Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды



Дата07.07.2016
өлшемі59.87 Kb.
#182794
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды:
1. Аудан әкімінің көмекшісі лауазымына, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 78797 теңгеден 106344 теңгеге дейін, «Е-3» санатты, (1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде, немесе шетелдік жоғары оқу орындарында, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4)  ғылыми дәрежесінің болуы.



Қызметтік міндеттері: Аудан әкімінің қызметіне тікелей қатысты барлық жұмыстарды орындайды, аудан әкімі аппаратындағы қызметтік тәртіптің орындалуына бақылау жүргізеді, аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды, жоспарлық мәжілістерде бөлімдерге тапсырылған жұмыстар туралы ақпарат дайындап, жинақтайды, күнделікті азаматтарды қабылдайды.

2. Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін, «Е-4» санатты, (1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім саласында. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе білім саласында білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Жеке тұлғалар өтініштерінің қарастырылуына бақылау жүргізеді; аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде іс-құжаттарды жүргізу бойынша белгіленген талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді; жеке тұлғалардың өтініштерін, түскен хат-құжаттарды жүйелі түрде сараптайды; аудан әкімі аппаратындағы іс-құжаттарды жүргізу және атқарушылық тәртіп бойынша және «1-ОЛ» түрінде есептерді әзірлеп, тиісті органдарға уақытында жібереді; бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша мәжіліске материалдар дайындайды; аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін орындаушыларға мезгілінде жіберілуін бақылайды; азаматтарды қабылдау кезінде берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Азаматтардың, өтініш, арыз, шағымдарын қабылдап, тіркеп, орындаушыларға өтініштерді жеткізеді, уақтылы орындалуын қадағалайды, өтініштер бойынша сұрыптама әзірлейді, құжаттардың орындалу туралы сұрыптама дайындайды, «Lotus» бағдарламасы бойынша хат-хабарларды жіберу байланысын қамтамасыз етеді, азаматтарды күнделікті қабылдайды; Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы кездесуінен түскен ақпаратты реттеп, өтініштердің уақтылы орындалуына қадағалау жүргізеді; «Сенім телефоны» арқылы түскен өтініштермен жұмыс жүргізеді, барлық шығыс құжаттарды тіркеп, жіберуге жауапты;

3. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымына- кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін, «Е-4» санатты, (1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім құқық саласында. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі құқық саласы білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы мен мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясының қарауына материалдарды дайындау, комиссия отырысын ұйымдастыру, қаралған істерді есепке алып, комиссияның іс жүргізу жұмысын жүргізу. Сот қуынымдарын қарастырып, сотта сол арқылы жұмыс жүргізу. Ұйымдар, мекемелер, ұжымдардан келген хаттар мен өтініштерді қарастырып, себебін анықтап, соларға байланысты қажетті шараларды қабылдау, жауап беру. Бөлім басшысы және бас маман жоқ болғанда, аудан әкімінің шешімі, өкімдерінің заңдылығының сақталуына жауапты және келісілді деп қол қояды.

4. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымына, жалақы мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін, «Е-4» санатты,
(1 бірлік).


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар саласында. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар саласында білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Аудандағы орналасқан дүкендердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының (дәмхана, бар, кафе, ресторандар) орналасқан жерлеріндегіөзгерістер жайлы мағлұматты тоқсан сайын дайындау;аудандағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуының қорытындысы туралы дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысады; Ауданның қызмет көрсету орындарымен, бақылау қызметтерiмен бiрлесіп шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнің сауданы ұйымдастыруы, санитарлық жағдайды қадағалауытуралы заңға сәйкес (комиссиялық тексерiс) тексеріс өткiзу жұмыстарына қатысады;кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасындағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады;дүкендердің және қызмет көрсету мекемелерiнiң иелерін қоқысты жинау және уақытында шығару, іргелес аумақтарды қардан тазарту, санитарлық талаптарға келтіру бойынша мәселелерді ұйымдастырады; қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; бекітілген жоспарға сәйкес қарамағындағы нысандардың іс-әрекеті бойынша жұмыс жүргізеді; аудан әкімі жанындағы Үйлестіру кеңесіне материалдар дайындайды;жылжымалы затпен қамтамасыз ету пунктерінің іс-әрекеттері туралы мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді; аудандық Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс сауда және тамақтандыру қызметiнiң қажетті мәліметтерін дайындайды; аудандық ІІД-мен және аудандық өнімсіз сауданы жою бойынша қызметімен бірге рейдтер өткізуге қатысады; жеке және заңды тұлғалардың, шағын бизнес субъектілерінің арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімде қарастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу құжаттары (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында («Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппаратының ресми сайтында medeu.almaty.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72 үй, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты, 106 бөлме.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппаратында өтеді.


Анықтама үшін телефондар/факс: (272) 291-67-66.

/электронды пошта: site.medeu@a-a.kz/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет