қорғап тұратын сауыт киіп шыққан, ал
1. Тәубе – Аллһтан алыстататын күнәні қайта оралмастай тастап, Раббысына қарай қайту.
2. Тақуалық – Құдайдан қорқып Оның азабына душар ететін істерден сақтану.
3. Зуһуд - Өткініші фәни дүниеге көніл қоймау ( алданбау ).
4. Әһлі – Қа дария : Аллаһтың бекіткен тағдырына жоққа шығушылар.
5. Әль – Жаһмия : Аллаһтың кейбір есім – сипаттарын жоққа шығарушы қауым.
Меккеден Мадинаға Һижрет 1 еткенде мушриктен бір жол көрсетушіні жалдаған, және жиһатқа және һаж бен ғұмра амалдарын атқаруға шығатын болса үй ішіне бір жылға жетерлік азығын тастап кететін, сонымен қатар өзімен де керекті азығын ала шығатын.
3 – Бір ғана Аллаһқа тәуеккел етуде жүректің бекем болуы. Барша құлшылық ғибадатқа Бір ғана Аллаһ лайық - деп, нақты сенбеген құлдық тәуеккелі мардымсыз. Яғни пенденің жүрегінде ширк күнәсіне - деген, бейімділік көрініс беріп тұратын болса, онда оның тәуеккелі жарамсыз.
4 – Жүрек себептерге маңыз беріп толқып, әбіржіместен Аллаһқа сүйеніп, Онымен болған байланысын үзбей орнықты болуы керек.Жүректің тыныштығы себептердін орнығуымен болады - деген ойдан арылып, жүректің тыныштығы сол себептердің жаратушы егесі Аллаһтан болатын білу.
5 – Аллаһ жайында жақсы ойда болу. Тәуеккелдің қадір - дәрежесі Аллаһ жайында болған көркем ой мен Одан болған үміттің қадір- дәрежесінде болады. Аллаһ турасында болған көркем ой пендені тәуеккелге жетектейді. Аллаһ турасында нашар ойда болғандардың Оған тәуеккел етуін елестету мүмкін емес. Сол сияқты Аллаһтан үміті жоқтың тәуеккелі - де жоқ. .
6 – Жүректі Аллаһқа мойынсұндырып, оның бүкіл қалауларын Оған бағыштау және ондағы келіспеушіліктерді тию. Бұл нәрсе пендеге өздігінен амал жасауға шамасы келмейтінін, бәлки шама Аллаһтан екенін, егер Ол пендеге сол шаманы бермесе пенденің ол амалды жасауға тағаты жетпейтінін білдіреді.
7 – Барша істерді ықтиярменен Аллаһқа тапсыру. Бұл нәрсе тәуеккелдің рухы әрі негізгі өзегі.
8 – Аллаһ Тағаланың көмегіне және жеңіс тақуалар үшін болатынына сену. Осы сенімді Аллаһ Тағала Муса ғалейһис -саламның анасына үйреткен. Яғни, оған :
" Егер балаң бір нәрсе болады - деп қауіптенсең, онда оны дарияға салып жібер, қорықпа да, күйінбе..." - деген (Қасас:7). Міне осы әмірді Аллаһтың көмегіне - деген бекем сенімінің арқасында орындады. Егер осы сенім болмаса баласын буырқанған толқындар арасына тастамас - еді. Дәл осындай мысалды Исмағил пайғамбардың анасынан да көреміз. Ибраһим ғалейһис салам оларды маңайына ешкім паналамаған сахараға тастап кетпек болғанда, ол әйел: " Бұны сізге Аллаһ бұйырды ма ? " – деп сұрайды. Ибраһим ғалейһис - салам " иә " - дегенде, әйел : "Онда Аллаһ бізге пана болуға жетеді "- деген.
Ибн Әл- Қайим өзінің " Иғасатул - ләһфан " атты еңбегінде былай деп жазған:
"Кейде адам баласы бұл дүниеде мұсылмандардың қиындық пен қасыретке тап болып жатқанын, ал кәпірлер мен бұзақы, залымдардың билік, мал дүние -тәрізді әр түрлі жетістіктерге қол жеткізіп жатқандарын естіп немесе көріп, дүниеде рахат аз екен, бедел, жеңістің баршасы кәпірлер үшін екен - деп ойлап қалады. Ал егер олар Құранға сенушілерден болса және Құранның мына аяттарын естісе :
«Ізет мәртебе Аллаһқа, Оның елшісіне және иман келтіргендерге тән » ( Мунафиқун : 8 )
« Сөзсіз жеңіске ие болатын Біздің әскер » ( Саффат :173 )
«Аллаһ : Әлбетте, Мен және Менің елшілерім сөзсіз жеңіске жетеміз – деп жазған». ( Мужәдала : 21 )
« Соңғы табыс тақуалардікі »( Әғраф :128 ),
-
Иә, бұл уәделердің бәріне мұсылмандар тек ақыретте ғана жетеді " – деп, есептейді.
Ақиқаттан үлесі жоқ бұндай ойлар мен сөздер екі себептен туындайды.
Бірінші : Пенденің " Мен мойнымдағы жүктелген міндетімді орындап, қайтарылған нәрселерден тиылып жатырмын. Ал, дұшпаным болса, ол бұйырылғандарды жасамай, тиым етілген істерді атқарып жатыр. Және мен одан гөрі Аллаһқа, Оның елшісіне, дініне жақынырақпын "- деп, ойлауы.
3. Хижрет – көшу.
Екінші : “ Аллаһ хақиқатпен жүрген, дін иесі болған пендесін қолдап - қуаттамайды, жәрдем етпейді. Бұл дүниеде оларға ешқандай жетістік бермейді. Бәлки зұлымдық
көріп, азапқа ұшырап өмір сүреді "- деп ойлауы. Қандай өкінішті! Қаншама білімсіз ғибадат етуші мұсылмандар, дінді парасатсыз ұстағандар осындай жалған ойлардан адасушылыққа ұшырады. Осы көптеген бүліктің бастауы болған екі ой Аллаһтың әмірін, дінін, уәдесі мен ескертулерін1 білмегендіктен туындайды. Егер пенде расында өзін хақ діннің үстіндемін, бүкіл әмірлерді іштей де, сырттай да атқарып жатырмын, тиымдардан жасырын да, жария да қайтып жүрмін, деп есептесе, бірақ өзіндегі Аллаһтың хақын білмесе, бүкіл істеп жатқан іс - әмірлерінің негізгі мақсатын білмесе, онда оның Аллаһтың хақысынан, ұстанған дінінің қадірі мен сипатынан жәһілдікте болғаны. Және егер, Аллаһ ақиқаттан ұстанғандарға бұл дүниеде жәрдем етпейді, керісінше жетістіктің бәрі мұсылмандар үстінен кәпір – мунафиқтерге 2, игі тақуалар үстінен залымдарға беріледі - деп, ойласа, онда оның Аллаһтың уәдесі мен ескертулерінен жәһілдікте болғаны.
Бірінші себепке тоқтар болсақ ; пенделердің көпшілігі мойындарына жүктелген кейбір парыз амалдарды атқармай жүреді. Бұл нәрсе олардың ол уәжіп амалдар жайында білімдерінің аздығынан немесе жоқтығынан, әлде ол істің міндетті іс екенін білмегендіктерінен болуы мүмкін. Ал кейбіреулердің осы айтылған нәрселердің бәрін біле тұрып атқармай жүргенін көресің.Ол нәрсе олардың жалқауыққа берілулерінен, әлде оған жеңіл көз қараста болуларынан, әлде ол жайында қате тұжырымға түскендіктерінен, әлде кейбір қалыптасқан дәстүрлердің жиегінен шыға алмағандықтарынан, әлде одан маңызды істерді атқарып жүрмін, сол маған жетерлі - деген қате пікірлерінен болуы мүмкін. Жүрекке парыз болып жүктелген нәрселер, денеге парыз болып жүктелеген істерден күштірек және жауапкершілігі жоғарырақ.. Адамдардың көпшілігі осы істің маңыздылығына көңіл қоймайды. Және оны діннің негізгі талабы емес, бәлки сауап үшін өз ықтиярыңмен орындайтын нәпіл амалдар - деп, есептейді. Мысалға сол Аллаһқа ғибадат етушілердің шамалары келе тұрып " Жақсылыққа шақыру жамандықтан тыю " - деген парыз амалды атқармауы. Және олар " Менің бар мақсатым Аллаһқа жақындау, сол үшін бүкіл күш - жігерімді, ойымды Оның разылығына жеткізетін істерге жұмылдырдым. Сондықтан мен үшін пайда бере қоймайтын істерді тәрк етуді абзал тұттым " - деп, есептесе де, Аллаһ үшін жек көрінішті болған қауымдардан.
Аллаһ Тағала Өзінің жәрдемін дінді мардымсыз ұстағандарға емес, ілім және амалмен хақ жолында нақ тұрған достарына уәде еткен. Және ізет пен мәртебені Өзінің елшісіне түсірген Кітәбінде баян қылып, иман иелеріне уәде еткен. Ал, иман - ол ілім мен амал.
« Ізет - мәртебе Аллаһқа, Оның елшісіне және иман келтіргендерге тән » ( Мунафиқун: 8)
Пенде өзінің иманының дәрежесіне қарай ізет - мәртебеге бөленеді. Ал кім ізет - мәртебеден жырақ болса, онда бұл нәрсе оның хақиқи иманнан жырақтығын көрсетеді.
Сол сияқты толық жәрдем мен жеңіс кәміл иман иелеріне уәде етілген.
« Расында елшілерімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куәгерлер әзір болып тұратын қиамет күнінде де жәрдем етеміз » ( Ғафир : 51 ).
Кімнің иман дәрежесі кеми бастаса , оның Аллаһтан көретін жәрдемі мен қолдауы кеми бастайды. Сондықтан егер, пенденің өзіне немесе мал - мүлкіне бірер қайғы жетсе, әлде дүшпаны одан үстем болса, бұл оның істеген күнәләрынан, не парыз міндеттерінен бірін атқармағандығынан болады. Және Аллаһ пендесіне көп нәрсені кешіріп қоюшы. Аллаһ Құранда :
« Аллаһ кәпірлер үшін имандыларға қарсы мүлде жол қоймады » - деген. ( Ниса :141 ). Яғни шынайы иман келтіргендерге қарсы кәпірлерге ешқандай жол жоқ . Ал мұсылманның иманының әлсіреуі мен тағат - ғибадаттарды тастап қоюы өздеріне қарсы кәпірлерге жол ашып береді. Егер мұсылман кәміл иман егесі болса, сол иманның талаптарын сырттай да, іштей де толық атқарса, онда бүкіл дұшпаны жиналып, бар тараптан қоршап келсе
1. Ескерту : бұл жердегі ескертудегі мақсат, Аллаһтың бұзақы қауымды дүние - ақыретте қатты азаптарға душар ететіні жайындағы ескертулер.
2. Мунафиқ – екі жүзділер яғни, сырты мұсылман, іші кәпір болғандар
де, Аллаһтың панасы мен қорғауында болған ешқашан жеңілмейтін, ізет-мәртебеге ие, үстем қауыма айналады. Себебі Аллаһ :
« Егер нағыз иман егелерінен болсаңдар сендер әркез үстемсіңдер» – деп, айтқан. ( Әлі Ғимран :139 ) және де мұсылмандарға мына бір хадис пен аятты да санасында сақтауына үгіт етеміз :
« Егер Аллаһ бір құлын сүйсе оны сынайды » ( хадис )
« Адамдар иман келтірдік – деп, айтсақ, сыналмай тасталып қойыламыз – деп, есептей ме?» (Ғанкабут :2 ).
Расында кейде мұсылманға қиыншылықтар оның сабырлығына сынақ үшін беріледі.
Ал екінші себепке тоқталар болсақ, ол нәрсе Аллаһтың жіберетін жеңісі мен уәдесіне болған сенімнің төмендігінен және Оның Кітәбін дұрыс түсінбеушіліктен. Ақиқатта Аллаһ Құранда иман келтіргендерге жәрдем етуші екенін ашық баяндаған :
Достарыңызбен бөлісу: |