«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің



бет1/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#4803
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары
(Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/1147

қаулысымен бекітілген

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 1/191,

2013 жылғы 14 маусымдағы № 2/499, 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 3/807,

2013 жылғы 20 қарашадағы № 4/1001 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/1111 қаулыларымен өзгерістер енгізілді)



  1. Тарау. Миссиясы мен пайымы

Қаладағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ету, халықты жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру.

Әлеуметтік қорғау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту.
2. Тарау. Тиісті сала қызметінің даму серпіні мен ағымдағы хал-ахуалын талдау

1.Стратегиялық бағыттар. Жұмысты жоғалту (жоқ болу) тәуекелдігін басқару


    1. Қадағаланушы сала немесе ая қызметінің негізгі даму параметрлері

Қалалық еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың өсімі байқалады: 2010 жылы олардың саны 722,4 адамды құраған болса, 2011 жылы 740,8 мың адамды, ал 2012 жылдың үшінші тоқсанында 755,8 мың адамды құрады. 2010 жылы экономикалық белсенді халықтың құрылымында жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 93,7 пайыз, ал жұмыссыздардың үлесі 6,3 пайыз болған болса, сәйкесінше 2011 жылы – 94,4 және 5,6 пайызды, 2012 жылдың үшінші тоқсанында - 94,4 және 5,6 пайызды құрады. Яғни талдау жасалған кезеңдегі жұмыссыздықтың деңгейі 0,7 пайызға төмендеген.

2010 жылы тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың деңгейі 0,4 пайызды, 2011 жылы да – 0,4 пайызды, ал 2012 жылдың 1 қарашасында бұл көрсеткіш 0,3 пайызды құрады.

Сонымен қатар белсенді әйелдер санында да өсім байқалады: 2010 жылы олардың саны 380,4 мың адам болса, 2011 жылы 389,4 мың адамды құрады. Экономикалық белсенді әйелдердің арасындағы жұмыс істейтіндердің үлесі 92,6 пайыздан, 93,3 пайызға дейін өсті, ал жұмыссыздардың үлесі 7,4 пайыздан 6,7 пайызға дейін қысқарды.

Жұмыссыздар құрамының 57 пайызы әйелдер, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздардың арасындағы әйелдердің саны 69 пайызға жуық.

Жол картасының аясында белсенді түрде жүзеге асырылған шаралар жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органға жұмыс табу мақсатында өтініш білдірген жұмыссыздар санының өсуіне ықпалын тигізді. 2009 жылы осы мақсатта 19,6 мың адам өтініш білдірген. Соның ішінде 9,6 мың адам немесе 49 пайызы тіркелмеген жұмыссыз ретінде Жол картасына қатыстықандар қатарында, ал 51 пайызы немесе 10,0 мың адам жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар болып табылады. Тіркелген еңбек нарығының көлемі 2010 жылы 27 пайызға, 2011 жылы – 44,6 пайызға, ал 2012 жылы 15 пайызға қысқарды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар Алматы қаласының жұмыспен қамту Бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу негізгі шара ретінде қалды. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган арқылы 2010 жылы - 4,1 мың жұмыссыз, ал 2011 жылы – 4,2 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылған. Соның ішінде әйелдердің үлесі 63 пайызды құрайды. Тіркелген еңбек нарығында нысаналы топқа жататын қабілеті төмен жұмыссыздар басым болуда. Олардың саны 70 пайыздан астам. Жұмыс орындарының құрылымы жұмыссыздардың кәсіби-білікті және орта жастағы құрамына сәйкес келмейді.

Аталған санаттағы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы қамтамасыз етілді. 2011 жылы қоғамдық жұмыс орындарында 4,6 мың адам, ал әлеуметтік жұмыс орындарында 648 адам жұмыс істеген болса, ал 2012 жылдың 11 айында тиісінше 3,1 мың адам және 527 адам жұмыспен қамтылды. Сәйкесінше қатысушы әйелдердің үлес салмағы 59,2 және 71,5 пайызды құрады.

Жыл сайын 1,4-1,5 мың жұмыссыздар кәсіби оқыту және қайта даярлау курстарына жіберілді. Оқытумен қамтылғандардың арасындағы әйелдердің үлесі 67 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2010 жылы Жол картасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істегендердің, жастар іс-тәжірибесі бойынша тәжірибеден және қайта дярлау курстарынан өткендердің саны 9,3 мың адам болса, олардың басым бөлігі әйелдерге арналған, яғни 7,3 мың әйел азаматша жаңадан құрылған жұмыс орындарына орналастырылды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын пилоттық режимде іске асыру 2011 жылдың 1 шілдесінен басталды. 2011 жылы аталған бағдарламаның іс-шараларымен 2103 адам қамтылды, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында істейтіндер – 436 адам, қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарынан өтетіндердің саны – 1667 адам.

Еңбек нарығының тенденциясы мен экономиканың дамуының жағымды болжамын ескерсек, алдағы уақытта халықты жұмыспен қамтудың өсімі мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі күтілуде. Тіркелген жұмыссыздықтың көлемі 2,0-2,2 мың адам шамасында сақталуда, ал есепте тұрған жұмыссыздықтың деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 0,3 пайыз шамасында болуы болжануда.

Қызметкерлердің кепілдіктері мен еңбек құқықтарын қорғауда әлеуметтік әріптестік институты маңызды рөлге ие. Алматы қаласы әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматы қалалық өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағының арасындағы 2008-2010 жылдардағы өңірлік келісімі қатысушылардың өздеріне алған міндеттерін орындау мақсатындағы тығыз әріптестікке бағытталған. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы келісімге қол жеткізуде ұжымдық келісім-шарт тиімді құрал болып табылады. Сондықтан аталған бағыттағы жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. 2011 жылы қалада 2497 ұжымдық келісім-шарт жасалынды. Ірі және орта кәсіпорындардағы ұжымдық келісім-шартпен қамтылу 62 пайызды құрайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілген болжам бағамы бойынша алдағы уақытта бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 71 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайызға өседі деп болжануда.

Ішкі еңбек нарығын қорғау белгіленген квота шегінде шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуда. 2011 жылға Алматы қаласына белгіленген квота мөлшері 5100 бірлік. 2011 жылы 4195 шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген. Квотаны игеру 82,3 пайызды құрады. (2010 жылы 5045 шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген, квотаны игеру 67 пайызды құрады). Рұқсат алған адамадардың арасында Түркия және Қытай елдерінің азаматтары басым. Қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің арасалмағы сәйкесінше 96 мен 4 пайызды құрады. Шетел жұмыс күшін тартушы ұйымдарда қазақстандық азаматтар үшін 6511 жұмыс орындары құрылды, ал 3795 адам кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтті.


    1. Негізгі проблемаларды талдау

Келесі мәселелер проблемалы күйінде қалуда:

  • құрылымдық жұмыссыздықтың болуы;

  • еңбек нарығына алғаш рет шыққан жас мамандарды жұмысқа орналастыру

проблемасы;

  • еңбек ресурсының артықтығы;

  • нысаналы топқа жататын жұмыссыздар үшін жұмыс орындарының жетіспеушілігі.


1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

  • жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың ахуалы;

  • кадрлық әлеуетті сақтап қалу мен жұмыссыздықтың өсуін тежеуші фактор, қызметкерлерді мәжбүрлі еңбек демалысына жіберу немесе жұмысты уақытын толық емес жұмыс режиміне ауыстыру болып табылады;

  • қалалық еңбек нарығына салмақ түсуіне үлкен көлемдегі жұмысқа қабілетті халықтың қалаға тұрақты мекен-жай іздеп келуі және іргелес ауылдық аудандар мен заңсыз еңбек мигранттарының ауып келуі ықпал етуде;

  • еңбек нарығына қажетті жұмыс күшінің талабына кадрларды даярлау сапасының сай келмеуі;

Ішкі факторлар:

- халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың нысаналы топ үшін жұмыс орындарды

квоталау жөніндегі бөлігін жұмыс берушілердің орындамауы;



  • жұмыссыздардың кейбір бөлігінің, әсіресе ұзақ уақыт жұмыс істемегендердің еңбек қызметін қайта бастауға деген ынтасының төмен болуы;


Стратегиялық бағыт 2. Белгіленген ең аз мөлшер шегінен төмендеу тәуекелін басқару

2.1) Қадағаланушы сала немесе ая қызметінің негізгі даму параметрлері
Халықтың тиісті өмір сүру деңгейін қалыптастыру үшін халықтың едәуір осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетіліп, жәрдемақылар төленеді. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының белсенді түрін қолданудың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны жылдан жылға төмендеуде.

2011 жылы АӘК алушылардың саны 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға төмендеп, 2896 адамды құрады. АӘК алушылардың жартысына жуығы – балалар, әрбір үшінші адам жұмыссыз, сондай-ақ бала қарап отырғандар, студенттер, мүгедектер мен тағы да басқалар.

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны азайғандықтан, жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы да төмендеп, 45 пайызды құрады (2010 жыоғы көрсеткіш 49,5 пайыз). АӘК алушы жұмыссыздар –жұмысқа орналасуда қиындық көретін әйелдер болса, соның 67 пайызы 45 жастан асқан әйелдер мен жас балалы әйелдер болып табылады.

2010 жылы балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (18 жасқа дейін берілетін жәрдемақы) 38,1 млн. теңге сомасында 4375 адамға тағайындалған болса, 2011 жылы балалар жәрдемақысы 33,5 млн теңге сомасында 3162 адамға, ал 2012 жылдың 10 айында 22,3 млн. теңге сомада 2643 адамға тағайындалды.

2010 жылы тұрғын үй көмегі 234,5 млн. теңге сомасында 8499 алушыларға тағайындалды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға 151,5 млн. теңге сомасында 4016 адамға және аз қамтамасыз етілген 2378 отбасыға 60,8 млн. теңге сомасындағы тұрғын үй көмегі көрсетілген. Ал 2011 жылы 105 млн. теңге сомасында 9135 адамға (5210 адам ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері) тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Тұрғын үй көмегін жетілдіру бойынша соңғы 3 жылдың ішінде Алматы қаласының мәслихаты 3 шешім қабылдады. 2007 жылдың мамыр айынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүмкін болған шығынының үлесі тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің төлемі үшін 10 пайызға төмендетілді. Қалалық мәслихаттың 2010 жылдың желтоқсанында бекіткен Тұрғын үй көмегін тағайындаудың жаңа Ережесіне сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде күрделі жөндеуге және кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар да ескерілетін болды.

Қалада мемлекеттік шаралармен қоса, қала әкімдігі мен мәслихаттың шешімі бойынша халыққа әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Қала бюджетінен ай сайын барлық зейнеткерлерге, сонымен қатар соғыс жылдарында тылда жұмыс істегендерге арнаулы қалалық жәрдемақы 1,0 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде төленеді. Зейнеткерлер санының өсуіне байланысты арнаулы қалалық көмек алушылардың саны да өсуде. Егер 2010 жылы жәрдемақы 145,5 мың адамға 2,4 млрд. теңгеге тағайындалған болса, 2011 жылы жәрдемақы алушылардың саны 145,5 мың адамды құрап, оларға 2,6 млрд теңгеге сомасында жәрдемақы тағайындалды, ал 2012 жылдың 10 айында 157,1 мың адамға 2,2 млрд. теңге сомасында жәрдемақының аталған түрі тағайындалды.

2011 жылы мүгедек балаларды үйде оқытып тәрбиелеушілерге 6,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде 767 балаға жалпы сомасы 24,5 млн. теңге тағайындалған болса, 2012 жылдың 10 айында аталған көмек 720 мүгедек балаларға 21,3 млн. теңге сомасында тағайындалды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға 5,0 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. 2010 жылы аталған көмекті 23,3 млн.теңге сомасында 4274 адам алған болса, 2011 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көмекті 5168 адам 23,0 млн. теңге сомасында, ал 2012 жылдың 10 айында 3974 адам 26,3 млн. теңге көлемінде алды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және қала зейнеткерлерінің әлеуметттік мәселелерін шешу мақсатында санаториялық-курорттық ем қабылдау үшін жеңілдіктер белгіленген. 2010 жылы санаториялық-курорттық емді 2264 адам 169,9 млн. теңге сомаға алған болса, 2012 жылдың 10 айында 2775 соғыс және еңбек ардагерлері жалпы сомасы 233,1 млн. теңгеге денсаулықтарын түзеуге мүмкіндік алды.

2010 жылы 4,0 млн. теңге сомасындағы қаражатқа 700 ыстық және суық су құрылғылары орнатылып, тексерілді. 2011 жылы әлеуметтік төлемдер жүйесінің оңтайландырылуына байланысты тұрмысы төмен азаматтарға орнатылатын есептеуіш құралдар, оларды орнатуға арналған материалдық көмекпен алмастырылды. Ал 2012 жылы 3,3 мың табысы азазаматтарға 60,5 млн. сомаға есептеуіш құралдарды сатып алу, орнату және алмастыру шығындарын өтеу қарастырылған.




    1. Негізгі проблемаларды талдау

Келесі мәселелер проблемалы күйінде қалуда:

- мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай ережесінің болмауы;

- ҚР «Ардагерлер туралы» заңының болмауы;

- Әлеуметтік көмек мөлшерінің Алматы қаласындағы өмір сүру деңгейіне сәйкес келмеуі.


