Алматы қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 қаңтардағы №1/21 қаулысына
қосымша д
Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің
2011 – 2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
Алматы қаласы
Мазмұны:
-
Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің миссиясы мен пайымы.
-
Ағымдағы жағдайды талдау мен ішкі істер органдарының даму ағымы.
-
Стратегиялық бағыттар, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индекаторлар, іс-шаралар және көрсеткіштерінің нәтижелері.
-
Функционалды мүмкіндіктерінің дамуы.
-
Ведомствоаралық байланыс жасау.
-
Қатерлерді басқару.
-
Бюджеттік бағдарламалар.
I Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің миссиясы мен пайымы
Миссия. Азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің меншігін, мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету.
Пайымы. Құқық бұзушылықтардың пәрменді алдын алуды көздейтін криминалдық үдерістерге қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді жүйесі мен қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету.
2 Ағымдағы жағдайды талдау және ІІД қызметі негізгі салаларының даму ағымы
1 Стратегиялық бағыт.
Құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтардың алдын алу
1.1 Қызметтердің даму саласының негізгі параметрлері
Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің қызметі соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауларымен, Ішкі істер министрлігінің негізгі бағыттарына сәйкес және сондай-ақ орын алып отырған криминогендік жағдайға сәйкес жүзеге асырылып отырды, бұл Алматы қаласындағы жедел жағдайға жағымды әсерін тигізді.
Соңғы үш жылдың ішінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың (4,5%), соның ішінде көше қылмыстарының (7,7%) төмендеу ағымы қалыпты сақталып келеді, бұл қоғамдық тәртіппен, қоғамдық қауіпсіздіктің индикаторлары болып есептеледі.
Бұл жағдай, Департаменттің отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы қылмыстардың, алкогольді және есірткілік мас күйінде жасалынған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ рецидивті қылмыстардың алдын алуға тікелей бағытталған жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалардың жасаған қылмыстарының төмендеуіне апарып жеткізді (20,8%).
Соңғы бес жылдың ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың 19%-ға қысқару ағымы сақталып отыр. Ағымдағы жылы 37%. Топ болып жасалынған қылмыстар төмендеген (18%-ға).
Қаладағы заңсыз еңбек көші-қоны шеңберінің тарылуы байқалып отыр, сонымен қатар көші-қон үрдістеріне бақылауды күшейту нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар мен республика аумағынан тыс шығарылғандар саны жыл сайын көбейіп келеді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралар, апат көрсеткіштерінің төмендеуіне әсер етті. Жыл сайынғы тіркелетін жол-көлік апаттарының саны азайып, сондай-ақ оларда жарақаттанған және апат болғандардың саны азайған.
1.2 Негізгі түйткілді мәселелерді талдау
Ішкі істер департаменті қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық және зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу бойынша кең ауқымды кешенді шаралар қабылдап отыр.
Сонымен қатар, осы саладағы стратегиялық бағыттарда ІІД жедел-қызмет жұмысының негізгі басымдықтарын анықтайтын бірқатар проблемалар бар.
Криминогендігі жоғары болып қоғамдық орындар сипатталады, яғни жыл сайын 3,5 мың қылмыс жасалса, соның ішінде 70%-ы көшелерде орын алып отырады.
Қабылданып отырған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмыстарын жетілдіру қажет. Рецидивтік қылмыстардың алдын алу. Бүгінгі уақытта жүзеге асрылып жатқан бас бостандығын айыру мекемелерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік сауықтыру және бейімдеу жүйесі айтарлықтай нәтижелерге жеткізбей отыр.
Соңғы жылдары жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың қысқаруына қарамастан, бұл саланың криминогендік қуаты жоғары болып отыр. Мінез-құлқы қиын жасөспірімдерге әсер етуге қатысты қабылданып отырған тәрбиелік шаралар әлі де тиімсіз болып отыр.
Осы орайда жасөспірімдер қылмыстылығының криминогендік ерекшеліктеріне сәйкес «мектеп» полиция инспекторларының институтын дамыту жұмыстарын, олардың қызметіндегі ерекшеліктерді қайта қарастыра отырып, жалғастыру қажет. Бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтарының алдын алумен ертерек нақты айналысуға мүмкіндік береді. Арнайы оқу орындарында да мектеп инспекторларын енгізу қажет.
Алматы қаласының ерекшелігін ескере отырып, қаладағы көші-қон үрдістерін бақылауды одан әрі күшейту, аймақтық арнайы әлуетті құырылымдарымен байланысты күшейту, «Бүркіт» БАЖ мүмкіндіктерін пайдалану қажет.
