Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №3/730 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде



Дата29.02.2016
өлшемі25.5 Kb.
#34600
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 3/730 қаулысы

Алматы қаласының Әділет Департаментінде

2012 жылдың 05 қыркүйіекте тіркелген, № 953


Шектеу іс-шараларын енгізе отырып,

карантиндік аймақтың ветеринариялық

режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары С.Телтаевтың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 10 –Пр ұсынысының негізінде, індет ошағын жою және жануардың жұқпалы ауруының – ірі қара малдың лептоспироз ауруының таралуының алдын алу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы, Алатау ауданындағы «Өжет» шағынауданының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы:

1) індет ошағын жою және жануардың жұқпалы ауруының – ірі қара малдың лептоспироз ауруының таралуының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын;

2) осы қаулыны интернет – ресурсқа орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Алматы қаласының әкімі А. Есімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет