Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
133
Әбілқайырмен
айырылысар кезде намысқа шауып, бір жұдырықтай жұмыла
қалған қазақтың басты рулары тынысы кеңіген сайын, жұмылған жұдырығы
жазылып, біріктік деп тартқан айылы босай түскен. Өзінің ежелгі дәстүріне салып,
малының әуеніне қарай бытырай көше бастаған. Жәнібектің де ең қорыққаны
халықтың жібі босап кететін осы кез еді. Әбілқайыр ханның да күткені осы.
Бытыраған руларды біртіндеп жаулап алып, Түркістан қалаларын да босағасын
берік ұстап, бүкіл Дәшті Қыпшақты қайтадан өзіне бағындырады. Ал Жәнібек
Арғын, Қыпшақ қос шоқпарын қолына мықтап ұстап, жаңа ұйып келе
жатқан ел
бірлігіне іріткі салдырмайды. Көнгісі келген руларды ақылмен көндіреді, ал
көнгісі келмегендерін қан-жоса етіп күшпен дегеніне бақыл еткізеді. Осылай
шешкен Жәнібек аулы Қара Кеңгір жағасына келіп жайлауға қонған шақта, Тауық
жылы, екінші айдың орта шенінде Арғынның ақсақалы Қотан тайшы мен
Қыпшақтың әрі биі, әрі батыры, әрі сөзуар желауызды шешен-ақыны қарға бойлы
Қазтуғанды кеңеске шақырды. Бұл кезде Арғын руының көсемі Арғын би еді. Ал
Қыпшақтың билігі әлі тұғырынан түсе қоймаған Қара Қыпшақ Қобыланды
батырда болатын. Қазақтың ең көп және батыр руларының көсемдерін шақырмай,
ханның жырауларды шақыруында да көп мән бар. Жәнібек ел билеген жақсыдан,
ел аралаған ақын сыншы екенін білетін. Ақын ел құлағы, ел көзі, ел жүрегі.
Жұртының тамырының қалай соғатынын және оның көңіл күйін, мұң-мұқтажын
бұлардан артық айтып беретін тірі пенде жоқ. Сан ақын-жыраулар халқының ауыр
халін хандарына жыр етіп беремін деп, қуғынға
ұшыраған, құрбан да болған.
Жәнібек Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанды шақырғанда халқының көңілінің
қандай күйде екенін білгісі келген-ді. Қос жырау бір күні жетті. Өздеріне арналып
тігілген қос ақ боз үйге атқосшы жігіттерімен жайғасып жатқандарында: «Асан
ата, кәдімгі ел құлағы, ел көзі Асан Қайғы келе жатыр» деген хабар дүңк ете
қалды. Сөйткенше болған жоқ «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің»
алтыншы ұрпағы, ел кезген Асан ата ауыл сыртына кеп, Ақсирақ жүрдегінің
үстінен түсті. Бұл шақ күн батып бара жатқан мезгіл еді. Хан аулы маңында мал
болмағанмен, төменгі елдің қайтқан қойының маңырағаны, құрақтағы
жылқысының кісінегені, аусыл аруаналардың боздағаны,
зеңгі баба шаңырақ
мүйіз сиырлардың мөңірегені алыстан естіліп жатты. Кәрі төбеттің балпылдай
үрген дүңкілдек даусы, әлдекімнің «Қозыжан, Қозыжан!» деп баласын еркелете
шақырған айқайы шығады. Күндізгі аңызақ жел де тоқтап, кешкі таманғы тына
қалған таза ауада малы өрістен қайтып абыр-сабыр болған, төменде жат-
қан төлеңгіт ауылдарының у-шуы хан Ордасына анық естіліп тұрады. Қара
Кеңгірдің көк балауса жасыл шалғынды арғы жағасында,
сонау ойпаттағы қа-
мысты көлге дейін быжынаған ел көрінеді. Сүт пісіруге, ас қамдауға кіріскен
қатындардың жаққан оттарының көгілдір түтіні ауыл үстінен көкке көлбей ұшып
барады. Қамысты көлден белеске қарай көтерілген көп жылқы күңгірттене
бұлдырап көзге түседі. Бергі ауылдың қырқа жағындағы жазықта, қолында құрығы
бар, ақ боз жүйрік мінген жігіт, асау қуып келеді.
Хан Ордасында қарт Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанның келіп сәлем беруін
күтіп отырған Жәнібек, «Асан Қайғы келіп ауыл сыртында түсіп жатыр» деген
хабарды естісімен, бүкіл
Дәшті Қыпшақ ардақтайтын, қазағы үшін қайғылы
жырауды өзі шығып қарсы алмақ болды. Жәнібек нөкерлерін ертіп, Ордадан
шығып есік алдында сәл кідірді. Өзеннің арғы бетіндегі ауылға қарады. Түйсік
қабақты ханның сұрғылт сынық жүзінде кенет бір күлімсірегендей шырай елең