Соңғы жылдары Алматы қаласында негізгі апат көрсеткіштерінің қысқаруы байқалып отыр, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының зардабы жоғары болып отыр. Осыған орай жол полициясы қызметінде «автопатрульдеу» тәсілін жетілдіріп, пайдалану тиімді. Жылдамдық режимін бұзушылықтарын және басқа да жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтау бойынша бейне бақылау жүйесінің мүмкіндіктері кеңінен қоданылсын.
1.3 Қызмет саласының дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау
Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қаупсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жағдай жалпы бірқалыпты болып тұр. Сонымен бірге, көшедегі және басқа қоғамдық орындардағы криминогендік жағдайдың өзгеруіне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшелердің, Патрульдік полиция полкінің, полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің (ЖҚАЖ, «Арлан»), яғни бұқаралық іс-шаралар өткізгенде, төтенше жағдайларда және басқа да жауынгерлік-қызметтік міндеттерді орындауда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін міндеттерді орындауда, сондай-ақ осы салада бейне бақылау жүйесін қолдану қажеттілігінің тиісті дәрежеде еместігі шешілмей тұрған мәселелерге кері әсерін тигізіп отыр. Бұл учаскелік полиция инспекторлары, ІІД Патрульдік полиция полкінің, полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің (ЖҚАЖ, «Арлан») қосымша штаттық және ресурстық көбейтілуін, бейне бақылау жүйесі құрылымдарын, полицияның стационарлық бекеттерін, автпатрульдерді кеңейтуді талап етеді.
Сонымен қатар, жеке құрамның әлеуметтік қорғау мәселелерін және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қатысты қажетті дәрежеде іс-шаралар қабылданбай отыр.
Аймақтық тиімді алдын алу жүйесін, әсіресе отбасы-тұрмыстық, жастар мен жасөспірімдер ортасында алдын алу жүйесін жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу туралы» заңдарының шеңберінде тұрғындар мен азаматтық қоғам институттары жеткіліксіз жұмылдырылып келеді.
Қазақстан Республикасының дамуының 2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру жұмысының шеңберінде Алматы қаласының Ішкі істер департаменті шылым шегуді, есірткі қолдану және маскүнемдікті азайтуға бағытталған, олардың тиімді алдын алу жүйесін, этноаралық және конфессияаралық шиеленістерді ерте анықтау, сондай-ақ балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды қабылдап отыр. Елімізге келетін шетелдіктердің көбеюіне байланысты, тәртіпке келтірілмеген көші-қон үрдістері бойынша, Алматы қаласына келетін алыс және жақын шетел заңсыз еңбек көші-қонын реттеуге қатысты бірқатар іс-шараларға жағдай жасалынып жатыр. Қалаға қашқындар және босқын деген аттарды жамылып келетін, ойларында қару және есірткі тасымалдау ниеттері бар шетел азаматтарының ену қаупі артып келеді.
Соңғы жылдары Алматы қаласында негізгі көлік апаттарының азаюы байқалып отыр. Сонымен бірге, қаладағы жол-көлік кешені қиын жағдайда қызмет етеді. Автопарктердің өсу жылдамдығы көше-жол торабының дамуынан айтарлықтай асады.
Алматы қаласында көше-жол торабының бірталай бөлшектерінде жол белгілері, тосқауыл болатын құрылғылармен қайта жабдықтау қажет. Жол бағыттары қатынасушыларының жол тәртібін сақтауы өте төмен деңгейде, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілерінің жол тәртібін сақтауы төмен деңгейде.
Жүргізушілер кадрларын дайындау жұйесін түбегейлі жақсарту керек. Жол-көлік апаттарының ауыр зардаптарына осындай кешенді және басқа да себептер болып отыр.
2 Стратегиялық бағыт.
Қылмыскерлікпен және оның ұйыдастырылған түрлерімен күрес. Заңсыз есірткі айналымына және нашақорлыққа қарсы күрес
2.1 Қызмет саласының негізгі даму параметрлері
Қылмыскерлікпен күресуде және қоғамдық қаупсіздікті қамтамасыз етуде Ішкі істер департаменті арқылы қабылданған шаралардың қаладағы криминогендік жағдайды бақылауға әсерін тигізеді.
Ағымдағы жылы тіркелген қылмыстар біразға көбейді, жалпы қылмыскерлерді іздеу және кейбір қылмыс түрлерін ашу бірқалыпты деңгейде. Ерекше алаңдаушылықты меншікке қатысты қылмыстар тұдырып отыр, қылмыскерлік құрылымында олар біраз бөлікті алып отыр.
Заңсыз қару айналымы саласында жағдай шиеленісіп тұр. Соңғы уақыттары атыс қаруларын қолданып жасалынатын қылмыстар саны көбейіп келеді. Есірткі қылмыстарының үлесі де азайып отырған жоқ. Есірткі тарату фактілерін анықтау саны да азайып отырған жоқ. Жыл сайын заңсыз есірткі айналымынан жарты тоннадай есірткілік құралдар тәркіленеді, соның ішінде тіркіленген героинның саны да айтарлықтай.
Еліміздің қылмыстылық жағдайына ұйымдасқан қылмыс түрлері теріс әсер етіп отыр. Жауапкершілікке қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері тартылып отыр, олардан айтарлықтай есірткі құралдары, қару-жарақтар тәркіленіп отыр.
2.2 Негізгі түйткілді мәселелерді талдау
2010 жыл бойы Алматы қаласында қылмыскерлік статистикасының өсуі байқалды, сондай-ақ жекелеген түрлері (ұрлық, тонау, бұзақылық, зорлау).
Бұрынғыдай қылмыскерліктің құрылымында қасақана-зорлық бағытындағы қылмыстар алда келеді, олардың үлесі 70%. Соңғы жылдары қымбат көліктерді ұрлау мен айдап әкету жиілеп кеткен.
Халықаралық есірткі трафигі және есірткі тарату арналарының жолын кесу қажетті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ, ең алдымен ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша олардың жолын кесу өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Тұрғындарды есірткі қолдануға тарту деңгейі жоғары болып келеді. Есепте 7 мың адам тұр, соның ішінде 617 есірткі құралдарын медициналық түрде емес қолданатын жасөспірімдер бар.
Алматы қаласында ішкі және сыртқы заңсыз көші-қон үрдістерінің жиілеуі алаңдаушылық туғызып отыр. Келушілердің 700 мыңы өзге қалалардан келгендер, шетелдіктер және студенттер. Олар жыл сайын 700-800 қылмыс жасайды.
2.3. Қызмет саласының дамуына әсер ететін негізгі әлеуметтік – экономикалық және өзге де сыртқы факторлер.
Қаладағы құқық тәртібінің ахуалына, азаматтарды қорғау, мемлекеттік және қоғамдық институттардың криминалдық қауіптерден қорғану жүйесіне әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторлардың елеулі ықпалы бар.
Әлеуметтік экономикалық дағдарыспен байланысты экономикадағы қйындықтар, жұмыссыздықтың өсуі, құрылыс объектілерінің тоқтап қалуы, тұрғындардың әсіресе жастардың толық жұмыспен қамтылмауы, осының барлығы тонау, ұрлық тағы басқа да зорлық-зомбылық қылмыстарының аймақтарда өсуіне де себепкер.
Қазақстанмен көршілес мемлекеттерінің әлеуметтік-саяси жағдайының тұрақсыздығы мемлекетіміздің көші-қонына тікелей әсерін тигізіп, Алматы қаласында заңсыз есірткі айналымы саласына қатысты қылмыстардың өсуіне әсерін тигізіп отыр.
Мемлекеттің ішкі тұрақтылығына халықаралық қылмыстық ұйымдардың кері әсері тиіп отыр, әсіресе Алматы қаласында контрабандалық есірткі бизнесіне арнап, Ауғаныстан және олардың еуропалық мемлекеттерден келетін синтетикалық түрлері көптеп саналады.
Жүзеге асырылып жатқан есірткіге тәуелділерді мәжбүрлеп емдеу жүйесі толық өзгеріске түсіруді талап етіп отыр. Қазіргі уақытта есірткіге және алкогольға тәуелді тұлғалар бір мекемеде ем қабылдап жатады. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында есірткіге тәуелді тұлғалардың емделуіне арналған әлеуметтік-сауықтыру орталықтарын құру қажеттілігі туып отыр.
Қысқартылған сотқа дейінгі өндіріс түрлерін дамыту қажет болып отыр, 2010 жылғы қаңтар айынан бастап ауырлығы төмен және орташа қылмыстар бойынша, ІІД тергеу және анықтау бөлімшелерінің қолдануы өз тиімділіктерін көрсетуде. Бұдан ары қарай. Көрнекті ауыр қылмыс түрлерін тергегенде қысқартылған өндіріс түрлерін бұдан әрі қолдану, қылмыстық үдеріске қатысатын, азамттардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге айтарлықтай жақсы нәтижелерін беретін еді.
_________________________________
3 тарау. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс-шаралары мен көрсеткіштері
1 Стратегиялық бағыт. Құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтардың алдын алу
|
1.1 мақсат. Азаматтардың өмірін, денсаулығын заңды құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қажетті деңгейде ұйымдастыру және ұстап тұру.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту.
|
Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджет бағдарламаларының кодтары: 001; 003;005;007;008;012;013;014;015;016;019;020;021,022
|
Мақсатты индикатор
|
Ақпарат көзі
|
өлш. бір-гі
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
|
Жоспарланған кезеңде
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Достарыңызбен бөлісу: |