2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

  • экономикалық конъюнктураның нашарлауы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмыс күшіне жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстың төмендеуі, аз қамтамасыз етілеген азаматтар санының өсуіне әсер етуі мүмкін;

  • қоммуналдық қызмет тарифінің және азық-түлік бағасының жоғарылауы және т.б. ;

  • көші-қон үдерісінің есебінен зейнеткерлер мен ардагерлер санының өсуі.

Ішкі факторлар:

  • «көлеңкелі» жұмыспен қамту және жасырын жұмыссыздықтың болуы аз қамтамасыз етілген тұлғаларға табысы туралы мәліметті растауға мүмкіндік бермейтіндігі;

- күнкөрісі төмен адамдардың әлеуметтік көмек алу саласындағы өз құқықтары туралы

хабардар болмауы;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналасуға кезектін болуы;


  • Алматы қаласының аумағына тіркелу туралы құжатының болмауы.


Стратегиялық бағыт. 3 Қартаю салдарынан болатын осалдық, мүгедектік және басқада әлеуметтік тәуекелдерді басқару.

3.1) Қадағаланушы сала немесе ая қызметінің негізгі даму параметрлері
Алматы қаласында 165 043 зейнеткер өмір сүреді, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 1501 адам, еңбек майданының қатысуышлары - 23 381 адам, Ленинград қоршауында болғандар – 108 адам, мүгедектердің барлық санаты бойынша- 35 033 адам, «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатталған көп балалы аналар - 3725 адам. Сондай-ақ 1030 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүру үшін тегін билеттермен қамтамасыз етілуде.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту шаралары Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балалардың әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында жүзеге асырылуда.

Аталған құқықтық нормативтік құжаттардың негізінде тұрғылықты жері бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуымен мүгедектердің барлық санаттары қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу, сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық бұйымдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының регламенттері мен стандарттары бекітілді. Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, оларға әлеуметтік карталар құрастырылады, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасына сәйкес әр түрлі әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі, үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетіледі, интернат-үйлерінде күтіліп, денсаулықтарын шипажай-курорттарда сауықтырады.

Мүгедектерді әлеуметік қорғауға арналған шығындар жыл сайын ұлғаюда. Ымдау тілі мен жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж мүгедектердің саны өсіп, соған байланысты аталған қызметтер төлемінің шығыны да өсуде.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында 2010 жылы – 343,6 млн. теңге, 2011 жылы – 422,9 млн. теңге, ал 2012 жылы 679,2 9 млн. теңге бөлінді. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 2012 жылдың 9 айында 342 адам жүрдекше арбашалармен, есту қабілеті төмен 595 адам сурдотехникалық құралдармен, көру қабілеті төмен 646 мүгедек оқуға, жазуға сурет салуға мүмкіндік беретін тифлотехникалық құралдармен, 1043 адам гигиеналық бұйымдармен, 107 адам ымдау тілі мамандарының қызметімен, 710 адам жеке көмекшілердің қызметімен, 208 мүгедек дыбысты–протездеу көмегімен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен 1074 адам қамтамасыз етілді.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап психофизикалық даму мүмкіншілігі шектеулі балалар алатын «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң күшіне енді. Аталған зағды іске асыру мақсатында 2012 жылы Алматы қаласына республикалық бюджеттің қаражаты есебінен үкіметтік емес секторда мүгедек балалардың күндізгі уақытта болуына арналған бөлімдерінің жүйесін құруға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 80,4 млн. теңге, сонымен қатар 50 орындық осы үлгідегі қызметтерді 50 орындық күндізгі уақытта болу орталығында көрсету үшін 57,3 млн. теңге бөлінді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттары жасалынды. 2010 жылы аталған стандарттың міндетті қызметтерді көрсетуді ұлғайту бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты мәселелерді шешу үшін «Мирный Казахстан», «АРДИ», «РУХ жастар Одағы» қоғамдық қорлары 175 балаға және 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауытқуы бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Мүгедек балаларды үйде оқытып-тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсету мақсатында әкімдіктің 2002 жылғы қаулысына сәйкес тоқсан сайын 6,5 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленді.



Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған 74 пәтерлік Әлеуметтік үй және 350 орындық Ардагерлер үйі сонымен қатар, 160 адамға есептелген «Алматы қалалық (балалар) психо-неврологиялық интернат үйі» және 630 адамға есептелген «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектер мен тұлғаларға арналған интернат үйі (ересек)» ММ жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, мүгедек отбасыларға арналған 25 пәтерлік тұрғын үйінің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет